Өкпе эмфиземасы – деп терминалды бронхиолалардан төменгі аймақта ауаның көп жиналып қалуы және альвеоларалық қалқаның
2.71M
Категория: МедицинаМедицина

Өкпенің жоғары ауалы синдромының визуальды диагностикасы

1.

Батыс Қазақстан атындағы мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: Өкпенің
жоғары ауалы
синдромының визуальды
диагностикасы
Орындаған: Әбдікәрім Б
Тобы: 301 Б
Тексерген: Алдияров С.А.

2.

Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Өкпедегі эмфизема ауруы. Сбебі, емі, көріністері
2. Өкпе эмфиземасының этиологиясы
3. Өкпе эмфиземасының клиникалық көрінісі
4. Эмфиземаны диагностикалау
5. Емі
ІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3. Өкпе эмфиземасы – деп терминалды бронхиолалардан төменгі аймақта ауаның көп жиналып қалуы және альвеоларалық қалқаның

деструкциясы нәтижесінде,
өкпе көлемінің өте үлкейіп кетуін айтады. Шектен тыс созылу өкпе тінінің
эластикалық қасиетінің жоғалуымен және өкпе архетектоникасының бұзылуынан
болады. Осындай өзгерістер салдарынан бүкіл өкпеде немесе оның үлесінің
ортасында ауалық қапшықтар пайда болады. Пайда болуына байланысты
біріншілік (генуинді немесе идиопатиялық), бронхтар обструкциясымен асқынған
эмфиземаны және екіншілік (обструктивті), созылмалы бронхит ағымын
асқындыратын эмфиземаны ажыратады.

4.

Сау адам өкпесі
Темекі есебінен өкпе
эмфиземасы

5.

Созылмалы обструктивті өкпе эмфиземасы – созылмалы
бронхиттің және эмфиземасының асқынуынан болатын
тыныс алу жолдарының созылмалы обструкциясы. Бұдан да
басқа эмфизема түрлері бар кедеседі, мысалы, созылмалы
ошақтық (перифокальды, тыртықтық), викарлы, кәрілік,
идиопатиялық, үлестік және т.б. Өкпенің созылмалы
эмфиземасының даму механизмдеріне қарап біріншілік және
екіншілік, таралуы бойынша диффузды және жергілікті
түрлерін ажыратады. Ацинустың морфологиялық өзгерістері
бойынша эмфизема: панациноздық (ацинустың барлық
бөлігінің біркелкі кеңеюі), центриациноздық (ацинустың
ортасындағы респираторлық бронхиолалардың кеңеюуі),
периациноздық (ацинустың шекті аймақтарының кеңеюуі)
және иррегулярлық (тыртық жанындағы) түрлерге бөлінеді.

6.

Өкпе ауасының кобею синдромы

7.

Өкпе эмфиземасының
эитологиясы
Біріншілік эмфизема эмфиземаның жеке нозологиялық түрі, ол
ешқандай басқа сырқаты жоқ өкпеде дамиды. Бұл өте сирек кездесетін
патология. Оның туындау себептеріне өте зиянды аэрозольдардың және
қоспалардың ауамен бірге өкпеге енуі, сурфактант қасиеттерінің
өзгеруі, альфа -1 – антитрипсиннің тапшылығы, протеаза – антипротеаза
жүйесіндегі тепе – теңдіктің бұзылуы, шылым шегу жатады. Солардың
ішінде альфа – 1 – антитрипсиннің орны ерекше. Егер альфа – 1 –
антитрипсин белсенділігі төмендегенде, белокты ыдыратушы
ферменттер (протеазалар) белсенділігі күшейіп, осы жердегі өкпе тінін,
эластикалық талшықтарды, альвеола қабырғасын тікелей бұзады. Өкпе
өзінің серпімділік қасиеттерін жоғалтып, альвеола қабырғасы жұқарады,
одан альвеола көлемі үлкейіп диффуздық эмфизема пайда болады.
Морфологиясы бойынша панациноздық эмфиземаға жатады.

8.

Екіншілік эмфизема. Екінші топтағы факторлар өкпенің
респираторлық бөлімінде қысымның жоғарылауына және
альвеолалардың, альвеоларлық жолдардың, респираторлы
бронхиолалардың керілуінің жоғарылауына әкеледі. Осылардың
ішінде созылмалы обструктивті бронхит кезінде дамитын тыныс
жолдарының обструкциясына көп көңіл бөледі. Бұл ауру екіншілік
немесе обструктивті эмфиземаның негізгі себебі, бұл кезде
альвеолалардың шектен тыс керлуінің клапандық механизмінің
дамуына жағдай туады. Дем алғанда кеудеішілік қысым
төмендеуінен бронхтардың пассивті керілуі болады, ол бронхиальды
обструкция деңгейін азайтады. Ал дем шығарғандағы қалыпты
кеудеішілік қысым бронх тармақтарының қосымша компрессиясын
шақырады, бронхиальды обструкция тереңдейді, альвеоладағы
инспирационды ауаның іркілуі, альвеоланың шектен тыс керілуі
болады. Қабыну процесінің альвеолада дамуынан альвеола
арасындағы перделер деструкциясы маңызды рөл атқарады.

9.

O Эмфизема патогенезі
O Қабыну ошақтарында эпителий жасушаларының гиперсекрециясына
байланысты пайда болған шырышты экссудат (тығын) клапанды
механизмнің пайда болуына, яғни ауаның тек бір жаққа (респираторлық
бронхиолалар жағына) қарай өтеуіне себеп болады. Жиналған ауа
альвеоланың, бүкіл ацинустың кеңейіп ауамен толып кетуіне,
центроацинарлық эмфиземаның дамуына әкеледі. Центроациноздық
эмфиземада өкпенің жоғарғы екі бөлігі зақымданады. Ацинустардың
арасында үлкен, ауамен толған көпіршіктер пайда болады. Өкпенің
шеттері мен төменгі бір бөлігі зақымдалмаған. Эмфизема дамуындағы
атмосфералық факторлар: Альвеола мембранасына тікелей зақымдаушы
әсер Бронхопульмональдық жүйедегі протеолитикалық және
оксиданттық белсенділіктің жоғарылауынан өкпе альвеоласының
эластикалық каркасының бұзылуы Қабыну реакцияларының көптеп
бөлінуі Бронхопульмональды инфекцияларды дамытатын және
рецидивтейтін кәсіптік зиянды әсерлер .

10.

Патологиялық анатомиясы
Макроскопиялық көрінісі. Мәйітті ашып көргенде өкпелердің
ақшық – сұр түсті, ауаға толып көкірек қуысын толық алып
жатқанын көреміз, кейде өкпенің сыртында қабырғалардың ізі
көрінеді, кескенде қышырлаған дыбыс шығады.

11.

Микроскопиялық көрінісі. Микроскоппен тексергенде
бронхтарда созылмалы қабыну процестерін, альвеола қабырғасының
фиброзын, осы жердегі эластикалық талшықтардың жұқара созылғанын,
капиллярлар санының азайып кеткендігін (редукциясын) көреміз.
Альвеолалар тайызданып, респираторлық бронхиолалар кеңейіп қалады.
Осы өзгерістер нәтижесінде қанның өкпе артериясы жүйесінен жүрекке
өтуі қиындайды (альвеолярлық – капиллярлық блок), капилляр алды
өкпелік гипертензия дамиды, жүректің оң қарыншасы
гипертрофияланады. Екіншілік эмфиземаның жергілікті (иррегулярлы)
түрінде ацинустың бүкіл дисталдық бөлігі өзгереді. Оған тыртық
жанындағы эмфизема, викарлы эмфизема, қарттық эмфизема
кіреді. Тыртық жанындағы эмфизема өкпедегі туберкулез, пневмония,
саркоидоз, кәсіби аурулардан кейінгі дамыған пневмосклероз
аймақтарында көбінесе өкпе ұшында кездеседі. Викарлық эмфизема
екінші өкпені толық алып тастағанда дамиды. Бұл процесс орнын
толтыру реакциясы ретінде дамиды, демек оны өкпе эмфиземасы деп
емес, өкпенің компенсаторлық кеңеюі деп атау керек. Қарттық эмфизема
жасқа байланысты эластикалық талшықтар серпімділігінің әлсіреуі
нәтижесінде дамып, айтарлықтай морфологиясы өзгерістерге әкелмейді.

12.

Өкпе эмфиземасының клиникалық көрінісі
1.Ентігу
2.Жөтел
3.Теріде және көрінетін шырышты
қабаттардағы цианоз
4. Дене массасының азаюы
5.Қосымша тыныс алу
бұлшықеттерінің қосылуы
6.Кеуде клеткасы бөшке тәрізді
7.Везикулярлы тыныстың әлсіреуі,
сырылдардың пайда болуы
8. Артерилды гипертензия, соның
салдарынан пайда болған бас айналу,
естен тану, құрсақішілік қысымның
жоғарлауы, венозды қанның жүрекке
қайтуының бұзылуы

13.

Рентгенде: өкпе суретінің ауалығы
күшейгені, өкпенің төменгі шегінің
төмен ығысқаны, экскурсиясының
азайғаны анықталады. Қабырға аралық
кеңістіктер кеңігені, диафрагма
күмбезінің қозғалысы шектелгені және
төмен түскені көрінеді.
Спирографияда: өкпенің тіршілік
сыйымдылығы азаяды. Сыртқы тыныс
қызметі рестрикциялық түрде бұзвлады.

14.

Оң өкпе эмфиземасы

15.

Буллезды эмфизема
рентгенограммада жұқа
қабырғалы қуыс болып
көрінеді, көлемі ұсақ және
алып болып болуы
мүмкін. Плевраның
астында орналасады,
пішіні сопақша тәріздес,
олар плевраға ұзына
бойымен катарласа
орналасады. Алып
буллалар рентгеограммада
бірен-саран сопақша,
өкпенің шет жақ
бөлімінде орналасқан,
жұқа қабырғалы ауатолған
қуыс түрінде
байқалынады, бір
қабырғасы плевраның
көлеңкесіне жабысқан
болады.

16.

Эмфиземаны диагностикалау:
Өкпе эмфиземасын диагностикалауда
науқасқа келесі зерттеулер жүргізіледі:
1.Өкпе мен жүректі рентгенологиялық
зерттеу
2.КТ
3. Сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу
4.Жалпы қан анлизі, эмфиземамен
ауыратын науқастар қанында эритроциттер
саны мен гемоглобин деңгейінің
жоғарылауы байқалады
5.ЭКГ Көмірқышқыл газы мен оттегінің
қандағы қысымының өзгеруі

17.

Емі
Емдеудегі негізгі бағыт ауру ағымен жеңілдету және пргрессирленуін
баялату. Бұл жағдайда темекі шегуді тоқтату және де басқа да зиянды
әдеттерді шектеу, соның ішінде өкпе тініне зиянды әсер ететін кәсіптік
факторларды, физикалық белсенділікті шектеу қажет. ž
Эмфиземаның
барлық түрлеріндегі негізгі бұзылыс — өкпенің эластикалық қасиетінің
төмендеуі, альвеолалардың функционалды беткейінің азаюы. Ем осы
бұзылыстарға бағытталуы керек. Соңғы кездерде альфа-тантитрипсинмен орын басушы терапия қолданады. Осының ішіндегі
табиғи препараттар: контрикал, трасилол, гордокс, синтетикалық
препараттар: эпсилон-аминокапронды қышқыл, амбен. Эмфиземаны
емдеудегі перспективті бағыт антиоксиданттарды (Е витамині, аевит,
глутатион, липой қышқылы, натрий селиниті) қолдану болып табылады.
Эстрогендер мен кортикостероидтарды пайдалану ұсынылады. Олар
лизосомальды мембраналарды қалпына келтіру, антипротеазды эффект
беру, фибробласттарды стимулдеу арқылы эластиннің және коллагеннің
репарациясын шақырады. Витамин С қолдану, ол коллаген және
хондротинкүкірт қышқылының синтезінде маңызды рөл атқарады.
Альвеолалардың беткейлік- активті қасиетін қалпына келтіретін
заттарды (эвкалипт майы, пальмитин қышқылы, фосфолипидтер
жәнет.б.) интратрахеальды енгізу.

18.

Пайдаланылған әдебиттер
1) “Патологиялық физиология” Нұрмұхамбетұлы Ә. Алматы 2007ж
2) Сәулелік диагностика, Хамзин Ә., Алматы, 2010ж
3) www.google.kz
English     Русский Правила