Похожие презентации:
Жүрек ырғағының бұзылысы. Пароксизмальды тахикардия
1. Жүрек ырғағының бұзылысы. Пароксизмальды тахикардия
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : К Ү Н Ж І Г І Т О ВАБАЯНСҰЛУ
ТОБЫ: ЖМ13-009-01Қ
Қ А Б Ы Л Д А Ғ А Н : Б И Ж А Н О ВА М . П .
2. Анықтамасы
Жүрек ырғағының бұзылуы деп жүректің автоматизмі,қозғыштығы, өткізгіштігі жəне жиырылу функциясының
бұзылу нəтижесінде дамитын қалыпты физиологиялық
жиырылу реттілігінің өзгеруін айтады. Мұндай
бұзылыстар патологиялық жағдайлардың, жүректің жəне
онымен байланысты жүйе ауруларының жеке өзіндік
клиникалық маңызы бар жəне кейде шұғыл шара
қолдануды қажет ететін симптом болып саналады.
Жедел жəрдем мамандарының жоспарында жүрек
өткізгіштігі бұзылысының мəні зор, себебі олардың
қауіптілігі жоғары сондықтан анықталған уақыттан бастап
науқасты тез арада ауруханаға жеткізу қажет.
3. Қауіп-қатер факторлар
Ырғақ бұзылысы тікелей жүрек зақымдануының еңмаңызды маркері болып табылады:
- жүрек бұлшықетінің атеросклероз нəтижесінде
дамыған өзгерісінің (ЖИА, миокард инфарктының);
- миокардиттердің;
- кардиомиопатиялардың;
- миокардиодистрофиялардың (алкогольдік,
диабеттік, тиреотоксикоздық);
- жүрек ақауларының;
- жүрек жарақаттарының.
4.
Жүрек зақымдануына байланыссыз дамитынаритмиялардың себептері:
- АІЖ патологиялық өзгерісі (холецистит, асқазан
мен ұлтабардың ойық жара ауруы, диафрагма
жарығы);
- бронхы-өкпелік аппараттың созылмалы аурулары.
- ОЖЖ бұзылыстары.
- интоксикацияның əр түрлі формасы (алкоголь,
кофеин, дəрілер, оның ішінде антиаритмиялық дəрідəрмектер),
- электролиттер балансының бұзылуы.
5. Клиникалық белгілер
1. Жүрек шығарылымы төмендеуініңклиникалық симптоматикасы
Симпато-адреналдық жүйенің белсенділену
белгілері:
- тері жабындыларының бозаруы;
- тершеңдік, аяқ-қолдың ылғалдануы жəне мұздауы;
- ми қанайналымының нашарлауынан есі ауытқу
белгілерінің үдей түсуі;
- Морганьи-Адамс-Стокс синдромы;
- артериалдық гипотония (систолалық қысым 90
мм.сын.бағ. төмен).
6.
2. Күрт дамитын тахикардияШамадан тыс жүрек ырғағының жиілеуі коронарлық
қанайналымды азайтып, миокард ишемиясын туындатуы
мүмкін.
3. Жүректік жеткіліксіздік
Солқарыншалық жеткіліксіздік дамығанын өкпе ісінуі, ал
жарма веналар қысымы жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы
оңқарыншалық жеткіліксіздік дамығанын көрсетеді.
4. Көкірек қуысындағы ауырсыну
Кеудедегі ауыру сезімі миокард ишемиясы əсерінен дамыған
аритмия, əсіресе тахиаритмия бар екенін білдіреді. Бұл кезде
науқас жүрек ырғағын жиілегеніне кейде шағым жасауы да,
жасамауы да мүмкін.
7.
8. Анықтамасы
Пароксизмальды(ұстамалы) тахикардия
(ПТ) – көбіне жүйелі
ырғақ сақталған күйде
кенеттен жүректің
жиырылу жиілігінің
минутына 140-250-ге
дейін жиілеп, кейін
кенеттен бұрынғы
қалпына оралуы.
9. Этиологиясы
1. Жедел миокард инфарктісінде, жүректіңсозылмалы ишемия ауруында, миокардиттерде,
кардиомиопатияларда, жүрек ақауларында және
басқа ауруларда жүрек бұлшық етінің жергілікті
органикалық зақымдануы.
2. Өткізгіштіктің қосымша аномальды
(ауытқыған) жолдарының болуы.
3. Ауыр вегетативті – гуморальдық өзгерістер;
4. Висцеро – кардиальдық рефлекстердің және
механикалық әсерлердің (қосымша хордалар,
митральдық қақпақтың пролапсы) болуы.
10. Патогенезі
Негізгі механизмі – жүрекшелер менатриовентрикулярлық құрамаларда орналасқан
эктопиялық орталықтардың клеткаларының
автоматизмінің күшеюі мен қайта енетін
импульстің айналма қозғалысының күшеюі.
Эктопиялық активтіліктің күшеюі жүрекшелік
ПТ-ң, қозудың қайта енуінің механизмі
атриовентрикулярлық тахикардияның және
қарыншалардың мезгілінен бұрын қозуы
синдромында болатын суправентрикулярлық
тахикардияның пайда болуының негізін
құрайды.
11. Клиникасы
Науқастың басты шағымы– кенеттен жүректің өте
қатты және жиі соға
бастауы. Бұған қоса
әлсіздік, бас айналуы,
кейде ентігу, кейде
кеуденің немесе іштің
ауыруы байқалады.
Спазмдық несеп бөлу
симптомы – ұстама
кезінде поллакурия мен
полиурияның пайда
болуы.
12.
Объективті тексергенде: терінің қуқыл тартуы,кейде мойын тамырларының солқылы
байқалады. Тыңдағанда: жүрек ырғағы
бұзылмаған, жүректің жиырылу жүйесі 1 минутқа
130-250 тең болады, ІІ тон әлсіреген. Пульс әлсіз,
жұмсақ, пульс тапшылығы (дефициті) жоқ, жиі
АҚҚ төмендеген болады. Шок немесе өкпе
шемені дамуы мүмкін. Ұстаманың ұзақтығына
қарай тұрақсыз ПТ-ны (ұзақтығы 30 с дейін),
тұрақты ПТ-ны (ұзақтығы 30 с жоғары) және
созылмалы (тұрақты қайталамалы) ПТ-ны
ажыратады.
13.
Жүрекшелік ПТ-ң ЭКГ-белгілері:1. Жүрек ырғағы бұзылмаған күйде жүректің жиырылу
жиілігінің кенеттен 1 минутта 140-250-ге жетуі және оның
кенеттен сиреп, бұрынғы қалпына оралуы.
2. Әр қарыншалық QRS комплексінің алдында аласарған,
деформацияланған, қос фазалы немесе теріс мәнді Р
тісшесінің болуы.
3. Ұстама басталғанға дейін болған қалыпты өзгермеген
QRS комплексіне ұқсас QRS комплексінің сақталуы.
4. Кейбір жағдайда АВ-өткізгіштігінің бұзылып, АВблокаданың І немесе ІІ дәрежесінің бой көрсетуі, сол
себепті мезгіл-мезгіл кейбір QRS комплексінің түсіп
қалуы (тұрақсыз белгі).
14.
Атриовентрикулярлық ПТ-ң ЭКГ – белгілері:1. Жүректің бұзылмаған ырғағы сақталған күйде
кенеттен жүрек жиырылуы жиілігінің 1 минутта 140250-ге жетуі және оның кенеттен бұрынғы қалпына
оралуы;
2. ІІ, ІІІ және avF тіркемелерінде Р тісшесінің
болмауы (Р тісшесі QRS комплексімен қосылып
кеткен) немесе ІІ, ІІІ және avF тіркемелерінде QRS
комплексінен кейін (әдетте R және Т тісшелерінің
аралығында орналасқан) орналасқан теріс мәнді Р
тісшесінің болуы;
3. ПТ басталғанға дейін QRS комплексіне ұқсас
қарыншалар комплексінің сақталуы.
15.
Суправентрикулярлық пароксизмальдытахикардияны жыбыр аритмиясының
тахисистолалық түрінен ажырата білу қажет.
Жыбыр аритмиясының ең басты айырықша
белгісі – ЭКГ-дағы қарыншалар комплексінің
дұрыс емес, реті жоқ, жүйесіз ырғағы.
Жүрекшелік ПТ-ны синустік тахикардиядан
айыра білу де қажет. Синустық тахикардияда
ырғақ жиілігінің өте күшті ауытқуы болмайды
және ЭКГ-да түрі өзгермеген Р тісшесі тіркеледі.
16.
БелгіСуправентрикулярлық ПТ
Қарыншалық ПТ
Жасы
Жастық жас басым
Көбіне егде ж/е қарттық
жас
Жынысы
Екі жыныс өкілінде
бірдей
Негізінен еркектерде
Басталуы мен соңы
Кенеттен болатын басы
мен соңын науқас айқын
ажыратады
Көбіне науқас
байқамайды
Ырғақтылық
Әдетте 160/мин. жоғары
Әдетте 160/мин. жоғары
емес
Жүрек тондары
Екеуі де күшейген, кейде
біреуі жарықшақтанған
Мезгіл-мезгіл І
«зеңбірек» дыбысты тон
Мойын веналарының
пульсациясы
Жиі артериялық пульспен Сирек биік толқындар
синхронды
байқалады
Ұстаманың даму барысы
Көбіне жеңіл
Көбіне ауыр
Верапамилдың ұстаманы
тоқтату әсері
Ырғақты сиретеді, не
ұстаманы тоқтатады
Болмайды
17. Диагностика
Зертханалық зерттеулер:Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Қанның биохимиялық анализі
Коагулограмма
Қан тобы және резус фактор
Қанның электролиттік құрамы
18.
Аспаптық зерттеулер:Кеуде қуысының рентгенографиясы
ЭКГ
ЭхоКГ
ФГДС
Артериялар допплерографиясы
Спирография
19. Емі
Жеңілдеу жағдайда сатылы жолмен дәрілік емқолданылады.
І саты препараттарына лидокаин, аймалин,
новокаинамид жатады. Лидокаиннің кем дегенде
100-200 мг, яғни 2% ертіндісінің 5-6 мл-ін 5%
глюкоза ертіндісінің немесе натрийдың изотониялық
ертіндісінің 15-20 мл-інде ерітіп, 3-4 минут бойы
венаға жібереді. Осы дозаны 20-30 минуттан кейін
қайталауға болады. Қол жеткен нәтижені бекіту үшін
(ПТ-ң ең жақын профилактикасы) лидокаинды
полиглюкинге, декстранға немесе 5% глюкозаға
қосып, 60-200 мг/сағ. жылдамдығымен тамшылатып
тамырға егеді. Тәуліктік доза 2-3 г жетеді. Бұлшық
етке егуге болады.
20.
Аймалин (гилуритмал) 50 мг дозада венағаегіледі, яғни оның 2,5%ертіндісінің 2 мл-і
глюкозаның 5-40% ертіндісінің немесе натрий
хлоридының изотониялық ертіндісінің 10 мл-не
қосып, 3-4 мин. бойы венаға жіберіледі.
Нәтижені бекіту үшін оның 2,5% ертіндісінің 2
мл-н 3-4 сағат сайын венаға егіп тұру керек.
Тәуліктік дозасы 2,5% ертіндінің 8-10 мл-і.
21.
Новокаинамидтің (прокаинамид) 10%ертіндісінің 10 мл 5% глюкозаның 90 мл-не
қосып венаға минутіне 35-40 тамшы
жылдамдығымен жіберіледі, шұғыл көмек
көрсету керек жағдайда 10% новокаинның 10 млне 5% глюкозаның немесе натрий хлоридының
изотониялық ертіндісінің осындай көлемін
қосып, венаға ағындатып егеді. Нәтижені бекіту
үшін новокаинамидтың 5-10 мл 4 сағат сайын
бұлшық етке егіледі. Ең жоғарғы тәуліктік доза 10% ертіндінің 40 мл-і.
22.
Пароксизмальды қарыншалық тахикардияныңұстамасын тоқтатудың ІІ сатысында этмозин
(2,5% ертіндінің 6 мл), этацизин (2,5% ертіндінің
2,4 мл), ритмилен (венаға ағынды түрде 2 мг/кг
дозасында, бірақ 150 мг жоғары емес, 5-7 мин.
бойы) қолданылады.
23.
ІІІ саты дәрілеріне кордарон және оныңаналогтары жатады. Кордарон 300-400 мг (5%
ертіндінің 6-9 мл) 30 с – 3 мин ішінде венаға
ағынды егіледі. Сүйемел ем – кордаронның 300
мг 5% глюкозаның 250 мл қосып 1-2 сағат
бойында венаға жіберіледі.