Похожие презентации:
Мұнай және газ шоғырлары
1. Дәріс тақырыбы: Мұнай және газ шоғырлары
2.
Мұнай және газ шоғырлары деп мұнай менгаздың жай және жеке жиналуын айтамыз.
Шоғырдың қалыптасуына 3 түрлі жағдай қажет:
1) Коллектордың болуы
2) Жапқыштың болуы
3) Тұтқыштың болуы
3.
• Шоғыр ішінде флюидтер тығыздық мөлшерінесәйкес жоғарыдан төмен қарай газ, мұнай, су
түрінде орналасады.
• Мұнай мен судың шекарасы су-мұнай
жапсары, газ шоғырында газ және су
шекарасы – газ-су жапсары, газ және мұнай
шекарасы, газ- мұнай жапсары деп аталады.
• Су-мұнай жапсарының мұнайлы қабаттың
жабынымен қиылысқан сызықты сыртқы
контур, ал қабаттың табанымен қиылысқан
сызықты ішкі контур дейді.
4. Мұнай-газ шоғыры
Газшапкасының
биіктігі
Мұнай
шоғырының
биіктігі
ГМЖ
СМЖ
1-газ шапкасы; 2-мұнай; 3-су
5.
6.
• Өнімді қабаттың жоғары нүктесінен сумұнай немесе газ-су жапсарына дейінгіқашықтықты шоғырдың биіктігі болады,
сондай-ақ газды телпектің биіктігі және
шоғырдың мұнай бөлігінің биіктігі
белгіленеді.
• График түрінде шоғырлар құрылымдық
карталарда (планда) және қималарда
бейнеленеді.
7. Шоғырлардағы көмірсутектеріне байланысты Н.А.Еременко жіктемесі бойынша шоғыр түрі:
Мұнай шоғыры
Газ шапкасы бар мұнай шоғыры
Газды-конденсатты шоғыр
Газды шоғыр
Мұнай бөлшегі бар газ шоғыры
8. Мұнай және газ шоғырларының Брод бойынша жіктемесі.
Брод жіктемесінде шоғырларды
келесідей белгілері (критерийлер)
арқылы бөледі:
1. Табиғи резервуарлардың түрі
(мұнымен шоғырдың тобы
анықталады)
2. Тұтқыштардың пайда болу жағдайы,
яғни генезисі (мұнымен шоғырдың
топшасы анықталады)
9. Табиғи резервуарлардың түрлері бойынша шоғырларды 3 топқа бөледі:
1. Қабаттық шоғырлар тобы2. Массивті шоғырлар тобы
3. Бұрыс пішінді шоғырлар тобы
10. Қабаттық шоғырлар тобы
Бұл топ шоғырлары табиғи
резервуардағы тұтқыштардың пайда
болу жағдайына байланысты
4 топшаға бөлінеді:
1.
2.
3.
4.
Қабаттық дөңесті шоғыр
Қабаттық тектоникалық экран
Қабаттық стратиграфиялық экран
Қабаттық литологиялық экран
11. Қабаттық шоғырлардың пайда болу жағдайы
• Мұнай-газ қабаттық резервуардың майысуы кезіндеантиклинді құрылымға немесе антиклинді тұтқышқа
жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда қабаттық дөңесті
шоғыр пайда болады.
• Қабаттық резервуардағы мұнай мен газдың миграция
жолдарында тектоникалық немесе стратиграфиялық
экран кездессе немесе коллектор қабат жапқыш
қабатымен орын ауыстырса сәйкесінше қабаттық
тектоникалық, стратиграфиялық және
литологиялық экрандалған шоғырлар пайда
болады.
• Бұл мұнай және газ шоғырлары Жетібай, Өзен,
Каспий маңы тұз үсті кенорындарында (Доссор,
Макат, Құлсары, Кенбай және т.б) кездеседі.
12. Қабаттық дөңесті шоғыр (мұнай)
а)қимаСМЖ
СМЖ
б)план
мұнай өрісі
- 380
-400
мұнайлылықтың ішкі
контуры
мұнайлылықтың
сыртқы контуры
13. Қабаттық дөңесті шоғыр
• Бұл шоғырдың аты табиғирезервуардың түрі бойынша (қабаттық)
және құрылымдағы орналасқан жері
бойынша (қабат дөңесінде) аталады.
• Шоғыр антиклиннің және басқа да
құрылымдардың ең жоғарғы бөлігінде
яғни дөңесінде орналасқан
• Қатпарлы дислокациялар тұтқышында
(антиклинді тұтқышта) пайда болған
14.
Планда
мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурлары,
мұнайлылықтың ішкі контурымен шектелген таза
мұнайлы немесе газды өрісі;
мұнайлылықтың ішкі және сыртқы контурымен
шектелген су-мұнайлы немесе су-газды өрісі.
Су-мұнай өрісінде коллектор жоғарғы жағында
мұнаймен немесе газбен, ал төменінде сумен
қанығып тұрады.
Ал таза мұнай өрісінде коллектордың толығымен
мұнаймен немесе газбен толып тұрады, ал
жоғарысында жапқышқа (флюидтірекке) келіп
тіреледі.
Су-мұнай жапсары (СМЖ) немесе мұнай-су бөлігі
қалыңдығы 0,3-8 м шамасындағы аралық белдем
болып табылады.
15. Күрделі тектоникалық бұзылған қабаттық дөңесті шоғыр (блоктық) (мұнайлы)
16. Тектоникалық әлсіз бұзылған қабаттық дөңесті шоғыр (мұнайлы)
17. Қабатты тектоникалық шоғыр
18.
• Қабаттық тектоникалық экрандалғаншоғыр антиклиндерде, диапирлі
қатпарларда және моноклиндерде
жарылымды дислокациялар
тұтқыштарында пайда болады.
• Бұл шоғырдың аты табиғи
резервуардың түрі бойынша (қабаттық)
және шоғырдың бас жағында шектеп
жатқан тектоникалық экран
(жарылымды тектоникалық
бұзылымдар) атына байланысты
аталған.
19.
• Коллектор қабаттың созылымыныңжарылымға ұшырауы нәтижесінен және оның
блоктарының бір-бірінен салыстырмалы
түрде қабат қалыңдығынан асып түсетін
белгілі-бір амплитудаға жылжып кетуінен
коллектордың бас жағында өткізбейтін
таужыныстармен тығындалып қалып, осының
нәтижесінде қабаттық тектоникалық
экрандалған шоғыр пайда болады.
• Моноклиндегі қабаттық тектоникалық
экрандалған шоғыр сызықты созылған
антиклинді емес жарылымды дислокациялық
тұтқышта пайда болады
20.
Қабаттық тектоникалық
экрандалған шоғыр
Планда
Қабаттық дөңесті шоғырға ұқсас келеді,
мұнда мұнайлылықтың ішкі және сыртқы
контурлары,
таза мұнайлы немесе газды өрісі мен сумұнайлы немесе су-газды өрісі
мұнымен қатар шоғырды жан-жағынан
қоршап жатқан мұнайлылық контурларымен
бірге жалпы тұйық контур түзетін
тектоникалық экран болады.
21. Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)
а)қимаВНК
тектоникалық
экран
-32
0
б)план
-3
00
мұнайлылықтың
ішкі контуры
- 280
-30 0
мұнайлылықтың
сыртқы контуры
22. Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)
23. Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)
24. Қабаттық тектоникалық экрандалған шоғыр (мұнайлы)
б ) қи маС МЖ
б ) пл а н
- 41
- 43
0
0
- 410
-4 3 0
мұ н а й л ы л ы қты ң
с ы ртқы ко н ту р ы
25. Қабаттық тұзды күмбезбен экрандалған шоғыр (мұнайлы)
а)қимас
с
с
с
с
с
с
с
с
СМЖ
СМЖ
б)п лан
мұнайлылықтың
ішкі контуры
с
с
с
0
-30
тұзды
экран
-32 0
мұнайлылықтың
сыртқы
контуры
26. Қабатты стратиграфиялық экрандалған шоғыр
27.
• Қабаттық стратиграфиялық экрандалғаншоғыр антиклиндерде, диапирлі
қатпарларда және моноклиндерде
стратиграфиялық (бұрыштық)
үйлесімсіздік тұтқыштарында пайда
болады.
• Қабаттық тектоникалық экрандалған
шоғыр түріне ұқсас, бір айырмашылығы
– бұл шоғырда стратиграфиялық экран
болады.
28. Қабаттық стратиграфиялық экрандалған шоғыр (мұнайлы)
29. Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр
30.
• Қабаттық литологиялық экрандалған шоғырқабаттық табиғи резервуардың жоғарыға
қарай созылымында оның сыналануына
(выклинивание) байланысты түзілетін
литологиялық тұтқыштарда пайда болады.
• Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр
антиклиндерде, диапирлі қатпарларда және
моноклиндерде көп кездеседі
• Құрылысы қабаттық тектоникалық және
стратиграфиялық экрандалған шоғырларға
ұқсас, бір айырмашылығы – шоғырдың бас
жағында литологиялық экран
(сыналану(выклинивание) немесе
коллектордың коллектор емес қабатқа
ауысуы) болады.
31. Өткізгіш Т.Ж. Өткізбейтін Т.Ж. Орын ауыстыруы
32. Қабаттық литологиялық экрандалған мұнайлы шоғыр, коллектордың коллектор емес қабатқа күрт ауысуынан пайда болады
а)қимас мж
мұ найлы лы қты ң
с ы ртқы конту ры
б)план
-45
мұ найлы лы қты ң
іш кі конту ры
-5 5
0
литол огиялы қ
экран
0
33. Қабаттық литологиялық экрандалған шоғыр (мұнайлы), (коллектор қабаттың созылымы бойында сыналануынан пайда болған)
34. Құлсары мұнайгазды кенорны
35. Жетібай газдыконденсатты мұнайлы кенорны
36. Өзен газдымұнайлы кенорны
37. Құмкөл газды мұнайлы кенорны
38. Массивті шоғырлар тобы
Біртекті немесе әртекті резервуарлардапайда болады.
Бұл шоғырлардың аты табиғи резервуардың
түрі (массивті) мен оңаша көтерілімнің
(выступ) түріне қарай:
• құрылымдық (тектоникалық) көтерілімдегі
массивті шоғыр
• биогенді (рифогенді) көтерілімдегі массивті
шоғыр
• эрозиялық көтерілімдегі массивті шоғыр
болып бөлінеді.
39.
Барлық массивті шоғырлар өзара ұқсас келеді және
өзіндік ерекшеліктері тән.
Массивті шоғырлардың биіктігі жүздеген метрге, кейде
алғашқы мыңдық километрге жетеді.
Қимасында СМЖ шоғырдың көлденең барлық бойында
жатады, ал төменінде минералды сумен немесе су
қаныққан таужыныстармен шектеседі.
Шоғыр жоғарысынан және шет жағынан өткізбейтін
немесе өткізгіштігі нашар таужыныстармен шектеліп
жатыр.
СМЖ оларда литологиялық және стратиграфиялық
шекараларды кесіп өтеді, себебі массивті шоғырлар
бірнеше стратиграфиялық комплекстерді кейде жүйелерді
қамтуы мүмкін.
Флюидтердің қозғалысы төменнен-жоғары, тік немесе
қатты еңіс болып келеді.
Қоры мен энергетикалық потенциалы әдетте, жоғары
болып келеді.
Мұндай мұнай және газ шоғырлары Каспий маңы тұз асты
кенорындарында Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Қожасай
және т.б. кездеседі.
40. Құрылымдық (тектоникалық) көтерілімдегі массивті шоғыр
• Құрылымдық (тектоникалық) көтерілімдеген жалпы ұғымға біріктірілетін
антиклиндердің, брахиантиклиндердің
және күмбез тәрізді көтерілімдердің
дөңесінде орналасады.
• Литологиялық жағынан каверндер мен
жарықшақтар есебінен кеуектілігі мен
өткізгіштігі жақсы қалыңкарбонатты
коллектор қабатынан тұрады.
41.
Тектоникалық көтерілімдегімассивті шоғыр
Планда
• антиклиннің, брахиантиклиннің немесе
күмбез тәрізді құрылымның пішінін
қайталайтын мұнайлылықтың бір
(сыртқы) контуры болады.
• Мұнайлылықтың сыртқы контуры бір
су-мұнайлы өрісін (көбінесе үлкен
өлшемді) қоршап жатады.
42. Тектоникалық (құрылымдық) көтерілімдегі массивті шоғыр (мұнай)
а)қимаСМЖ (ВНК)
500
500
600
600
650
7 00
мұнайлылықтың сыртқы контуры
б)план
(құрылымдық карта )
43. Рифогенді көтерілімдегі массивті шоғыр
• Организмдер мен теңіздік фауна менфлораның карбонатты қалдықтарынан,
яғни, әртүрлі органогенді әктастардан
тұратын рифогенді көтерілімнің
дөңесінде орналасады.
44. Рифогенді көтерілімдегі массивті шоғыр
45. Эрозиялық көтерілімдегі массивті шоғыр
• Эрозиялық көтерілім генетикалық планбойынша ұзақ геологиялық уақыт
бойында жер бетінде болған және қатты
бұзылымға ұшыраған бұрынғы рельеф
(бедер) қалдығы болып табылады.
46. Эрозиялық көтерілімдегі массивті шоғыры (мұнай)
а)қимаВНК
б)план
0
- 21
-230
0
-2 5
мұнайлылықтың сыртқы контуры
47. Теңіз мұнайлы кенорны
48. Қарашығанақ мұнайгаздыконденсатты кенорны
49. Жанажол газдыконденсатты мұнайлы кенорны
50. Литологиялық жан-жағынан шектелген шоғырлар
• Бұл топ шоғырлары бұрыс пішінді жан-жақтылитологиялық шектелген резервуарларда пайда
болады.
• Табиғатта өте сирек кездеседі.
• Коллектор бұрыс пішінді болып келеді.
• Көбінесе құмнан, құмтастан алевриттен,
алевролиттен тұрады да, жан-жағынан жапқыш
таужыныстармен шектеліп жатады.
• Коллектордың пішіні - әртүрлі: линза тәрізді, жең
тәрізді, бау тәрізді, ұя тәрізді.
• Қоры өте аз болып келеді.
• Бұл мұнай және газ шоғырлары Солтүстік-Батыс
Кавказда алғаш рет 1911ж И.М. Губкин ашқан.
Мұндай шоғырлар Оңтүстік Маңғышлақ және Оңтүстік
Торғай мұнайгаздылы бассейндерінде де табылған.