Похожие презентации:
Пластикалық хирургия
1.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым МинистрлігіС.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
Кафедра: жалпы хирургия
Тақырыбы: “Пластикалық хирургия”
Орындаған: ,Алимкулова А.Т.
Курс -3 Топ 046
Тексерген: Құрамысов Е.А.
Алматы 2009 жыл
2.
Пластикалық хирургияТіндер мен ағзалардың түрі мен қызметін қалпына келтірумен айналысатын хирургияның бөлімі –
пластикалық (қалпына келтіруші) хирургия деп аталады.
Пластикалық хирургияның міндеті – қызметтік және анатомиялық өзгерістерді шақыратын туа
біткен және жүре пайда болған кемістіктерді жою болып табылады.
Пластикалық хирургия кемістіктерді жоюға және кез-келген ағзаларды қалпына келтіруге
бағытталған әр түрлі әдістерді қолданады:
Қоректендіруші аяқшасы бар пластика немесе транспозиция (бос емес отырғызу) – ағзаларды
немесе тіндерді ауыстырып отырғызу кезінде отырғызылатын бөліктің аналық қоректенуі сақталады.
1.
Трансплантация немесе бос отырғызу – ауыстырып отырғызылатын ағза немесе тін операция
барысында өзі орналасқан денедегі немесе донор денесіндегі аналық қоректенуін жоғалтады.
2.
Реплантация – зақымдалған ағзаны немесе тінді (аяқ-қолды немесе олардың бөліктерін) бұрынғы
орнына қайта отырғызу.
3.
4.
Имплантация – тіндерді немесе жасушаларды жақын орналасқан жерге әкеліп қою.
3.
Трансплантат деп – пластика жасау мақсатымен өзінің немеседонордың денесінен толық ажыратылып алынған тіндердің бөлігін
айтады.
Трансплантация мынандай түрлерін ажыратады:
1. Аутогенді трансплантация;
2. Аллогенді трансплантация;
3. Ксеногенді (гетерогенді) трансплантация;
4. Ағзалар мен тіндерге протез салу;
Ауыстырып отырғызылатын тіннің түріне байланысты терілік,
бұлшықеттік, сіңірлік, нервтік, сүйектік, шеміршектік, тамырлық және
т.б. болып
ажыратылады. Біріктірілген кесінділерді де ( тері
бұлшықеттік, сүйек – сіңірлік , сіңір-бұлшықеттік және т.б.) отырғызуға
болады.
4.
Тері пластикасыАутопластиканың көбінесе бос, кейде бос емес (қоректендіруші аяқшасы бар) түрлері жасалады.
Бос терілік пластика. Толық қабатты (терінің барлық қабаттары бар) және ажыратылған
(эпидермис пендерманың бөлігі бар) бос тері кесінділерін пайдаланадды. Ұзақ уақыт жазылмай жүрген
жаралар мен трофикалық ойық жараларды емдеу үшін, кішігірім бөліктерді грануляциялық тінге
отырғызуға болады.
Яценко – Реверден әдісі
Янович – Чаинский – Дейвис әдісі
Тирша әдісі
Лоусон – Краузе әдісі
Бос емес терілік пластика . Жергілікті жылжытылған терілік кесінділерді қолдану:
1.
Кең етіп ажырату жолымен мобилизациялау;
2.
Босатушы тіліктер;
3.
Z – тәрізді пластика;
4.
Тіл тәрізді айналмалы тері кесіндісі.
Дененің алшақ орналасқан аймақтарынан кесіндіні жылжыту:
1.
Тік ауыстырып отырғызу;
2.
Көпір тәрізді пластика;
3.
Жылжымалы пластикамен кесінді жасау;
4.
Сабақ тәрізді кесінді дайындау
5.
Тоқ ішектің терісінпайдалану арқылы
қынаптың
реконструкциялық
технологиясы
J. Kellogg Parsons, Susan
L. Gearhart, and John P.
Gearhart. Vaginal
Reconstruction Utilizing
Sigmoid Colon:
Complications and LongTerm Results. Journal of
Pediatric Surgery, Vol 37,
No 4 (April), 2002: pp
629-633.
Ішектің үздіксіздігі
олардың екі
аяқталған жерлерін
қалпына келтіру
арқылы жүреді
6.
Аллотрансплантация деп – аллотрансплантация жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда және үлкенкөлемді кемістіктерді жабу үшін, жаңа және консервленген трансплантаттарды қолдану әдісін айтады.
Көбінесе кемістікті аз уақытқа (2-3 аптаға) жабу үшін жасалады (күйік ауруының алғашқы сатыларында,
өліеттенген тіндерді кесіп алғанда).
Брефопластика – алты айдан аспаған және өлі туылған ұрықтардың (эмбрионның) терісін алып
отырғызу болып табылады (донор мен реципиенттің изосерологиялық сәйкестігі ескерілу қажет).
Блефаропластика
Төменгі қабақтың
трансконъюктивті
блефаропластикасы
7.
Бұлшықеттердің пластикасыҚанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы сақталған аяқшасы бар
бұлшықеттерді отырғызу – остеомиолит кезінде сүйек саңылауын тығындау
үшін, сонымен қатар бронхиальді жыланкөз және жетіспейтін аумақты толтыру
(маммопластика) үшін қолданылады. Аймақтық бұлшықеттік пластиканы
бұлшықеттің кемістіктерін (құрсақ қабырғасының, шап және құрсақтың ақ
сызығының жарығы) жою үшін пайдаланады.
Сіңір мен шандырлардың пластикасы
Сіңірлік пластика аяқ-қолдың жоғалған қызметін дұрыстау үшін және
салданған бұлшықет топтарының қызметін көрші сіңірлер мен сау бұлшықеттерді
тігу арқылы қалпына келтіру үшін қолданады.
Сіңірлерді тіккенде арнайы сіңірлік тігістер салынады – Kunneo, Kessler,
Bunnel және басқа да тігістер.
Сан бұлшықетінің жалпақ шандырынан алынған бос кесіндіні буын
қапшығын нығайту, бас миының қатты қабығының кемістігін жамау, тік ішектің
жасанды сфинктерін қалыптастыру, жұлынның және құрсақ қабырғасының
жарықтарын жабу үшін қолданады.
8.
Сүйектердің пластикасыОны ағзаның жоғалған қызметін және косметикалық пішінін (бас – сүйек күмбезінің, жақтың
кемістіктерін және т.б.) қалпына келтіру үшін қолданады.
Ауто-және аллотрансплантация түріндегі сүйектің бос пластикасы сүйектің қуысын толтыру және
сүйектің кесіліп алынған бөлігін алмастыру үшін қолданылады – кесіліп алынған кәрі жіліктің орнына
асықты жіліктің шыбығын (кіші жіліншікті) микрохирургиялық жолмен отырғызу әдісі.
Рисунок 2. Контрольная
рентгенограмма пациента К.
после
устранения ротационного
подвывиха ладьевидной
кости,
пластики внутренней ЛПС и
фиксации костей запястья
спицами: А.прямая проекция;
Б. боковая проекция
9.
Нервтердің пластикасыНерв талшықтарын қалпына келтіру үшін жасалатын операциялардың
түрлері:
Біріншілік және екіншілік тігіс салу;
Сыртқы және ішкі невролиз жасау;
Нервтің трансплантациясы
Тамырлардың пластикасы
Ауыстырып отырғызу үшін, көбінесе диаметрлері сәйкес аутовеналар
(санның үлкен теріастылық венасы), сирек жағдайда артериялар (донорлық
алаңның қанмен қамтамасыз етілуі бұзылатындықтан) қолданылады және
гофрирленген жасанды тамырлық протездермен пластика (шунттау, протездеу)
жасалады – эксплантация.
Тігіссіз әдістер:
Инвагинациялық әдіс;
Желімді әдіс;
Біріктірілген әдіс;
Асқынулары: протездің ерте тромбозы;протездің екіншілік кешеуілденген
тромбозы; эксплантанттың инфицирленуі және атеросклерозы дамуы мүмкін.
10.
Пайдаланылған әдебиеттер:1.
Дұрманов Қ.Д., Бекішев Б.М. – “Жалпы хирургия” Алматы, 2006 ж
2.
Қасенов Т.С., Дұрманов Қ.Д. - “Жалпы хирургия” Алматы 1992 ж
3.
Рычагов Г.П. – “Общая хирургия” Минск, 2002 г
4.
Петров С.В. – “Общая хирургия” Санкт –Петербург 2002 г
5.
Гостищев В.К. – “Общая хирургия” М.,1993,1997,2003 г