Похожие презентации:
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру негіздері
1. 5 - ТАҚЫРЫП «Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру негіздері»
2.
• 1. Кіріспе• 2. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ісшаралар ұғымы мен мазмұны.
• 3.Әскердің жалпы медициналық қамтамасыз ету жүйесінде
санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ісшаралардың маңызы.
• 4.Әскерлерде соғыс жағдайында эпидемияға қарсы
санитарлық-гигиеналық шаралар.
• 5.Әскери бөлімдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және
оның қимыл жүргізетін аумағына сипаттама.
• 6.Бөлімде карантин және обсервацияны ұйымдастыру.
• 7.Әскерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ісшараларды өткізуге қажетті құралдар мен күштер.
• 8.Эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық шараларды
жоспарлау.
3.
• Бөлімнің, бөлімшенің санитарлық эпидемиологиялықсаулығын бір қалыпты ұстау, жеке құрамның
денсаулығын сақтау және нығайту үшін санитарлық
гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың
жиынтығын жүйелі өткізу және ұйымдастырудың
ерекше маңызы бар.
• Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
шаралар ұрыс кезіндегі медицина қызметінің
тіршілігінің негізгі түрлері болып табылады, емдеутасымалдау шараларымен, медицина қызметінің
жеке құрамды жаппай қыру қаруынан қорғау
шараларымен және де басқа шаралармен бірге
жүргізіледі.
4.
• Олар жеке құрамнын денсаулығын сақтау жәнефизикалық ахуалын нығайтуға, әскерді жұқпалы және
де басқа кейбір аурулардың пайда болуын және
жойылуын алдын алуға бағытталған, бұлар әскердің
тіршілігінің жағдайына, ауа райының, санитарлықгигиеналық және эпидемиологиялық жағдайына, жеке
құрамның және қоғамдық тазалық ережелерін сақтау
жүйесіне байланысты.
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
шаралардың маңызы өте ерекше, әсіресе егер соғыс
кезінде қарсыластың бактериологиялық қаруды және
де басқа жаппай қыру құралдарын қолдану
ықтималдығы бар соғыс жағдайларында күшейеді.
5.
• Өткен соғыстар әрқашанда соғысып жатқан жақтардаазаматтық халықтың ортасында көптеген аурулармен
ерекшеленеді. Кейбір авторлардың есеп берулеріне
қарағанда 1733- 1865 ж.ж. кезеңдерінде Еуропада
болған соғыстарда 8 миллионға жуық адамдар опат
болған, сонын ішінде 6,5 млн. жұқпалы аурулардан,
тек 1,5 млн. ұрыс даласында қайтыс болған. Егер 1,5
млн.өмірі жеңіс үшін қиылды десек, ал 6,5 млн.
сауатсыздықтың салығы болып табылады. Сонымен
қатар, өткен ғасырдың барлық дерлік соғыстары
белгісіз немесе аз зерттелген жұқпалы аурулардың
жайылуымен ұштасқан. Мысалы І дүниежүзілік
соғыста А сүзегі (паратиф А), «окоптық» немесе
«траншеялық безгек», эпидемиялогиялық энцефалит,
туляремия, Ку-безгек және т.б. белгілі болған.
6.
• Соғыстан кейінгі кезеңде өткен соғыстағы әскерлердігигиеналық және эпидемияға қарсы қамтамасыз ету
тәжірибесін қорытудан кейін әскери гигиена мен
эпидемиялогияның алдында жаңа міндеттер тұрады.
Қарсыластың жаппай қыру қаруын қолдану
ықтималдығы қарулы күштердегі медицина
қызметінің алдында жаңа міндеттер қойды.
• Сонымен әскерде Санитарлық гигиеналық және
эпидемиологиялық шараларды уақтылы және толық
өткізу әскерді медициналық қамтамасыз етудегі
міндеттерді табысты шешудегі қажетті шарт болып
табылады. Осы шараларды өткізу бөлімнің,
бірлестіктің және медициналық мекеменің барлық
медициналық құрамының міндеті болып табылады.
7.
• ҚК алдын алу санитарлық-гигиеналық жәнеэпидемиологиялық шараларды және экологиялық
қамтамасыз етудің орны мен өзара байланысы.
Егер әскери қызметкерлердің денсаулығын
медициналық (алдын алу) қамтамасыз етудің тарихи
орны болса, онда экологиялық тек 1992 жылдан
құрыла бастады.
Қарулы күштерді экологиялық қамтамасыз етудің
мақсаты болып, олардың тіршілігінің экологиялық
қауіпсіздігі табиғи және антропологиялық
шарттардың әсеріне ұшырайтындарды, әскериліктен
туындайтын шарттарды қосқанда, жеке құрамды
қорғауға жету.
8.
• Әскерде осы шараларды өткізу мен ұйымдастырудыбасқару және олардың орындалуын қадағалау
бөлімдер мен құрамалардың медицина қызметінің
бастықтарына артылады.
• Әскердегі санитарлық гигиеналық және эпидемияға
қарсы медициналық шаралар әскердегі санитарлық
гигиеналық және эпидемиялық ахуалды ескере
отырып ұймдастырылады және өткізіледі.
• Гигиена, эпидемиология аумағындағы уақытылы
білімдер, әскердегі эпидемияға қарсы құралдар мен
жабдықтау әскерді жұқпалы аурудың эпидемиясынан
кез келген жағдайда сенімді қорғауға мүмкіндік
береді.
9.
• Санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу мақсатыбекітілген қағидалармен орналастыру, тамақтандыру,сумен қамтамасыз ету, монша -жуу қызметін
ұйымдастырудағы ережелерді қатаң сақтап өткізумен
жеке құрамның денсаулығын нығайту және соғысу
қабілетін сақтау,әскерилердің еңбегінің қауіпсіз
шараларын қамтамасыз ету және ұрыста қайтыс
болғандарды (өлгендерді) жерлеу және де жеке және
қоғамдық тазалықтың ережелерін сақтау.
Осы шараларды өткізу барлық командирлер мен
бастықтардың міндеті болып табылады.
10.
Медицина қызметіне жүктелетіні:• Әскерилердің денсаулық жағдайын медициналық
қадағалау;
• Жеке құрамның еңбек жағдайларын, орналастыруды,
тамақтандыруды, сумен қамтамасыз етуді, моншажуу қызметін,қайтыс болған әскерилерді
(өлгендерді), жерлеуді санитарлық қадағалау.
• Бөлімнің орналасқан жерін және қимылдайтын
ауданын бағалау, әскерилердің денсаулық
жағдайына сыртқы ортаның қолайсыз шарттары
әсерін болжау және жеке құрамның денсаулығын
сақтау және нығайту бойынша ұсыныстарды
дайындау.
• Жеке құрамды гигиеналық тәрбиелеу.
11.
• Әскерилердің денсаулық жағдайын медициналыққадағалау, денені және медициналық тексеру,
күнделікті медициналық бақылау және
аурушаңдықты алдын алу жолдарымен іске
асыруға болады.
Денені тексеру жеке құрамның жуынған кезде
фельдшермен (санитарлық-нұсқаушымен) өткізіледі,
оның мақсаты тері және паразиттік ауруларды
уақытылы табу, жеке тазалық ережелерінің
орындалуын қадағалау.
Медициналық тексеру және күнделікті бақылау
бөлім дәрігерлерімен өткізіледі және оның мақсат
лездік және созылмалы ауруларды, тамақтануы
төмен, физикалық дамуы нашар адамдарды ерте
айқындау.
12.
Иондық және ионсыз сәуленің қатты әсер ететін
улы заттардың және басқа зиянды шарттардың
әсеріне душар болатындарды, созылмалы
арулармен, дене бітімінде ақауы барларды бөлімнің
медицина қызметінің бақылауында болулары керек,
оларға тиісті емдеу, алдын алу шаралары жүргізіледі.
Санитарлық қадағалау медицина қызметінің
функциясы болып есептеледі және еңбек, тұрмыс
және табиғи ортаның әскерилердің денсаулығына
әсер етуін зерттеуден тұрады, және де гомеостазисті
мониторингілеуді, гигиеналық диагностика және
қалыптастырудан тұрады.
Қамтамасыз ету және тіршілік ету қалыптарын
жасау және бекіту кезеңдерінде, әскери мекендерді
жобалау және құрылысын жүргізу кезінде ескерту
және ағымдағы (күнделікті тіршілікте) санитарлық
қадағалау деп бөлінеді.
13.
Әскери медициналық қызметтің лауазымды адамдары
негізінде ағымдағы санитарлық қадағалауды мына
бағыттарда іске асырады.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Әскери еңбектің жағдайларын санитарлық қадағалау:
Орналастыруды санитарлық қадағалау;
Тамақтандыруды санитарлық қадағалау;
Сумен қамтамасыз етуді снитарлық қадағалау;
Монша- жуу қызметіне санитарлық қадағалау;
Ұрыста опат болған( өлген) әскерилерді жерлеуді санитарлық
қадағалау.
Гигиеналық тәрбиелеу әскерилерде жеке және қоғамдық
тазалық ережелерін орындауға дұрыс көзқарасты
қалыптастыру мақсатымен өткізіледі, ол дәрістерді, әңгіме
өткізуді қарастырады.
Әскерде өткізілетін санитарлық-гигиеналық шаралар мазмұны
мен көлемі жағдайдың шарттарымен және де бөлімнің
санитарлық-гигиеналық жағдайы және оның қимылдайтын
ауданы немесе орналасуымен айқындалады.
14.
Санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалауБригаданың санитарлық-гигиеналық жағдайы
қанағаттанарлық деп есептелінеді, егер:
• Бригаданың және оның қимыл ауданының (орналасқан жерінің)
санитарлық- эпидемиологиялық жағдайы аман-сау болса;
• Заттық-тұрмыстық қамтамасыз етілу жағдайы және жеке және
қоғамдық гигиенаны сақтау шарттары жеке құрамның саулығына
қолайсыз әсерін тигізбейді;
• Қимыл ауданы (орналасқан жері) ядролық қару, химиялық қару
және биологиялық қару қалдықтарымен залалданбаған, қираған
өндіріс орындарының уланған заттарымен, былғаныштармен,
қалдықтармен ластанбаған және жеке құрамның ұрыс
қабілеттілігіне және денсаулығын сақтау бойынша қосымша
санитарлық-гигиеналық шаралар өткізуді қажет етпейді;
15.
Бригаданың санитарлық – гигиеналық жағдайытөменде көрсетілген шарттар орындалғанда
қанағаттанарлықсыз деп есептеледі:
1. Бригаданың және оның қимыл ауданы (орналасқан
жері) санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы бір
қалыпты емес, аман-сау емес немесе төтенше
болса;
2. Жеке құрамның денсаулығына кері әсер ететін
заттық-тұрмыстық кемшіліктер бар және олар оның
соғысқа қабілеттілігін төмендетеді, ол қосымша
санитарлық- гигиеналық шаралар өткізуді қажет
етеді;
16.
3) Бригада орналасқан жері (қимыл ауданы ) ЯҚ, ХҚ,БҚ қалдықтарымен залалданған немесе ластанған,
қираған өндіріс орындарының уланған заттарымен,
былғаныштармен, қалдықтармен ластанған жағдай
жеке құрамның ұрыс қабілеттілігіне және
денсаулығының төмендеуіне қауіп төндіреді және
жеке құрамның ауруын және зақымдануының
алдын алу шараларын өткізуді қажет етеді.
Бригаданың, оның қимыл ауданының санитарлықгигиеналық жағдайының қанағаттанарлықсыз
болғанында медицина қызметінің бастығы бригада
командиріне және аймақтың МҚБ- на баяндайды
және осымен қатар жоспарлымен бірге қосымша
санитарлық гигиналық шара өткізу туралы
ұсыныстар береді.
17.
Эпидемияға қарсы шаралар• Эпидемияға қарсы шаралар жеке құрамның ішінде жұқпалы
аурулардың пайда болуын алдын- алу мақсатымен өткізіледі
және ұйымдастырылады, ал егер олар пайда болғанда –
эпидемиялық ошақтарды шектеу және жою шараларын өткізеді.
• Эпидемияға қарсы шаралар мәні болып эпидемиялық үрдістің
бөліктеріне бағытталған әсер ету болып табылады. Осы жердің
қорытындысы болып эпидемиялық үрдісті құрайтын бөліктердің
арасындағы байланысты үзу болуы керек және эпидемияның
алдын алу, жою ең кем дегенде шектеу.
Қоздырғыш көзі
Берілу жолдары
Қабылдағыш
микроорганизм
18.
Эпидемияға қарсы қамтамасыз ету мәнінен шығатын келесіэпидемияға қарсы шаралар жиынтығы топтары ерекшеленеді:
• Қатарға қосылатындармен жұқпалы аурулардың енуін алдын
алу бойынша шаралар және де жеке құрамның тұрғылықты
халықтан, тұрғындардан және табиғи ошақтардан жұқпалы
аурулармен залалдануын алдын алу;
• Жұқпалы ауруларды белсенді ерте табу, оқшаулау, оларды
жұқпалы ауру госпитальдеріне тасымалдау;
• Жұқпалы аурулардың созылмалы түрлерімен ауырғандарды
және бактерияны тасушыларды табу, оларды есепке алу және
емдеу;
• Медициналық тасымалдау кезеңдерінде эпидемияға қарсы
тәртіпті сақтау;
• Залалданған адамдарды табу, оларға медициналық бақылауды
ұйымдастыру;
• Шектеу, оқшаулау шаралары;
• Дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларын
өткізу;
• Алдын ала егулер мен жедел алдын алу шаралары;
• Санитарлық ағарту жұмыстары.
19.
Ұрыс кезінде жұқпалы ауруларды, жұқпалыаурулардың созылмалы түрімен ауырғандарды
табу:
• Бригаданың медициналық ротасында (БрМР) аурулар мен
жаралыларды қабылдағанда, медициналық қарау және
сұрауды өткізгенде, ал бактерияны тасығыштарды лабораторияық зерттеу жолымен;
• Залалдануға қатерлі адамдарды эпидемия ошақтарын
эпидемиологиялық зерттеуді өткізу үрдісінде байқалады.
Жұқпалы ауруларды (жұқпалы ауруға күдіктілерді )
оқшаулау және оларға медициналық көмек көрсету үшін
БрМР, ЖМедО құрамында екі жұқпалы ауруға
оқшаулағыш жайылады.
БрМР – ның оқшаулағышынан жұқпалы аурулар арнайы
бөлінген көлікпен ЖМедО, АТМО немесе тікелей
инфекциялық госпитальға тасымалданады.
20.
Эпидемияға қарсы тәртіпМедициналық тасымалдау кезеңдерінде эпидемияға қарсы
режим сақталады.Онда қарастырылатыны:
Жұқпалы ауруларды табу және оқшаулау;
Жұқпалы аурулардың пайда болуы мен жайылуының алдын
алу;
Өте қауіпті жұқпалы аурулардың ошағынан немесе
бактериологиялық залалдану ошағынан жаралылар мен
аурулар түскен кезде медициналық тасымалдау кезеңі қатаң
эпидемияға қарсы тәртіп жұмысына көшеді, оған енетіндер:
МТК-нің сыртына шығуды тоқтату (ауруларды,ауруға күдіктілерді
солармен араласқандарды) және енуге тиым салу (сау
адамдарды) мақсатымен МТК-не қарулы қорғау қою;
Жұқпалы ауруларды қабылдау үшін арнайы функционалды
бөлімшелерді жаю, оларды медициналық талдау , санитарлық
тазалау және медициналық көмек көрсету;
Толық емес БрМР және толық ЖМедО, АТМО санитарлық
тазалауды барлық келіп түскен жаралылар мен науқастарға
жүргізу;
21.
• Барлық жаралылар мен ауруларға және БрМР- ныңжеке, жедел алдын-алу шараларын өткізу;
• Жаралылар мен науқастарға қызмет көрсеткенде
медициналық құрамның тыныс жолдарын, тері және
көзді қорғайтын құралдарды қолдану;
• Жұқпалы аурулармен ауырғандарды емделіп
жатқандар мен уақытша жатқызылған жаралылар
мен науқастардың ішінен белсенді түрде іздеу;
• Барлық функциональді бөлімшелерде ағымдағы
және түпкілікті дезинфекция шараларын жүргізу;
22.
Жұқпалы аурудың сипатын анықтағанша жәнебактериялық құралдарды арнайы зерттеу
қорытындыларын алғанша ЖМедО, АТМО
жаралылар мен ауруларды тасымалдау
тоқтатылады.
Жұқпалы аурулардың сипатын(бактериялық заттың
қолданылған түрін) анықтағаннан кейін жаралылар
мен ауруларды, сонымен қатар өте қауіпті жұқпалы
ауруларды, БрМР-нан және ЖМедО,АТМО –дан,
жеке көлікпен арнайы белгіленген госпитальдерге
тасымалданады .
Қатаң эпидемияға қарсы тәртіп аурудың
инкубациялық кезеңінің соңғы ауруды алып кеткеннен
кейінгі уақытпен есептелінеді, сол уақыт аяқталғанша
сақталады.
23.
Дезинфекцияға енетіндер:• Жеке құрамның орналасқан жерін және жалпы қолданылатын азықтүлікті және суды жеткізу,сақтау құралдарын, ыдыс-аяқты және
аспаздық саймандарды алдын-ала дезинфекциялау;
• Медициналық тасымалдау кезеңдерінде және жұқпалы аурулардың
ошақтарында эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін
ағымдағы және түпкілікті дезинфекциялау.
Дезинсекцияға енетіндер:
• Әскери киімдердегі және төсеніштердегі, бөлмелердегі, далалық
құрылымдардағы және жергілікті жердегі шыбын шіркейлерді,
кенелерді жою;
• Адамға шыбын- шіркейдің және кенелердің шабуылын және жеке
құрамның орналасқан жеріне енуін болдырмау;
Дератизация мынаны қарастырады:
• Жабық орындарда және көрсеткіші бар жерлерде түрлі заттар мен
кеміргіштерді жою
• Жеке құрамның орналасқан жеріне, азық- түлік сақтайтын орындарға,
шахталық құдықтарға және басқа құрылымдарға кеміргіштердің енуінің
алдын- алу
24.
Профилактикалық егулерге енетіндер:• Жеке құрамға жоспарлы вакцина егу (қайта вакцинациялау)
қабылданған егу күнтізбегі бойынша, майдан, аймақ
қолбасшысының бұйрығымен бекітілген уақытта өткізіледі;
• Эпидемия көрсеткіштері бойынша жеке құрамға вакцина егу
(қайта вакцинациялау),ол әскерге өте қатты қауіп туғанда
жүргізіледі, жеке құрамның ортасында басқа да қауіпті жұқпалы
аурулардың таралуын,қарсыластың бактериологиялық қаруды
қолданған кезінде жасалады.
Шұғыл (қауіпті) алдын алу жұқпалы аурулардың эпидемиялық
ошағында, залалдануға күдіктенгенде немесе қарсыластың
бактериологиялық қаруды қолданғанда.Бұлар
антибиотиктерді,иммуноглобулиндерді және басқа емдеу
дәрілерін қолданғану арқылы жүргізіледі.
25.
4.Бөлімнің және оның қимылдайтын ауданының санитарлықэпидемиологиялық ахуалының сипаттамасы.Бөлімдеобсервацияны және карантинді ұйымдастыру
Бригаданың оның қимылдайтын ауданының (орналасуының)
санитарлық эпидемиологиялық ахуалын бағалау жеке құрамның
жұқпалы аурумен науқастанғандағы көрсеткіштерінің, жергілікті
жердің санитарлық-гигиеналық жағдайының, санитарлықэпидемиологиялық және бактериологиялық барлаудың
қорытындылары, және де санитарлық- эпидемиологиялық
бақылаудың негізінде жасалынады.
Бригаданың және оның қимылдайтын ауданының
(орналасуының)санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы
мынадай болуы мүмкін:
аман –есенді /благополучный/
тұрақсыз /неустойчивый/
аман – есен емес /неблагополучный/
төтенше /чрезвычайный/
26.
Бригаданың санитарлық – эпидемиологиялық аман –есенді деп есептеледі , егер:
• лездік жұқпалы аурулар жоқ болса;
• Бригаданың қанағаттанарлық санитарлық –
гигиеналық жағдайында жеке құрамның ортасында
бірен – саран жұқпалы аурулардың (бұл жерде
бұрынырақ байқалғаннан бөлек) барлығы;
• Әскердің қимылдайтын ауданының (орналасқан
жерінің )санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы
аман – есенді;
• Қарсылас әскерлерге бактериологиялық қару
қолданбаған.
27.
Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жерінің)санитарлық – эпидемиологиялық аман – есенді деп есептеледі ,
егер:
• Тұрғындардың ортасында лездік жұқпалы аурулардың жоқтығы;
• Тұрғындардың ортасында бірен саран жұқпалы аурулар бар
және оның ары қарай жайылуына шарттар жоқ;
• қимылдайтын ауданының (орналасқан жерінің) санитарлық –
гигиеналық ахуалы қанағатт анарлық;
• эпидемиологиялық жағдай әскерлерге қауіп төндірмейді;
• қарсылас әскердің қимылдайтын ауданына (орналасқан жеріне)
БҚ қолданбаған.
28.
Бригаданың және оның қимылдайтын ауданының(орналасқан жері) санитарлық–эпидемиологиялық ахуалының
аман– есендігінде бригаданың медицина қызметінің күшімен
жоспарлы эпидемияға қарсы шаралар өткізіледі.
Бригаданың санитарлық–эпидемиялық ахуалы тұрақсыз ,
егер:
• Бұрын байқалмаған, бірен–саран жұқпалы аурулардың пайда
болуы;
• Жұқпалы аурулардың көбеюі байқалады;
• Бригаданың қанағаттанарлық санитарлық – гигиеналық
ахуалында әрі көбеймейтін топты жұқпалы аурулардың болуы;
• Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жері)
санитарлық – гигиеналық ахуалы тұрақсыз немесе аман есен
емес;
• Бригаданың санитарлық – гигиеналық ахуалы
қанағаттанарлықсыз;
29.
Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жері)санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз деп
есептелінеді, егер:
• Тұрғындардың ортасында бұрын байқалмаған жұқпалы
аурулардың пайда болуы;
• Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары бар, олардың әскерге
ену қаупін туғызады;
• Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жері)
санитарлық – гигиеналық ахуалы қанағаттанарлықсыз;
• Әскерлер ірі эпидемиялық ошақтардың немесе бактериялық
залалдану ошақтарының жанында орналасқан;
Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жері)
санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыздығы туралы
бригаданың медицина қызметінің бастығы Бригада командиріне
және аймақтың МҚБ-на баяндайды, керекті қосымша шаралар
туралы ұсыныстар жасайды, олардың орындалуына қатысады
және қадағалайды.
30.
Бригаданың санитарлық- эпидемиялық ахуалы аман- есенемес деп есептелінеді, егер;
• Жеке құрамның ортасында топтық жұқпалы аурулар пайда
болады және әрі қарай ұлғаюына шарттар бар;
• Өте қауіпті жұқпалылармен бірен-саран ауырғандар бар;
• Қарсылас бактериологиялық қару қолданады, өте қауіпті
жұқпалыларды қоздырғыштары бар;
Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жері)
санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы аман- есен емес деп
есептелінеді, егер:
• Жергілікті тұрғындардың ішінде жұқпалы аурулармен
ауырғандар саны көбеюде (эпидемиологиялық тұтану) және әрі
қарай ұлғаюына шарттар бар;
• Өте қауіпті жұқпалылармен бірен-саран ауырғандардың
байқалуы;
31.
Бригаданың немесе оның қимылдайтын ауданыныңсанитарлық-эпидемиялық ахуалы аман-есен емес екендігі
майдан не аймақ қолбасшысының бұйрығымен айтылады.
Бригадада эпидемияға қарсы шаралар өткізу үшін майданның
не аймақтың эпидемияға қарсы күштері мен құралдары
қолданылады.
Бригаданың санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы
төтенше деп есептелінеді, егер:
• Жеке құрамның ортасында жұқпалы аурумен ауырғандардың
қысқа мерзімде өсуі, ол бригаданың ұрыс қабілеттілігін
жоғалтуға әкеледі;
• Өте қауіпті жұқпалы аурумен ауырғандардың қайталануы
тіркеледі
• Қарсыластың Бригадаға (бактериологиялық қаруды) өте қауіпті
жұқпалы аурулар қоздырғыштары бар бактериологиялық қаруды
қолдануы анықталған жағдайда.
32.
Бригаданың қимылдайтын ауданының (орналасқан жері)санитарлық – эпидемиологиялық ахуалы төтенше деп
есептелінеді, егер:
• Жергілікті тұрғындардың ішінде өте қауіпті жұқпалы
аурулармен топтық ауырғандар бар немесе әскерге қауіпті
жұқпалы аурулар кең тараған;
• Бригаданың қимылдайтын ауданына(орналасқан жеріне)
бактериологиялық қарулар ретінде өте қауіпті жұқпалылар
қолданған;
• Обаның табиғи ошақтары күшейген және жергілікті
тұрғындардың ортасында осы жұқпалымен ауырғандар пайда
болды.
Қарсыластың бактериологиялық қаруды қолданғаны туралы
ақпарат алынғаннан кейін және медицина қызметі бактериялық
құралдардың түрін анықтағанға дейін, және де анықталған
этиологияны жаппай жұқпалы аурулардың пайда болуы, өте
қауіпті жұқпалылардың болмаған кезінде Бригада командирінің
бұйрығы бойынша обсервация тәртібі қойылады.
33.
Обсервация деп жұқпалы аурулардыңжойылуының алдын алуға бағытталған оқшаулаушектеу шараларының жүйесі аталады.
Обсервация кезінде кезекті шаралар жүргізіледі:
Шығуды, кіруді және жеке құрамның басқа
бөлімдердің әскери қызметкерлерімен және жергілікті
тұрғындармен байланысын шектеу;
Ауырғандарды ертерек табу, шектеу;
Бөлімнің(бөлімшенің) жеке құрамына шұғыл алдын
алуды өткізу, ал емдеу сары суын, антибиотиктерді
және басқа химиялық заттарды қолдануды
қарастырады;
Барлық санитарлық-гигиеналық және эмидемияға
қарсы және медициналық қадағалауды өткізу
БрМР, ЖМедО,АТМО қатаң эпидемияға қарсы
тәртіпті қою.
34.
Қарсыластың бактериологиялық құралы ретіндеөте қауіпті жұқпалы аурудың қоздырғышын
қолданғанын анықтағаннан кейін немесе осы
аурулардың жеке құрамының ортасында және де
басқа түсініксіз этиологиясы мен біркелкі аурулардың
пайда болуы, эпидемиологиялық сипат ала бастауы
және бөлімнің ұрыс қабілеттілігіне қауіп төндіргенде
Майдан, аймақ қолбасшысының бұйрығымен
бактериологиялық залалдану ошағында карантин
енгізіледі.
Карантин - залалдану ошағын толық оқшаулау
және онда жұқпалы ауруларды жою.
35.
Карантин қарастырылады:• Карантинге түскен бөлімдерді (бөлімшелерді) қарулы қорғау;
• Одан көлікпен шығуға(жаяу шығуға) және алдын-ала
залалсыздандырмай қару-жарақты, көлікті және т.б. қатаң тиым
салу;
• Бұл ауданға кіруді толықтай шектеу;
• Жеке құрамды барынша кіші топтарға бөлу;
• Күнделікті дене қызуын өлшеу және ауруға күдіктілерді
медициналық бақылау;
• Ауырғандарды шұғыл оқшаулау,оларды арнайы госпитальдерге
жеткізу;
• Алдын-алу егулерін өткізу және қажетті дәрі –дәрмектерді
,мысалы антибиотиктерді , алдын алу мақсатында қолдану.
Карантин осы жұқпалы аурудың инкубациялық кезеңінің
аяқталғанына дейін жалғасады, соңғы ауруды оқшаулау
уақытынан және ошақта қорытынды дезинфекциялық
шараларды өткізгеннен есептеледі.
36.
5.Әскердегі - санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсышараларды өткізу үшін қарастырылатын күштер мен
құралдар.
Санитарлық-гигиеналық және де эпидемияға қарсы және
өткізуді ұйымдастыру командирлер мен барлық сатыдағы
бастықтарға жүктеледі және басқарманың бірыңғай жоспарымен
өткізіледі,оған әскерлер,медициналық, химиялық, инженерлік
және т.б. қызметтерінің өткізетін шаралары кіреді.
Медицина қызметінде арнайы санитарлық эпидемиялық
мекемелер мен бөлімшелер бар. Әскердегі санитарлықгигиеналық шараларды өткізу үшін қатыстырылатын құралдар
санына мыналар жатады:
• Бригадада - санитарлық-эпидемиологиялық зертхана
• Аймақта – аймақтың жеке санитарлық эпидемиялық отряды;
• Майданда - Майданның жеке санитарлық-эпидемиологиялық
отряды;
• Орталықта – санитарлық-эпидемиологиялық орталық.
Бұдан басқа Майдан құрамында әскери дала жұқпалы
аурулар госпитальдері және өте қауіпті жұқпалы аурулар әскери
дала жұқпалы аурулар госпитальдері бар.