Похожие презентации:
Тіс протездерін дайындау технологиясы
1. «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АЌ Ортопедиялыќ жјне балалар стоматологиясы кафедрасы Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша дјр
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚОртопедиялық және балалар стоматологиясы
кафедрасы
Тіс протездерін дайындау технологиясы
бойынша дәріс
15-дәріс Тірегі салмалар мен штифті тістерден
жасалған көпіртектес протездерді дайындау
технологиясы.
16-дәріс Металл қортпаларынан, пластмассадан,
биокерамикадан құйылған және әрленген
көпіртектес протездерді әзірлеу технологиясы.
17-дәріс Металлокерамикалық және
металлоакрилді көпіртектес протездерді әзірлеу
технологиясы.
2. маќсаты
мақсатыТаныстыру:
1.Металл қортпаларынан,
пластмассадан,
биокерамикадан құйылған
және әрленген көпіртектес
протездерді әзірлеу
технологиясы.
2. Металлокерамикалық және
металлоакрилді көпіртектес
протездерді әзірлеу
технологиясы.
3.
Тістерден жартылай айырылғанда протездеуалынатын және алынбайтын протездердің
әртүрлі құрылғысымен жүргізіледі. Оларды
қолданудың белгілі бір көрсеткіштері бар,
олар ақау көлемімен, оның топографиясымен,
қалған тістер пародонтының жағдайы мен
олардың клиникалық сауыттарының
биіктігімен, тістем түрлерімен
анықталынады. Тістерден жартылай
айырылудың клиникалық көрінісі әртүрлі
болады. Әрбір жеке клиникалық жағдайды
барлық клиникалық белгілердің жиынтығын
мұқият зерттеу нәтижесінде қарастыру керек.
4.
Тірек тістері пародонтының әртүрліжағдайындағы қандай да бір ақау сипатында
протездің әртүрлі құрылғыларының
қолданылуы мүмкін. Сондықтан протездеу
клиникасын протез құрылғысына
сәйкестендірмей, белгілі бір типтегі ақауды
протездеудің көрсеткішіне сәйкес дұрыс
зерттеу қажет болады. Тістерден жартылай
айырылғанда тістерді алынбайтын
көпіртәріздес деп аталатын протездермен
емдейміз.
5.
Ақаудың 2 қапталында орналасқан, 2немесе одан да көп тірек нүктесі бар
протездерді көпіртәрізді протездер деп
атайды.
Негізгі қысымды бұған икемделмеген
шырышты қабатқа беретін алмалысалмалы
протездерден
көпіртәрізді
протездердің айырмашылығы, олар
табиғи тістерге сүйене отырып, шайнау
қысымын табиғи жолдармен береді.
6.
Көпіртәріздіпротездерді
алынатын және алынбайтын деп
бөледі. Көпіртәрізді протездердің
көп жағдайда 2 және сирек
жағдайда
1
тірегі
болады.
Соңғысын - консольды протез деп
атайды.
Көпіртәрізді
протездер
үшін
қолданылатын материалдарға таза
техникалық талаптармен қатар,
медициналық
талаптар
да
қойылады.
7.
Көпіртәрізді протездерге арналғанматериалдың ауыз қуысының мүшелеріне
және жалпы адам ағзасына токсикалық
/улы/ немесе тітіркендіргіш әсерінің
болмауы керек. Оның ауыз қуысында
тотықпауы немесе зиянды әсері бар
заттарды бөлмеуі тиіс. Осы мақсатта көпір
тәрізді протездер үшін аса қолайлысы
алтын, платина, тотықпайтын болат
/құрыш/, хромокобальтты құймалар болып
табылады.
8.
Көпіртәріздіпротездер
жасалатын
материалдарға тағы бір талаптар
қойылады: ең бастысы адамның сыртқы
келбетін өрескел бұзбауы қажет.
Өкінішке орай, протездің көзге көрінетін
металды бөлігі қалыпты жағдайдағы
көркемдік ережелерін бұзып, кептеген
науқастардың қарсылығын туғызады.
Сондықтан
металды
көпіртәрізді
протездердің бұл кемшіліктерін сәл де
болса жою, яғни оларды табиғи түске
келтіру қажеттігі бұрыннан туындаған
болатын.
9.
Әсіресе,тістер
қатарының
алдыңғы
бөлігіндегі ақаулардың орнын басатын
көпіртәрізді протездер үшін бұл талаптар
қатаңдау
болады.
Протездерді
мүмкіндігінше табиғилыққа жақындату
мақсатында
басында
металл
мен
біріктірілген фарфорлы, ал кейіннен
пластмассалы протездер түрі жасала
бастады. Негізі металдан тұратын және
пластмасса немесе фарформен қапталған
протездерді әрленген протездер деп атайды.
10.
Көпір тәрізді протездіңқұрамдас бөліктері
Әрбір көпіртектес протезде тіреу
элементтерін және аралық бөлігін
немесе протез денесін ажыратады. Көпір
тәрізді протездің, сол арқылы табиғи
тістерге бекінетін тіреу элементтеріне
сауыттар,
жартылай
сауыттар,
салмалар, өзекті тістер жатады.
11.
Аралық бөлігін жасанды тістер блогықұрайды, ол стандартты болады немесе алдын
ала дайындалған балауызды үлгіден
жасалады. Көпір тәрізді протездің денесін
дайындаудың 2-ші әдісінің бірәз
артықшылығы бар, онын үлгісін дайындау
барысында ақаудың жеке ерекшеліктері,
оның ішінде окклюзияпық өзара қатынасы да
ескеріледі, Мұнымен жақсы қызметтік
тиімділікке қол жеткізуге болады. Қазіргі
кездері жасанды металл тістердің
стандарттық блогын қолдану біраз шектелген.
12.
Көпіртәрізді протездің биомеханикатұрғысынан алғандағы құрылғысы
Тістің альвеоламен қосылуының буындасу
түрі /денто-альвеолярлық/ болып табылады.
Сондықтан тіске горизонтальды жазыктықта
күшпен әсер еткенде, ол мезиальды
дистальды, тілді, ерін-ұрт қапталдарына
ығысуы мүмкін. Тістерді блокқа біріктіре
отырып, көпіртәрізді протездер олардың
еркін қимылдауын шектейді. Бұл құбылыс
тұрақтану
деп
аталады.
Көпіртәрізді
протездер шайнау тістеріне сүйене отырып,
алдыңғы-артқы
бағыттағы
/сагиттальды
тұрақтылық/
тұрақтылығын
қамтамасыз
етеді.
13.
Алдыңғы тістерге сүйене отырып, көпіртәрізді
протездер
тірек
тістерінің
трансверзальды /көлденең/ тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Алдыңғы тістердің осы
сияқты тұрақтылығын көбінесе фронтальды
деп атайды. Бұл кезде тірек тістері
горизонтальды
бағытқа
қарағанда
вертикальды
бағытта
физиологиялық
қозғалғыштықты көбірек сезінеді.
Шайнау процесінің ең бастысы бүйір
горизонтальды қимылдан тұратыны белгілі.
Сондықтан көпіртектес протезбен жасалған
тұрақтылықты ыңғайлы деп есептеу қажет.
14.
Мұнытөмендегідей
мысалдармен түсіндіреміз.
1. Тістер қатарының ақауы 5,
6
тістерді
жоғалту
нәтижесінде пайда болды.
Протездің тірегі 4 және 7
тістер болып табылады. Бұл
кезде
тірек
тістерінің
сагиттальды тұрақтылығына
қол жетеді.
15.
2. Тістер қатарының ақауытөрт күрек тістерді жоғалту
нәтижесінде пайда болды.
Бұл жағдайда тірек тістері-ит
тістері болып табылады.
Фронтальды тұрақтылық
пайда болады.
16.
3. Тістер қатарының екі ақауыбар: біреуі бүйір бөлігінде
орналасқан,
екіншісі
фронтальды тістер маңайында
орналасқан. Протездің тірегі
ретінде екі ит тістері мен 2-ші
моляр болып табылады. Бұл
жағдайда
фронтальдысагиттальды тұрақтылық пайда
болады.
17.
4. Тістер қатарының үш ақауыбар, оның екеуі бүйір бөлігінде
орналасқан, біреуі фронтальды
тістер маңайында орналасқан.
Тірек тістері екі ит тісі және 2
моляр болып табылады. Бұл
жағдайда доға бойынша
тұрақтылық пайда болады.
18.
Көпіртәрізді протездердіқолданудың көрсеткіштері және
кері көрсеткіштері
Көпіртәрізді
протездерді
қолданудың
көрсетпелері
ақау
көлемімен, оның тіс доғасындағы
орнымен
/кірістірілген
немесе
ұшты/, ақаумен шектесетін тістердің
тіреу аппаратының жағдайымен,
олардың клиникалық сауытының
биіктігімен, окклюзиялық өзара
қатысымен анықталынады.
19.
Қалыпты пародонты бар тістіңфизиологиялык төзімділігі
деген түсінікті оған шайнау
кезінде күштің 2 есе артық
түсуі деп шартты түрде
қабылдау керек. Бұған кейбір
анатомиялық қағидалар мен
тәжірибелік зерттеулер негіз
болды.
20.
Анатомиялық мәліметтерге тіссауыты мен түбір ұзындығының
қатынасы, шайнау тістерінің 2 және
одан да көп түбірінің болуы жатады.
Тәжірибелік зерттеулер тіпті қатты
тағамды шайнау кезінде пародонтқа
түсетін жүктеме оның резервтік
қорының 50 пайызынан
аспайтындығын көрсетті.
21.
Сондыктан тірек тістер пародонтытіндерінің қалыпты жағдайында
резерв қорының қалатындығы, оның
көпіртәрізді протездерді құрастыру
кезінде қолданылуы мүмкін деген
пікір қалыптасты. Көпір тәрізді
протездермен протездеу кезінде тірек
тістерінің рұқсат етілетін жүктемесі
жөніндегі есептеулер осы тұрғыдан
құрылады.
22. И.М. Оксман бойынша шайнау коэффициенттері
Тістер1
2
3
4
5
6
7
8
Барлық
бірліктер
Жоғарғ
ы жақ
2
1
2
3
3
6
5
3
25
Төменгі
жақ
1
1
2
3
3
6
5
4
25
23.
Мысалы:а). 2.4, 2.5 тістерді жұлғаннан кейін пайда
болатын тістер қатарының кірістірілген
ақауы. Көпір тәрізді протезге 2.3 және 2.6
тістер тіреу тістері болып табылады. Осы 2
тіреу тістерінің Оксман схемасы бойынша
шайнау қабілетінің коэффициенті 8 шайнау
бірлігін құраса, ал 2 еселік жүктеме - 16
бірлікті құрайды. Көпір тәрізді протезден
жүктеме тіреу тістері төзімділігінің
шекарасынан шықпайды. 2.3, 2.4, 2.5, 2.6
барлық топ тістерінің барлығы 14 шайнау
бірлігін құрайды.
24.
б). 5, 6 тістерді жоғалтудан пайдаболған тістер қатарының
кірістірілген ақауы. Тіреу тістері
ретінде /4 және /7 тістердің
қолданылуы мүмкін, ол 8 шайнау
бірлігін құраса, резервтік күшпен бірге
16 бірлікті құрайды. Протезден тірек
тістеріне түсетін күштеме ең жоғарғы
болады.
25.
Тіреу тістерін таңдау жәнеоларды бағалау
Көпіртектес
протездермен
протездеу
кезінде
ақаумен
шекгелген тіс тіреу тісі болып
табылады.
Осы
мақсатта
олардың пародонтына қауіптілігі
тым аз болатын қолданылатын
тістер саны есепке алынады.
26.
Бұл сұрақты шешу тіспародонтының жағдайын, олардың
жалпы ақаулыққа қатысты тістер
қатарының окклюзиялық өзара
қатынасының орналасуын және
ақау маңындағы окклюзиялық
бетінің жағдайын тиянақты
жүргізілген клиникалық және
рентгенологиялық тексерулерден
кейін мүмкін болады.
27.
Тіреу тістерінің қызметтік құндылығынбағалауда рентгенді тексерулердің
алатын орны ерекше. Пародонт
зақымдануына күдік туғанда, яғни оның
белгілері асқынған тіс жегісінің немесе
пломбыланған тіс қуысының болуы,
клиникалық сауыттың ұзаруы,
патологиялық тіс қалтасының болуы,
тістердің көзге көрінетін қозғалғыштығы
болып табылатын жағдайларда бұл
тексерулер міндетті түрде жүргізіледі.
28.
Көпіртектес протезді дайындаудыңклиникалық - лабораториялық кезендері
1 клиникалық кезен - тірек тістердің қатты
тіндерін егеу. Егеу нәтижесінде тірек тістері
цилиндр
пішіндес
болады
және
антагонистерінен
металл
калыңдығына
сәйкес қалыңдықта ажырай бастайды. Мұнан
басқа көпір тәрізді протез үшін тірек тістерін
егеудің өз ерекшеліктері бар. Тірек тістеріне
параллельдік қасиет беру қажет, олай
болмаса көпір тәрізді протез күшпен
кигізіледі, тістердің күшті иілуінде оны
күшпен кигізуге мүмкіндік болмайды.
29.
Күшпен кигізілген протез ақау қапталына қарайтістің ығысуын туғызады. Пайда болған
жарақатты периодонтит жеңіл жағдайда
ыңғайсыздық сезімін туғызса, ал ауыр жағдайда
ауыру сезімін туғызады. Тіреу тістердің көп
иілуінде оларға параллельдік беру үшін тіс
тінінің едәуір бөлігін егеуге тура келеді. Бірқатар
жағдайларда мұны тіс ұлпасын ашқаннан кейін
істеуге болады, тістердің әсіресе, төменгі 2-ші
молярдың өте күшті иілуінде монолитті көпір
тәрізді протезбен протездеуден бас тарту қажет
және басқа арнайы құрылғыны қолданған жөн.
30.
31.
Егеуді аяқтағаннан кейін екі жақтан силикондықалып материалымен қалып алынады. Оның біреуіжұмысшы, екіншісі - көмекші болып табылады.
Жұмысшы қалып тістердің бейнесін, олардың
мойнын, кескіш шеттерін және шайнау бетін, ақау
маңайындағы альвеолярлық өсіндінің бейнесін дәл
бейнелеуі тиіс. Көмекші қалып тістер қатарының
әсіресе, бүйір тістердің алдыңғы және шайнау
бетінің кескіш шеттерінің таңбасын беруі тиіс.
1 лабораториялық кезен - қалыпқа сәйкес мүсін
құйылады, орталық окклюзияны қалпына келтіріп,
артикуляторға /окклюдатор/ гипстеп тастайды. Егер
тірек тістерінің антагонистері болмаса, көмекші
көшірмені шешпейді, яғни алып тастамайды.
32.
Артикуляторға гипстеу үшін мүсінді орталықокклюзия қалпына бірнеше әдістермен бекітеді.
Бірінші әдіспен мүсінді орталық окклюзия қалпына
тістемнің әрбір түріне тән тістесу белгілеріне сәйкес
бекітеді. Мұны мүсінде көптеген тістер болған
жағдайда жасауға болады және олар мүсінді тиісті
қалпында қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.
Орталық окклюзия қалпында мүсінді құрастыру
тістердің аз санында немесе олардың ыңғайсыз
орналасуындә мүсінді құрастыру мүмкін болмағанда
тістем белдігінің көмегімен алдын ала ауыз қуысында
орталық окклюзияны анықтайды, ал сосын
артикуляторға гипстеу үшін мүсінді құрастырады. Бұл
2-ші әдіс болып табылады.
33.
Мүсінді окклюдаторға гипстегеннен кейінжасанды сауыттар жасалады. Жасанды
тістерді металды штампталған сауыттарды
жасау әдісімен дайындайды. Тіреу тістері
күшті бұзылған жағдайда симметриялы
орналасқан
тістердің
окклюзиялық
қатыстылығы мен түрі басшылыққа алынады.
2 клиникалық кезен - дайындалған
сауыттарды ауыз қуысында тексереді. Тіс
пішінін
қалпына
келтіретін
бекітуші
сауыттарға,
сонымен
қатар
жалғыз
сауыттарға қойылатын талаптар бірдей
болады.
34.
Олар тиісті тіске тән анатомиялық пішіндеболуы керек, антагонистермен дұрыс
окклюзиялық қатынаста болуы тиіс, тістем
биіктігін көтермей, тіс мойнын тығыз қамтуы,
қызыл иек қалтасына 0,3 мм-ге енуі және көрші
тістермен байланыста болуы қәжет. Көпіртектес
протездердің тіреу сауыттарының
байланыстылығы тістер қатарын сақтауда және
тіреу тістерінің аса тым жүктемесін жоюда
үлкен маңызы бар. Көпіртектес протезге түсетін
қысым тістер аралық байланыс арқылы көрші
тістерге де беріледі. Тіреу тістөрінің жартылай
жеңілдеуі осылай қалыптасады.
35.
Сауыттар тексерілгеннен кейін жұмысшы жәнеқосымша қалып қайта алынады.
2 лабораториялық кезен - тістем белдіктері
дайындалады, орталық окклюзия ауыз қуысында
анықталынады. Тістем арқылы алынған қалыпқа
жасанды тірек сауыттары отырғызылып гипстен
мүсін кұйылады. Сосын мүсінді орталық окклюзия
жағдайында окклюдаторға гипстеп көпіртектес
протездің денесін дайындайды.
Орталық окклюзияны қарапайым әдіспен бекітуге
болады. Ол үшін ақау тұсында тістер арасына
силиконды қалып материалы қойылады және
науқастан тістерін тістестіруін сұрайды. Қалып
материалдарынан бос тістерге қарап тістесу
дұрыстығын
бақылайды.
Қателіктер
болған
жағдайда іс-әрекетті қайталайды.
36.
Осы әдіспен ақау тұсындағы тіреу тістердіңжәне альвеолярлық адырдың /жұмысшы/ және
антагонист-тістердің /қосымша/ үлгілерін
алады. Ұяшыққа сауытты кигізеді және үлгіні
құяды. Бұл жағдайда қарапайымдыланған
гипсті окклюдатор алынады.
Үлгіні артикуляторға бекіткеннен кейін көпір
тәрізді протездің аралық бөлігін жасауға
кіріседі. Жымию кезінде білінбейтін шайнау
тістерінің тұсында протездің аралық бөлігінің
тұтас металды құрылғысын қолдануы дұрыс
болып табылады, ал алдыңғы тістер, кейде
премолярлар тұсында металды негізден және
сыртқы пластмассадан тұратын құрамалы
құрылғы үлгісі жасалады
37.
Көпір тәрізді протездің аралық бөлігінебелгілі бір талаптар қойылады. Протез
күтімін жеңілдету үшін оның денесі мен
альвеолярлық
өсіндінің
шырышты
қабатының арасында бос кеңістік қалдырып,
оны ілмелі етіп жасайды. Ойықтың және
тіреу тістерінің шеткі периодонтитінің
дамуының алдын алу мақсатында протездің
аралық
бөлігіндегі
тіреу
сауытының
жабысқан жерінде әсіресе, бұл ережені
сақтаудың маңызы зор.
38.
Аралық бөліктің альвеолярлық есіндініңшырышты
қабатына
қатыстылығы
фронтальды аймақта жанасушы болуы
мүмкін.
39.
Шайнау тістері тұсында аралық бөлікті ереже бойыншаілмелі, ал жақтың алдыңғы бөлігі аумағында-жанасушы
етіп жасайды. Көпір тәрізді протездің ершік тәрізді түрі
қарсы көрсетпе болып табылады, өйткені терең түрдегі
ойықтың пайда болуы мүмкін. Протездің бұл түрін тек
қана алынатын көпір тәрізді протезде пайдаланады,
өйткені протез алынады және жеңіл тазаланады.
40. Кґпіртектес протездін аралыќ бґлігініѕ орналасуы а- дўрыс орналасу, б- кисыќ орналасуы
Көпіртектес протездін аралықбөлігінің орналасуы
а- дұрыс орналасу, б- кисық орналасуы
41.
Көпір тәрізді протездің денесінің үлгісінтөмендегідей үлгіде жасайды. Сауыттар
арасындағы аралықты көрші тістерден сәл
биікгеу және жуандау болатындай жұмсарған
балауызды белдікпен толтырады. Белдіктің
жұмсақ кезінде антагонист-тістерден таңба
алынатындай етіп, үлгіні тістестіреді. Көрші
тістердің еніне тең болғанша сәйкестендіріп,
балауыздың
артығын
белдіктен
алып
тастайды. Сосын жоқ тістердің санына сәйкес
етіп кертіктер жасайды және пішініне
сәйкестендіріп жасанды тістердің үлгісін
жасауға кіріседі.
42.
Егер науқас үлкен жаста болса бүйіртістердің шайнау бетінде жақсы жетілген
төмпешіктер пайда болмайтындай етіп,
олардың үлгісін жасайды. Мұндай
төмпешіктер төменгі жақтың бүйір
қимылын тежейді, осыған байланысты
блокке енетін табиғи тістердің қызметтік
аса тым жүктемесі пайда болады.
Төмпешіктердің биіктігінің үлгісін жасауда
сол жақтың симметриялық орналасқан
тістерін басшылыққа алған дұрыс.
43.
Көпір тәрізді протездің денесінің үлгісіналғаннан кейін оны тиісті металдан
немесе қоспадан құяды және тіреу
сауыттармен дәнекерлеп жабыстырады.
Протез денесін сауыттармен бекіту оны
дәнекерлеу,
жабыстыру
сапасына,
сонымен қатар сауыттың жасанды
тістермен жанасу алаңына байланысты
болады. Тіреу тістерінің төменгі
клиникалық сауытында дәнекерлеу
алаңының аз болуына байланысты
протез денесі сауыттан жиі жұлынып
қалады.
44.
Бұл асқынудың алдын алу мақсатындааралық бөліктің үлгісін жасауда тіл
немесе таңдай қапталы жағынан
сауытқа кигізу қажет, сол арқылы
дәнекерлеу беті үлкейтіледі. Кейбір
жеке жағдайларда осы себепке
байланысты алынатын құрылғыны
қолданып, алынбайтын протезден бас
тартуға тура келеді.
45.
3 клиникалық кезең көпіртектеспротезді
ауыз
қуысында
тірек
тістеріне шақпап кигізіп тексеру. Бұл
кезең ең жауапты кезең. Тіреу тістерінің
муқият дайындалуына және сауыттың
ауыз қуысында әзірленуіне қарамастан,
тіреу тістерінің параллельдігін бұзатын
өте майда дәлсіздік нәтижесінде көпір
тәрізді протезді қою барлық жағдайда
мүмкін бола бермейді. Сондықтан
протез беттерін қосымша егеп тазалауға
тура келеді.
46.
Кейде протездің дұрыс салынбауыныңбірден-бір себебі протез бөліктерін
дұрыс дәнекерлемеу /сауыттың ығысуы/
болып табылады. Мұндай жағдайларда
протезді балқыту қажет, қайтадан
сауытпен бірге ауыз қуысында көшірме
үлгісі алынады және оларды қайтадан
жаңа көшірме үлгісі бойынша протез
денесімен қосып дәнекерлеу қажет
болады.
47.
Протез тіреу тістеріне қойылса, окклюзияны мұқияттексереді. Тістер қатарының дұрыс тістесуіне
кедергі болатын барлық нүктелерді металды егеу
жолымен жояды.
3 лабораториялық кезен – көпіртектес протезді
өндеу, жылтырату. Осы кезенде Гои сықпасын,
әртүрлі щеткаларды қолданып көпіртектес протезін
жылтыратады.
4 клиникалық кезен – көпіртектес протезін
бекіту. Егер науқас кейбір ыңғайсыздықты сезсе,
онда протезді жасанды дентинмен бекітеді және
ауыз қуысында 1-2 күнге қалдырады. Егер науқас
шағымы жойылмаса, онда окклюзияны, сауыт
ұзындығын, жасанды тістердің альвеолярлық
өсіндісінің шырышты қабатына қатыстылығын
қайта тексеру қажет.
48.
Металды сауыттарды және тіреу тістердіспиртпең эфирмен немесе жылы ауамен мұқият
құрғату керек. Көпір тәрізді протездерді бекіту
үшін арнайы тез қататын фосфат цөментті
қаймақ
тәрізді
тығызыдылыққа
дейін
араластырады, сауыттарды толтырады. Тіреу
тістерді мақталы белдікпен айнала қоршайды
және уақыт өткен сайын оларды ауыстырып
отырады, протезді салғанға дейін және цемент
қатқанға дейін тістердің құрғақтығын сақтайды.
Сосын цементтің артығын алып тастайды,
сілекейден оқшаулау үшін сауыт және қызыл
иек қырларын вазелинмен майлайды. Науқасқа 2
сағат көлемінде тамақ және сұйықтықтар ішуге
болмайтындығы ескертіледі.
49. Пластмассалы кґпіртектес протезбен протездеу
Пластмассалы көпіртектес протезбенпротездеу
Науқастың 1-ші келуінде пластмассалы тірек
сауыттарға тағайындалған тістердің қатты тіндерін
егейді. 2 жақтан қалып алынады, орталық окклюзия
жағдайын анықтайды және пластмассалы тістің
түсін таңдайды.
Зертханада мүсін қүйылады, оларды окклюдаторға
орталық окклюзия жағдайында гипстейді және
сауыттың, сонымен қатар протездің аралық
бөлігінің үлгісін жасайды. Арықарай балауызды
пластмассаның тиісті тусімен ауыстырады Дайын
протезді орналастыру кезінде кейде сауыт ішінен
пластмасса бөлігін алып тастауға тура келеді,
осыған байланысты оның қабырғалары жұқарады,
ал протездің бекітілуі нашарлайды.
50.
Сауыт қабырғасының жыртылуының алдыналу және сауыттың бекітілуін жақсарту
мақсатында оны тиісті түстегі тез қататын
пластмассамен
толтырады
және
тіске
кигізеді.
Пластмасса созылғыш жағдайға келгенде
протезді алады, пластмассаның ақырғы
қатуын күтеді, протездің өңдеу жұмыстарын
аяқтайды және оны жалпы ереже бойынша
цементпен бекітеді.