460.00K
Категория: МедицинаМедицина

Созылмалы аурулармен балаларды диспансерлік бақылаудың принциптері

1.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
КАФЕДРА АМБУЛАТОРЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯ
СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРМЕН БАЛАЛАРДЫ
ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДЫҢ
ПРИНЦИПТЕРІ
АЛМАТЫ 2013

2.

Диспансеризация бұл –
дені сау және науқас балаларда
ауруды ерте анықтау, асқынулардың
және созылмалы түрге өтуінің алдын
алу, өршуге қарсы шаралар қолдану
мақсатында жүргізілетін динамикалық
белсенді бақылау.
.

3.

Балаларды диспансерлік
бақылау төмендегі
шараларды өз ішіне қамтиды:
1) зертханалық және инструменталдық тексерумен
жүретін үздіксіз медициналық тексеру;
2) балалардағы қауіп қатер факторларын анықтау
мақсатында денсаулық жағдайын қадағалау және
бағалау;
3) заманауй диагностика әдістерін қолдану арқылы
мұқтаж балаларды тексеруден өткізу;
4) аурудың бастапқы сатысында анықтап, қажетті
емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу;

4.

Диспансерлік бақылау
Аймақтық дәрігер балаларды диспансерлік
бақылаудың барлық сатысына тікелей жауапты
болады. Диспансерлік есепке алынатын әрбір
балаға "Диспансерлік аурудың бақылау
картасы" (форма № 030 / у) толтырылады.
Бақылау картасының дұрыс толтырылуы
дәрігерге тексеру мерзімдерін сақтауға,
өршуге қарсы емді уақтылы жүргізуге, шұғыл
емдеу-сауықтыру шараларын қолдануға
мүмкіндік береді. Бақылау картасы дәрігердің
жұмысындағы шұғыл құжат болып табылады.

5.

Жүректің туа бітті ақауымен балаларды
диспансерлік бақылау
Туу үйінде, емхана жағдайында немесе
бала бақшаларда тереңдетілген
профилактикалық тексеру кезінде анықталған
жүректің туа бітті ақаулары аймақтық дәрігермен
және ревматолог дәрігерімен бақылануы керек.
Жүректің туа бітті ақауларымен балаларды
диспансерлік бақылау науқастың жалпы
жағдайын, қажетті консервативті емді, балаға
мүмкін болған физикалық жүктемені, операция
жасауға қолайлы мерзімдерді, аурудың
кезеңдерін және жүрек жетіспеушілік дәрежесін
анықтайды.

6.

Жүректің туа бітті ақауы бар, бірақ жүрек
жетіспеушілік симптомдары айқын емес балалар
емдік дене шынықтырумен немесе мектепте
дайындық тобында дәрігердің бақылауымен
шұғылдануға болады. Жоғары деңгейдегі
физикалық жүктеме, спорт секцияларына және
жарыстарға қатысу қарсы көрсетіледі. Жүрек
және тыныс жетіспеушілігінің І дәрежесі дене
шынықтыруға қарсы көрсеткіш болып табылады.
Диспансеризация кезінде созылмалы инфекция
ошақтарын санациялау керек.
Профилактикалық егу шаралары
ақаудың жеңіл дәрежесінде
қарсы көрсетілмейді.

7.

Консервативті ем шаралары жүрек қан
тамыр жетіспеушілігін, асқынуларын
және әртүрлі шұғыл жағдайларды
емдеуге бағытталған. Егер балада
жүрек декомпенсациясы дамыса
ауруханада емдеу қажет. Туа бітті
ақаулармен балалар санаторилердің
ревматологиялық бөлімінде
сауықтырылады. Санаторлық ем
операциядан кейінгі кезеңнің де маңызды
емдеу түрі болып табылады.

8.

Ревматизммен ауырған балаларды
диспансерлік бақылау.
Ревматизммен сырқаттанған балалар диспансерлік
есептің үш тобына анықталады. Аурудың белсенді
фазасында науқастар ревматолог дәрігерінің
бақылауында болуы керек, қабылдау жылына 4 реттен
кем емес. Ревматолог дәрігер әр қабылдауда үдерістің
белсенділік дәрежесіне байланысты емді коррекциясын
жасайды, сонымен қоса асқынуларды (нефритті, гепатитті,
пневмонияны, терінің бұзылыстарын, артритті, плевритті,
перитонитті, жүрек жеткіліксіздігін) дер кезінде анықтау
мақсатында ағзаның барлық мүшелерін тиянақты тексеріп
шығу керек. Ауру қайталауын болдырмау үшін
ревматизммен ауырған балаларға жыл бойы айына 1 рет
бициллин-5 препараты енгізіледі.

9.

Жылына бір рет офтальмолог дәрігерінің
қабылдауында болу ұсынылады, өйткені
ревматизм жиі көздегі асқынулар: иридоциклит
және конъюнктивит шақыруы мүмкін.
Ревматизм жүйке жүйесінде де асқынуларға
алып келеді: хореи, энцефалита,
менингоэнцефалита, сондықтан жылына 1 рет
невропатологтың кеңесіне жүгіну керек.
Дәрігер эндокринологтың кеңесі көрсетілімдер
бойынша, себебі кейбір науқастарда
ревматизм тиреоидитке (қалқанша безінің
қабынуы) асқыну мүмкін.

10.

Жүрек ақауларында хирургиялық ота жасауға
көрсеткіштер болуы мүмкін екендігін есепке ала
отырып, екі жылда бір рет кардиохирургтың
кеңесі қажет болады. Ревматизммен ауырған
балалар әрдайым зертханалық тексерулерден
өтіп тұруы керек: жылына 4 рет жалпы қанның
зерттеуі, жылына 2 рет фибриноген, серомукоид,
антистрептолизин, С-реактивті белоктың деңгейін
анықтайтын биохимиялық зерттеу және бүйрек
қызметін тексеру мақсатында жылына 2 рет
жалпы зәрдің зерттеуі жүргізіледі.
Жүректегі жүре пайда болған ақауларды ерте
анықтау мақсатында ФКГ және ЭхоКГ тексерулері
жасалады.

11.

Асқазан-ішек жолдарының созылмалы
ауруларымен диспансерлік бақылау
Асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларымен
балаларды ауруханада және емхана жағдайында
ұзақ уақыт диспансерлік бақылау қайталанудың
алдын алу үшін, асқазан ойық жарасының ауыр
қайталанбалы түрлерінің жеңіл түрге өтуіне және
тұрақты клинико-зертханалық ремиссияға қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Егер ремиссия кезеңі 5
жылдан артық тұрақты болса, науқасты ауруынан
толық айықты деп есептеп диспансерлік есептен
шығаруға болады. Белсенді бақылаудан
шығарылғаны жөнінде ауру тарихына толық
эпикриз түрінде жазылу тиіс.

12.

Асқазан-ішек жолдарының созылмалы
ауруларының өршу кезеңі емнің ауруханада
немесе емханада, сонымен қоса үздіксіз жыл
сайынғы өршуге қарсы емді жалғастыруды талап
етеді. Яғни, емдеу-профилактикалық шаралар
аурудың кезеңдеріне байланысты. Асқазан - ішек
жолының ауруларына өршу кезеңі мен ремиссия
кезеңінің ізбе-ізділігі тән. Дер кезінде дұрыс ем
қолданбаған жағдайда әртүрлі асқынулардың даму
қаупі бар. Асқынулар: асқазан-ішек жолдарынан
қан кетулер, ішек тосқауылы, қақпаның стенозы,
перфорация, пенентрация,
қатерлі ісіктерге ұласуы
болуы мүмкін.

13.

Сондықтан үнемі дәрігердің бақылауында болу
өте маңызды. Өршудің жиі қайталанбалы түрінде
және асқынулар орын алғанда аймақтық дәрігер
мен гастроэнтеролог жылына 4 рет, толық
ремиссия кезеңінде жылына 2 рет қарайды.
Жыл сайын науқастарға
эзофагогастродуоденальді тексеру жүргізіледі.
Нәжісті жасырын қанға тексеру (Грегерсен
реакциясы) жасалады. Қайталауға қарсы ем
жжылына 2 рет жасайды. Жалпы қанның
зерттеуі жиі қайталанбалы түрінде жылына 2 рет,
ал толық ремиссия кезеңінде жылына 1 рет
жасалады. Минералды сумен ем курсы,
санаторлы-курорттық ем, жүргізіледі.

14.

Созылмалы гепатит ауруымен балаларды диспансерлік
бақылау жұқпалы аурулар ауруханасының кеңес беру
диспансеризациялық кабинетінде немесе тұрғылықты
жердің емханасының инфекционист дәрігерімен
бақыланады. Созылмалы гепатитпен ауруханадан
шыққаннан кейін белсенділігі төмен түрінде 3 айда 1
рет, ал белсенділігі жоғары түрінде айына 1 рет
тексеріледі, көрсеткіштер бойынша жиірек. Қажет
болғанда науқастар дене шынықтырудан, жарыстардан
және физикалық жүктемеден босатылады. Созылмалы
белсенді гепатитпен балаларға мүгедектік рәсімделеді.
Гепатит маркерлерін тексеруде НВsAg,
анти-ВГС анықталған болса, тоқсанына
1 рет 2 жыл бойы тексеріледі. Несепті
өт пигменттеріне , уробилинге айына
1 рет тексереді. Диспансерлік есепте
жасөспірімдер бөліміне өткенге дейін тұрады.

15.

Зәр шығару жолдарының созылмалы
ауруларымен диспансерлік бақылау
Созылмалы пиелонефритпен ауырған
науқастар міндетті түрде диспансерлік есепке
алынады. Аурудың өршу сатысында емдеу аурухана
жағдайында жүргізіледі. Созылмалы пиелонефриттің
белсенді емес ағымында жалпы зәрдің зерттеуі жылына
2 рет жүргізіледі. Егер созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
анықталған болса диспансерлік бақылау жиілігі артады.
Артериалық қан қысымын өлшеу (тәулігіне 2 рет),
шумақтық сүзілу жылдамдығы, зәрдің салыстырмалы
тығыздығын анықтау (Зимницкий сынамасы) маңызды
болып табылады. Көздің түбін тексеру үшін окулист
маманының кеңесі қажет. Қанның сарысуындағы азот
қалдықтары (креатинин, мочевина ж.т.д.) деңгейін
тексерудің маңызы зор.

16.

Созылмалы гломерулонефритпен ауырған
балалар ұзақ уақыт диспансерлік есепте тұрады.
Диспансерлік есепте тұрған науқастар уақтылы
зертханалық және инструменталдық
тексерулерден өтіп тұруы тиіс.
Ауруханадан шыққан соң бала диспансерлік
есепте 5 жылдан кем болмайды. Оны бөлімшелік
педиатр айына 1 рет қарап, бақылап тұрады.
Мерзімді нефролог дәрігері кеңес беріп отырады.
Баланың жалпы жағдайына, қан қысымының
деңгейіне, ісіну белсенділігіне, несептік синдромға
(протеинурия, гематурия, лейкоцитурия),
созылмалы инфекция ошақтарына көңіл бөледі.

17.

Педиатр дәрігері, асқыну болмаса, науқасты 6-8
аптада 1 рет қарайды. Ай сайын несеп, қан
зерттеуін, қанның биохимиялық зерттеуін, азот
қалдықтары мен мочевинаның деңгейін тексеру,
Зимницкий сынамасын және экскреторлы
урография жасайды. Науқастар диета ұстауы
қажет. Денеге физикалық жүктеме түсіру
шектеледі. Созылмалы инфекция
ошақтары санацияланады.
Созылмалы гломерулонефритпен
науқастар диспансерлік есептен
шығарылмайды.

18.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Правила