Похожие презентации:
Биологиялық жүйедегі осмос қысымының рөлі. Плазмолиз,гемолиз, тургор. Гипо-, изо-, және гипертонды ерітінділер
1.
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ
Фармакогнозия және химия кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Биологиялық жүйедегі осмос қысымының
рөлі. Плазмолиз,гемолиз, тургор. Гипо-, изо-, және
гипертонды ерітінділер.
Орындаған: Әліпбай Э.
Тобы: 103 “Б” Фк
Қабылдаған: Бухарбаева А. Е.
Шымкент 2017ж.
2. Жоспар
ЖОСПАРКіріспе
Негізгі бөлім
Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері
Вант-Гофф теңдеуі
Рауль заңы
Осмостың биологиялық маңызы
Гипо-,изо-,және гипертонды ерітінділер
Плазмолиз,гемолиз,тургор
Есептер шығару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
3.
Жартылай өткізгіш мембрана арқылы төмен концентрациялы ерітіндіден жоғарыерітіндіге еріткіш молекулаларының біржақты өздігінен жүретін диффузиясы осмос
деп аталады. Осмос процесі өте күрделі және оның табиғаты осы күнге дейін
жеткілікті зерттелмеген, осмос құбылысын арнаулы аспаптарда осмометрлерде
бақылауға болады. Осмосты тоқтату үшін ерітіндіге таңуға қажетті гидростатикалық
қысымды осмос қысымы деп атайды.
4.
Коллоидты ерітінділерге нағызерітіндідегідей осмостық қысым тән. Ол да
газ қысымы секілді ерітіндінің коллигативті
(біріккен, орташа) қасиеті екен, яғни ол тек
еркін қозғалатын коллоидты бөлшектерге
ғана тәуелді. Егер коллоидты бөлшектердің
көлемі мен массасының нағыз
ерітінділердегі молекула көлемі мен массасынан үлкен екенін ескерсе, онда бірдей
көлемдік концентрацияда-ғы коллоидты
және нағыз ерітінділерді алып, белгілі бір
көлемін-дегі коллоидты бөлшекті және
молекуланы салыстырғанда, колло-идты
бөлшектер аз болады.
5.
Осмос қысымын П немесе p деп белгілейді.Осмос қысымы еріген зат табиғатына
тәуелсіз, ал ерітіндінің концентрациясына
және температураға тура пропорционал
екендігін Голландия ғалымы Вант-Гофф
1887 жылы (газдарға қолданылған БойльМариот пен Гей-Люссак заңдарына ұқсас
екендігін анықтады) мына формуламен
есептеуге болатынын тапты: p = cRT,
мұндағы с – ерітіндінің молярлы
концентрациясы, моль/л; R – константа,
сандық мәні газдар тұрақтысына тең,
0,082л-атом/град, Т – абсолют температура.
Вант-Гофф, Якоб
Хендрик
6.
Ерітіндінің осмос қысымы(өлшемі – атм.), сол еріген зат газ күйінде болып, осытемпературада, ерітіндінің көлеміндей көлем алып тұрғандағы туғызытын
қысымына тең (Вант-Гофф заңы). с = n/V болғандықтан Вант-Гофф теңдеуі идеал газ
күйі теңдеуіне ұқсас, оны мына күйге келтіруге болады: π = n/VRT немесе π×V = nRT
бұл теңдеу газ күйінің теңдеуіне (PV = nRT) ұқсас. Концентрациясы с(Х) = 1моль/л
болатын барлық бейэлектролиттер ерітінділерінің осмос қысымы бірдей, яғни 0°С
температурада 22,69×105Па.
7.
8.
Коллоидты ерітінділер нағыз ерітінділерге өте ұқсас болғандықтан, оған Вант-Гоффформуласын қолдануға болады:
ПV = nRT немесе П = nRT/V
мұндағы П – зольдің осмостық қысымы; n- колоидты бөлшектердің мольдік өлшемі; Vзольдің көлемі. Коллоидты бөлшектің мольдік өлшемі деп Авогадро саны қабылданады.
9.
Егер берілген зольде ν коллоидты бөлшек болса, онда 1 мольде NA бөлшек бар. n=ν/NA ескерсек, (39) теңдеу:
ПV = (ν / NA)RT, П = ν / V· RT/ NA
болады.
10.
1887 жылы француз физигі Рауль көптеген ерітінділермен жұмыс істеп, мыназаңдарды ашқан:
1. Еріткіш бу қысымының салыстырмалы төмендеуі еріген заттың моль сандарының
ерітіндідегі жалпы моль сандарын (еріген зат пен еріткіштің) қатынасына тең.
2. Ерітіндінің қату температурасының төмендеуі не қайнау температурасының
жоғарлауы, еріткіштің сол салмақ мөлшерінде еріген заттың мөлшеріне (ерітіндінің
моляльдығына) пропорционал.
3. Түрлі заттардың эквимолекулалық мөлшерлері бір еріткіштің бірдей етіп алынған
мөлшерінде ерітілген болса, ол ерітінділердің қату температурасы (қайнау
температурасы) бірдей градус санына төмендейді (жоғарылайды).
11.
Осмостың биологиялық маңызы;изотондық ерітінділер-осмостық
баланстық бұзылуын болдырмау үшін
тамыр арқылы егуге;глаубер тұзы және
ащы тұз –ішті жүргізетін препараттар
ретінде;дәкеден жасалған гипертонды
танғыштар мен ауырғанда күре тамыр
арқылы егуге қолданылады.
12.
Осмос қысымдары бірдей ерітінділер изотонды ерітінділер деп аталады.13.
Басқа ерітіндіге қарағанда осмос қысымы жоғары болса гипертонды14.
Төмен болса гипотонды ерітінділер деп аталады.15.
Осмос қысымын П немесе p деп белгілейді. Осмос қысымы еріген зат табиғатынатәуелсіз, ал ерітіндінің концентрациясына және температураға тура пропорционал
екендігін Голландия ғалымы Вант-Гофф 1887 жылы (газдарға қолданылған БойльМариот пен Гей-Люссак заңдарына ұқсас екендігін анықтады) мына формуламен
есептеуге болатынын тапты: p = cRT, мұндағы с – ерітіндінің молярлы
концентрациясы, моль/л; R – константа, сандық мәні газдар тұрақтысына тең, 0,082латом/град, Т – абсолют температура.
16.
Гемолиз-жасушаныгипотонды
ерітіндіге салғанда
жасушаның ісіну
құбылысы
17.
Плазмолиз-жасушаныгипертонды ерітіндіге
батырғанда жасушаның
жиырылу құбылысы
18.
Осмос нәтижесінде түскенылғалдан жасушалар ісінбеуі
үшін олардың сырты қатты
қабықшадан тұрады.Осыған
байланысты оларда күшті
қысым пайда болады,ол
тургор деп аталады
19.
1-мысал. Ерітіндісі бейэлектролит болатын 1,764г затты суда еріткен. Ерітінді көлемі100мл, ерітіндінің осмос қысымы 20°С температурада 2,38×105Па. Заттың
молекулалық массасын анықтау қажет.
Шешуі: 1000 мл ерітіндіде еріген зат массасы 17,64 10-3 кг болады. Вант-Гофф
теңдеуіне М = mRT/pV қойып
М = 17,64×10-3кг ×8,31Н×м×моль-1 ×К-1 ×293К/2,38×105 Н/м2 ×1×10-3 м3 =
180,3 ×10-3кг/моль не М = 180,3 г/моль және Мr = 180,3 анықталады.
20.
2-мысал. 500мл суда массасы 12,42г зат ерітілген. 20°С температурада алынғанерітіндінің буының қысымы 3732,7 Па. Сол температурада су буының қысымы
3742Па. Еріген заттың Мr-ін анықтау керек.
Шешуі: Рауль заңынан ▲p/p0 = n/N: n = ▲pN/p0 ,▲p = 3742 – 3732,7 = 9,3Па және N
= 500/18 = 27,78моль, одан n = 9,3×27,78/3742 = 0,069моль; n = m/M;
M = m/n = 12,42/0,069 = 180г/моль және Мr = 180.
21.
3-мысал. 20г нафталин балқымасында (tб = 80,1°C) массасы 0,1106г бір органикалыққышқыл (Мr = 137.12) еріген. Сонда осы ерітіндінің ▲tқ = 0,278°С болды.
Криоскопиялық константаны анықтау керек.
Шешуі: m(қышқыл) ------- m(нафталин), яғни 0,1106 г ---- 20г
Х ------ 1000г, одан Х = 5,53г.
Ерітінді моляльдығы С = 5,53/137,12 = 0,0403моль/кг. ▲tқ = Кк×С,
сонда Кк=0,278/0,0403; Кк = 6,9 град×моль-1 ×кг.
22. Қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫОсмос – еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш
қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі
төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген.
Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанд төмен. Таза еріткіш жағынан
алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су
концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда
концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға
түседі.
23. Қолданылған әдебиеттер
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР1.
Глинка Н.Л «Общая химия» Л., Химия 1984
2.
Угай Л.Л «Общая химия» М.,ВШ 1997
3. Т.Браун, Г.Ю Лемей «неорганическая химия» М,ВШ, 1981
4. П. К. Кенжебеков, «Биологиялық химия», Шымкент, 2005 ж.
5. С. О. Тапбергенов, «Медициналық биохимия» , Алматы , 2009 ж.