Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
133.00K
Категория: МедицинаМедицина

Паразитарлы аурудың хирургиядағы негізі

1. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Кафедрасы: хирургия
Дисциплина: жалпы хирургия
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Паразитарлы аурудың хирургиядағы негізі
Орындаған: Аминова С. Н.
Тобы:
314 «А»
Тексерген: Курмангалиев К. Б.
Ақтөбе қаласы – 2016 жыл

2.

Жоспар:
1. Хирургиялық паразитарлы аурулар туралы
түсінік.
2.Эхинококкоз.
3.Аскаридоз.
4.Амебиаз.

3.

Хирургиялық паразитарлы аурулар
Адам денесінде 150ге жуық паразитарлы құрттар мен
олардың жұмыртқалары өмір сүре алады.Оның ішінде
хирургиялық тәжірибеде
эхинококкоз,альвеококкоз,аскаридоз,амебиаз және
описторхоз ауруларын тудыратын паразиттердің
орны ерекше болады.
Эхинококкоз
Эхинококкоз - бұл Қазақстанның эндемиялық
аймақтарында кең тараған,медициналық және
ауылшаруашылық салаларының қатерлі және ауыр
паразитарлы дерті болып табылады.
Эхинококкоз,көбінесе бауырды(60-85%) және өкпені
(15%) зақымдайды. Оның асқынған түрлері
12-15% жағдайда кездеседі.

4.

Хирургиялық емнің жалпы қағидалары:
Қазіргі кезде эхиноккоктың бірден бір емі- хирургиялық
операция болып табылады.Оның ашық,жартылай
жабық және жабық түрлерін ажыратады,сонымен
қатар эхинококкты кистасы бар ағзаны түгел алып
тастайды немесе оның резекциясын
жасайды.Эхинококкоздың қайталануың алдын алу
үшін,оның ұрықтық бөліктерін толық залалсыздандыру
керек. Ол үшін 1-10% формалин ерітіндісі,лазер
сәулесі,плазмалық ағымды аспаптар,төмен жиілікті
ультра -дыбыс, 70*С дейін қыздырылған фурациллин мен
10% NaCl ерітінділері, 0,1-0,2%йод пен йоданат
ерітінділері және глицерин қолдалынады.
Эхинококкоз ауруында өлімнің деңгейі 9,3% тең,ал
асқынған эхиноккокты кистада ол 21,5% дейін
жоғарылайды.

5.

Аскаридоз
Аскаридоз жұмыр құртты аскаридамен шақырылады. Ол
қосжынысты. Аталықтардың ұзындығы 15-20 см болады, ал
аналықтары 40 см-ге дейін жетеді.Адамның жіңішке
ішегінде өмір сүреді,дамуында өте күрделі миграциялық
айналымды өтеді және өмір сүру ұзақтығы бір жылдан
аспайды.Адамға алиментарлы жолмен жұғады.Аскарида
жіңішке ішектің шырышты қабығының беткей қабатының
жасушаларымен және ішек бөліністерімен қоректенеді.
Аскаридоздың патогенезінде екі кезеңді ажыратады:
• Ерте кезең миграциялық;
• Ішектік кезең.
Аскаридоздың ішектік кезеңінде патологиялық үрдіс жіңішке
ішектің шырышты қабығының механикалық зақымдалуымен
және гильминттердің зат алмасу өнімдерінің улы әсерімен
сипатталады.

6.

• Диагностикасы. Диагнозды қою үшін,нәжісті
аскариданың жұмыртқаларына тексереді.
• Емі. Аскаридоздың хирургиялық асқынулары
пайда болса,хирургиялық операция орындалады
колотомия,ішектің түйілуін жою,перфорациялық
тесікті тігу,құрсақ қуысын
тазартып,дренаждарды қою.Операциямен бірге
дегельминтизация шаралары
жүргізіледі:пиперазин,левамизол,мебендазол
тағайындалады.

7.

Амебиаз
Амебиаздың қоздырғышы-Entamoeba hystolytica .
Амебаның дамуы екі сатыдан өтеді:вегетативті
және тыныштық сатылары. Инфекцияның көзі адам
болып табылады,ол цисталарды нәжіспен бөліп
шығарады.Амебалар адамға ауыз арқылы
жұғады.Көпшілік науқастарда амебаның цисталары
ұзақ уақыт ішекте өмір сүріп,ауруды қоздырмайды.
Кейде амебалар гематогенді жолмен басқа ағзаларға
таралып,абцесстердің дамуына себепші болуы
мүмкін.
Амебиаз кезінде бауырда абцесстер түзіледі,олар іш
қуысына жарылуы мүмкін.

8.

Пайдаланылған әдебиттер:
• Алиев М.А.,Ордабеков С.О. Осложненный
эхинококкоз органов брюшной полости.
Алматы,
• Гостищев В.К.Общая хирургия
• Стручков В.И. Хирургическая инфекция.
• Дұрманов К.Д.Жалпы хирургия.
English     Русский Правила