балалар жазушылар
Ыбырай Алтынсарин
Сапарғали Бегалин
Саттар Ерубаев
Өтебай Тұрманжанов
Бердібек Соқпақбаев
319.50K

Қазақстан балалар жазушысы. Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)

1. балалар жазушылар

2. Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим,
1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушыпедагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам
қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында
терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай
облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен
ерте айырылған ол атасының - белгілі би және
старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында
тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге
және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты.
Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен
жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген
кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен
жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен
Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат
етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол
кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген
құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда
келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас
Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің
мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді,
көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен
табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп
армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына
асыруға талпынды.

3. Сапарғали Бегалин

Сапарғали Ысқақұлы
Бегалин(1895 24 қарашада Шығыс
Қазақстан облысы, Абай
ауданы, Дегелең ауылы-1983) Қазақ
балалар әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі.
1915 жылы Семей қаласындағы орысқырғыз (қазақ) училищесін бітірген.
1929 — 1935 жылдары Дегелең
облыстық атқару комитетінің
төрағасы, Қарқаралы уездік атқару
комитетінің мүшесі. Бөлім
меңгерушісінің орынбасары, аудандық
халық судьясы болды. Қазақ егіншілік
халық
комиссариатында, Түркісіб басқармас
ына жауапты жұмыстар атқарды.
1935—1956
жылдары «Теміржолшы» газетінде,
Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл
және әдебиет
институтында (қазіргі Әдебиет және
өнер институты), Қазақстан
Жазушылар одағында қызмет етті.

4. Саттар Ерубаев

Саттар Асқарұлы Ерубаев (1914, Түркістан ауданы 02.06.1937, Алматы) - қазақ жазушысы.
Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк
шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш
мектепке қашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң
жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап
шығады.[1]
Оның қалыптасуына әкесі Асқардың, анасы Бапаның
үлкен әсері болған.
1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі
және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу
орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық
курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу
Комиссариатының арнайы
жолдамасымен Ленинградтарих, философия және линг
вистика институтына түседі.
Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп
шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды
және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл
жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы
шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша
Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ
Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат
жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға
шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын
қалдырып, елге оралады.
100
50
0
1 кв
2 кв
3 кв
4 кв

5. Өтебай Тұрманжанов

Тұрманжанов Өтебай (15
желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан
облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылы –
1978, Алматы) – жазушы. Мәскеудегі Шығыс
жастарының коммунистік университетін
бітірген (1927). 1927 –
1978 жылыТашкенттегі Орта Азия
университетінің оқытушысы, даярлық курстың
және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі (1927 – 1930), Өзбекстан
Жазушылар одағы жанындағы қазақ
секциясының басшысы (1929), ҚазПИ-де
(қазіргі ҚазҰПУ) проф., Қазақ мемлекеттік
баспасында бөлім меңгерушісі, “Қазақ
әдебиеті” газетінде, “Әдебиет майданы”
(қазіргі “Жұлдыз”) журналында редактордың
орынбасары, редактор (1935 – 37), “Жазушы”
баспасында бөлім меңгерушісі қызметтерін
атқарған. Тұрманжанов шығармалары негізінен
балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте
қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде
1920 жылы жарияланған. “Таң өлеңдері”
жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927
жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан
кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”)
басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің
авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға
арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне
аударған.

6. Бердібек Соқпақбаев

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ 1924 жылы 15 қазанда
Алматы облысының Нарынқол ауылында туған.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби
курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала
оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде,
«Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы
«Қазақфильм» киностудиясында істеген.
Қазақстан Жазушылар одағында балалар
әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған.
Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950
жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған.
Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын
ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа
саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер
қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар»
секілді туындылары КСРО халықтарының және
шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып,
сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967
жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған
фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен
халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа»
фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы
жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Құрмет Грамотасымен марапатталған.
English     Русский Правила