Похожие презентации:
Хирургиядағы деонтология
1. ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
HOCA AHMETYESEVI
ULUSLARARASI
TURK-KAZAK
UNIVERSITESI
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ - ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Жалпы медицина факультеті
Тақырыбы: Хирургиядағы
деонтология
Қабылдаған: Тұяқбаев Бағлан
Пардабайұлы.
Орындаған:Асанов Б.
Тобы: ЖМ–305
Түркестан 2017.
2. Жоспар:
І. КіріспеДеонтология түсінігі
II. Негізгі бөлім:
Дәрігер қандай болуы шарт
Хирург жұмысының ерекшелігі
Дәрігер мен науқас қарым-қатынасы
Дәрігер мен мейірбике қарым-қатынасы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3.
КіріспеДәрігердің кәсіптік білімін күнделікті емдеу
тәжірбиесіне тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін
және сол емнің нәтижесін анықтайтын жағдай –
деонталогиялық қаңидаларды қатаң сақтау болып
табылады.
Деонталогия (deon-міндет, logos-ғылым) деген
термин ХХI ғасырдың басында ағылшын философы
И.Бентам “адамның белгілі кәсіптік іс-әректтерін
қамтитын ғылымның саласын белгілеу үшін” ұсынды.
4.
5.
Медициналық деонталогиялық іс дәрігерлердіңморальдық,этикалық адамгершілік қабілетін, өз
мамандығына байланысты қоғам, халық алдындағы
борышы, ауру адамдарға,өз әріптестеріне, науқастың
туыс-туғандарына деген қарым-қатынасы, кәсіптік өсу
жолдары, өз жұмыстарын сырқат адамның мүдделеріне
сәйкес ұйымдастыру сияқты өте маңызды мәселелерді
қамтиды.
6.
7.
С.С.Юдидің айтуы бойынша , хирургке керегі”скрипкашының және пианистің саусақтарыныңжылдамдығы, дәлдігі, аңшының көзбен шамалауы,
қырығылығы, жақсы мүсіншілердің әрбір болымсыз түстің
өзгерістерін, реңнін байқағыштығы, інжу-маржанмен,
жібек жіппен тоқитын шілтершілердің
/тоқымышылардың / және кестешілердің ұқыптылығы,
тәжірбиелі пішуші мен модельді кебісшінің шеберлігі, ең
басты – фокусшіліердің және жонглерлердің кәсіби
қасиеттерін көрсете отырып, тігу, білу, көзбен көрмей өте
терең операциялық жараның түбінде 2-3 саусақпен
лигатураны түйіндеп байлау”.
8.
9.
Хирург ауруға операция жасай отырып, оған оныңденсаулығын қайтарады. Хирург мінез- құлқы үлгілі,
мәденитті және білімді болуы керек. Хирург-дәрігер
өзіне өте талғампаз, қатал талаптар қойып отыруы
керек.
Аса зер қоятын мәселе: ол дәрігердің, оның ішінде
хирургтың аурулармен қатынасқанда мінез-құлқының
принциптері.Дәрігер ауру адамға шын ықыласпен және
қамқорлықпен қарауы керек.
Хирургиялық сырқаттарды тексеру, толық диагноз қою
сатысы да көптеген деонталогиялық қателіктердің
нышаны болу сүскін.
10.
11.
Дәрігер құпиясы деген не? Дәрігердің құпиясы деп,біріншіден, ауру адам жөнінде жиналған құпия деректерді
қоғамға әңгімелемеу, екіншіден, дәрігер ауру адамға оның
өзінің қолайсыз, қатерлі сырқатының диагнозын, болжамын
және басқа да ауруға керек емес құпияларды білдірмеуі керек.
Дәрігер құпияны ұстау алғаш рет “Гиппократтың
антында” жазылған.Бұл құпиялықты хирургтармен бірге
онымен бірге жұмыс істеп, көмектесіп жүрген орта және
кіші медициналық қызметкерлер де қатал сақтаулары керек.
12.
13.
Дәрігердің әрбір жағымсыз сөзі науқас адамға уайымқайғы, қорқыныш, сенімсіздік туғызып өмірден күдерінүздірсе, ал бір ауыз жақсы сөзі жан күйзелісін жойып,
өмірге деген ынтасын арттырып, емнің шипа болатынына
сенімін күштейді.Дәрігердің сөзі хирургияда ең құдіретті
күш, ал егер ойланбай аитылса ең қауіпті, адам жаның
құлазуына әкеп соғады. Сондықтан дәрігердің жылы сөзі
жылы лебізбен, мол сеніммен, науқас адам сезінетіндей
шынайы ықыласпен ыйтылуы тиіс.
14.
Егерде науқастың ауруы қатерлі ісік,не өміріне кауіпті,емдеу нәтиже бермеитіндей болса, оны айтпай, басқа
бір жеңіл ауруды айтуы керек. Мұндай алдау науқасқ
адамға өте қажет, емнің ең маңызды нысаны болуы
ықтимал. Операция жасау керектігін айту, оған науқас
адамды көндіруде оңай жұмыс емес.Ең алдымен хирург
міндетті түрде операция жасау керектігін, оның
ауырталығын, операцияның нәтижелі өтетініне
науқастын көзін жеткізу керек.”Науқас адамға өзіне, не
өзінің ең жақын адамдарына жасағың келетін
операцияларды ғана жасау керек” деген Н.Н.
Петровтың қағидасын пайдаланған жөн.
15.
16.
Емдеу барысында медбикелердің жұмысы, оныңдеонталогиялық талаптарға сай келуі өте маңызды .
Медбикелер тек қана дәрігерлердің тағайындаған емін
мұқият жүзеге асырып қоятын қосалқы қызметкерлер
емес. Сонымен қатар олар науқас адамдарға үлкен
психикалық, рухани әсер беретін емдейтін дәрігердің ең
басты көмекшілері. Медбикені сырқат адамға деген
шынайы ықыласы, мейрімді жылы сөзі жасалып
жатқан емнің ең негізгі екенін еш уақытта естен
шығармауымыз керек. Әрбір емдейтін дәрігер
тарапынан медбикеге деген қарым-қатнас оның
жұмысына берілетін баға, көрсетілетін сый-құрмет
осы жоғарыда айтылған қағидалармен анықталады.
17.
ҚорытындыДәрігер тиянақтылығын сипаттай келе белгілі неміс
ғалымы, хирург Т.Бильрот былай деген екен: ”Егерде мен
науқастан қалатын болсам мені тым көп білетін емшінің
емдеуі шарт емес. Мені тиянақты, ұқыпты, инабатты,
рақымшыл дәрігер емдемесе екен деп армандар
едім”.Міне бұл айтылған сөз, дәрігердің жоғарыда
сипатталған қасиеттерінің маңызы өте зор екеніне жақсы
дәлел бола алады. Өкінішке орай, ұқыпсыз, өз міндетіне
тиянақты қарамайтын, оған қоса білімі де төмен дәрігер
мамандар қәзіргі кезде жиі кездесетін құбылысқа
айналып бара жатақаны байқалады. Бұл өте өкінішті және
қорқынышты сезімін тудыратын жағдай !
18.
Пайдаланылған әдебиеттерХирургиялық нұсқау (Жалпы ред. Басқарған Қазақстан
Рес. Ұлттық ғылым акад. Акдемигі М.Ә.Әлиев. 22-23
бет.
Госпитальдық хирургия Алматы Сапарова Қ.Ғ. 3 бет.
Медициналық деонталогия және хирургиялық аурулар
практикумы Нұрмақов Аман Жәмелұлы, Алматы,
ЖШС “Эвро” 2012 ж 14 бет.