Похожие презентации:
Карталарды құрастыру әдістері. Изолиния тәсілі
1. Карталарды құрастыру әдістері
2. Изолиния тәсілі
Картада бірқалыпты өзгеріске ұшырайтын жəнекартографияланатын аумақта үздіксіз таралатын
(мысалы рельеф, температура жəне т.б.) құбылысты
көрсетуде қолданады. Картографияланатын
құбылыстын сипаттамасын көрсету үшін
құбылыстың бірдей көрсеткіш нүктелерін қосатын
арнайы қисық сызықтар жүргізеді. Ол сызықтар
изолиниялар деп аталады. Изолинияны құру үшін
картада шамалары белгілі немесе берілген
құбылыстын көрсеткіштерінің қажетті пункттер
саны болуы керек. Мысалы изотерманы құру үшін
температураны градуспенен білу керек, изогипсты
құру үшін – абсолютті немесе қатынасты
биіктіктерді білу керек жəне т.б. Шамалары бірдей
нүктелерді сызықтармен қосу арқылы изолиниялады
алады
3.
Изолиниялардықұруда мағынасы
бойынша бірдей
интервал қабылданса,
онда изолиниялардың
орналасуынан
құбылыстың өзгеру
мінезін оңай көруге
болады.Изолиниялард
ың бір-біріне
жақындауы
құбылыстың айқын
өзгеруін көрсетеді, ал
бір бірінен алшақтауы
құбылыстың
сипаттамасының
шамалап өзгеруін
көрсетеді.
4. Ареал тәсілі
Ареал тəсіліҚандай да бір құбылыстын таралу аумағын ареал деп
атайды. Ареал - жер бетінде қандай да бір
құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы
қазбалар түрлері жəне т.б.) таралған атырабы;
физикалық жəне қоғамдық географияда
қолданылатын ұғым. Мыс, биогеографияда. Ареал
тірі организм топтарының (түрдің, туыстың жəне
т.б.), экономикалық географияда əр ауыл
шаруашылығы дақылының немесе өнеркəсіп
саласының таралған атырабы жəне т.б. Ареал латын
тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар
абсолюттік жəне салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолюттік ареалда кейбір жануарлардың түрін
мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір
территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын
жəне өсімдіктердің түрлерін көрсетеді.
5.
Ареалдардыпунктирлі немесе
тұтас сызықпен
айқындап , ішкі
аланың штрихпен,
бояумен немесе
шартты белгімен
толтырады. Кей
кезде тек қана
штриховкамен
немесе значокпен
контурлайды,
ареалдарды жазу
таңбасымен
көрсетуге болады.
6. Сапалы фон тәсілі
Құбылысты бейнелеуде аумақты түгел бірқалыпты орналастыруда қолданылады. Бұл
тəсілде картаға құбылыстың не аланның қандай
да болсын шекарасын орналастырып əр-түрлі
бояумен бояйды, қайталанатын шартты
белгілермен толтырады немесе бір-бірінен əртүрлі штриховкамен бөледі. Сапалы фон тəсілін
көптеген арнайы карталарда қолданады.
(топырақты, геологиялық, саяси-əкімшілік,
ботаникалық, экономикалық, тарихи жəне т. б.).
7. Значокты тәсіл
Картада нақты орналасқан нүктелерде объектілердібейнелеуде значокты тəсіл қолданылады. Мұндай
объектілерге елді мекен пунктері, өндірістер, кең
орындары, пристаньдар, порттар,станциалар,
байланыс пунктері жатады. Объектінің нақты
орналасқан жерінде значокты орналастырады.
Значоктардың үш түрі болады: 1) геометриялық, жай
геометриялық фигуралардан құрастырылған болады
(дөңгелек, квадрат, сектор, пирамида, тік бұрышты
үш бұрыш, ұшбұрыш жəне т.б.) 2) əріптік
бейнеленетін объектінің басқы əріпінен құрылады. 3)
суреттік, объекттің өзінің түрі бойынша (суреті,
формасы) бейнеленетін объектіні өзінің суретімен
қандай объектінің бейнеленгенің көрсетеді. Мысалы
(труба заводты бейнелейді, конверт-поштаны, якорь
пристаньды).
8. Нүктелі тәсіл
Қандай да бір құбылыстын аумақта бір қалыптытаралмағаның көрсетуде нүктелі тəсіл
қолданылады (мысалы: егін себулерін
орналастыру, малды игеру жəне т.б. ) Бұл тəсілде
негізгі элемент нүкте. Нүктенің өз мағынасы
бар. (өлшем), мысалы; себілетің алаңды
айқындау үшін бір нүкте 1000 га тең, ал мал
игеру картасында 1 нүкте 100 басқа тең. Картада
объектің орналасқан жерінде размері мен
мағнасы бірдей нүктені салады. Объектінің
немесе құбылыстын өте көп орналасқан
жерлерінде бір - бірімен беттесіп кетпеу үшін
нүктелерді таңдау қажет.
9. Картограмма тәсілі
Картограмма қатысты құбылыстарды картографиялаудажəне сол құбылыстың алаңда таралуын əр түрлі түстермен
немесе штриховкамен оның даму дəрежесіне байланысты
бейнелеуде қолданылады. картограмма тəсілімен бір
құбылыстың алаңда таралу дəрежесі көрсетілген.
Штриховканың қалындығымен легендаға қатысты бір
құбылыстың даму дəрежесін бақылауға болады. Суреттегі
бейнеленген жағдайда əр ауданда малдың таралу санын
бақылауға болады. Картограммада объеттің нақты
жағдайы немесе таралуы көрсетілмейді. Мұнда берілген
статистикалар анықталған аудандарға қатысты алынады.
Картограмманы құруда анықталған аудандардың шегінде
картографияланатын құбылыстардың сандары біркелкі
таралғаны көрсетілген, бірақ құбылыстардың таралуы
шын мəнісінде бір келкі болмауы да мүмкін.
10. Картограмма тәсілі
11. Картодиограмма тәсілі
Картодиограмма тəсіліКартограмма қандай да бір құбылыстың таралу
шамасын анықталған аудандарда диаграммамен
сызып карта түрінде сипаттайды. Диаграммалар
объекттің нақты орналасқан жерін көрсетпейді.
Олар тек қана берілген ауданда құбылыстын
жалпы шамасын көрсетеді. Диаграммаларды
геометриялық фигуралармен немесе қандай да
бір суретпен бейнелеуге болады. Диаграмма
масштабы аудан шекарасынан шықпауы керек
жəне олардың шамасы көз мөлшерімен
айқындалуы керек,