Жоспар
Кіріспе
Сан аномалиялары
Шама аномалиялары
Гломерулопатиялар
Гломерулонефрит
Біріншілік нефросклероздар
Токсикалыќ нефропатияда бїйрек бейнесі
Ошаќты сегменттік гломерулосклероз
Пиелонефрит
Поликистоз
Ќорытынды
776.50K
Категория: МедицинаМедицина

Бүйрек аурулары

1.

2. Жоспар

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• 1) Сан аномалиялары
2) Орналасу аномалиялары
3) Шама-көлемінің аномалиялары
4) Құрылым аномалиялары
Гломерулопатиялар
Тубулопатиялар.
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер

3. Кіріспе


Бүйрек аурулары адамда аса жиі
кездесетін аурулар қатарына жатады.
Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор.
Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең
соңғы өнмдерін бөліп шығарушы негізгі
ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі
орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі
тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады;
үшіншіден бүйрек шумақтарында (юкстогломерулалы аппараттарында) қан қысымын
реттейтін ренин бөліп шығарылады.

4.

5.

1980 жылдардан кейін
бүйрек ауруларын
екі топқа бөліп
қарастыратын болды
гломерулопатиялар
тубулопатиялар.

6.

7. Сан аномалиялары


. Бүйректің агенезиясы мен аплазиясы органның туа болмауын немесе
дамуының тоқтауымен сипатталады. Әдетте,бұл патология несепағар
мен оның сағағы болмауымен қабаттасады.
Бүйрек аплазиясының диагностикасы қазіргі уақытта
цистоскопия,экскреторлық урография,улььтрадыбыстық
сканирлеу,компьютерлік томография және бүйрек ангиографиясы
негізінде жүзеге асырылады. Бұл патология кезінде әдетте
контрлатеральдық бүйректің викарлық гипертропиясы байқалады.
Туа біткен екі жақты бүйрек аплазиясы өмірмен үйлеспейді,сондықтан
өте-мөте сирек ұшырасады.
Бүйректің қосарлануы неғұрлым жиі кездесетін сан аномалиясы болып
табылады. Бұл патология кезіңде бір-бірімен қатынаспайтын бөлек екі
шүмекше,екі несепағар,екі тамыр бумасы және паренхиманың екі бөлек
үлесі болады. Қосарланған бүйрек ұзындығы бойынша қалыпты
бүйректен үлкен,жоғары және төменгі бүйректердің арасында
ажыратпа жүлге болады.
Бүйректердің толық емес қосарлануы кездеседі,мұндайда шүмекшенің
қосарлануы болмайды.
Клиникалық көрініс әдетте болмайды.

8.

9. Шама аномалиялары


Бұл аномалилға көлемнің кішіреюін — бүйрек гипоплазиясын жаткызады; ол бүйректердің
қалыпты морфологиялық қүрылымымен, олардың секреторлық және экскреторлық
функцияларының бұзылу белгілерінің болмауымен сипатталады. Аномалия әдетте бір
жақты болады.
Диагностика экскреторлык урография, УЗИ мен бүйреқтердің
компьютерлік томографиясы, сондай-ақ ангиография негізінде жүзеге асырылады.
Гипоплазияланған бүйректі хирургиялық емдеу кажеттілігі артериялык гипертензия кезінде
туындайды. Мүндай жағдайларда нефрэктомия операциясы жасалады.
Орналасу аномалнясы немесе бүйректердің дистопиясы жамбастық, мықын астылық, бел,
кеуде немесе сегізкөздік дистопия болуы мүмкін.
Жамбас дистопиясы біршама сирек кездеседі және бүйректің жамбаста орналасуымен
сипатгалады: еркектерде ол тік ішек пен қуықгың арасында, әйеддерде жатыр мен тік
ішектің арасында орналасады.
Мыкын асты дистопиясы неғүрлым жиі кездеседі, мұндайда бүйрек мықын асты
шұңқыршасында орналасады. Бұл аномалияның неғүрлым жиі болатын көрінісі іш ауырады,
ол дистопияланған бүйректің көрші органдар мен нерв өрімдеріне батуынан болады.
Диагностика экскреторлық урографияның, цистоскопия мен ретроградтық
уретеропиелографияның деректеріне негізделеді.
Бел дистопиясы әдетте 2-3 бел омыртқаларының деңгейінде орналасады, оның шүмекшесі
алға карап түрады.

10.

11. Гломерулопатиялар

• деп бүйрек шумақшаларында болатын
өзгерістерді түсінсек, тубулопатияларда
негізгі өзгерістер бүйрек өзекшелерінде
табылады.
• Гломерулалық аурулар - негізінен бүйрек
шумақтарының патологиясы.
Тубулоинтерстициалдық нефриттерде қабыну
үрдісі аралық тінде дамып, оған бүйрек
өзекшелерінің немесе бүйрек түбегі мен
тостағаншаларының патологиясы қосылад

12. Гломерулонефрит

• Пролиферативті
гломерулонефрит: деншіктері
бөлектелген және анық
байқалатын эндокапилярлы
пролиферация. Баумен
капсуласы бірігіп кеткен

13. Біріншілік нефросклероздар

• Біріншілік нефросклероздар бүйрек артерияларының гиалинозы,
склерозы, фибриноидтық некрозы, тромбозы нәтижесінде
дамиды. Нефроздық сидромның дамуы бүйрек сүзгісінің
өткізгіштігінің күшеюіне байланысты болып клиникада,протеурия
гипоалъбуминемия, гиперлипидемия, липидурия белгілерімен,
дененің ісінуімен көрінеді. Көбінесе нефроздық синдром ересек
кісілерде: жедел жүйелі қызыл жегіде, мембраноздық,
нейропатияда, бүйрек амилоидозында, диабеттік нефропатияда
жәнс т.б. байқалып, екіншілік нефроздық синдром деп аталады.
Жас балаларда нефроздық синдром бүйректің біріншілік
патологиясымен байланысты липоидты нефроз (аз өзгерістер
ауруы) немесе идиопатиялық нефроздық синдром деген атпен
белгілі.

14. Токсикалыќ нефропатияда бїйрек бейнесі

Токсикалық нефропатияда
бүйрек бейнесі

15. Ошаќты сегменттік гломерулосклероз

Ошақты сегменттік
гломерулосклероз
• Бұл патологияда склероздық өзгерістер
бүйрек шумақтарының бір бөлігінен
басталады. Клиникада нефроздық синдром
белгілерін береді. Ошақты сегменттік
гломерулосклероздың көп жағдайларды
себебі белгісіз (идиопатиялық) болады, кейде
липоидтық нефроздан кейін басталады. Бұл
патологиядан айырмашылығы
клиникада гематурия жиі дамиды,
көп жағдайда созылмалы гломерулонефритке
айналады.

16. Пиелонефрит

• Пиелонефрит - бүйрек түбегінің, тостағаншаларының, аралық
тінінің және өзекшелердің зақымдануымен сипатталатын
патология. Бұл инфекциялық сырқаттар қатарына жатады.
Пиелонефрит тудырушы бактериялардың арасында ең көп
кездесетіні ішек таяқшалары мен стафилококтар. Одан басқа
пиелонефриттің дамуына энтерококтар, протей,
клебсиелла,энтеробактер, көк іріңді таяқшалар немесе микроб
ассоциациясы да себеп бола алады. Пиелонефрттерді даму
механизмдеріне қарап, обструктивті және обструкциясыз
дамитын пиелонефриттер деп екі топқа бөледі. Обструктивті
себептерге ер адамдарда қуық безінің аурулары (аденома, рак,
простатит), қуық және тік ішек рактары, несеп жолдарының
тастары; әйелдерде жыныс ағзаларының ісіктері мен осы
ағзалардың қабынуы және несеп жолдарындағы тастар
жатады.
.

17.


Бүйректерде әр түрлі кисталар кездеседі олар
іштен туылған немесе жүре пайда болған себептерге
байланысты болуы мумкін. Бұл кисталардың ішінде бүйректің
поликистозды ауруының клиникалық маңызы зор. Олардың екі
түрін ажыратады. Балаларда поликистозды ауру аутосомдырецессивті негізде дамиды, бала туылған кезде оның
бүйректерінде көптеген майда кисталар болады. Бүйректері
үлкейген. Балалардың көбі 1 жасқа дейін бүйрек
жетіспеушілігінен өледі

18. Поликистоз

• Ересек кісілерде аутосомды-доминантты
түрде дамиды, туылған кезде бүйректерде
кисталар болмайды.
Бүйрек шумақшаларында түзілген
несеп жинаушы өзектерге өтпестен
іркіліп қалып, бүйрек өзекшелері кеңіп,
кистаға айналады. поликистоз
Олар үлкейген сайын
бүйрек паренхимасын басып, атрофиялап
бірте-бірте (40-45 жастарда) бүйрек қызметі
бүтіндей бұзылады.

19. Ќорытынды

Қорытынды
• Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді
сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас
үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері
орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы
сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт
түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына
бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс
бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш
түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа
жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің
ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы
тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут
сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек
арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі
түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.

20.

1. Гистология, цитология и эмбриология. Учебник для мед. вузов. С.Л.
Кузнецов, Н.Н. Мушкабаров. М.: Медицинское информационное
агентство, 2007. – 600с.
2. Гистология. Учебник под ред. Афанасьева Ю.И., Юриной Н.А. 4-е изд.
перераб. и доп. – М.: Медицина, 1989. – 672с.
3. Гистология, эмбриология, цитология. Учебник. 3-е изд., перераб. и доп./
Под ред. Улумбекова Э.Г., Челышева Ю.А. - М., 2007.
4. Гистология. Учебник. 2-е изд., перераб. и доп./Под ред. Улумбекова
Э.Г., Челышева Ю.А. ГЭОТАР- М.:Мед, 2002. – 672с.
5. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских
ВУЗов. Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. - Алматы, изд.
«Эффект». - 2006.- 416с.
6. Алшынбаев М.К. және басқалар, Урология: Медицина жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған оқулық. -Астана: Елорда, 1999. 480 бет.
English     Русский Правила