Кіріспе
Қызыл жалпақ теміреткінің ағымы :
Клиникалық көрінісі :
Эрозиялы - жаралы түрі :
Эрозиялы - жаралы түрі :
Патологиялық гистология :
Емі :
Емі :
Емі :
Емі :
Емі :
Емі :
Қолданылған әдебиеттер:
5.10M
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Ауыздың кілегейлі қабығында қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы жаралы түрінің өзгерістері бар науқастарға көмекті жоспарлау

1.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Модулі : Терапиялық стоматология
Тақырыбы : Ауыздың кілегейлі қабығында қызыл
жалпақ теміреткінің эрозиялы жаралы түрінің
өзгерістері бар науқастарға көмекті жоспарлау .
Орындаған: Қажахмет.Қ.Д.
Факультет : Жалпы медицина
Тобы: 18-02
Курс: 4
Қабылдаған:

2.

І Кіріспе :
Қызыл жалпақ теміреткіге қысқаша түсінік .
ІІ Негізі бөлім:
Қызыл жалпақ теміреткінің ағымы ;
Қызыл жалпақ теміреткінің клиникалық
көрінісі
Эрозиялы жаралы теміреткі ;
Патогистологиясы ;
Емі .
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Қызыл жалпақ теміреткі ( красный плоский лишай ,
Lichen ruber planus ) - тері мен кілегейлі қабықты
аймақтардың бетіне мүйізгектенетін папулалы
бөрткендердің шығуымен сипатталатын созылмалы
қабынбалы ауру . Ауыз кілегейлі қабығы ауруларының
ішінде қызыл жалпақ теміреткі жиі кездеседі және
50-75 % құрайды .Қызыл жалпақ теміреткі кезінде тыныс
ағзаларының , тік ішектің , коньюктиваның , өңештің ,
асқазанның , несеп жолдарының кілегейлі қабықтары да
жарақаттануы мүмкін . Бұл аурумен көбінесе жастары
30-60 арасындағы әйел адамдар ауырады . Соңғы кездері
ауру 20 жастан кейін ер адамдар арасында да кездесіп
жүр .

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

Аурудың себебі әлі анықталмаған . Соңғы кезде
ұсынылған нейрогендік , вирустық , тұқымқуалаушы
лық және токсико-аллергиялық теориялар әлі толық
дәлелдене қойған жоқ .Қызыл жалпақ теміреткі
асқазан ішек жолы , бауыр және ұйқы безі аурулары
бар адамдарда жиі кездеседі . Аурудың ауыр ағымды
түрі сусамыр (қантты диабет) және гипертония
ауруы қатар дамыған науқастарда жиі анықталады
және Гриншпан синдромы деп аталады . Аурудың
дамуында жергілікті ықпалдардың да әртүрлі
зақымдар , сапасыз және (әртүрлі материалдардан
жасалған протездер , гальванизм жағдайы ,
дисбактериоз , созылмалы қабыну ошақтары)
маңызды рөл атқаратынын атап өту керек .

14. Қызыл жалпақ теміреткінің ағымы :

Көпшілік жағдайда ауру аса білінбей басталады ,
бірлі жарымды папулалар шығып , біртіндеп көбейіп ,
ауыз кілегейлі қабығының біраз аймағына жайылады
Бұл кезде ауру кездейсоқ анықталуы мүмкін (дәрігер
стоматологқа басқа шағымдармен келгенде немесе
науқастың өзі байқауы ) .Созылмалы үрдіс табанды
түрде ұзақ дамиды ,ауық ауық өршіп тұрады .Сирек
жағдайда ҚЖТ жедел басталады және жалқықтанақызарған , эрозиялы-жаралы түрлерінде қатты ауыру
сезімі мазалап , сөйлеу және ас қабылдау қиынға
соғады . ҚЖТ кезінде патологиялық үрдіс үдеп қана
қоймай , кейде өз бетімен кері дамуы мүмкін , қабыну
үрдісі басылып , папулезді бөртпелер жойылып кетеді.

15. Клиникалық көрінісі :

Қызыл жалпақ теміреткі кезіндегі негізгі бөрткен-
беті мүйізгектенген , диаметрі 0.2-3мм домалақ
пішінді немесе полигональді (көпбұрышты) папула
Тері бетіндегі папулалар күлгін немесе көкшіл қызыл
түсті беттері жазық және балауызға ұқсас жылтыр . Ал
ауыз кілегейлі қабығында беті шамадан тыс
мүйізгектенудің және үйкеліске ұшыраудың
нәтижесінде папулалар ақшыл-сұр немесе ақ түске ие
болады және өзгермеген кілегейлі қабық бетінде
анық көрінеді .
Жиі орын алатын клиникалық ерекшеліктері негізінде
қазіргі кезде ауыз кілегейлі қабығында және еріндер
жиегінде кездесетін аурудың алты түрін ажыратады :
әдетті ;жалқықтана қызарған , эрозиялы-жаралы ;
буллезді ; гиперкератозды ; атипиялы жатады .

16. Эрозиялы - жаралы түрі :

Эрозиялы - жаралы түрі аурудың ең ауыр түрі .Бұл
түрі өз бетімен , кейде әдетті және жалқықтана
қызарған түрлерінің асқынуы ретінде дамуы мүмкін.
Бұл кезде қызарып ісінген кілегейлі қабықта
эрозиялы және жаралы ошақтар пайда болады ,бірақ
олардың төңірегінде папулалар өрнегі сақталады .
Эрозия мен жаралар белгілі пішінсіз ,шикі ет түстес
болады, көлемдері 1-3 см , беттері оңай алынатын
ақшыл - сұр түсті өліетті-фибринді қақпен жабылады
және оны алуға әрекет жасаған кезде жарақат ошағы
оңай қанайды. Эрозиялы-жаралы ошақтар біреу
,кейде бірнешеу болады және қатты ашып ауырып
мазалайды

17. Эрозиялы - жаралы түрі :

Мұндай эрозиялар мен жаралар кейде тез жазылып ,
қышқыл , тәтті тағамдар ,тыңайқыштар қолдану
нәтижесінде ерте піскен қызыл түсті жас көкеністер
мен жемістер (қызанақ , құлпынай) қабылдаған кезде
қайтадан пайда болады .
Кейбір эрозиялар мен жаралар ұзақ уақыт жазылмаған
кезде қатерлі ісікке де ауысуы да мүмкін ( 1-5%
жағдайда ) .

18. Патологиялық гистология :

Эрозиялы жаралы түрінде гипер және
паракератоздану үрдісі қатар эпителийдің
бүтіндігінің бұзылуы , эрозия мен жараға
тән ақаулар дәнекер тінде қан құйылу
ошақтары анықталады .

19.

20.

21. Емі :

Қызыл жалпақ теміреткімен ауырған науқастарға
толық клиникалық зерттеу жүргізу керек . Жүйке
жүйесінің , асқазан-ішек жолының жағдайында жете
көңіл бөлініп , қан қысымының ,қандағы глюкоза
деңгейі анықталуы керек .Анықталған ауруы болса ,
арнаулы маманда емдеу шараларын жүргізілгені
тиімді болады .
Дәрігер - стоматолог емдеуді ауыз ішін сауықтандыру
дан бастайды ,жарақаттаушы себептерді жойып ,
әртүрлі металқұрамды ортопедиялық
конструкциялардың болмауын қамтамасыз етеді .

22. Емі :

Алмалы-салмалы протездер түссіз пластмассадан
жасалынып , амальгамадан қойылған пломбылар басқа
пломбылармен (цементтен , композиттен қойылған )
ауыстырылады . Шылым шегуді ,ішімдік , ащықышқыл тағамдарды қабылдауды тоқтатып , ауыз
гигиенасын үнемі сақтау туралы кеңес беріледі .
Жергілікті емі : Аурудың эрозиялы-жаралы түрінде
жарақат ошағын аурусыздандыратын ,
антисептикалық және жазылу үрдісін жеделдететін
дәрілермен өңдейді (мүмкіндігіне қарай 2-3 рет ).

23. Емі :

Антисептикалық өңдеу жүргізу үшін сутегінің асқын
тотығының 0.5% калий перманганатының 0.05% ,
фурацилиннің 0.02% мирамистиннің ,гексетидиннің
0.01% ерітінділері қолданылады . Эрозия және жара
беттерінде өліетті тінді немесе фибринді қақтар болса
,ферменттердің көмегімен (трипсин , химиотрипсин ,
ируксол , коллагеназа ) ыдыратып барып ,алып
тастайды . Жергілікті емдеуді эрозиялы және жаралы
аймақтың жазылуын жеделдететін дәрілерден (10%
метилурацил жақпасы , 5% актовегин , 1% дибунол ,
3% апилак , камистад-гель А және Е витаминдерінің
майлы ерітінділері ) 10 – 15 минутқа бастырма
қоюмен аяқтайды .

24. Емі :

Эрозия және жара ошақтары ұзақ уақыт жазылмаған
жағдайда гидрокортизон суспензиясын ,преднизалон
немесе дексаметазон ерітіндісін 0.5-1.0 мл үш күнде
бір рет жаралы ошақ астына енгізуге болады ,емдеу
курсы иньекциядан 5-7 тұрады . Кейбір жағдайда осы
мақсатқа делагилдің 5% ерітіндісін 1.0-1.5 мл 3-4
күнде бір рет енгізуге болады , барлығы 6-8 иньекция .
Бұл дәрілерді енгізгенде қатты ауыру сезімі
туындайтындықтан алдын ала (10-15 минут бұрын )
жарақат ошағын аппликациялық немесе иньекциялық
әдістермен ( новокаиннің 2% , тримекаиннің 2 %
ерітінділермен ) уақытша жансыздандырып алған өте
тиімді .

25. Емі :

Ұзақ уақыт жазылмаған эрозиялар мен жаралар көп
жағдайда ауыз кандидозыменен асқынатын
болғандықтан , жарақат ошағын саңырауқұлаққа
қарсы дәрілермен өңдеуді және оларды (нистатин ,
леворин , орунгал ,низорал ,ламизил ,канестин) іштей
тағайындауды да ұмытпау қажет .
Жалпы емі : Қызыл жалпақ теміреткінің барлық
түрінде жалпылай емді орталық жүйке жүйесін
тыныштандыратын дәрілер (шүйгіншөп сығындылары
мен тұнбалары , транквилизаторлар) .
Антигистаминдік дәрілер (супрастин , димедрол 0.05г
тағайындайды .

26. Емі :

Антигистаминдік дәрілерді күніне 1-3 рет ,
15-20 күндей қабылдау керек .
Сонымен қатар витаминдер жиынтығын , әлдендіретін
иммундық жүйе қызметін реттейтін дәрілерді де
қолдану қажет .
Эрозиялардың жазылуын жеделдететін , эпителийдің
аса мүйізгектенуін тежейтін дәрілер ретінде
витамин А және провитаминді препараттар
тағайындалады .Ретинол ацетаты (3.44% майлы
ерітіндісі ) күніне 7-10 тамшыдан 3 рет ай шамасында
іштей қабылдау қажет .

27. Қолданылған әдебиеттер:

www.google.ru
www.stomport.ru
Терапевтическая стоматология - Боровский Е.В.
Болезни слизистой оболочки полости рта
Л.Я. Зазулевская .Алматы . 2010 жыл
Заболевания слизистой оболочки полости и губ
Боровский Е.В. , Машкиллейсон А.Л. Москва –
1984 год
English     Русский Правила