Похожие презентации:
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
1. ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
ПӘН: ФИЛОСОФИЯ№5 ТАҚЫРЫП ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ
ФИЛОСОФИЯСЫ
Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры
Ақбаева Л.Н.
Алматы 2015
2. ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕНБЕЛГІЛЕРІ
2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ.
3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ.
4. ДЖОРДАНО БРУНО НАТУРФИЛОСОФИЯСЫ.
5. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ГУМАНИСТЕРІ ФИЛОСОФИЯСЫ.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ.
3.
4. 1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе РЕНЕССА́НС (фр. Renaissance, итал. Rinascimento)– Орта ғасырлардан кейін дүниеге келген зиялы мәдениет дәуірі,
Алдымен Италияда, кейіннен Францияда, Германияда, Нидерландыда пайда болды.
«Қайта өрлеу» терминін алғаш рет атақты кескіндемеші мен архитектор
Джорджо Вазари қолданды 1550 ж. өзінің еңбегінде қолданды.
Орта ғасырлардағы үстем болған діни сипаттағы мәдениеттен кейін
АНТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР мен ӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ дәуірі болып табылады.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ТӨРТ КЕЗЕҢІ БАР:
XIV-XVI ғғ.
1. ӘУЕЛГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе ПРОТОРЕНЕССАНС (итал.
ТРЕЧЕНТО) -– 14 ғ.
2. ЕРТЕДЕГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ (итал. КВАТРОЧЕНТО) – Италияда 14201500 жж.
3. ЖОҒАРЫ ҚАЙТА ӨРЛЕУ – (итал. ЧИНКВИЧЕНТО) – Италия мен
Францияда – 1500-1580 жж.
4. КЕЙІНГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ – Италияда 1580 жылдан бастап 16 ғ.
соңына дейін.
Сонымен бірге Нидерландыда, Германияда, Данияда Швецияда 16 ғ.
бірінші
жартысында «СОЛТҮСТІК ҚАЙТА ӨРЛЕУ» дәуірі пайда болды.
ЛЕОНАРДО БРУНИ –
основатель термина
«ГУМАНИЗМ»
в эпоху Возрождения.
5. 1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
• ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:1. АНТРОПОЦЕНТРИЗМ – адам тұлғасын тұтастық түрде абсолютизациялау,
яғни философиялық, эстетикалық, өнер трактаттарында адам ардақталып,
оның ақыл-ой мен сезімі, шексіз шығармашылық мүмкіндіктері мадақталды.
3. ГУМАНИЗМ (лат. humanus – «адамсүйгіштік») – адамды тұлға ретінде қастерлеу,
еркін ойлау мен адамның индивидуалдық дамуын насихаттау. «Гуманизм» терминін
алғашқыда Рим ораторы – Цицерон, Қайта өрлеу дәуірінде – Л.Бруни енгізді.
3. АНТИКАЛЫҚ ӨНЕР МЕН ФИЛОСОФИЯНЫ ЖАҢҒЫРТУ Антикалық философия – неоплатонизм философиясында көрініс тапты.
4. АНТИКЛЕРИКАЛИЗМ (лат. аnticlericalis – дінге қарсы) – дүниеге діннен арылған
зиялы көзқарас – адамға дене пішінінің сұлулығы мен ақыл-ойын дәріптеу.
5. ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҚ – өнер еңбектеріне авторлық стильдің тән екендігі,
шығармашылық тың жаңа түрлері.
6. Философиялық негіз – 1) ГУМАНИСТІК НЕОПЛАТОНИЗМ адам мен табиғаттың рухани жағынан бірігуін қолдады.
2) ПАНТЕИЗМ – (гр. пан – бәрі, теос – құдай) – Құдайды табиғатпен тұтастай алып
қарайды, яғни табиғат пен Құдай бірге құйылысып қосылып кетеді,
екеуі бірдей дүниенің бастамалары.
6.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУРІНІҢӘЙГІЛІ ФИЛОСОФТАРЫ:
1. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ
2. МАРСИЛИО ФИЧИНО
3. ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА
4. ЛОРЕНЦО ВАЛЛА
5. МИШЕЛЬ ДЕ МОНТЕНЬ
6. ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ
7. МАРТИН ЛЮТЕР
8. ТОМАС МОР
9. ТОМАЗО КАМПАНЕЛЛА
10. НИККОЛО МАКИАВЕЛЛИ
11. ДЖОРДАНО БРУНО
ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА (орталықта),
МАРСИЛИО ФИЧИНО (сол жақта)
И АНДЖЕЛО ПОЛИЦИАНО
7.
ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА(1463-1494)
НИКОЛО МАКИАВЕЛЛИ
(1469-1527)
ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ
(1469-1536)
8.
МОР ТОМАС(1478-1535)-
МАРТИН ЛЮТЕР
(1483-1546 )
ЛОРЕНЦО ВАЛЛА
(1507-1557)
9.
ЖАН КАЛЬВИН(1509-1564)
МИШЕЛЬ ЭЙКЕМ ДЕ
МОНТЕНЬ
(1533-1592)
ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА
(1568-1639)
10. 2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
• Қайта өрлеу заманының көрнекті ойшылдарының бірі Н. Кузанский (1401-1464жж.) философ, Рим католик шіркеуінің кардиналы. Ойшылдың философиялық
еңбектерінің таңдаулысы – «Ғылыми білімсіздік». Философиялық идеялары –
пантеизм деп аталады.
Күрделі атауға ие болған «Ғылыми білімсіздік» еңбектің мәні ақиқатты іздеу жолында
анықталмағанның анықталғанмен, белгісіздің белгілімен салыстырылуында.
Бірақ, шексіздікті зерттегенде, мұны елестету мүмкін емес, өйткені оның көлемі белгісіз,
еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Адамның (шектелген) парасаты мен шексіздік а
расындағы қайшылық, Н. Кузанскийдің ойынша, білімсіздікті туындатады.
Осы тұрғыда Құдайды тану мүмкін емес, өйткені ол – шексіздік, оны бұл жалғанның
шекті заттарымен салыстыруға болмайды.
Кузанский «Құдай абсолюттік жоғарғы шек, шексіздік бола отырып, ешқандай
шектеуліден зиян көрмейді. Ол болашақ бөлшектенбейтін, абсолюттік ең кіші шек те
болады», – деді. Құдайдың абсолюттік жоғарғы шек ретінде пен абсолютті кіші
шектің сәйкес келуі: біріншіден, Құдайдың бар ғаламды мекендейтіні (бәрібарлығында) және әлемнің құдайдан тыс өмір сүретінін мойындау (әрбір зат белгілі бір
дәрежеде өз ішінде барлық басқа заттарды ұстайды, тұтынады); екіншіден, Құдай
дегеніміз – себеп пен салдардың, демек жасампаздық пен жаратылғанның бірлігі;
үшіншіден, көзге көрінетін заттар мен Құдайдың мәні сәйкес келеді, ол бұл әлемнің
бірлігін қуалайды.
11. 2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (латыншаemanatio – өту, тарату деген сөз. Антика философиясында кездесетін универсум,
яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан жетілмеген және төменгі
сатыларға өту деген сөз қағидасына сәйкес дамытады.
• Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі болады. «Мәңгілік дүниеге
келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактілі қарапайымнан
нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады.
• Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін,
оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр
уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді.
• Н. Кузанский табиғат әлемін, әлемдік жанмен жанданған тірі ағза есебінде
елестетеді. Бұл әлемнің барлық бөліктері жалпы байланыста болады, қалыпты
қозғалыста өмір сүреді. Табиғат қайшылықты, ол қарама-қарсылықтардың
бірлігі есебінде көрінісін табады. «Барлық заттар, – дейді ол, – қарамақарсылықтардан тұрады, біреуі екіншісін жеңуі арқылы өз табиғатын екі түрлі
қарама қарсылықтар арқылы айқындайды... шексіздік бізді кез келген қарамақарсылықты толық меңгеруге мәжбүр етеді» (Кузанский Н.).
Адам жаратылысынан табиғатты тануға деген қабілетке ие болған микрокосм.
Оның таным мүмкіндігі құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге а
сады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет: сезім (сезім мен елестетуден тұрады),
естілік және ақыл-парасат болады.
12. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ
НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙфрагмент «Распятия с донатором
Николаем Кузанским» работы
мастера жития Марии
13. 3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ
• М. Фичино (1433-1499 жж.) – замандастары «екінші Платон» деп атаған католиктікшіркеу қызметкері, Платонның барлық еңбегін латын тіліне аударды.
Схоластика ойшылдары сияқты, Фичино дін мен философияның қатынасы туралы сұрақты
маңызды теориялық және идеологиялық мәселе деп ерекшелейді. Мұның шешімінде
схоластикалық тәсілді игеру арқылы ол философия дін ілімінің құқықсыз қызметшісі
емес, олар тең құқылы қатынас жағдайында болады деген қорытындыға келеді.
Осы теориялық негізде Фичино Қайта өрлеу заманының гуманистік дүниетанымдық
көзқарастарына тән идеяларды дамытады. Фичино: «Құдай табиғаты жағынан қайда
да бірдей парасат болса, онда бұл жалпыға ортақ парасатты діндердің бәрінен
табуға болады. Сондықтан діндердің барлық өзіндік ерекшеліктерін алып тастап,
жалпыға ортақ «Нағыз жаратылыс» дінін жасау керек», – дейді.
Фичино Н. Кузанскийдің адамның шығармашылық мәні туралы ой желісін дамытады, а
дамның шығармашылық қабілеті оның әлемді тану мүмкіндігінен және жан-жақты
қызметі түрлерінен өз көрінісін табатынын мақұлдайды.
•Фичиноның таным теориясы – сырттай қарап, пайымдаушы теория, өйткені
танымның негізі сұлулықты пайымдау мен сұлулықтан ләззат алу деп есептейді.
Пайымдаудың ең жоғарғы сатысы – мистикалық пайымдау, Құдаймен қосылу.
Жердегі сұлулыққа қол жеткізу, одан ләззат алу мистикалық пайымдауға қайшы
келмейді, керісінше, оған барар жолдағы саты болады.
14.
МАРСИЛИО ФИЧИНО(1433-1499)
15. 3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ
•Адамның жігерлі мүмкіндіктері шексіз. Әлемге әмірін жүргізетін адамның шексізжігерлі мүмкіндіктерін мойындаудан Фичино «адам дегеніміз – ерік бостандығына ие
болған Құдай, оған бүкіл әлем бағынышты» деген ойға келеді. «Жанды және
жансыздардың... барлығының үстінен әмірін жүргізетін адам, кейбір жағдайда Құдай
болады. Ол – өзі ие болған... басқаратын... тәрбиелейтін парасатсыз жануарлардың
құдайы, ол – өзі қоныстанған, пайдаланатын ортаның құдайы, ол – өлмейтін, түрін
өзгертетін, түрлендіретін барлық материалдық заттардың құдайы. Табиғатымен
соншама затқа үстемдік жүргізетін бұл адам мәңгі-бақи өлмейтін Құдайдың орнын
алады, өзінің де мәңгі-бақи болатыны ешбір күмәнсіз» (Лосев А.Ф. Эстетика
Возрождения).
Сонымен, Фичино ілімдерінде адамның шексіз қуаты (күші) идеясы тұжырымдалады,
ол Абсолюттің қуатына теңестіріледі.
16. 4. ДЖОРДАНО БРУНО ФИЛОСОФИЯСЫ
• Джордано Бруно (1548-1600 жж.) – дін қызметкері, философия докторы.Философиялық идеяларын жалған деп, одан бас тартпағаны үшін 1600 ж. 17 ақпанда
баяу жанған отқа өртеліп өлтірілді. Оның философиясы – материалистік пантеизм
деп анықталады.
• Дж. Бруно ілімінің философиялық тікелей бастаулары Н. Кузанский мен Б.
Телезионың еңбектеріне сүйенеді. Жаратылыстану ғылымдары саласында оған Н.
Коперниктің астрономия идеялары үлкен әсерін тигізеді.
• Бруно табиғат философиясы мәселелерін шешуге бағыттайды. Философияның
мақсаты табиғатты тану деп есептейді.
• Бруно философиясының арқауы – құдайлық пен табиғаттық, материалдық пен
идеалдық, денелік пен руханилық, ғарыштық пен жерлік, парасаттылық пен
сезімдіктің диалектикалық бірлігі туралы ой.
Құдай мен табиғат қатынасын Бруно пантеизм тұрғысынан шешеді. Сондықтан ол,
біріншіден, Құдайдың әлемнен толық бөлектенуін жоюға, олардың бірлігін көрсетуге
ұмтылады. Құдай өзіне тиісті сапада болмыстан «тыс» және «үстінде» емес, барлық жерде
және жан-жақта бар; екіншіден, ол Құдай мен табиғатты жиі теңестіреді, табиғатты өз
алдына дербес бастау ретінде қарастырады. «Табиғат дегеніміз – Құдайдың өзі немесе з
аттардың өз ішіне жасырынған құдайлық күш»; үшіншіден, антика философтарының
(Парменид, Демокрит, Эпикур, Лукреций т.б.) ықпалымен Құдайды тек табиғатпен ғана
емес, материямен де байланыстырады.
17. ДЖОРДАНО БРУНО
18. 4. ДЖОРДАНО БРУНО ФИЛОСОФИЯСЫ
•Бруноның субстанция туралы ілімін зерделеп қарасақ, оның әлемдік жанды денелік,материалдық бастаудан айырмайтынын, оларды біріккен бүтін біріккен
субстанцияның өмір сүретінін мойындайтыны анықталады. «Біз, - деп пайымдайды
Бруно, - екі түрлі субстанцияны табамыз - біреуі рухани, екіншісі денелік, бірақ бұл
екеуі соңында бір болмысқа және бір түбірге (негізге) саяды» (Бруно Дж. Диалоги).
Тек осы біріккен субстанция универсумдардың соңғы, ең бір терең бастауы
болады.
Бруно табиғат философиясы мен космологияда схоластика қағидаларына, ортағасырлық
дін іліміне қарама-қарсы, оған «діннен безген» деп кінә тағуға себеп болған бірнеше пікірді
ұсынады. Ол Құдайдың шексіз құдіретінің шектеулі, өткінші заттарды жасаумен
тұйықталып қалмайтынын, табиғат пен ғаламның да шексіздігін дәріптейді.
Сезімдік танымның алдында шексіздік мағынасы ашылмайды. Ес танымда үлкен
орын алады. Сезімдік деректерді ой елегінен өткізіп, оларды жинақтау еске
түсіріп, көз алдына ойша елестету арқылы жүзеге асады. Табиғаттың ең жоғарғы
құпияларына жету мүмкіндігін сезім көрсеткіштерін жинақтаушы парасат
(интеллект) береді. Бруно кейбір еңбегінде бұл иерархияның төртінші сатысына
ақылды қосады.
Ол тек қана ақылдың көмегімен әлемнің бірлігін, ондағы қарама-қарсылықтардың
диалектикалық сәйкес келуін және оның шексіздігін тануға қол жеткізіледі, ақиқатқа
жетудің мәнді бастауы – парасат болады деп есептейді.
Дж. Бруноның жаратылыстану салаларындағы философиялық ғылыми идеялары
схоластикалық дүниетанымдық көзқарасты жеңуге үлкен үлесін қосты.
19. 5. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ГУМАНИСТЕРІ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ортағасырлық схоластика өкілдерімен айтыста Италия гуманистері антикамәденииетінің рухы мен идеяларын қайта жаңғыртуға ұмтылды.
Гуманистік қозғалысқа дем беруші ақын Данте Алигьери (1265-1320 жж.) – өз
шығармаларында схоластиканың догмаларын теріске шығармай-ақ, Құдай мен
адам қатынасын жаңадан ой елегінен өткізуге талпынады. Оның пайымдауынша,
құдайлық пен адамдық бірлікте өмір сүреді, Құдайды адамның шығармашылық
мүмкіндіктеріне қарсы қоюға болмайды. Адамның өмір сүруі бір жағынан Құдаймен,
екіншіден табиғатпен қамтамасыз етіледі.
• Данте адамның практикалық қызметі – оның парасат мүмкіндіктерінің жүзеге
асуының жемісі дегенді басып айтады. Ол адамның бар өмірі оның парасатына бағынуы
керек дегенді ұстанады.
Гуманистік қозғалыстың негізін қалаушы ойшыл ақын Франческо Петрарка
(1304-1374 жж.) «өмір өнерін» жете зерттеуді өзінің басты мақсаты деп есептейді.
Оның ойынша, адамның діни догматтар белгілегендей тек о дүниеде ғана емес, осы
жердегі өмірінде де бақытты болуға құқы бар. Петрарка шығармаларында Қайта
өрлеу заманы философиясына тән көрінісін табатын адамның жеке, даралығын
дәріптеу орын алған.
Оның пайымдауынша, тұлғаның, кісінің шыңдалып жетілуі оның «надан тобырдан»
оқшауланған жағдайында ғана мүмкін болады. Тек қана осы жағдайда, адамның өзіндік
ішкі құмарлықтарымен күресінде және қоршаған ортамен үздіксіз қарама-қарсылығында
шығармашы кісі толық еркіндікке, ұстамдылыққа, рухани тыныштыққа қол жеткізеді.
20. ДАНТЕ АЛИГЬЕРИ
21. 5. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ГУМАНИСТЕРІ ФИЛОСОФИЯСЫ
•Осыған жақын рухтағы идеяларды Петрарканың ізбасарлары, соның ішінде Италиягуманисі Джованни Бокаччо (1313-1375 жж.) да айтады.
•Бұл уақыт философиясының өзіндік ерекшелігі антиклерикалдық, яғни дінге қарсы
сипаты. Гуманистер жаратылыстану ғылымдарының ешқандай практикалық
құндылықтарын көре алмады, табиғат философиясы олардың қызығушылық шеңберіне
кірмеді. Ойшылдар барлық мүмкіндіктерін әлеуметтік және моральдық мәселелерді
шешуге жұмылдырды.
•XV ғасыр ортасында Қайта өрлеу философиясы антика дәуірі ойшылдарының
философиясының шеңберін кеңейтті.
•Қайта өрлеу философиясы материалистік үрдістерге және жаратылыстану ғылымдары
туралы білімге бай араб философиясының идеяларымен де сусындады.
• Қайта өрлеу философиясы секуляризацияға (латынша saecularis – бұқара, қауым;
секуляризация – қоғамдық өмір салаларының, жеке адамның дін ықпалынан арылуы
деген сөз), яғни діни сананың философиялық санаға әсерінің шектелуіне алып келді.
• Қайта өрлеу философиясы – табиғатты адам өмірімен, тәнімен ұқсастыруы керек
деп есептеді.
Бұл натурфилософиялық (латынша natura – табиғат;
натурфилософия – табиғат философиясы, табиғаттың тұтастай танылымы деген
сөз) идеялардың пайда болуына алып келді.
•Италия философиясының тағы бір ерекшелігі – мистикалық түрде берілген,
көрсетілетін әлемге деген пантеистік көзқарас. Ол Николай Кузанский,
Флоренциядағы Платон академиясының мүшелері: Марсилио Фичино мен Пико делла
Мирандола, Пьетро Помпонаци тәрізді ойшылдар ілімдерінен көрінісін тапты.
22. ФРАНЧЕСКО ПЕТРАРКА
23. ДЖОВАННИ БОКАЧЧО
24.
Иллюстрация к сонетам Ф. Петрарки25.
Дж. Уотерхауз. Картина к новеллам «Декамерон», Дж. Боккаччо (1916 г.)26.
BOTTICELLI MADONNA OF THEPOMEGRANITE
«ВИТРУВИАНСКИЙ ЧЕЛОВЕК»
ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ
27.
ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ.
МАДОННА ЛИТТА.
ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ.
МОНА ЛИЗА.
Париж, Лувр
28. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
•Негізгі:•1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
•2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы:
Қазақ университеті, 2012.-224 б.
•3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.284 б.
•4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192
б.
•5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен
баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
•6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы.
Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
•7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде
пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238
б.
•8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы:
Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
•9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ
университеті, 2010.-240 б.