РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Байкөл, ғарыштық түсірім.Васюган өзені. Балтық теңізі.
РЕСУРСТАРЫ
Орман ресурстары
Су ресурстары
Биологиялық ресурстары
Рекреациялық ресурстары
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
273.00K
Категория: ГеографияГеография

Ресей Федерациясы

1. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

МАНСУРОВА МӘЛКЕН

2. ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең
алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты.
Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м
биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы
жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір
ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын
таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы
шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен
жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме
қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды
жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да
жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының
болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне
дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау
жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының
тереңдеп енуіне кедергі жасайды.

3.

Сонымен қатар Ресей жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта
ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер
қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара
теңізжағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла
орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын
ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған.
Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат
континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық
бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл
континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы
және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын
мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады.
Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары,
олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат
қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген
метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін
тежейді.
Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей
жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды
тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды
дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері
тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына,
халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің
қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді

4. Байкөл, ғарыштық түсірім.Васюган өзені. Балтық теңізі.

Байкөл, ғарыштық
түсірім.Васюган өзені.
Балтық теңізі.

5. РЕСУРСТАРЫ

Табиғат ресурстары
Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне
бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы
өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса
маңызды кен орындары барланған, оның 40%дан астамы өндірісте игерілуде. Ресей
дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі,
теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің суэнергетикалық қоры жөнінен 1-орынды, ал
өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орынды
иеленеді.

6.

Минералдық ресурстары
Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан
астамын отын-энергетикалық ресурстар
(газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба
байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын
алмас пен бағалы металдар
(алтын, күміс, платина) құрайды.
Минералдық, шикізат өндіру Ресей
экономикасының жетекші саласы болып
табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан
астамы тиесілі.

7.

Жер ресурстары
Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы
қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы
жер үлесі — 11,5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары.
Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының
95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы
шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді.
Ресейге дүниежүзіндегі аса құнарлы қара топырақтың 1/3 белігі тиесілі.
Алайда соңғы жылдары жер ресурстарының сапасы нашарлап, жер
эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына жарамды
жерлердің 80%-ы, жыртылған жерлердің 60%-дан астамы жоспарлы түрде қорғау
мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен қатар 7%-дан астам жер
әртүрлі деңгейдегі шөлейттену процесіне ұшырауд

8.

Агроклиматтық ресурстары
Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл
шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге
мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншіліктідамытуға
қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы
мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын)
жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеудеорналасқан.
Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір
мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды
дала және дала зоналары жатады.
Мұндай агроклиматтық
жағдайда бидай, қарабидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұм
ық, картоп, кейбір көкөніс түрлерін, малазықтық
дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы
бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ
жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен
жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдар да өсіріледі

9. Орман ресурстары

Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі
ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына
шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл
көрсеткіш бойынша Ресей көшбасшы болып тұр. Ең көп
таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман
қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі
балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және
самырсын ағаштары да басым. Ормандардың көпшілігі
елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста,
одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған.
Ормандар аумағының қысқаруына өрттің шығуы жиі
себепші болуда. Әсіресе орман өрттері Ресейдің азиялық
бөлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі
байқалады.

10. Су ресурстары

Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға
жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен
қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық
бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен
қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе
төмен. Ресейдің ең ұзын өзені — Лена (4 400 км), ең мол сулы езені — Енисей.
Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су
бөгендері салынған. Ең үлкені — Братск (дүниежүзінде екінші орында) су
бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған.
Ресей жерасты суларының қорына да бай, негізгі пайдаланылатын ресурс
Еуропалық бөліктегі артезиан алаптарына тән.
Суды пайдалануда өндіріс қажетіне 59%, тұрмыс қажеті мен ауыз су үшін 20%,
суландыру мақсатында 13%, ауып шаруашылығы үшін 2%, ал қалған 6% басқа
қажеттіліктер үшін жұмсалады.
Ресей өзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге қолайлы. Олардың кеме жүзуге
жарамды жалпы ұзындығы 300 мың км-ден асады.
Ресей өзендерінің энергетикалық әлеуеті де жоғары, онда дүниежүзіндегі суэнергетикалық қордың 12%-ы шоғырланған. Оның Еуропалық бөліктегі үлесі
20%, ал Азиялық бөлікте 80%-дан асады

11. Биологиялық ресурстары

Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері
және теңіз жағалаулары биологиялық
ресурсқа да аса бай болып келеді.
Әсіресе Баренц, Охот, Берингтеңіздері
мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік
балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда
терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң
шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді

12. Рекреациялық ресурстары

Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын
қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен
жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері,
табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай
аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс
тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары,
Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.
Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар,
әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы
білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық
маңызы өте жоғары.
Ресейде табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар:
ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі;
ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген;
ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат
жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған;
жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.

13. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

English     Русский Правила