1.24M
Категория: ЛитератураЛитература

Жəркен Бөдешұлы поэзиясы

1.

Жəркен Бөдешұлы поэзиясы
Орындаған: Қамза Жібек

2.


Мына ауылдың түтінін ана ауылға
қосатын,
Ана ауылдың түтінін мына ауылға
қосатын.
Құбыладан ескен желдеймін,
Мен кеулеймін, кеулеймін.
Көз жеткізбес дала-қырды кеулеймін.
Қойны-қоншы балағыңнан кеулеймін.
Қасаң мұздың көбесінен кеулеймін.
Жасаң құздың төбесінен кеулеймін.
Мен кеулеймін, кеулеймін,
Естімесең – құлағыңнан кеулеймін.
Есінесең өзегіңнен кеулеймін,
Хас сұлудың іргесінен кеулеймін.
Жас ғұмырдың жыр кешінен кеулеймін.
Тұра алмайын кеулеп, желпіп, үрлемей,
Желдетпейтін кеуде түнек түрме ғой.
Анау биік жасыл тауды,
Еңкеймейтін асыл тауды,
Тұра алмаймын желбіретіп желпімей,
Мен дегенің – еркін қиял, еркін ой.

3.

Жəркен Бөдешұлы
1944 жылы 15 мамырда туған.
ҚазМУдің журналистика
факультетін бітірген.
Мерзімдік басылымдарда жəне
мемлекеттік Кітап палатасында
жауапты қызметтер атқарған.
Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығында бөлім
меңгерушісі болған.
Қазір Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының əдеби кеңесшісі.
Загружаю…

4.


Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының
лауреаты;
Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ
фестивалінің иегері;
Қ.Сəтбаевтың 150 жылдық
мерейтойына арналған халықаралық
мүшəйраның бас жүлдегері.

5.

Шығармалары
Көкше құрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А.,
«Жалын», 1979;
Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984;
Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А.,
«Жазушы», 1985;
Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэмапортреттер.
А., «Жалын», 1988;
Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен
поэмалар. А., «Сөзстан», 1996;
Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001;
Бөрінің асығы. А., «Жазушы», 2005;
Бұрылыс. А., «Сөздіксловарь», 2007.
Загружаю…

6.

7.

Көкіректегі оттай ыстық жүректі,
Бір жапырақ тірі етті –
Соқпаса ұлтым, жұртым деп,
Лақтырам итіме есігімді күзеткен.
Итім артық емес пе ондай мəңгүрт
жүректен.
Жайлау етіп жапалақ жайлар жар астын
Жалған айтсам нан атсын.
Екі бірдей көзімді шоқытам аш құзғынға.
Болашағын көрмесе буырқанған Алаштың.

8.

9.

Сары ауруға үшкірген Сары əулие емеспін
Сары уайым сапырған, сары аюдай ақырған.
Сары қасқа ұлық емеспін, арыз түскен
үстімнен
Сары өзенді бойлаған сары қанат құспын мен,
Қарашығым сарғайып, сары қанатым кең
жайып,
Ұштым,
Ұштым,
Ұштым мен.

10.

Өліп, тірілу
Тағдырдың қуғынға сап өкпек желі,
Жоғалып кетсем керек көптен бері.
Ауылға біреу келіп үш жылдан соң,
Шекарада атылып кеткен деді...
Рас-ау, қарыс жерде қаза бар-ды,
Өксітті суық хабар жан анамды.
Туып-өскен ауылым күңіреніп,
Дұға оқып, шығарыпты жаназамды.
Р.S.
Бұл күнде секілдімін бір тірі елес,
Енді менің өлуім мүмкін емес.

11.

Загружаю…

12.

Құс қиялы
Шынжырлаусыз
Томағасыз –
Құспын мен.
Құс болған соң:
Ұштым
Ұштым
Ұштым мен.
Көлбеңдеген көлеңкемді қайық қып,
Жүзіп өттім, дариялар, үстіңнен.
Ұшып өттім таулар, сенің төбеңнен,
Ұшып өттім жер бетімен көнерген.
Көне алмаймын отыруға омалып,

13.

Қанатымды сыпыртқы етіп жер жүзін,
Тазалаймын лас, қоңыс,
Сең, мұзын.
Сілкіп, желпіп адамзаттың санасын,
Айдап шығам ішіндегі жел-құзын
Көресімді ұшып жүріп көремін,
Ажал жетсе ұшып жүріп өлемін.
Көнбеймін-ау, жалынсаң да көнбеймін,
Тек шындықтың үкіміне көнемін.
Ай,
Жұлдыз,
Бұлт
Бермегесін жемісін,
Жерге қондым жем үшін.
English     Русский Правила