Похожие презентации:
Авторлық құқық
1. Авторлық құқық
Орыдағандар: Әлиев Н.ЖДжансейтова М.Б
2.
Авторлық құқықАвторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын
шығару және пайдалануға байланысты қатынасты
реттейтін азаматтық құкық тарауы, ол ұлттық құқық
пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық
конвенциялармен реттеледі.
3.
Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)1. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен
маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан
қолданылады.
2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан,
басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген),
сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi
нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық
және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе
фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады.
4.
Автор олшығармашылық
еңбегімен туынды
жасаған жеке
тұлға болса, авторлық
құқық – автордың
мүліктік және мүліктік
емес жеке
құқықтары болып
табылады.
5.
Әдеби туындыларСәулет, қала құрылысы
Драмалық және
музыкалық-драмалық
туындылар
Фотосурет туындылары
Хореография және
пантомимо туындылары
Мәтінді және мәтінсіз
музыкалық туындылар
Аудио-бейне
туындылары
АВТОРЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҢ
ОБЬЪЕКТІЛЕРІ
Карталар, жоспарлар
ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалар
Кескіндеме, мүсін,
графика туындылары
6.
Авторлық құқықты қорғау белгiсi:Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы
мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш
элементтен:
1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын
авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.
Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам
айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады.
7.
Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындыларресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот
сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де
мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар,
ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк
нышандар мен белгiлер);
халық шығармашылығы туындылары;
оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
8.
Авторлық құқықтың субъектісі болып заң немесекелісім шарт бойынша авторлық құқыққа ие, ғылыми,
әдеби және өнер туындыларының шығарушылары,
олардың құқық иеленушілері немесе жұмыс берушілер
мен басқа да тұлғалар табылады.
Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар
секілді заңды тұлғалар да бола алады. Соңғысына әдетте
газет, журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды
шығармалар, аудиовизуалды шығарманы дайындаушылар
және қызметтік шығарманың авторына жұмыс берушілер
жатады.
9.
Тең авторларЕкi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен
жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына
немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең
авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану
мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы
туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың
өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең
авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң
туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын
алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға
байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген
шараларды қолдануға құқылы.
10.
Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың
авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық
атқа құқық);
3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда,
туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда
автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау
құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы).
Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер,
түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.
Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте
көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң
актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады.
4) қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен
жасалған, туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу
құқығы (халыққа жария ету құқығы).
2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы
(керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға
осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе,
автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол
туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы.
3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан
бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады.
11.
Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтысболғаннан кейiн 70 жыл бойы күшiн сақтайды.
Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың
беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.
Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және
басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс
болғаннан кейiн 70 жыл бойы күшiн сақтайды.
Автор қайтыс болғаннан кейiн 30 жыл iшiнде бiрiншi рет
жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа
шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол
жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
12.
Авторлық құқықтың ауысуы
Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.
Авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша
ауысады.
Өсиет орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша автор өзiнiң мүлiктiк
емес жеке құқықтарын қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы.
Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр бойы атқарады. Автордың мұндай нұсқауы
болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке
құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi, егер мұрагерлерi болмаса немесе
олардың авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан Республикасының
мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады
13.
Авторлық құқықтың қолданылу аясы:Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың
құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын
объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан
тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан
Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан
тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың
(олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы
бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.
Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейiнгi отыз күн iшiнде
Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп
саналады.
Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда
туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң
заңы бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен
тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық
құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және
авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне
айналмаса, туындыға қорғау берiледi.
14.
КЕЙСАзаматтар Момынов пен Қанатов бірлесіп Таңшолпан
бағдарламасында орындалатын Таңғы елес әнінің сөзін жазған
болатын. Момынов Қанатов менің келісімімсіз Таңғы елес әнін
Таңшолпан бағдарламасына орындалуға берілді деп бағдарламада
орындалуға қарсы екенін білдіріп Таңшолпан бағдарламасына барады.
Бірақ, Таңшолпан бағдарламасы Қанағатовқа ол өлең үшін сыйақы
берілгенін айтады. Момынов әнің ортақ авторлары болғандықтан
Қанағатовтан сыйақыны бөлісу үшін Сотқа арызданады.
Сұрақ:
1. Момыновтың әс-әрекетә орынды ма?
2. Сот Момыновтың өтінішін қалай қанағаттандырады?