Похожие презентации:
Бактериялардың физиологиясы
1. Бактериялардың физиологиясы
2.
Аэробтық организмдер , аэробтар (гр. αηρ— ауа және βιοζ — тіршілік) – молекулалық
бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп,
дами алатын организмдер. Аэробтық
организмдерге барлық өсімдіктер, көптеген
қарапайымдылар мен көп клеткалы
жануарлар, саңырауқұлақтар,
микроорганизмдер жатады. Оттектің (О2)
қатысуымен жүретін биологиялық процесті
аэробиоз деп атайды. Аэробтық
организмдер өз организміне енген О2-нің
тотығуынан пайда болған энергияны
пайдаланады. Олар облигатты аэробтық
организмдер және факультативті аэробтық
организмдер болып 2 топқа бөлінеді
3.
. Облигатты аэробтық организмдер тотығуреакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады,
мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил
спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең
саңырауқұлақтары қанттарды лимон,
қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге
дейін тотықтырады. Факультативті аэробтық
организмдер тобына оттектің бар-жоғын
талғамай тіршілік ететін организмдер жатады,
мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті
нитраттардан, сульфаттардан, т.б.
қосылыстардан алады. Аэробтық
организмдердің арасында ең маңыздысы
фотосинтез процесіне қатысатын организмдер –
цианобактериялар, балдырлар және түтікті
өсімдіктер.
4.
5.
Аэробтық организмдер табиғатта кеңінентаралған және ондағы зат айналымына
үлкен әсерін тигізеді, мысалы, қарапайым
аэробтық организмдер топырақтағы
күрделі органикалық қосылыстарды
өсімдіктердің жақсы сіңіруіне көмектесіп,
топырақтағы түрлі ауру қоздыратын
бактерияларды жояды. Аэробтық
организмдерді өндірісте сірке суын алуға,
ауыл шаруашылығында, т.б.
қолданылады. Аэробтық организмдердің
тіршілігіне ауаның құрамындағы оттектің
белгілі мөлшері мен қысымы қажет, егер
осы жағдай шамадан тыс өзгерсе, олар
өліп қалады
6.
"Анаэробтар"Анаэробтар, анаэробты микроорганизмдер
— қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде
өмір сүруге және көбеюге қабілетті
микроорганизмдер[1]; атмосфералық оттегі
болмайтын жерде тіршілік етуге бейім
микроағзалар. Анаэробтарға көптеген
бактериялар, инфузориялар кейбір таспа
құрттар, аскарид және аздаған ұлулар
жатады
7.
Анаэробты организмдер , анаэробтар (гр. an – сыз,сіз, емес қосымшасы, гр. aеer – ауа және гр. bіos –
тіршілік) – оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін
организмдер. 1861 жылы Л.Пастер май қышқылын
ашытатын бактерияны тапқаннан кейін анаэробты
организмдер терминін ғылымға енгізген. Анаэробты
организмдер негізінен прокариотты организмдер
арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер
арасында ашытқы саңырауқұлақтарында,
буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін
қарапайымдарда, ал көп клеткалы организмдер
ішінде ішек паразиттерінде (атап айтқанда таспа
құрттар мен аскаридаларда) кездеседі. Анаэробты
организмдер тіршілік ететін ортасында оттектің болу
не болмауына байланысты олигатты анаэробты
организмдер және факультативті анаэробты
организмдер болып бөлінеді. Олигатты анаэробты
организмдер – тіршілігі мүлдем оттексіз жүретін
организмдер.
8.
Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспебактериялары жатады[3]. Көп клеткалы жануарлар
арасында олигатты анаэробты организмдер кездеспейді.
Факультативті анаэробты организмдер – табиғатта
оттектің бар-жоғына қарамай тіршілік ететін
организмдер (мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары, іш
сүзегі, топалаң қоздырғыштары, т.б.). Анаэробты
организмдер негізінде құрамында оттек бар
органикалық қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын,
май қышқылын, т.б.), ал кейбір түрлері минералды
қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды)
ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті
өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. Анаэробты
организмдер аэробты организмдер сияқты табиғаттағы
зат айналу процесіне, органикалық және минералды
заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спирт және
сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады.
Кейбір анаэробты организмдер асқа, тағамға түссе, тез
өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру
тудырғыш (патогенді) анаэробты организмдер түрлі
жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм газды гангрена,
т.б.) таратуы мүмкін
9.
Анаэробты қоздырғыштар (инфекциялар).1. Анаэробты қоздырғыштар жөніндегі
анықтамалар.
2. Сіреспе ауруы туралы толық мәлімет.
10.
1.Бұл өте қауіпті асқынулардың бірі, көбінесеқол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында
сонымен қатар алғашқы жараны сапасыз емдеуді
жүргізген жағдайда пайда болады. Алғашқы
көрінісі жарақаттанғаннан кейін бірнеше
сағаттан, бірнеше күннің арасында болуы
мүмкін. Аяқ-қол (көбінесе аяқ) ісінеді, тіндер
өлуі өршиді, жалпы жағдайы нашарлайды:
токсинмен ағзаның улану белгілері пайда
болады. Дер кезінде көмек көрсетпесе (көбінесе
зақымданған аяқтың бөлігн амплутациялау) өлім
қауіпі туады. Процес басталуынан және ағзаның
өлуіне дейін өте тез (сағаттар), жедел
(тәуліктер) және баяу ағымда (бірнеше күннен
аптаға дейін) дамиды.
11.
Гангренаны бактерияның клостридий түрішақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал
споралары қайнатқанда да өлмейді.Жарада
оттегі түспегенде дамиды.
12.
13.
Анаэробты қоздырғыштарға(инфекцияларға) сіреспе, газды гангрена
және ботулизм жатады.олар жаралар
инфекцияланғанда және организмнін
басқа да зақымдалуларында жарақат
инфекциясы ретінде саналады. Олар
жайлы организмнің зақымдалуы туралы
бөлімде жан-жақты айтылады.
14.
2. Сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.starrkrampt; орыс.- столбняк) –сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы
жанасу механизмі арқылы берілетін
орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен
бұлшық еттердің сіресуімен асфекция
дамуы мүмкіндігімен сипатталатын
жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы ауыр
клиникалықағымына, өлім деңгейінің
жоғарылығына, кең таралғандығына,
инфекцияның сапрозоонозды (инфекция
көзінің көптүрлілігі) сипатына байланысты.
15.
16.
Инфекция көзі. Шөп қоректі жануарлар,кеміргіштер,құстар және адам. Қоздырғыш
жануарлардың және адамның асқазан-ішек
жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді.
Олардың нәжісімен қоршаған ортаға
түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт
топырақта сақталады. Қолайлы климаттық
жағдай туғанда споралар вегетативті
формаға айналып, көбейіп, қайта спора
түзеді . осы құбылысқа қарай сіреспені
сапроантрозоонозды инфекцияларға
жатқызуға болады. Ауру адам қауіпсіз.
17.
18.
Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпыорганизмнің улануына әкеліп соғатын
инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың
қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э.
ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum
botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы
затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады.
Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың
және балықтардың ішек жолдарында болады.
Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып,
онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм
адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан,
еттен, балықтан технологиялық ереже
сақталмай дайындалған әр түрлі
консервіленген тағамдарды пайдаланғанда
жұғады.
19.
20.
. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқалабастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы
қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап
қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп
тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы
ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның
жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан
айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы
белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу
керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы
арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай
сарысуды науқаспен бірге болып, уланған
консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу
қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді
өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда,
дайындағанда, соның ішінде үйде
консервілегенде санитарлық-гигиеналық
ережелерді мұқият орындау қажет