Похожие презентации:
Ортағасырлық батыс философиясы және қайта өрлеу философиясы
1.
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ БАТЫСФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨРЛЕУ
ФИЛОСОФИЯСЫ.
1
2.
Дәріс жоспары:1. Ортағасырлық Батыс
философиясы.
2. Қайта өрлеу дәуірі
философиясы.
2
3. 1. Батысеуропалық ортағасырлық философияның негізгі идеялары мен сипаты:
Монотеизм;Теоцентризм;
Креационизм – Құдай дүниені жоқтан бар етті және
мәңгі жаратуда;
Провиденциализм – Құдай адам мен адамзатты
құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;
Ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние
құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді,
өйткені олар Құдайдың жаратқаны;
Жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде)
үстем болды және тб.
3
4.
БатысЕуропалық
орта
ғасыр
философиясы.
Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын
христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін
ілімінің қызметшісіне айналды.
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа
елдерінің
қай-қайсысында
да
феодалдық
қоғамдық
қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып,
таралуына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа
табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге
келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық
философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады.
1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни
философиялық ілім пайда болды.
2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
3. Схолистикалық кезең
5.
Апологетика• Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық
сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген
дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау.
Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай
болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың
сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар
мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның
жекелеген догматтарына қарсы бағытталған
наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.
• Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол
нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин
Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.
6.
Философиялық мектептер:Апологетика – (грек. Апологемай – қорғаймын,
ақтаймын) - ІІ-ІІІғғ. пұттық политеизммен
күресте христиандық догматика негіздерін
қорғаған, уағыздаған ілім.
Патристика –(лат. Patres -әке) – ІІ-ҮІІІғғ.
алғашқы христиан философиясының негізін
салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.
Философия Платон мен неоплатонизм
идеяларының негізінде дамыды.
6
7. - Ерте схоластика (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.); - кемелденген схоластика (ХҮІІІ ғ.); - соңғы схоластика (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.)
Схоластика (лат. – схолиа – мектеп.
философиясы) – ортағасырлық
теологиялық
ілім, философияның теологияға қызмет ететін
тұсы. Аристотель идеяларының ықпалымен
дамыды, христиан дінімен келіспейтін көп
идеялар пайда болды.
Схоластиканың үш кезеңі болды:
- ЕРТЕ СХОЛАСТИКА (ІХ-ХІІІ Ғ.Ғ.);
- КЕМЕЛДЕНГЕН СХОЛАСТИКА (ХҮІІІ Ғ.);
- СОҢҒЫ СХОЛАСТИКА (ХІҮ-ХҮ Ғ.Ғ.)
7
8. Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:
• құдайдың бар екенін рационалды(ақылмен) дәлелдеу;
• білім мен сенім, парасат пен ерік
қатынасы;
• креацианизм, провиденциализм
• жалпылықтың жекелікке қатынасы
немесе “универсалийлер”, яғни
жалпылық ұғым мәселесі.
8
9.
СХОЛАСТИКА (IX – XV вв.)Универсалийлер
ізденісі
НОМИНАЛИСТЕР
Номинализм (лат.
nomen – атау, есім) –
Шындықта тек жеке,
нақты заттар ғана
өмір сүреді, ал
жалпы ұғымдар
олардың атауы.
РЕАЛИСТЕР
Реализм ( лат. realis
– шынайы) – ңағыз
болмысқа заттар
емес, олардың
жалпы ұғымы ие
дейтін ағым.
КОНЦЕПТУАЛИЗМ
Реализм мен
номинализм
ілімдерінің
маңыздылығын
мойындайтын ілім.
9
10.
АПОЛОГЕТИКА (I – VI ғғ.)Квинт Септимий Тертуллиан
(шамамен 160 – 230 жж.)
Философия мен діни сенімнің
бірікпейтіндігі жөніндегі тезисті
қолдады.
Сенім мен ақыл арасында ешбір
жақындық жоқ.
« Сенемін, өйткені абсурдты» (сенім
ақиқаттылығы ақыл ақиқаттылығынан
ерекше).
Інжіл – құдайды танудың жалғыз қайнар көзі,
10
сол себепті кез келген білімнің де.
11.
Патристикалық негізі проблемалары:• Сенім және ақыл ойдың қатынасы.
• Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты
анықтаушы мақсаты бар.
• Құдайдың мәні және тринитарлық
проблема.
• Адам бостандығы адам жанының
құтқару.
• Дүниедегі зұлымдылықтын пайда
болу проблемасы.
11
12.
ПАТРИСТИКА (ІІ – ҮІІІ ғғ.)Аврелий Августин «әулие»
(«Рим шіркеуінің әкесі»)
(354 – 430 жж.)
- “Түсіну үшін сенім керек”;
- Құдайды ақылмен танып,
оның жіберген аяның оқып,
соған сүйену керек;
- Адам еркін болуы мүмкін,
бірақ оның іс-қимылы Құдайдың
бұйрығымен болады;
Еңбектері «Тәубе», «Құдай патшалығы туралы»,
«Тәртіп туралы», «Академиктерге қарсы» тб.
13. Августин философиясының маңызы:
• Құдай бар, онда ешқандай күмән жоқ;• Әлеуметтік
конформизм
идеясын
(кедейшілік пен өзгенің билігіне көну)
қолдады, бұл Шіркеуге де, мемлекетке де
тиімді;
• Шіркеу билігінің мемлекеттен,
Рим
Папасының
монархтардан
үстемдігін
дәріптеп, католиктік Шіркеудің беделін
көтерді.
• Адамның сұлулуғын, жігерін, кемелденуін,
құдаилығын атап көрсетті (бұл ол кезде
13
жаңалық еді).
14. Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
а) Балауса схоластика (ІХ – ХІІ ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым,философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің
жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық)
байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және
сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған
схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский,
Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.;
ә) Кемелденген схоластика (ХІІІ ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель
еңбектері көпшілік арасына тарап, (философиялық теология ілімі) қалыптасып,
кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт,
т.б.;
б) Құлдырау кезеңі (ХІV – ХV ғасырлар). Шынайы ғылыми және
философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен
ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның
тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге
айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям
Оккам, Жан Буридан, т.б.
15.
Ортағасырлық философияның схоластика
деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим
империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу
дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты
қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған
көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция,
Англия, Германия т.б.) феодалдық қарымқатынастар қалыптасып, христиан дінін
қоғамдық өмірдің барлық салаларында
өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың
қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған
мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік
қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында
философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан
догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің
күңіне айналған-ды.
16.
Иоанн Скот Эриуген(«схоластиканың бірінші
әкесі»)
( шамамен 810 – 877 жж.)
-Философиялық жүйесі неоплатонизм
идеясымен дамыды.
-Шынайы дін шынайы философия
болып табылады және керісінше;
дінге қатысты туындайтын күмәндану
философияны да теріске шығарады;
-Теологияны рационализациялаудың
алғашқы қорғаушылардың бірі болды.
16
17.
• Схоластик тәсілдің негізінқалаушы және қорғаушы француз
теологы-схоласты, философ
Абеляр (1079 – 1142ж) болды.
Негізгі еңбегі – “Бар мен жоқ”.
Абелярдың пікірінше, шынайы
өмір сүретін жалқылар, бірақ
олардың өзара ортақ қасиеттері
болғандықтан, осы негізде
жалпылар ұғымы қалыптасады.
Бұл жалпылар (универсалийлер)
шын өмір сүреді, себебі ол –
құдай жаратқан заттардың үлгісі.
Адамға ең керекті нәрсе оның ісәрекеті емес, құдайға деген сенімі.
18. Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:
• Реализм- ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, олұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан
бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм
іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының
арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын
жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және
Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге
қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.
• Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың
атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт.
Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері
бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы
түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі
мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал
ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен
байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс Скотт,
Оккам.
19.
Фома Аквинский (1225 немесе 1226 – 1274 жж.)- “Өзіндік мәнділікке ие адами парасатты
жан тәнмен бірге өлмейді.”
- Философия мен теология әр-түрлі
мақсатты ілімдер;
- Философия тек ақылмен танылатынды
ғана түсіндіре алады;
- Өзгенің бәрін (құдаи аян) тек теология
ұғындыра алады.
Негізгі еңбектері: «Теология суммасы»,
«Философия суммасы», Інжілге, Аристотель
шығармаларына түсіндірмелер жазды.
19
20.
Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдыңтабиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу
оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан
жоғары тұрады. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды
қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен
мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі. Фома
Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер үш
түрлі өмір сүреді:
1. Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында ;
2. Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде ;
3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың
ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.
21.
• Аквинскийдің іліміне қарсы сынайтқан шотланд схоласты Дунс
Скотт (1268 – 1308) құдайдың да,
адамның да ақыл-ойы оның ерікжігеріне тәуелді, сондықтан
құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал
оның қалағанын істегеннің өзі –
игілік деп есептеді. Скоттың пікірі
бойынша, құдай жігерінің
арқасында әлемдегі жеке заттарды
жаратқан. Ол тек жаратушы ғана
емес, сонымен бірге сол заттардың
рухани түпнегізі.
22.
• Орта ғасыр философиясыныңкөптеген идеяларымен
келіспей, өзіндік пікір айтып,
таным процесінде
тәжірибенің беделін көтерген
ойшылдардың бірі Роджер
Бэкон (1214 – 94ж) болды.
Ол философияны,
табиғаттану ғылымдарын
теологиядан бөлу керектігін
уағыздап, ғылымдар
ғимаратының іргетасы –
тәжірибе, эксперимент және
математика деп есептеді.
23.
Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі,схоластикалық ойлау тәсілінен арылып,
трансценденталды болмыстың антологиясын
қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам
(1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше,
филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі
құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең
маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім
арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер..
Уильям Оккам (1285-1349 ж.ж.) –
ортағасырлық ағылшын теологы, философсхоласт, номинализмнің ірі өкілі. Оксфорд
университетінде сабақ берген, дінсіз деп
айыпталып, түрмеден Баварияға қашып
барады. Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін
орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен
феодалдардың идеологы.
Оккамның айтуынша Құдайдың бар
екендігі т.б. діни ұғымдар парасат арқылы
дәлелденбейді, олар тек қана нанымға
негізделген, ал философия теологиядан азат
толуы тиіс (екіұдай ақиқат).
24.
• Реалистердің көрнекті өкілдерінің бірі Италияда (1033-1109 ж.ж.) өмір сүргенархиепископ Ансельм Кентерберский
болды.Оның ойынша жақсылық, әділеттілік,
ақиқат ұғымдары адамның іс-әрекетінен тыс
шынайы өмір сүреді. Ол құдайдың бар екендігін
дәлелдеуге тырысады. «Егер құдай жоқ болса,
құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал,
құдай туралы ұғымның бар екені ырас болса,
демек құдайдың да бар болғаны»-дейді
Ансельм.Бұны Ансельм «Құдай болмысын
онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атаған.
25.
2. Қайта өрлеу дәуіріфилософиясы.
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта
өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап,
өркендей
бастады.
Әр
елде
өзіндік
ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни
ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық
танытты,
Реннесанс
дәуірі
мәдениетіне
байланысты қай елде болмасын, антикаға деген
көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда
болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне
байланысты өзіндік гуманизм пайда болды.
Ренессанстық
дәуір
титанизмніің
пайда
болуымен ерекшеленеді.
25
26.
Адамжөнінде
өзгеше
пікірлер
қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда
жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар
тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты
деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен
шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке
толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл
дәуірде мәдениет пен философия шіркеу
иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын
бастады (бейнелеу өнері, архитектура,
музыка, театр, әдебиет).
26
27.
Қазіргізамандық
өркениеттің
барлық
жетістіктеріне
тікелей
ықпал
етті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі
философиялық
бағыттар:
пантеизм,
натурафилософия
және
гуманизм.
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай)
– құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан
тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы
бастама деп есептейтін философиялық
ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай
алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы
теріске
шығарады.
Терминді
Толанд
енгізген (1705).
27
28.
Пантеизм Н. Кузанский мен Дж.Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурафилософия
(табиғат
туралы
философия).
Алғашында
магиямен
әуестенумен пайда болып дамыған лім.
Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы
ұстаным
байланыстырады.
Натурфилософтар
қатарына
Теофраст
Гогенгеим
(Парацелес),
Бернардино
Телезио
саналады.
28
29.
Гуманизм (лат. humanus - иманды) –адамның
қадір
қасиеті
мен
хұқын
құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі
бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты
дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір
жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін
көзқарастардың
жиынтығы.
Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты
идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл
кезеңде Гуманизм феодализмге және
ортағасырлық теологиялық көзқарастарына
қарсы пікірлермен тығыз байланыста
болды.
29
30.
Гуманистерадам
бостандығын
жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам
ләззаты
мен
өз
мұқтаждарын
қанағаттандыру хұқы жолында күресті.
Қайта өрлеу
дәуірінің
аса
көрнекті
гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо,
Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский,
Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. –
зиялы
дүниетанымды
қалыптастыруда
маңызды
рөл
атқарды.
30
31.
Қайта өрлеу дәуірі – философиятарихында маңызды орынға ие бола
отырып, өндірістік қатынастардың, саудасаттықтық
дамуы,
феодализмнің
құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу
беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің
жоғарлауы,
ғылыми-техникалық
жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік
ерекшеліктерімен
құнды.
31
32.
Қайта өолей дәуірі философиясыныңнегізгі
белгілері:
-антропоцентризм
және
гуманизм
–
адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу
арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға
қою;
-шіркеу
идеологиясына
қарсы
пікірдің
қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін
Құдаймен адамдар арасындағы байланыс
ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы
шығу).
32
33.
-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оныңқұрылымына
баса
назар
аудару;
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық
жаңалықтардың
ашылуымен
бірге
қоршаған ортаны ғылыми-материалистік
тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі,
оның
күнді
айнала
қозғалатындығы
жөніндегі
жиналықтар)
түсіну;
-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;
-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып,
белең алуы.
33
34.
Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағыттадамыған – неоплатондық бағыт болды.
Аталған бағыттың мақсаты – Платон
ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді
жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай
дамыту.
Неоплатоншылдар
Платон
идеясына сүйене келе, схоластикаға
өздерінің жаңа философиялық жүйелерін
қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті.
Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға
көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар
бағытының белді өкілдері Н. Кузанский
және Джованни Пико дела Мирандола.
34
35.
Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғыхристиандық ұғымдардан құдай туралы ілім
жасапа шығарады, онда құдайдың қарамақарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы,
ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып,
саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды.
Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп
тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен
алып, жалпы мен жалпы тағы басқада
құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән
қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі
туралы мистикалық – идеялық мазмұнына
қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да
бойына сіңірді.
35
36.
Әлем – сезімтал абсолютті аяқтаушы,өзгермелі Құдай. Әлем – құдаймен
аяқталады дей отырып, Н.Кузанский
астрономиялық зерттеулер жүргізе келе
күн – орталық (гелиоцентрлік), космостағы
болып жатқан процестердің бәрі-діни
ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана
түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н.
Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан
(галактикалардан) құралған, барлық аспан
денелері – қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанский
бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің
дамуына
айтарлықтай
ықпал
етті.
36
37.
Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлікжүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»–
жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды
және ол әлемнің кіндігі болып табылады.
Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің
төңірегінде айналады деп есептелінеді.
Діни көзқарастар мен Платон және
Аристотель еңбектеріне негізделген бұл
жүйені көне грек ғалымы Птоломей
тұжырымдаған.
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс
өз
кіндігінен
айналатын
жер
күн
37
төңірегндегі планетелалардың бірі.
38.
Галилео Галлилей (1564-1642). Коперникпен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде
дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан
денелірінің траектория бойнаша ғана емес,
өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді.
Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа
планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі
еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі –
Птоломейлік және Коперниктік диалог»
(1632). Оның тұжырымы бойынша, әлем –
шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей.
Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық
заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді.
38
39.
XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнистіТ.Мордың шығармаларымен байланысты.
Т.Мор
(1478-1535).
Утопиялық
социализмнің негізін салушылардың бірі.
Қайта
өрлеу
дәуірінің
гуманист–
рационалисті.
Басты
шығармасы
–
«Золотая книга, столь же полезная, как
забавная,
о
наилучшем
устройстве
государства и о новом острове Утопии»
(1516).
Ол
тұңғыш
рет
өндірісті
қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде
дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың
коммнистік идеялармен байланыстырды.39
40.
Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы –отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген.
Утопиялықтар демократиялық басқару,
еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді.
Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп,
қалған уақытында ғылыммен, өнермен
шұғылданады.
Адамның
жан–жақты
дамуына,
теориялық
оқуды ңбекпен
ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор
жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске
асыруды армандады.
40
41.
Идеалды қоғам туралы жоба жасаған
басқа
да
ойшылдар
болды.
Т.Кампанелла
(1568-1639).
Утопиялық
қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн
қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық
Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары
идеалды қоғам орнатады және олар
әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып,
өз
өмірлерімен
және
еңбектерімен
рахаттанбақ. Әлеуметтік утопистер сол
дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және
кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай
әсер етті.
41
42.
Идеалды қоғам туралы жоба жасаған
басқа
да
ойшылдар
болды.
Т.Кампанелла
(1568-1639).
Утопиялық
қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн
қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық
Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары
идеалды қоғам орнатады және олар
әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып,
өз
өмірлерімен
және
еңбектерімен
рахаттанбақ. Әлеуметтік утопистер сол
дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және
кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай
әсер етті.
42