Балалар арасындағы туберкулез ауруы және оның алдын алу шаралары
Манту сынамасын жүргізу мақсаты:
2 ТБ Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге мынадай балалар жатады:
Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы «тәуекел» тобына:
ТМБ жұққандар қатарына 2 ТБ Манту сынамасына сезімталдық анықталған мына балалар жатқызылады:
Туберкулин сезімталдығының этиологиясын белгілеу мақсатында сараланғандиагностика жүргізу кезінде,амбулаториялық-емханалық
Туберкулезді рекомбинантты аллерген препаратын қолдану мақсаты
Манту ж/е туберкулезді рекомбинанттық аллергені бар сынаманы қоюға қарсы көрсетілім:
Манту сынамасының реакцияларын бағалау
Туберкулезді рекомбинантты аллергенге реакция:
АИТВ-инфекциясы бар балалар мен жасөспірімдерде
1.31M
Категория: МедицинаМедицина

1- вариант № 214 бұйрық 30.11.2020ж

1. Балалар арасындағы туберкулез ауруы және оның алдын алу шаралары

Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығы
Балалар арасындағы туберкулез
ауруы және оның алдын алу
шаралары

2.

Туберкулез - Mycobacterium tuberculosis қоздырғышы
тудыратын жұқпалы ауру. Негізгі жұғу жолы ауа-тамшылы.
Инфекцияның негізгі таратушы көзі - туберкулез ауруына
шалдыққандар. Алғаш жұқтырғанда адамның иммундық
жүйесі лимфоциттерді белсенді өндіру арқылы
микобактериалардың көбеюін тоқтатады. Әдетте
иммундық жауап жұқтырған соң 4-6 аптада қалыптасады.
Жұқтырудың негізгі көрсеткіші – оң(+) МАНТУ сынамасы
болып табылады.

3.

Елімізде Туберкулез ауруына қарсы
жүргізілетін іс-шаралар Қазақстан
Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің
2020 жылғы «30» қарашада шығарылған
№214, яғни «Туберкулез профилактикасы
жөніндегі іс-шараларды жүргізу
қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына
сәйкес атқарылады.

4. Манту сынамасын жүргізу мақсаты:

1) ТМБ алғаш рет жұқтырғандарды және
туберкулинге гиперергиялық реакциясы
бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
2) БЦЖ вакцинасымен вакцинациялау
контингентті іріктеу;
3) ауруды ерте анықтау үшін.

5. 2 ТБ Манту сынамасымен зерттеп-тексеруге мынадай балалар жатады:

2 ТБ Манту сынамасымен зерттептексеруге мынадай балалар
жатады:
туберкулезбен ауыратын
науқаспен қарым-қатынаста
болған балалар
(отбасылық,туыстық,мектептік
/ұжымдық,пәтерлік ж/е т.б.)
2 айдан асқан балаларды
вакцинациялау алдында.
жоғарғы тәуекел тобындағы
балалар

6. Туберкулезбен ауру бойынша жоғарғы «тәуекел» тобына:

1 ата-аналары адамның иммунтапшылығы вирусын
жұқтырған,бас бостандығынан айыру орнынан шыққан,
маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін,табысы
аз,көшіп-қонушы отбасыдан шыққан;
2 қант диабеті,бронх-өкпе жүйесінің аурулары,тамақтанудың
бұзылуы(дене массасының тапшылығы) адамның
иммунтапшылығы вирусы инфекциялары бойынша диспансерлік
есепте тұрғандар,иммундық супрессивті терапия алатын
(глюкокортикоидтер,цитостатиктер,гендік-инженерлік
биологиялық препараттар ж/е басқалар), мүгедектер;
3 БЦЖ вакцинасымен егілмеген ж/е вакцинасының белгісі
қалыптаспаған балалар .
стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде
ж/е психоневрологиялық диспансерлерде арнайы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтер алатын балалар контингенті жатады.

7. ТМБ жұққандар қатарына 2 ТБ Манту сынамасына сезімталдық анықталған мына балалар жатқызылады:

1) алғаш рет анықталған оң реакция (көлемі 5 мм және одан
үлкен папула), БЦЖ вакцинасымен вакцинациялауға
байланыссыз (туберкулин сынамасының виражы);
2) тұрақты (4-5 жыл бойы) сақталатын көлемі 12 мм және одан
үлкен көлемді инфильтрат түріндегі реакция;
3) 1 жыл ішінде туберкулинге сезімталдықтың күрт күшеюі (6
мм және одан астам) (туберкулин сынамасы оң әсері бар
балаларда).
Манту сынамасына оң реакция алғаш айқындалған
балалардың жұқтыру көзін айқындау мақсатында
туберкулезге ата-аналары ж/е бірге тұратын адамдар зерттепқаралады.

8. Туберкулин сезімталдығының этиологиясын белгілеу мақсатында сараланғандиагностика жүргізу кезінде,амбулаториялық-емханалық

көмек көрсететін ұйымдарда баланың екінші
білегіне туберкулезді рекомбинантты
аллергені бар сынама қойылады.
Туберкулезді рекомбинантты аллерген препараты
Манту сынамасы “оң” болған жағдайда
қолданылады.

9. Туберкулезді рекомбинантты аллерген препаратын қолдану мақсаты

туберкулез инфекциясын анықтау үшін;
туберкулезді басқа туберкулез емес
аурулардан саралап диагностикалау үшін ;
вакцинадан кейінгі және инфекциялық
аллергияны саралап диагностикалау үшін;
туберкулез процесінің белсенділігін анықтау
үшін.

10. Манту ж/е туберкулезді рекомбинанттық аллергені бар сынаманы қоюға қарсы көрсетілім:

Туберкулинге н/е туберкулезді рекомбинантты аллергенге
жеке төзбеушілік;
Туберкулезге күмәнді жағдайларды қоспағанда, ұшығу
кезіңдегі жіті,созылмалы инфекциялық ж/е
соматикалықаурулар;
таралған тері аурулары;
аллергиялық жай-күйлер (ұшығу кезеңі);
эпилепсия, ұжымдағы балалар инфекциясы бойынша
карантин.

11.

Аурудың барлық клиникалық белгілері басылғаннан
кейін екі айдан соң Манту сынамасын жүргізуге болады.
Манту сынамасын жүргізбес бұрын дәрігер (мейіргер)
қарсы көрсеткіштерді анықтау мақсатында
медициналық құжаттармен танысып, сынама
жүргізілетін балаларға сұрақ қойып, оларды қарап
тексереді.
Балалар инфекциясы бойынша карантин жарияланған
балалар ұжымында Манту ж/е туберкулезді
рекомбинаттық аллергені бар сынама жүргізуге
болмайды (карантин аяқталған соң жасалады).

12.

2 ТБ Манту ж/е туберкулезді рекомбинанттық аллерген бар
сынамасын жұмысқа рұқсаты бар оқытылған медицина
қызметкерлері жүргізеді.
Білім беру ұйымдарында (мектеп, мектепке дейінгі мекеме)
арнайы оқытылған медицина қызметкерлері болмаған жағдайда
туберкулин диагностикасын қоюды емхана мейіргері жүргізеді,
балалар мекемелеріне бару кестесі мен құрамы МСАК ұйымының
басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі ұйымдаспаған
балаларға 2 ТБ Манту сынамасын МСАК мекемелерінде жасалады.

13. Манту сынамасының реакцияларын бағалау

теріс – инфильтраттың және гиперемия ның болмауы
немесе «инемен шаншу реакциясының» болуы;
күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кезкелген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана
анықталса;
оң – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат
анықталса;
гиперергиялық –15 мм және одан астам диаметрлі
инфильтрат немесе везикуло-некроздық өзгерістер
және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса,
инфильтрат көлемі есепке алынбайды

14. Туберкулезді рекомбинантты аллергенге реакция:

теріс- инфильтраттың ж/е гиперемияның толық болмауы
н/е инемен шаншу(көгеру 2-3мм)реакциясының болуы;
күмәнді- инфильтратсыз кез-келген өлшемдегі
гиперемия болған кезде;
оң- кез-келген өлшемдегі инфильтрат(папула)болған
кезде;
гиперергиялық-15мм ж/е одан астам
инфильтрат,сондай-ақ везикуло-некроздық өзгерістер
және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса,
инфильтрат көлемі есепке алынбайды.

15.

16.

17.

Жергілікті туберкулез анықталмаған
жағдайда, алғаш рет 2 ТБ Манту оң
реакциясы бар балаларға «Туберкулез
микобактериясының жұғуы, алғаш рет
айқындалған» диагнозы қойылып, III Б
тобына бақылауға алынады.
«Туберкулез микобактериясының жұғуы,
алғаш рет айқындалған» балаларға латентті
туберкулез инфекциясын профилактикалық
емдеуді туберкулезді рекомбинанттық
аллергенге оң нәтиже болған кезде
тағайындалады, теріс болған кезде
жүргізілмейді.

18.

Учаскелік педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері (бұдан әрі –
ЖТД)”тәуекел” тобын бекітілген балалар санына қалыптастырады.
Баланың даму тарихында - қауіп факторын көрсете отырып,
баланы туберкулез бойынша «тәуекел» тобына алудыдың эпикризнегіздемесін ресімдейді. Ұйымдастырылған балалардың тізімі
мектептің мейіргеріне оқу орны бойынша беріледі.
Кальметт-Герен Бацилласы вакцинасымен ревакцинацияға
балаларды іріктеу мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы 6 жастағы
балаларға (1-сынып) мектепте, оқу жылының бірінші айында
(қыркүйек) жасалады. Бұл айда мектепте басқа екпелерді жүргізу
уақытша тоқтатылады. Манту сынамасы алдындағы екі айлық үзіліс
кезеңін сақтау мақсатында, АДС және ККП вакциналарының
ревакцинациясы оқу жылына дейін екі ай бұрын жасалады.

19.

«Туберкулез микобактерияларының жұғуы, алғаш рет айқындалған»
диагнозы қойылған балаларға басқа профилактикалық екпелер
бақылаулы химиопрофилактика курсы аяқталған соң жасалады.Манту
және туберкулезді рекомбинанттық аллерген сынама нәтижелері
профилактикалық екпелер Кодекстің 7- бабының 31- тармақшасына
сәйкес белгіленген нысандарда жазылады онда :
стандартты туберкулинді және/немесе туберкулезді рекомбинанттық
аллерген шығарған мекеме, сериясы, бақылау нөмірі мен оның
жарамдылық мерзімі;
туберкулин сынамасы және/немесе туберкулезді рекомбинанттық
аллергенді жүргізген күн;
Манту сынамасы және/немесе туберкулезді рекомбинанттық аллергені
бар тестің инфильтрат ж/е теріс-гиперемия болмаған кезде, инфильтрат
мөлшері түріндегі нәтиже белгіленеді.

20. АИТВ-инфекциясы бар балалар мен жасөспірімдерде

теріс немесе күмәнді Манту реакциясы ТМБ
жұғуының ғана емес, белсенді туберкулез
процесінің болуын да жоққа шығармайды.
Сондықтанда АИТВ-инфекциясы бар балаларға
Манту сынамасы жасалмайды.
Манту сынамасы алғаш рет оң не гиперерегиялық
болған балаларға аурудың кімнен жұққандығын
анықтау мақсатында олардың ата-анасы мен бірге
тұратын барлық адамдар туберкулезге тексеріледі
English     Русский Правила