Похожие презентации:
Ақшаның мәні және оның пайда болу тарихы
1. Ақшаның мәні және оның пайда болу тарихы
Орындаған: Сүгірәлиева Н.Тексерген: Калышев С.М.
2. А қ ш а
Ақша•Ақша
- айырбас құралы ретінде
барлық адамдармен қабылданатын
және басқа тауарларды (қызметтерді)
бағалауға қызмет ететін кезкелген
тауар немесе символ.
3. Жалпы мәлімет
• Ақша(ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға
бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін
ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар,
тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз
етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы
нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші
еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда
дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның
толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен
айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар
бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп,
құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық
формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы
жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни
ерекше тауар түрі – ақша пайда болды.
4. Тарихы
• Біздіңзаманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс
пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық
есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір
бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер
(біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген.
Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек
жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір
қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың
таңбасы
қашалған,
ру
рәмізін
бейнелеген
теңгелер
құя
бастаған.
Сырдарияның
орта
алабында
өмір
сүрген
тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі
аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі
болған
арыстан
бейнеленген.
Мұндай
теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған.
Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.
5.
Жиао зы алғашқықағаз ақшаның түрі,
Сонг әулеті, Қытай
6. Тарихы
• 16ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс
теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін
атқарып келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ
хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың
дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ
хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде
үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж.
Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.
Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің
құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде
пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін
атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан
және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның
атқаратын қызметінен көрініс береді.
7. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:
• айналысқұралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды
сатып алуға болады
• құн
өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа ұсынылған кез
келген тауардың құны өлшенеді
• қорлану
қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші
тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып
алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай ақша қазына құрау
қызметін атқарады.
8. Ақшаның мәні және қызметтері
• Ақшалартөлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
• Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну
заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
• Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе,
ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие боласа,
мемлекетсол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл
жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген
купюраларды шығаруы мүмкін.
• Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық
бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
• Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар
айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың
қызметтері арқылы атқарады.
• Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.
9. Алғашқы тиын түрлері
10. Ақшаның түрлері
Ақшаөзінің дамуы барысында екі
түрге бөлінеді:
•толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
•толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).
11.
Ақшаның түрлеріТолық құнды ақшалар
• Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға
кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген.
Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады.
Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл
олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс
және жаны — гурт деп аталады.
Толық құнсыз ақшалар
• Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан,
яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін
ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік
ақшаларға
*
12.
13. Ақшаның экономикадағы рөлі
• Ақшаэкономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы
үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде
ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір
жақтарын сипаттайды.
• Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне
мыналар жатады:
1.құн өлшемі және баға масштабы
2.айналыс (айырбас) құралы;
3.төлем құралы;
4.қорлану және қор жинау құралы;
5.дүниежүзілік ақша.
14. Ақша айналысы және оның заңы
• Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлыемес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолмақол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
• Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің
терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың
қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай
дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық
жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның
қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы,
сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
• Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолмаколсыз ақшалар айналысы кіреді.
15.
16.
• Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысынбілдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар
(қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты
ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден
шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы
қазынашылықтың үлесіне тиеді.
• Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар
айналымы ақшаларының қозғалысы.
• Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық
карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын
клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).
• Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз
байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс
аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық,
қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың
қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша
алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға
ауысуы байқалады.
17. Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атауларыАқша бірлігі
Елдің атаулары
Ақша бірлігі
Қазақстан
1 теңге = 100 тиын
АҚШ
Ресей
1 рубль = 100 копеек
Англия
Украина
1 гривня = 100 копийка
Израйль
Беларусь
1 рубль = 100 копеек
Жапония
1 иен = 100 сена
Өзбекстан
Қырғызстан
1 сум = 100 тийн
1 сом = 100 тыйн
Сауд Арабиясы
Түркия
1 риал = 100 халал
1 лир = 100 куруш
Тәжікстан
1 сомони = 100 дирам
Кувейт
1 динар =100 дирхам = 1000
филса
Әзірбайжан
1 манат = 100 гепик
Қытай
Армения
1 драм =100 люма
Йемен
1 юань = 10 цзяо = 100
финям
1 риал = 100 филса
Молдова
1 лей =100 бань
Кипр
1 фунт =100 миллима
Біріккен Араб Әмірлігі
1 динар = 100 филса
Үндістан
1 рупия 100 пайса
Ауғаныстан
1 ауған = 100 пул
Марокко
1 дирхам = 100 сантима
Египет
1 фунт = 100 пиастра
Монголия
1 тугурик =100 мунгу
Австралия
1 австралия доллары = 100
цент
Тайланд
1 бат = 100 сатанга
1 ирландия фунты = 20
1 доллар = 100 цент
1 фунт стерлинг = 100
пенса
1 шекель стерлинг = 100
агора