Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген
Халықаралық салыстырмалы зерттеудің ҚР Ұлттық бағалау жүйесіндегі орны
Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысу мақсаты
TIMSS халықаралық зерттеуі Trends in Mathematics and Science Study
Progress in International Reading Literacy Study (PIRLS) 
Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері
  Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту
Қорытынды
Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!
4.40M
Категория: ОбразованиеОбразование

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген

«Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл
жоспарын» жүзеге асыру жолдары

2.

Миға шабуыл:
1. Оқушылардың функционалдық
сауаттылығы деген не?
2. Жай (элементарлық) сауаттылық пен
функционалдық сауаттылықтың
айырмашылығы неде?
3. РISA халықаралық зерттеуінің
оқушылардың сауаттылығын дамытудағы
рөлі

3.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында «функционалдық
сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі
тапсырма етіп жүктеген болатын.

4.

Аталмыш тапсырманы орындау үшін
Білім
және
ғылым
министрі
Б.Жұмағұловтың
басшылығымен
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын арттыруға бағытталған 20122016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет
жоспары құрылды.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы
алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары
ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және
кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.

5.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз –
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына,
жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін
жетілдіріп отыруы.
Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан
тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету.

6.

Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:
• белсенділік,
• шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім
қабылдай алуға,
• кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы
білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп
қабырғасында қалыптасады.

7.

ЖАЙ САУАТТЫЛЫҚ – адамның оқу, түсіну, қысқа
мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық
әрекеттерді орындауы.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - тұлғаның
нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру
үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай
қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі,
дағдылары.

8. Халықаралық салыстырмалы зерттеудің ҚР Ұлттық бағалау жүйесіндегі орны

Ішкі бағалау
МЖББС және оқу бағдарламасына
сәйкес мектеп мұғалімдерімен жүзеге
асырылатын ағымдық және қорытынды
бағалау
Ұлттық сыртқы
бағалау
МЖББС және оқу бағдарламасына
сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау ОЖСБ (ВОУД), ҰБТ (ЕНТ) және
т.б.
Халықаралық
сыртқы
бағалау
ХСЗ талаптарына сәйкес
TIMSS, PISA, PIRLS
зерттеулеріне ҚР
оқушыларының қатысуы
● Оқу жетістігін
мониторинглеу,
оқу үдерісінің
тиімділігін
бағалау, қызмет
көрсету сапасын
салыстырмалы
талдау
● Халықаралық
деңгейде ұлттық
жетістіктерді
мониторинглеу,
салыстырмалы
бағалау
және талдау

9. Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысу мақсаты

9
Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысу
мақсаты
білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалаудағы
қажеттілік;
қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру
кеңістігімен бірігуі;
оқытудың халықаралық сапа стандарттарын енгізудегі
және оның нәтижелерін бақылаудағы қажеттілік;
білім беру мазмұнын жаңарту, білім беру сапасын
бағалаудың қазақстандық жүйесін құру;
Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыру;
білім сапасын бағалайтын қазақстандық жүйе енгізу.

10.

РISA халықаралық зерттеуі 15 жасар
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
халықаралық
бағдарламасы
(Programmer
for
International Student Assessment – РІSА) .
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында
функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады:
1. Оқудағы сауаттылық;
2. Математикалық;
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.
2009 жылы – PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша
оқушыларымыз 65 елдің арасында 58-ші орынға ие
болған. Ал 2012 жылы – 49-шы орынды иемденген.

11.

Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы
жағдайды талдау
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің:
Мектепте алған білімдері;
Іскерлігі
мен
дағдыларын
адами
ісәрекеттерінің әртүрлігі;
Тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік
қатынастары;
Өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу
қабілеттерін бағалайды.

12.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік
білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың
әмбебап құралы ретінде қарастырылады.
Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет)
жүргізіледі.
Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың
қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.

13.

2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші
рет
қатысты.
Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
1) Қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу
сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа
көрсеткіш – 28,6%);
2) Қазақстандық оқушылардың үлесі –
математикалық сауаттылықты зерттеуге
қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ
елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);

14.

3) Қазақстандық оқушылардың үлесі жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге
қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ
елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық
оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.
Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа
қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім
беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік
білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі
жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін
көрсетеді.

15. TIMSS халықаралық зерттеуі Trends in Mathematics and Science Study

TIMSS халықаралық зерттеуін білім жетістіктерін
бағалаудың Халықаралық Қауымдастығы (IEA)
арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты – әртүрлі елдегі 4-ші, 8-ші
сынып оқушыларының ғылыми-жаратылыстану
және
математикалық
білім
сапасын
салыстырмалы бағалау және оқу жетістіктеріне
әсер ететін факторларды анықтау.
TIMSS төртжылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003,
2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 2011
жылы 68 әлем елдері қатысқан.

16.

Қазақстан. TIMSS - 2007
2007 жылы зерттеуге еліміздің 141 мектебі
қатысты. Жалпы зерттеуге 3990 бастауыш сынып
оқушылары қатысты, соның ішінде 2394 – қазақ
тілінде, 1596 – орыс тілінде білім алушылар.
Қазақстандық оқушылардың математикадан
орташа көрсеткіші – 549 ұпай, бұл көрсеткіш 36
ел ішінде 5 орынға лайық болса, ал
жаратылыстанудан орташа көрсеткіші – 533
ұпай, аталмыш көрсеткіш 36 қатысушы – елдер
ішінде 11 орынды көрсетеді.
Зерттеу бойынша қазақстандық оқушылардың
білім жетістігі жоғары және халықаралық
орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп
бағаланды.

17.

Қазақстан. TIMSS - 2011
Зерттеуге еліміздің 154 білім беру ұйымы
қатысты. Жалпы жобаға 4 және 8-сынып
оқушыларынан 8775 білім алушы қатысты.
Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының 50
әлем елдері ішінде математикадан орташа
көрсеткіші 501 ұпай, аталмыш көрсеткіш 27
орынға сәйкес және жаратылыстанудан - 495
ұпай, 32-орын.
Сегізінші сынып оқушыларының 42 қатысушымемлекеттер ішінде математикадан орташа
көрсеткіші 487 ұпайды құрайды, бұл көрсеткіш 17
орынға сәйкес және жаратылыстану пәндері
бойынша - 490 ұпаймен 20 орынды иеленді.
Қазақстан
оқушыларының
жобаға
қатысу
нәтижесі халықаралық орта көрсеткіштен төмен
екені анықталды.

18. Progress in International Reading Literacy Study (PIRLS) 

Progress in International Reading
Literacy Study (PIRLS)
Бағдарламаны
оқушылардың
білім
жетістігін
бағалау
бойынша
Халықаралық
Қауымдастық
үйлестіреді (IEA).
PIRLS зерттеуінің басты мақсаты түрлі әлем елдері
бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқуы және
түсіну сапасы деңгейін салыстыра бағалау болып
табылады.
Зерттеуге 50-ден астам әлем елдері қатысады.
Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі
(2001, 2006, 2011, 2016).

19.

PIRLS халықаралық іріктеуіне зерттеуді өткізу
барысында 9,5 жасқа толған 4-сынып оқушылары
кіреді.
2011-2020
жылдар
аралығына
арналған
Қазақстан
Республикасында
білім
беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында
Қазақстан аталмыш зерттеуге 2016 жылы қатысуды
жоспарлап отыр.

20. Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері

Ұлттық жоспардың мақсаты:
Оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету,
орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі
болып табылады.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамытудың отандық және халықаралық практикасын
зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар,
оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және
мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту.

21. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері

РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған
елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа
Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.)
нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың
функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай
факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу
бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері; (6 слайд)
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
диагностикалау мен бағалау жүйесі; (7 слайд)

22.

4) мектептен тыс, қосымша білім беру
бағдарламалары; (8-9 слайд)
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік
нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі
дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке
негізделген достық қалыптағы білім беру
ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу
процесіндегі белсенді рөлі. (10-11 слайд)

23.   Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту

Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары
мен жоспарларын жаңарту
Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытудағы стандарт:
Қазіргі таңдағы 11 жылдық; (Жаңа стандарт)
2015 жылдан бастап енетін 12 жылдық мектептің
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты ретінде айқындалады.
Бұл ретте білім алушылардың:
Алған білімдерін практикалық жағдайларда
тиімді пайдалану;
Әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті
пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі
құзыреттіліктер қалыптастырылады.

24.

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі
құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті
немесе өмір бойы білім ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын
(шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі
қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға
қабілеті);

25.

Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру,
өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу
қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени
ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін
жауапкершілікті сезіну қабілеті);
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде
технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық
технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік
салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік:
Оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім;
Іскерлік, дағды.

26. Қорытынды

Жалпы жоспарда 2016 жылға дейін іске асатын
37 іс-шара қарастырылған.
Олардың 11-і 2012 жылғы 4-тоқсанда басталады.
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Ұлттық жоспарды
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру 24,6 млрд.
теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен
22,7 млрд. жалпы 47,3 млрд. теңгені құрайды.
Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың
бойында функционалдық сауаттылықты
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген
қызығушылықты арттырады.

27. Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

English     Русский Правила