Похожие презентации:
Орталық жүйке жүйесі. Нерв
1.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУБиология және биотехнология факультеті
Орталық жүйке жүйесі. Нерв
Орындаған:
2. Мазмұны
КіріспеОрталық жүйке жүйесі
Негізгі бөлім
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Сомалық және вегетативті жүйе
Жүйке орталығы
Қозу физиологиясы
Физиологиялық тыныштық
Физиологиялық белсенділік
Тітіркендіргіштер
Нейрон
Нейрофильдер
Синапс
Жұлын
Қорытынды
3. Орталық жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адаммен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның
өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
4.
Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-біріментізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден)
Омыртқалы жануарларда
жұлын мен мидан тұрады.
Тірі организмді құрайтын
түрлі
органдар
жүйелерінің қызметтерін
үйлестіріп,
реттеп
отырады.
5.
Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын
жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы
атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және
вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке
жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену
процесінде пайда болатын жүйке импульстары
орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары
арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде
импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің
орындаушы
бөлімдері
–
орталықтан
тепкіш
(эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты”
тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке
жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын
қамтамасыз етеді.
6.
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы –Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондайақ, оны организмнің барлық органдары және
тіндерімен
байланыстыратын
өткізгіш
жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық
жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және
вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары
орналасқан.
7.
Сомалық жүйке жүйесісыртқы тітіркендіргіштерді
қабылдайды және қаңқа
бұлшық еттерінің қызметін
басқарады, ол организмнің
қимыл-қозғалысын, сыртқы
ортада бір жерден екінші
жерге жылжуын қамтамасыз
етеді.
Орталық
ми
қыртысында орналасқан –
айқын шектелген шекарасы
жоқ, ядро және шашыраған
бөліктерден тұрады. Ми
қыртысынан
шыққан
импульстер ми сабауы мен
жұлындағы
қозғалтқыш
ядролар арқылы бұлшық
еттерді қозғалысқа келтіреді
8.
Вегетативтік жүйке жүйесініңпарасимпатикалық бөлігінің орта ми
көпірінде, ортаңғы және сопақша
мида,
жұлынның
сегізкөздік
бунағында; симпатикалық бөлігінің
орталық жұлынның VІІІ мойындық, І –
XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында
орналасқан. Аталған екі бөліктің де
қызметін біріктіріп басқаратын жоғ.
вегетативтік орталық – мидың сұр
затының құрамында болады. Адам мен
жануарлардың
ми
сыңарларының
қыртысы және қыртыс асты (базальді)
ядролары Орталық жүйке жүйесінің
жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске
асыратын орталығы болып табылады.
Адамның мінез-құлқы, оның санасы
мен
ақыл-ойының
ең
күрделі
көріністері осы ми қыртысындағы
шартты рефлекстер арқылы іске асады.
9. Жүйке орталығы
Жүйке орталығыдеп бірыңғай қызмет атқаратын
орталық жүйке жүйесінін
белгілі бір жерінде топталған
нейрондар
жиынтығын
айтады. Әрбір рефлекстің
жүйке жүйесінде өз орталығы
болады.
Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар
үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы
тарайды.
Сондықтан
қозудың
өткізу
еректішеліктері
түйіспелердің
физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп,
жүйке орталынғынан баяу өтеді.
10.
Орталық жүйке жүйесінің негізгіқызметі - рефлекс (ferlescsus
-латын сөзі
–тойтарыс беру)
тітіркендіруге жауап беру дегенРене Декарт
мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш
рет қолданған француз философы
Рене Декарт (1664 ж.), оған
ғылыми сипаттама берген чех
ғалымы Прохаска (1817 ж.).
Рефлекс туралы ілімді одан әрі
дамытып, рефлекстік теорияны И.М. Сеченов
пайымдағандар орыс ғалымдары
И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К.
Анохин.
П.К. Анохин.
Прохаска
И.П. Павлов
11. Қозу физиологиясы
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады:физиологиялық
тыныштық
және
физиологиялық
белсенділік.
12.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып,тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып,
демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің
өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан
тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада
қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында
белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай
қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір
жағдайлары
әсер
етсе,
организм
физиологиялық
тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады.
Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе
мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын
жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
13.
Физиологиялықбелсенділік
кезінде зат алмасуы артады,
бірнеше
мүшелер,
жүйелер
қызметін
күшейтеді.
Мысалы,
тамақ ішкеннен кейін ас қорыту
мүшелері
қызмет
атқаруына
байланысты оларға қоса жұрек-қан
тамырлар, тыныс, зәр шығару
жүйелерінің қызметі күшейеді.
Мұндай жағдайда сыртқы ортаның
әсері
денедегі
ұлпаларды,
клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті
болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру
қабілетін тітіркену деп айтады.
14.
Ал олардың әсерлерініңөзін
тітіркендіргіш
деп
атайды. Сыртқы және ішкі
орталардың
әсерінен
организм,
оның
жеке
ұлпалары
физиологиялық
тыныштықтан белсенділікке
ауысады. Тітіркендіргіштерді
тегіне қарай төртке бөледі:
физикалық,
химиялық,
физико-химиялық
және
биологиялық
тітіркендіргіштер.
15.
ХимиялықФизикалы
қ
Тітіркендіргіш
тер
Биологиял
ық
Физико
химиялық
16. Нейрон
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялықнегізі -нерв клеткасы немесе
н е й р о н.
Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды
қосымша
клеткалар
-глиялар
қоршаған.
Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды.
Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны
қоректендіреді және электр изоляторы қызметін
атқарады.
Жаңа
туған
нәрестенің
нейрондарының саны глиялардан анағұрлым
көп болады. 20-30 жаста олардың саны бірбірімен теңеседі де кейін адамның жасы
ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып,
глиялардың үлесі көбейеді.
Нейрон
17.
Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады.Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін.
18.
Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі:сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты,
төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б.
19.
Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтарышығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген
мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон
- ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар.
Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см
сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв
клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге
нерв импульстері тасылады.
20.
Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нервұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі
түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы
ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның
қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв
импульстеріне - қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық
жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
21. Синапстың құрылысы мен қызметі
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатынарнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Синапстың құрылысы мен
қызметі. Синапс 3 бөлімнен
тұрады:
пресинапстық
(синапстың алдындағы), синапс
саңлауы және постсинапстық
(синапстың соңындағы) бөлімдер.
Пресинапстық
бөлімнің
пресинапстық мембранасы бар.
Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған
ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші
синапстық көбікке толы болады.
22.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейінболуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады
Бұл көбік медиатор деп
аталатын белсенді химиялык
заттан тұрады (лат. медиатор делдал,
арада
жүруші).
Қабылдаушы
нейронның
пресинапстық
бөлімімен
жалғасатын жерінің қабығын
постсинапстық мембрана деп
атайды. Пресинапстық және
постсинапстық мембраналардың
арасында синапс с а ң л а у ы
болады. Ол - клетка аралық
сұйыққа толы кеңістік.
23.
Жүйке жүйесініңжүйке жүйесінің
қызметіне қарай
болады:
маңызы. Адамның
маңызын оның
былай анықтауға
денедегі барлық мүшелердің және
мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
денедегі барлық клеткалардың,
ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл
организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
мүшелерді бірбірімен
байланыстырып,
организмнің бір
тұтастығын іске
асырады;
сыртқы ортаның өзгермелі
жағдайларына организмді
бейімдейді;
организмді сыртқы ортамен
байланыстырады;
24. Жұлын
• Жұлын (medullaspіnalіs) — адам мен
омыртқалы
жануарлардың
омыртқа жотасының
ішінде орналасқан
орталық жүйке
жүйесінің бір бөлігі.
25.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтынорганизм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы
орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы
орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне
байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы
орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б.
рефлекстер).
26.
Қорытынды
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты
метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша
мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында
бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол
жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33
сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12
кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір
бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын
нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және
орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа
жотасынан
қысқалау
болғандықтан
аталған
бөлімдер
омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын
өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяққолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді.