Полижарақаттар кезіндегі диагностикалық және жедел көмек көрсету
Жарақаттар
Сүйектердің сынуы
Жамбас сүйектерінің зақымдалулары
Ішкі ағзалардың зақымдануы
Жүректің зақымдалуы
Көптік жарақаттар
Жарақаттық шок
Жұмсақ тіндердің зақымданулары
Жұмсақ тіндердін соғылуы
Буын байламдарының үзілуі және созылуы
Жаралар
Жаралар мынаган байланысты жіктеледі:
Жарақаттық шығулар
Қаңқа сүйектерінің сынуы
Аяқ-қол сүйектерінің сынықтары
Бассүйегінің жарақаттары
172.00K
Категория: МедицинаМедицина

Полижарақаттар кезіндегі диагностикалық және жедел көмек көрсету

1. Полижарақаттар кезіндегі диагностикалық және жедел көмек көрсету

Лектор: м.ғ.д. Профессор, Н.Түзелбаев

2. Жарақаттар

Сыртқы күштің әсерінен ішкі ағзалардың
зақымдалуымен немесе зақымдануынсыз өтетін
тереңде жатқан тіндердің шырышты қабаттардың
және
тері
жабындыларының
бүтіндігінің
бұзылуы. Жасушаға дейін тері және шырышты
қабаттар зақымдалса өтпелі жара, ал, басқа
жағдайлардың барлығында өтпелі емес болып
саналады. Жара тудыратын заттардың тіндер
аркылы өткен жаракатының нәтижесінде пайда
болған қуыс жара өзегі деп аталады.

3.

Егер де жарақаттаушы снаряд 2 немесе одан да
көп анатомиялық аймақты зақымдаса, онда
бұндай жарақатты қабаттасқан жарақат деп
атайды. Бір анатомиялық аймақтағы бір немесе
одан да көп ағзалардың бір жарақаттаушы
снарядпен зақымдалуын үйлескен жарақат деп
атайды. Операциялық жаралардан басқалары
инфицирленген болып табылады. Жарақаттароқ
жарақаттары,
кесілген,
шаншылған,
соғылған, жыртылған, шабылған, тістелген
болып бөлінеді. Оқ жарақаттары-соқыр, өтпелі,
жанамалы болып бөлінеді.

4.

Белгілері:
тері
жабындыларының
бүтіндігінің бұзылуы, ауру сезімі, қан
кетулер.
Қан
кетудің сипаты мен дәрежесі
зақымдалған қан тамырдың түріне және
диаметріне байланысты болады.

5.

Нақтама: ішкі ағзалардың, буындардың,
жүйкелердің,
ірі
қантамырларының
зақымдалуын анықтау керек немесе жоққа
шығару керек. Жараны саусақпен немесе
зондпен қарауға тиым салынады.

6.

Шұғыл көмек: жарақаттың сипатына
байланысты. Ең алдымен қан кетуді тоқтату
керек, сосын, жараның айналасын 5% йод
тұнбасымен өңдеу керек және асептикалық
таңғыш салу керек. Жұмсақ тіндердің
аймақтық
үлкен
жарақаттарында,
сүйектердің, буындардың зақымдалуында,
транспорттық иммобилизация көрсетілген.

7.

Ауруханаға жатқызу: өтпелі жарақаттар,
сүйектердің, буындардың зақымдалуымен
жүретін терең жаралар және де жұмсақ
тіндердің кең көлемді жаралары ауруханаға
жатқызуға көрсеткіш болып табылады.

8.

Жарақаттық шығулар: - буын беттерінің
жанасуының толық немесе жартылай бұзылуымен
жүретін сүйектердің буындық аяқтарының бір біріне қатысты тұрақты ығысуы. Шыққан деп
сүйектің дистальды бөлігін - сегментін атайды.
Омыртқалардың шығуы ерекше болып табылады,
себебі, ығысқан омыртқа мен бұғананың
проксимальдісі шыққан болып есептеледі, соған
сай стернальды және акромиальді ұштарының
шығуын ажыратады.
Шығулар көп жағдайда
сүйектердің буындық ұштарының сынықтарымен
үйлеседі. Сонымен қатар, үйреншікті шығуларды
ажыратады

9.

Клиникасы. Анамнезінде механикалық
жарақаттың
болуы. Пальпацияда және
қозғалтқанда күшейетін айқын ауру сезімі.
Аяқ - қолдың еріксіз қалпы, буынның
айқын
деформациясы,
кейде
сезімталдықтың
және
саусақтың
белсенді
қозғалыстарының болмауы
байқалады. Ең дұрыс белгісі - буындағы
белсенді
және
белсенді
емес
қозғалыстардың болмауы.

10.

Шұғыл
көмек:
Анальгетиктерді
немесе
наркотиктерді антигистаминді препараттармен
қоса енгізу арқылы ауыру сезімін басуды жүзеге
асырады.
Шығулар
кезінде
зақымдалған
аяқ-кол буындарын бекітіп, көліктік қимылды
жою таңғышы салынады. Жедел жәрдем
дәрігерінің тәжірибесінде тиісті білімі мен
тәжірибесі болған жағдайда, тек қана үйреншікті
шығуларды, салуға болады.

11. Сүйектердің сынуы

Клиникасы: қарап - тексергенде (жарада немесе
тері астында) немесе
пальпаторлы
сынық
аймағындағы
жарықшақтардың, сынық
қалдықтарының
патологиялық
қозғалғыштығы. Сүйек
жарықшақтарының
сықырлауы,
аяқтардың
кысқаруы,
деформациясы, оның өсінің өзгеруі, жергілікті
ауыру сезімі - ол ось бойынша жүктеме
түсіргендей ауыру сезімімен немесе сүйектерді
бүйірлік жақындастырғандағы ауыру сезімімен
сәйкес келеді. Сыныққа күдікті барлық жағдайлар
міндетті түрде сынық деп қарастырылуы керек.

12.

Шұғыл жәрдем. Ашық сынықта және
артериальды қан кетуде - зақымдалған аяқ-қолға
орталықтандыра және жараға мүмкіндігінше
жақындата эластикалық жгут, ал қанап жатқан
қан тамырға қысқыш салады. Ересек науқастарға
жгутты таңудың ұзақтығы жазда 2 сағаттан, қыста
1 сағаттан аспауы керек. Ауыру сезімін басу үшін
анальгетиктер, наркотиктер, гематомаға анестетик
ерітіндісін құяды және де футлярлы анестезия
жасалады.

13.

Жараны жуу: жараның айналасындағы теріні 5% тік йод тұнбасының ерітіндісімен жуып,
асептикалық
таңғыш
салады.
Веноздық,
капиллярлық қан кетулерде - басқыш таңғыштар
салады.
Сүйектердің
ашық
сынықтарына
қимылды жою таңғышы (иммобилизация) қан
кетуді тоқтатып жансыздандырып, жараны жуып
және асептикалық таңғыш салғаннан кейін ғана
жасалады. Сүйектің диафизінің сынығы кезінде
екі көршілес буындарға, буын ішілік сынықтарда,
зақымдалған және екі көршілес буындарға
қимылды жою таңғыштары жасалуы керек.

14.

Көліктік қалыптарды салып жатқанда
немесе салар алдында сынық бөлшектерін,
бұлшық
еттерді
тарту
мақсатымен
репозиция жасау керек. Тартуға қарсы
көрсеткіштер
жағдайының
ауырлығы
(шок), ашық сынықтар болып табылады.
Бұғана мен жауырынның сынықтарын
Дезо таңғышы арқылы бекітеді немесе
орамдық таңғышқа іліңкіреп кояды.

15.

Ауруханаға жатқызу. Ашық сынықтары бар,
көптік және үйлескен сынықтары бар, ірі
түтіктік сүйектердің жабық сынықтары бар
науқастар
травматология
бөлімшесіне
жатқызылады.
Бұғананың
асқынбаған
сынығы, білектің бір сүйегі, қолдың саусақ
сүйектерінің сынығы болса, науқастарды
жарақаттық пунктерде немесе емханаларда
емдейді.

16. Жамбас сүйектерінің зақымдалулары

Олар көбінесе жол-көліктік оқиғаларда,
биіктіктен құлағанда жамбастың қысылуы
болған жағдайларда пайда болады. Мұндай
жағдайда ішкі ағзалардың, ірі қан
тамырлары мен жүйке талшықтарының
зақымдалуымен өтетін жамбас сакинасы
бүтіндігінің
(үздіксіздігінің)
бұзылуы
байқалады.

17.

Клиникасы: Жартылай бүгілген аяқтарының екі
жаққа ығысумен науқастың арқадағы еріксіз
қалпы («құрбақа» қалпы), аяғын көтере алмауы
(«жабысқан өкпе» белгісі) отыра алмауы
байқалады. Сынық аймағының ісінуі, айқын
ауыру сезімі және гематома болады. Уретраның
зақымдалуын іштің төменгі жағындағы ауыру
сезімі, зәр шығарудың кідіруі, зәрде канның
пайда болуы, уретрадан қанның бөлінуін
көрсетеді. Іш қуысы ағзаларының зақымдануы
әуелі
ішкі
қан
кетулермен,
соңынан,
ішастарының қабыну белгілерімен сипатталады.
Жамбас сүйектерінің сынықтары кезінде
көбінесе шоктың дамуы нәтижесінде ауыр
жағдай байқалады.

18.

Шұғыл көмек: Ауыру сезімін анальгетиктер
мен наркотиктерді енгізу арқылы басады (егерде
ішкі ағзалар зақымдалмаса) және жергілікті
анестезия - Школьник блокадасын жасайды.
Егер де шок дамыған болса - жамбастың астына
қатты жастық қойылады немесе жамбасты
сүлгімен, жаймамен тартады.
Науқасты жатқан қалпында өте байқап
орнықтырып шұғыл түрде зеңбіл мен
ауруханаға жеткізеді.

19.

Келесі
мұқият назар аударуды, қарауды
талап ететін ауыр жаракаттардың бірі
омыртқаның
зақымданулары.
Оның
түрлеріне қарай симптомдары және жедел ем
шаралары әр түрлі болады. Мұндай
жарақаттар көбінесе көлік апаттарында және
биіктіктен құлағанда кездеседі.

20. Ішкі ағзалардың зақымдануы

Кеуде торшасының жарақаты ішкі ағзалардың
зақымдалуымен сипатталады. Өкпе және жүректің
зақымдалуы
пневмоторакспен
және
гемоторакспен сипатталады.
Пневмоторакс ашық, жабық және күшенген
(зорланған,
кернелген)
болады.
Жабық
пневмоторакс - өкпе ұштарының тез арада
жабысып плевра қуысына ауаның түспеуінің
нәтижесінде дамиды.

21.

Тыныстың және қан тамырлық бұзылыстардың
дәрежесі пневмоторакстың мөлшеріне байланысты
болады. Ашық пневмоторакс - кеуденің өтпелі
жарақаттарында пайда болады. Жара арқылы
ауаның шығып кіруі тән белгі болып табылады.
Науқастардың жалпы жағдайы ауырлап, айқын
цианоз, ентігу, жиі пульс, АҚҚ қалыпты немесе
төмендегені байқалады. Перкуссияда зақымдалған
бөлігінде тимпанит болады, аускультацияда айқын
әлсіз тыныс естіледі.

22.

Жараның айналасында - тері асты
әмфиземасы болуы мүмкін. Қақпақшалы
пневмоторакс - тыныс
жетіспеушілігінің
айкын белгілерімен сипатталады: тері мен
көзге көрінетін шырышты қабаттардың
цианозы,
ентігу,
тахикардия,
АҚҚ
төмендейді. Жүрек тұйықтығының сау
жаққа қарай ығысуы анықталады.

23.

Шұғыл
жәрдем:
Жабық
пневмоторакста - анальгетиктер енгізіп,
оттегінің ингаляциясы жүргізіліп, ашық
пневмоторакста - сол шаралар, бірақ, жараға
асептикалык таңғыш салу керек. Күштенген
пневмоторакста егер де тынысы бұзылса –
ортанғы бұғана сызығының бойымен II-ші
қабырға
аралықта
плевра
қуысын
пункциялап, Билау бойынша дренаж қояды.

24. Жүректің зақымдалуы

Бейбітшілік
уақытында
оқ
жарақаттарына
қарағанда тесілген - кесілген жарақаттар жиірек
кездеседі.
Клиникасы: Үрейлену сезімі, жалпы әлсіздік, жүрек
аймағында қысылу сезімі және ауру сезімі, бас
айналу, айқын ентігу, жүрек аймағындағы ауру
сезімі. Пульсі жиі, ритмі бұзылған,
АҚҚ
төмендеген. Жүрек тондары бәсең. Жүрек
жарақаттарындағы сыртқы кан кетулер сирек
байқалады.

25.

Нақтама: кеуде торшасының алдыңғы
бетіндегі оң жақ емізік және сол жақ қолтық
асты сызықтарының арасы, жоғары жақтан
сегізінші қабырға арасындағы жарақаттар
жүректің зақымдалуына күдікті болып
табылады.

26.

Шұғыл көмек. Анальгетиктер енгізу,
асептикалық
таңғыш
салу,
үздіксіз
оксигенация, шокқа қарсы шаралар жүргізу.
Жедел түрде науқасқа ыңғайлы қалыпта
ауруханаға жатқызу. Жүректің зақымдалуы
бар науқас туралы алдын - ала емдік
мекемеге хабарлау.

27. Көптік жарақаттар

«Көптік жарақат» деген термин жинақтаушы ұғым
болып табылады, себебі, ол механикалық
жарақаттың төмендегі түрлерін жинақтайды:
көптік, үйлескен, біріктестірілген жарақаттар.
Көптік - олар бір жүйеде орнықса, үйлескен - әр
түрлі жүйелерде және біріктестірілген жарақаттар бір уақытта бірнеше факторлар әсер етсе, ағымы
ауыр болады.

28.

Егер
де
оқшауланған
зақымдалуларда
жарақаттық шок 1% науқастарда дамыса, онда,
көптік сынықтарда ол 21 % науқастарда
байқалады, ал, үйлескен жарақатта 57%
байқалады. Политравманың келесі ерекшеліктері
бар:
1. «Өзара ауырлық салу» деп аталатын синдром
кездеседі. Мысалы, қан жоғалту шоктың дамуына
әкеледі. Ол жарақаттың ағымы мен болжамын
нашарлатады.
2. Әдетте жарақаттардың үйлесуі көрсетілген емде
сәйкессіздік жағдайларын тудырады. Мысалы,
БМЖ наркотиктерді енгізу қарсы көрсетілген.

29.

3. Критикалық жағдайларға әкелетін ауыр
асқынулардың дамуы жиіленеді - мысалы, көп
көлемде қан жоғалту, шок, токсемия, жедел
бүйректік жетіспеушілік, майлы эмболия,
тромбоэмболия.
4. Краниоабдоминалдық жарақатта, омыртқа
жотасының зақымдалуында және кұрсақ
қуысының жарақатында және де басқа
үйлескен
жарақаттарда
клиникалық
белгілерінің өшіріңкілігі байқалады.

30.

Бұл нақтамалық
қателіктерге және
құрсақтың
ішкі
ағзаларының
зақымдалуларын өткізіп алуға әкеліп соғады.
Политравманың клиникасы күрделі және де
басым
зақымдалудың
локализациясына
сәйкес келе бермейді. Политравманың
нақтамасының
ерекшелігі
оның
сатылық сипатында.

31.

Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың өміріне
қауіпті басым зақымдалуды анықтау керек. Өміріне
тікелей қауіп-қатерді жойғаннан кейін нақты
нақтама жүргізуге мүмкіндік болады. Шұғыл
жәрдем: бірінші орында басым зақымдалуды емдеу
керек: қан кетуді тоқтату, тыныс алу жолдарының
өткізгіштігін қалпына келтіру және сүйемелдеу,
шокқа қарсы шаралар. Емдеу барысында басым
зақымдалудың сипаты өзгеруі мүмкін. Ауруханаға
жатқызу: Басым синдромға сәйкес науқасты
зембілдерге жатқызып, шұғыл түрде арнайы
бөлімшелерге жатқызу. Ауыр науқастың түсуі
туралы алдын - ала қабылдау бөліміне хабарлама
беру керек.

32. Жарақаттық шок

Жарақаттың әсерінен пайда болатын өмірге
қауіпті
жағдай.
Ол
организмнің
өміршеңдігін қамтамасыз ететін барлық
жүйелердің іс - әрекетінің үдемелі
бұзылыстарымен сипатталады және де
шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

33.

Шокты көптеген факторлардың әсерінен пайда
болатын үрдіс деп қарастырған жөн. Олардың
ішіндегі ең маңыздысы - жоғалту, тыныс
бұзылыстары болып табылады. Мұның барлығы
жүйелік
және
ағзалық
деңгейдегі
қан
айналымының бұзылысына әкеп соғады. Осы
жағдайлар тіндердің оттегімен қамтамасыз
етілуінің тапшылығына және де ауыр жағдайда
өлімге әкеліп соғады.

34.

Клиникалық
көрінісі.
Науқастың
реакциясына байланысты жарақаттық шоктың II
сатысын ажыратады: эреетильді және торпидті.
Эректильді сатысында науқастың есі бар, беті
бозғылт, көз-қарасы мазасыз, қимыл - қозғалысты
және сөйлеу қозулары басталады. Эректильды
сатысы айқын болса, соғұрлым, торпидті сатысы
ауыр өтеді және де болжамы қолайсыз болады.

35.

Шоктың торпидті сатысы клиникалық түрде
психикасының тежелуімен, науқастың қоршаған
орта жағдайына немқұрайлы қарауы, есі бола
тұра ауру сезіміне деген реакциясының төмендеуі.
Тері жабындылары бозғылт - жер түстес,
жабысқақ тер болады. Тынысы жиі, беткей
болады, пульсі әлсіз, жиі, АҚҚ төмендеген, жүрек
тондары бәсең болады.

36.

Шоктың 3 дәрежесін ажыратады:
I дәрежесі (жеңіл) - систолалық АҚҚ деңгейі –
90 - 100 мм- с.б., ЖЖЖ - 1 мин - 100 дейін., АҚК 30% дейін төмендеген.
II дәрежесі (орташа ауырлықта) - 75- 85 мм с.б.,
ЖЖЖ - 1 мин. 120, АҚК - 35 % дейін төмендеген
III дәрежесі (ауыр) - 70 мм с.б., ЖЖЖ - 130 рет 1
мин. және оданда төмен, АҚК - 45% төмендеген.
IV дәрежесі — терминальды жағдай, клиникалық
өлімге әкеліп соғатын ағзаның өмірге маңызды
қызметтерінің тежелуінің ең ауыр дәрежесі.

37.

Болжамды түрде шоктың ауырлық дәрежесін және
қан жоғалтудың көлемін шоктың индекс
бойынша, яғни, пульстің жиілігін минутына
систолалық АҚК денгейіне қатынасы арқылы
есептеуге болады.
Егер шоктық индекс (ШИ) 0,8 және одан да төмен
болса, қан кетудің көлемі АҚК-нен 10% кұрайды:
- ШИ - 0,9 -1,2 болса АҚК-нен 20%
- ШИ -1,3 -1,4 АҚК-нен 30% қан жоғалтуға сәйкес
келеді

38.

Жедел жәрдем:
1. Сыртқы қан кетуді тоқтату
2. Гиповолемиямен күрес (АҚК -ін толтыру)
3. Ауру сезімін басу, иммобилизация, ТЖЖ
күрес Шок кезіндегі инфузияның жылдамдығы:
I дәрежелі - 100 мл/мин;
II дәрежелі - 200 мл/мин;
III дәрежелі - 300 - 400 мл/мин;

39.

Көмек көрсету барысында мейлінше науқастың
орнын ауыстырмау қажет, мүмкіндігінше шокқа
қарсы емді тасымалдаумен үйлестірген жөн.
Жедел қан жоғалтудың инфузионды трансфузионды емі. Орталық гемодинамиканы
қалпына келтіру: ең алдымен минутына 250 500 мл жылдамдықпен полиглюкин немесе
стабизол ерітінділерін көк тамырға енгізу керек,
себебі, бұл препараттардың көлемдік әсері күшті.

40.

Микроциркуляцияны
қалпына
келтіру:
АҚКқалпына келтіргеннен кейін
реополиглюкин,
5% альбумин ерітіндісі,
протеин cаламыз.
Желатинольдің ағзадан тез шығып кетуі оның
тәжірибе жүзінде қолдануында қиындықтар
туғызады. Транскапилярлы алмасуды, су-түз
алмасуын,
интерстициальді
сұйықтықтың
жоғалтуын қалпына келтіру: лактасол және
немесе 0,9% NaCl ерітіндісін құю.

41. Жұмсақ тіндердің зақымданулары

Жұмсақ тіндердің зақымдануларына соғу,
байламаппараттарының,
буындардың
созылуы және үзілуі, жаралар жатады.

42. Жұмсақ тіндердін соғылуы

Клиникалық көрінісі жарақат аумағындағы ісінуі
мен ауыру сезімі, айналасындағы тіндерге
құйылулардан
тұрады.
Жатқан
қан
тамырлардың зақымданулары кезінде қан
айналасындағы тіндерге құйылуы мүмкін,
фасциальды
қынаптар
арасына
жиналып
гематома түзуі мүмкін, ол ісінумен флюктуация
түрінде көрінеді. Соққы кезінде ауыру сезімі аса
айқын емес және ұзақ емес, жаншылғанда,
массивті
қан
құйылуында
тіндердің
зақымдануларында созылуға әзер келетін кезінде
ауыру сезімі айқын болуы мүмкін және
зақымдалған ағзалардың қызметі шектеледі.

43.

Жедел
жәрдем:
соққы
болған
жерде
гематоманың жайылуына кедергі жасайтын қысып
тұратын таңғыш саламыз, суық (ішінде мұз бар
құты) басу керек. Зақымдалған ағзаны тыныштық
жағдайда ұстау қажет, егер ауыру сезімі болса
балаға 50% - 0,1 мл жасына анальгин енгізу керек.
Жарақат алушыны травмалық пунктке жіберу
қажет.
Жарақаттың дистальді бөлігінде орналасқан, сол
аймақтағы қан айналымы бұзылысы бар
тіндердің жаншылуы, үдемелі гематомасы бар
балаларды ауруханаға жатқызу қажет.

44. Буын байламдарының үзілуі және созылуы

Буын байламдарының үзілуі және созылуы
буындағы тез қимылдан кейін болады. Оның
амплитудасынан биік болатын және оның
қалыпты жағдайдағы бағытына сәйкес келмейтін
қимыл.
Клиникалық көрінісі: байламдардың созылуы
кезінде айқын типті. Аяқ-қолдың қызметі бірден
тежеледі, жұмсақ тіннің ісінуі дамиды, буындардың
пальпациясы ауыру сезімін шақырады.

45.

Буындардың үзілуіне үздіксіз ауыру
жарақат болған жерге қанқұйылу тән.
Емдік - тәсілдік шаралар. Байламның созылуы
кезінде жарақат алушыға жұмсақ қысып тұратын
8-дік тәрізді таңғыш салады, травмалық пунктке
тасымалдайды. Балтыр-табан байламының үзілуі
кезінде, сонымен қатар тізе буыны байламының
кез - келген зақымы ауруханаға жатқызуды қажет
етеді.
сезімі,

46. Жаралар

Жаралар терінің және шырышты қабаттардың
бүтіндігінің
бұзылуымен,
шеттерінің
ажырауымен және жанында жатқан қантамырлардың зақымдалуы нәтижесінде қан
ағуымен
сипатталатын
механикалық
закымданулар. Жаралар ауру сезімімен және
дененің зақымдалған бөлігінің қызметінің
бұзылуымен жүреді.

47. Жаралар мынаган байланысты жіктеледі:

жарақаттың механизміне байланысты:
кесілген, тесілген,
жаншылған, тістеген, оқпен атылған және
т.б
дененің шектелген аймағына байланысты:
ішке енген және ішке енбеген;
жара өзегінің түріне байланысты: жанасқан,
өткен,
тұйық.

48.

Клиникалық
көрінісі
жараның
түріне,
орналасуына және тереңдігіне байланысты.
Бірақ,
барлық жағдайларда оның өзіне тән
кұрылымы болады: шетінің ашылуы, қан ағуы,
ауыру сезімі, қызметінің шектелуі. Жараны бағалау
кезінде міндетті түрде қан ағу сипатын
(капиллярлы, венозды, артериалды, аралас)
анықтау керек, сонымен қатар ішкі ағзалардың
зақымдануларын жоққа шығару қажет.

49.

Емдік - тәсілдік шаралар. Ауруханаға дейінгі
сатыда қан ағуды тоқтату және жараның
іріңдеуінің алдын - алу қажет. Қан тоқтату әдісін
зақымдалған қан-тамырдың түріне байланысты
таңдайды. Жарадағы қан кетуді тоқтату көбіне
капиллярлы қан ағу кезінде іске асырылады.
Басында жараны 3% сутегі асқын тотығымен
немесе 0,1% калий перманганаты ертініділерімен
жуып, стерильденген дәке аркылы қан ағып тұрған
жерді 5-7 минут басып тұрады. Артериалды қан
ағуды тоқтату үшін ірі артерияны қолмен басып
немесе жгут салу арқылы тоқтатады. Көбіне жалпы
ұйқы артериясын, иық және сан артерияларын

50.

Жгут салу әдісі. Ол көбінесе үлкен бұлшықеттік
аймақта (иық, сан) орналасу керек, оның астына
жаялық, орамал немесе мұрын орамал салу керек.
Аяқ-қолды сәл көтереді және алдын ала созылған
жгутпен тінді 2-3 рет айналдырып орайды.
Жгуттың ұшын байлайды немесе ішекке іледі.
Жгутты салу ұзақтығы 2 сағаттан аспау керек.
Осы мақсатпен салынған жгуттың астына кім
және қашан салынғаны туралы қағазға жазып
салып қоямыз. Күн суық кезде жгут салынған аяққолды жылылап орап қояды.

51. Жарақаттық шығулар

Бұл сүйектің буындық бөлігінің ығысуымен,
байламымен
капсуласының
жыртылуымен
сипатталады.
Клиникалық көрінісі: буын аймағындағы ауыру
сезімімен, оның деформациясымен, аяқ-қолдың
физиологиялық осінің бұзылысымен және толық
белсенді және енжар қимылының шектелуімен
көрінеді.

52.

Емдік - тәсілдік шаралар. Шығудың кез-келген
түрінде
балаға
зақымдалған
аяққолдыңтасымалдау иммобилизациясын жасайды
және алдын-ала 50% -0,1 мл жасына анальгинмен
ауыру сезімін басып, хирургиялық бөлімшеге
жеткізеді.
Шыбық сүйегі басының шығуы балалар
жарақаты болып табылады, 1 жаспен 3 жас
аралығындағы балаларға тән. Оның емі негізінен
травмалық пунктте жүргізіледі.

53. Қаңқа сүйектерінің сынуы

Сынық - сүйектердің анатомиялық бүтіндігінің
толық немесе жартылай бұзылысы.
Жедел жәрдем дәрігері үшін балалардағы
сынықтардың келесі
жіктелуі түрлерін үсынады:
1. Жабық және ашық.
2. Толық және толық емес.
3. Сынықтың орналасуы бойынша (эпифизарлы,
эпифизметафизарлы,
диафизді;
буынішілік
және буын сыртындағы)

54.

4. Зақымдалған сүйектердің санына
байланысты - бірлі- жарым және көптік (екі
және одан көп).
5. Ығысумен және ығысусыз.
6.
Қосымша
асқынулары
бойынша
(асқынусыз және жарақаттық шокпен
асқынған, қантамырлар және жүйкелердің
зақымымен асқынған).

55.

Ашық сынықтар сыртқа қан ағуымен және
жараның іріңдеуімен қауіпті. Сондықтан бірінші
көмек қан ағуды тоқтату (асептикалық таңба),
иммобилизация.
Сынықтардың
ығысуымен
болған толық сынық айқын ауру сезімін
шақырады, сондықтан ауыру сезімін басу үшін
алдын - ала 50% -0,1 мл жасына анальгин немесе
1% -0,1 мл өмір жасына промедол салады, аса
ептілікпен ауруханаға тасымалдауды қажет етеді.

56.

Қимылдауды жою (иммобилизация) мақсатында 2 буынды қамтып бекіту керек. Ол жарақат
алушыға ыңғайлы және аяқ-колдың дұрыс осін
сақтауы керек. Дұрыс жасалынған тасымалдық
иммобилизация сынық болған аймақта тыныштық
жағдай жасайды, яғни ауыру сезімін азайту арқылы
шокпен күресудің алдын-алу шараларының
маңыздысы болып табылады. Балалардың аяққолдары сүйектерінің сынуы барысындағы дұрыс
иммобилизацияны іске асыру үшін жедел жәрдем
көлігінде міндетті түрде ұзындығы 25 см, 100 см
Крамер қалыпы болуы қажет.

57. Аяқ-қол сүйектерінің сынықтары

Аяқ-қолдың сүйектерінің сынықтары көбінесе
ұзын түтікше сүйектердің зақымдануымен
сипатталады. Клиникалық көрінісінде жалпы
симптомдар тән, сондықтан оның анықталуы
үлкен қиындықтар туғызады. Жарақат алушының
зақымдалған жерінде сықырды сезеді, қатты ауыру
сезімі пайда болады. Аяқ -қолдың қалпы
мәжбүрлі, белсенді және енжар қимылдары бірден
шектелген. Қарап тексергенде деформация
көрінеді, зақымдалған сегмент қысқарғаны
байқалады.

58.

Емдік - тәсілдік шаралар. Сынықтың түріне
байланысты, ауыру сезімін азайтатын дәрілер мен
тасымалдық иммобилизация міндетті түрде кіреді.
Ұзын түтікше сүйектердің сынығы кезінде
жергілікті ауыру сезімін азайтатын әдіс қолайлы.
Сынық
аймағында
гематоманың
айқын
флюктуациясы анықталатын жерді, пальпация
арқылы табады. Терісін йод немесе спиртпен
сүрткеннен кейін 10мл/кг 0,5% новокаин ерітіндісі
бар шприцпен пункция жасайды.

59.

Иненің дұрыс түскенін шприцте қызыл
түске боялған сүйықтықтың пайда болуы
дәлелдейді.
Балалардағы жамбас сүйектерінің сынуы
ауыр зақымдануларға
жатады.
Балаларда жамбас сүйегінің ерекшелігі
эпифизиолиздің жиілігі, яғни ең аз
қарсылық сызығы бойынша сынықтардың
ығысуы -шеміршектінінің ыдырауы (осу
аймағы).

60.

Жамбас сүйегі зақымдалуының түріне қарай
бөлінеді:
1. Шеткерілік
2. Жамбас сақинасы бүтіндігінің зақымдануынсыз
3. Жамбас сақинасының бүтіндігінің
зақымдалуымен болған сынық.

61.

Шеткерілік сынықтар негізінде тек
жергілікті
симптомдармен
көрінеді:
пальпация кезіндегі ауыру сезімі, қан
құйылуы, ісіну. Жамбас сақинасының
бүтіндігінің
бұзылуынсыз
болатын
сынықтар тек касаға және шонданай
сүйегінің сынығында кездеседі.

62.

Клиникалық көрінісі келесі симптомдармен
көрінеді. Науқас арқасымен жатады, аяқтары тізе
және сан-мықын буындарында жартылай бүгілген,
айқара ашып жатады. Шонданай сүйегінің
горизантальды шыбығының сынығы кезінде
«жабысқан табан»
симптомы болады, ол аяғын ішіне ішіне қарай
тарта алмайды, төсектің бетінен табандарын
ажыратпайды. Жамбас сүйегі сақинасының
бүтіндігінің бұзылуымен болған
сынықтар ауыр жарақатқа жатады, ол кезде
қуықтың жыртылуы және уретраның зақымдалуы
мүмкін.

63.

Емдік - тәсілдік шаралар. Науқастың жалпы
жағдайын бағалау және шокпен қан ағуды
анықтаудан бастау қажет. Егер олар анықталса,
жедел шокқа қарсы емді бастау керек.
Ауыру сезімі айқын болғанда жергілікті
Школьник бойынша новокан блокадасы
жасалынады.
Школьник бойынша новокаин блокадасының жүргізу
тәсілі. Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы
қырына медиальды 1-1,5 см инені енгізеді,
алдымен новокаин, содан кейін мықын сүйегінің.

64. Бассүйегінің жарақаттары

Балалар зақымдануларының арасында бірінші
орында бас миының және бас сүйегінің жабық
жарақаттары құрайды.
Балалардағы
анатомо-физиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты ересек адамдарға
қарағанда бассүйегінің жекеленген сынығы,
массивті субарахноидальды қан құйылуы,
субдуральды және эпидуральды гематомалар
сирек кездеседі.

65.

Ми шайқалуы балалардағы өте жиі және ауыр
бассүйек - ми жарақатының түріне жатады. Ми
шайқалуының клиникалық көрінісі келесі
белгілермен сипатталады:
1. бірнеше минутқа немесе секундқа кенеттен
естен тану;
2. құсық, жиі көп реттік;
3. тері жабындысының бозғылдығы;
4. пульстің жиілеуі;
5. дене қызуының төмендеуі

66.

Ересектермен салыстырғанда балаларда
тыныстың бұзылысы мен брадикардия сирек
кездеседі. Жүйке жүйесі жағынан ошақты
және қабаттық симптомдары болмайды.
Сұрау барысында ретроградты амнезия
байқалады.

67.

Ми соғылуы шайқалуға қарағанда сирек кездеседі.
Ми соққысының клиникалық көрінісі ауыр
белгілермен көрінеді, ОЖЖ жағынан ошақты
симптомдармен қатар бірден болған естен тану
(бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) болады.
Естен тану ретроградты амнезиямен қатар
жүреді. Бастың ауыруы ұзақ және қарқынды
болады. Ал кұсу көп реттік. Ересек адамдармен
салыстырғанда
балаларда
брадикардия,
тыныстың бұзылысы және жұту актісінің
бұзылуы сирек кездеседі. Көбінесе тахикардия
(минутына 140 соққы) кездеседі. Жарақаттан
кейін балаларда бұлшықеттік
тонустың
төмендеуі,
сіңір
және
периостальді
рефлекстердің тежелуі болады.

68.

Мидың жаншылуы балаларда сирек кездеседі.
Клиникалық
көрінісі
келесіден
тұрады:
гипотония, арефлексия, жарыққа реакция жоқ,
қарашығы кеңейген. Ақырындап брадипноэ
күшейеді, тыныстың патологиялық түрлері
пайда болады. АҚҚ үдемелі төмендеуімен
жүретін брадикардия. Ми негізінің бас - ми
жүйкелерінің закымдану симптомдары болады иіс сезу, көру, көз қимылдатқыш, әкеткіш, бет
жүйкелері.

69.

Емдік шаралардың көлемі Ауруханаға дейінгі
кезеңде бастың жарақатына байланысты. Ми
шайқалуында жарақат алушы арнайы емді қажет
етпейді. Естің ауыр дәрежелі бұзылысында, тыныс
бұзылысының ауырлығына
және түріне
байланысты емдеу әдісін тандайды. Жоғарғы
тыныс жолдарын тазарту, ауа өткізгішті енгізу,
кеңірдек интубациясы
және ӨЖЖ.. Егер
брадикардия болса көктамырға атропин 0,1 %-0,05
мл өмір жасына, натрий бикорбанаты (4% -1-1,5
мл/кг), полиглюкин (20 мл/кг). Инфузионды ем
міндетті түрде, себебі ми ісінуі және артериальды
гипотензия кезіндегі гипоксия ОНЖ-не қауіпті.

70.

Қажет болса, 50%-0,1 мл/жасына анальгин енгізіп
ауыру сезімін басады. Бассүйек мидың ашық
жарақаты мидың қатты қабығының зақымдалу
проекциясымен бассүйегінің сыну проекциясына
сәйкес келетін
бастың жұмсақ қабығының жарасы болып
саналады. Клиникалық симптомының айқын
болуы
бастың
және
мидың зақымдану
дәрежесіне, жарақаттың ауырлығына және
науқастың жасына байланысты.

71.

Балалардың сопорозды және коматозды жағдайы
құсумен, терінің кенеттен бозаруымен, жүрек қантамыр, тыныстың, жүту рефлексінің бұзылуымен,
жұту
рефлексінің,
зақымдалған
жақтағы
қарашықтың
рефлекстік
тежелуімен
және
ассиметриясымен, салдану, гемипарезбен көрінетін
аяқ-кол бұлшықеттері тонусының өзгеруімен
сипатталады. Балалардағы бассүйек жарақатының
ашық және жабық түрінде іс-әрекет бірдей:
нейрохирургиялык бөлімшеге жаткызу. Басты
бүйіріне бұрып горизонтальды қалыпта щитке
жатқызып тасымалданады.
English     Русский Правила