Кіріспе
Тұрпайы күлбіреуікше( pemphigus vulgaris ):
Акантолиздеуші күлбіреуікше :
Вегетациялаушы күлбіреуікше ( pemphigus vegetationes )
Себореялы немесе қайызды күлбіреуікше ( pemphigus ) :
Патологиялық гистологиясы :
Сараптамалы диагностикасы :
Сараптамалы диагностикасы :
Емі :
Емі :
Қолданылған әдебиеттер:
3.88M
Категория: МедицинаМедицина

Күлбіреуікше клиникасы,диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі

1.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Модулі : Терапиялық стоматология
Тақырыбы : Күлбіреуікше клиникасы,диагностикасы,
салыстырмалы диагностикасы , емі.
Орындаған: Әшірбеков Ф.З.
Факультет : стоматология
Тобы: 007-01-01
Курс: 5
Қабылдаған: Бакбаев Б.Б.

2.

І Кіріспе :
Күлбіреуікшенің анықтамасы , этиологиясы
жіктелуі,клиникалық көрінісі,патогистологиясы
емі .
ІІ Негізі бөлім:
Тұрпайы күлбіреуікше ;
Аконтолиздеуші күлбіреуікше ;
Вегетациялаушы күлбіреуікше ;
Себореялы күлбіреуікше .
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Күлбіреуікше (пузырчатка – pemphigus ) немесе
аконтолиздеуші күлбіреуікше ( истинная или
аконтолитическая пузырчатка ) ағымы өте ауыр ,
эпидермистің мальпигиев ,ал ауыз кілегейлі
қабығының тікенекті қабатының жасушаларының
аконтолизденуге ұшырауынан қабыну үрдісінсіз
көлемдері әр түрлі ( 0.5 см ден 5.0 ге дейін )
күлбіреуік бөрткендердің пайда болуыменен
және олардың жарылуы нәтижесінде эрозиялы
ошақтардың дамуымен сипатталатын буллезді
дерматоз .

4.

Акантоликалық күлбіреуікше
Ауыз қуысы вирусты күлбіреуікшесі

5.

6.

7.

Күлбіреуікше көбінесе жасы 35- тен асқан адамдар
ауырады және ерлер мен әйелдер арасында қатар
кезедседі , балаларда сирек кездеседі .
Аурудың этиологиясы әлі анықталмаған . Ертеректе
ұсынылған микробты теория мен организмде су
және тұз алмасуы бұзылуы туралы теориялар
дәлелденбеген . Қазіргі кезде көбірек дәлелін таба
бастаған вирустық және аутоиммундық теориялар
.Науқастардың қанында тікенекті қабаттың
клеткааралық заттың тектес айналымда жүрген Ig G
типті антиденелердің анықталуы аурудың
аутоиммундық механизмін көрсетеді .

8.

Аурудың вирустық теориясының да маңызын атап
өтуге болады . Оның дамуының барлық кезеңдерінде
белгілі бір типті вирус бөлінбегенімен және аурудың
экспериментальді түрін ұсақ жануарларда
(тышқандар егеуқұйрықтарда , қояндарда) жұқтыру
әдісімен туындата алмағанмен , вирустардың науқас
организмінде аутоиммундық үрдістерді дамытуда
үлкен рөлі бар .

9.

Шеклаков Н.Д. (1980ж) ұсынған жүйе бойынша аурудың
клиникалық түрлері :
Қарапайым немесе
тұрпайы (вульгарная)
Жапыраққа ұқсас
( листовидная )
Вегетациялаушы
(вегетирующая )
Қайызды немесе
эритемалы
(себорейная или
эритемозная )

10. Тұрпайы күлбіреуікше( pemphigus vulgaris ):

Тұрпайы күлбіреуікше кезінде ауыз кілегейлі
қабығы жиі жарақаттанады және ұзақ уақыт
(бірнеше айдан 1-2 жылға дейін) аурудың бірден-бір
белгісі болуы мүмкін . Көрер көзге өзгермеген ауыз
кілегейлі қабығына қабығы жұқа және болбыр ,
көлемі әртүрлі эпителий ішінде құрылған бір немесе
екі үш күлбіреуік бөрткен шығып , көп кешікпей
жарылып , аса терең емес эрозиялы ошаққа айналады.
Эрозия бетіндегі күлбіреуік қабығы ақшыл-сұр түсті
өлі етті-қаққа айналады немесе сыдырылып түсіп ,
эрозия жиектерінде эпителий үзіктері ретінде
сақталады .

11.

Сурет. 11.44. Тұрпайы күлбіреуікше . Бет терісінде
,ерін және тілдің кілегейлі қабатында эрозиялар
.Еріннің қызыл каймасында қабыршақтар .

12.

Егер эпителий үзігін стоматологиялық қысқышпен
ықсып алып тартса , біраз жерге дейін эпителий
қабаты сыдырылады . Осылай сыдырылу белгісін
“ Никольский симптомы ” және бұл симптомды
алудың бірінші варианты . Никольский симптомының
екінші варианты егер жақын орналасқан екі
күлбіреуік арасындағы аймақты доғал аспаппен
үйкелесе , эпителий қабаты сыдырыла бастайды және
эрозия пайда болады . Ал үшінші варианты алыс
аймақтағы тері бетін үйкелеген кезде беткі эпителий
қабаты сыдырылады немесе күлбіреуік бөрткен
пайда болады .

13.

Күлбіреуікше
Тұрпайы күлбіреуікше

14.

Ауыз ішінде күлбіреуік бөрткендер жиі үйкеліске
ұшырайтын аймақта (ұртта , көбінесе үлкен азу тістер
сыртында ,таңдайда , ерінде , ауыз түбінде ,
жұтқыншақта) пайда болады . Кейде ауызда тұрпайы
күлбіреуікше күлбіреуік бөрткенсіз дамуы мүмкін .
Алғашқыда жарақат ошаңында жабынды эпитетий
күңгірттеніп , ошақтың орта бөлігінде көлемі тез
үлкейетін шағын эрозия ошағы пайда болады .
Сүртіп байқағанда бетіндегі өлеттенген эпителий
жұқа құрғақ түрінде жеңіл сыдырылады және оның
жұмыртқаның ішкі жұқа қабығына ұқсатуға болады
Эрозиялы ошақтарда алғашқы кезде тез
жазылғанымен , кейін ұзақ жазылуы ұзаққа созылады
кейде екіншілік инфекцияның әсерінен қабыну үрдісі
қосылып , ауыздан жағымсыз иіс шығады .

15.

Күлбіреуікше ауруы кезінде күлбіреуік бөрткендер
көбінесе көп өзгермеген , кейде шамалы ғана қызарған
көбірек үйкеліске ұшырайтын аймақтағы қарын ,
арқаның жауырын тұсы , қолтық , шап терілері тері
бетінде орналасады . Бірнеше сағаттан кейін
күлбіреуіктердің қабықтары созылып , жұқарады
және алмұртқа ұқсап салбырап барып жарылады
.Осыдан пайда болған эрозия ошақтары сарысулы
немесе қанды қабықшалармен жабылады . Тері
бетіндегі эрозиялар да қатты ашып ауырып , мазалауы
мүмкін .Кейде күлбіреуік бөрткендердің ішіндегі
сұйығы екіншілік инфекция әсерінен іріңді жалқыққа
айналып , пликтеналар пайда болады .

16.

17.

Ауыз кілегейлі қабығы және терімен қатар аурудың
алғашқы сатысында басқа аймақтағы кілегейлі
қабықтар да (жұтқыншақ , өңеш , асқазан , ішек жолы)
жарақаттанады . Көпшілік жағдайда ішкі ағзалар да
жарақатқа ұшырайды , орталық және шеткейлік жүйке
жүйелерінде де өзгерістер байқалуы мүмкін .
Күлбіреуікше бірде созылмалы , бірде жеделдеу ,
кейде жедел ағымды болады .Кортикостероидты
дәрілерді пайдаланып емдей бастағанға дейін
аурудың ұзақтығы 2 айдан 2 жылға дейін созылып
көбінесе өліммен аяқталатын .Сирек жағдайларда
ғана акантолиздеуші күлбіреуікшенің ағымы емдеу
шараларынсыз қатерсіз бағытқа бет бұратын .
Күлбіреуікшенің ағымы толқынға ұқсас , өршу
кезеңдері бірде өз бетімен , кейде емдеу нәтижесінде
ремиссиялану (беті қайта) кезеңіне ауысып отырады .

18.

19. Акантолиздеуші күлбіреуікше :

Акантолиздеуші күлбіреуікшенің дамуының үш кезеңін
ажыратады :1) бастапқы кезеңі (начальная фаза) ,
науқастың жалпы жағдайы өзгермейді , бөрткендер саны
аз , эрозия ошақтары тез жазылады . Никольский
симптомы кейде теріс немесе әлсіз дәрежеде оң болуы
мүмкін, жақпа таңбалардағы эпителий клеткаларының 30 %
акантолизденуге ұшыраған .Бұл кезеңнің ұзақтығы әр
науқастарда әртүрлі болады 2-3 айдан 6-7 айға , кейде
1-2 жылға дейін созылуы мүмкін .Кейде күлбіреуік
бөрткендердің алғаш коньюктиваға немесе ерін жиектеріне
шығуына байланысты аурудың диагнозы дұрыс
нақтыланбайды , “коньюктиваның немесе ерін қабынуы”
деген диагнозбен науқас ұзақ және нәтижесіз емделеді .
Мұның өзі аурудың алғашқы кезеңінің біраз уақытқа
ұзаруына алып келеді

20.

2) Өршу кезеңі : науқастың жалпы жағдайы өзгеріп ,
дене қызуы да аздап көтерілуі мүмкін ,ауыз кілегейлі
қабығына шыққан көптеген күлбіреуік бөрткендер
жарылып , ауыз іші “жалаңаш эрозиялы” аймаққа
айналады , ас қабылдау және сөйлеу қиындайды.
Еріндер жиігіне шыққан күлбіреуіктерден дамыған
эрозиялар беттері сарысулы немесе қанды-сарысулы
қабықшалармен жабылады . Екіншілік инфекциямен
асқынбаған жағдайда аймақтық лимфа түйіндері
ұлғаймайды . Бұл кезеңде Никольский симптомы
барлық жағдайда оң болады және жақпа-таңбаларда
акантолиздеуге ұшыраған клеткалар саны басым
болады .

21.

ошақтардың
біртіндеп
эпителизациялану (жазылу) кезеңі ; аурудың беті
қайтып , эрозиялы ошақтар тыртықтанбай жазыла
бастайды , Никольский симптомы теріс ,
акнтолизденген клеткалардың саны аз немесе
анықталмауы мүмкін , кілегейлі қабықтың аздап
домбығуы , түсінің көкшілденуі және күңгірттігі
бірнеше аптадай сақталуы мүмкін . Ауыр сезімі көп
мазаламайды , сілекей бөлінуі қалыпқа келе
бастайды .
3)Эрозиялы

22. Вегетациялаушы күлбіреуікше ( pemphigus vegetationes )

Вегетациялаушы күлбіреуікше кезінде ұзақ
жазылмаған эрозия ошақтарында беттері ашылған
дәнекер тін бүртіктері шамадан тыс өсіп ,
грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылымдар
( вегетациялар ) пайда болады . Олар оңай
жарақаттанады және қанағыш келеді , екіншілік
инфекция әсерінен тез ыдырауға ұшырап , ауыздан иіс
шығады . Науқас ас қабылдай алмай және сөйлей
алмай қатты қиналады .

23. Себореялы немесе қайызды күлбіреуікше ( pemphigus ) :

Себореялы күлбіреуікше кезінде ауыз ішінде
тұрпайы күлбіреуікшеге ұқсас болады , ал тері
бетінде (көбінесе бас терісі жарақаттанады) майлы
себореяға майлы қайызға ұқсас және майлы
қабықшалар көптеп пайда болады .Жапыраққа ұқсас
күлбіреуікше ( pemphigus soliata ) кезінде ауыз
кілегейлі қабығы өте сирек жарақаттанады .

24.

Күлбіреуікше
Жапыраққа ұқсас
күлбіреуікше

25. Патологиялық гистологиясы :

Морфологиялық өзгерістер жабынды эпителийдің
тікенекті қабатында акантолиздену үрдісімен
сипатталады , клеткааралық заттар мен клеткааралық
көпіршелердің еріп кетуі нәтижесінде , клеткалар
байланысы үзіліп , араларында сұйыққа толы
саңылаулар пайда болып , біртіндеп үлкен қуыстарға
немесе күлбіреуікке айналады. Күлбіреуіктер мен
эрозиялардың табаны акантолизденген клеткалардан
тұрады . Күлбіреуікшенің диагнозы аурудың
клиникалық көрінісін сараптау , Никольский
симптомының оң болуы , цитологиялық зерттеулердің
тікелей жүргізілген иммунодифференциялау
реакциясының нәтижелеріне сүйену негізіне
қойылады .

26. Сараптамалы диагностикасы :

Аурудың диагнозын дұрыс нақтылау үшін
күлбіреуікшені акантолиздемейтін күлбіреуікшеден
буллезді пемфигоидтан , көптүрлі жалқықты
қызармадан , ауыздың дәріден буллезді қабынуынан
,қызыл жалпақ теміреткінің буллезді түрінен , терінің
герпеске ұқсас қабынуының Дюринг дерматиті ,
күлбіреуікті эпидермистен ажырата білу керек .
Буллезді пемфигоид көбінесе асқан адамдар
арасында кездеседі , ағымы қатерсіз , күлбіреуік
бөрткендер эпителий астында орналасады , қабығы
қалың келеді , Никольский симптомы теріс ,
акантолизденген клеткалар жақпа таңбада
анықталмайды .

27.

Герпетиформды дерматостоматит, немесе Дюринг
ауруы (күлбіреуікті ауру ). Этиологиясы толық
анықталмаған.

28. Сараптамалы диагностикасы :

Ауыздың дәріден буллезді қабынуы кезінде де күлбіреуік
бөрткен эпителий астында орналасады . Дәріні
қабылдауды тоқтанқаннан кейін аурудың беті тез қайтып
, эрозия ошағы тез жазыла бастайды . Қызыл жалпақ
теміреткенің буллезді түрінде күлбіреуік бөрткен немесе
ол жарылғаннан кейін пайда болған папулалар тобын
анықтауға болады ,акнтолиздену үрдісі болмайды .
Терінің герпеске ұқсас қабынуы кезінде Дюринг
дерматиті күлбіреуік бөрткендер алдымен теріге шығады ,
ауыз кілегейлі қабығы ешқашан жеке жарақаттанбайды
,күлбіреуік бөрткендер эпителий астында орналасады ,
ішіндегі сұйықта эозинофильдер көптеп кездеседі ,
акантолиздену үрдісі орын алмайды , науқастың иодқа
жоғары сезімталдығы анықталады .

29. Емі :

Акантолиздеуші күлбіреуікшемен ауыратын
науқастарды дәрігер дерматологтар емдейді .
Кешенді емнің құрамында кортикостероидтарды ,
цитостатиктерді енгізіп ,қалыптасқан үлгімен
жүргізеді . Бұл аурудың барысы соңғы уақытықа
дейін өте ауыр болатын . Кортикостероидты қолданып
емдеу қалыптасқанға дейін науқастар бірнеше аптадан
немесе бірнеше айдан кейін қайтыс болатын . Қазіргі
кезде пайдаланылып жүрген кортикостероидтар :
преднизалон , метилпреднизалон метилпред ,урбазон,
дексаметазон дексазон , триамцинолон , цитостатиктер
науқастар өмірін біраз жылға ұзартуға мүмкіндік
берді .

30. Емі :

Жергілікті емі : Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауға
үйрету , антисептиктерді , ауырусыздандырушы ,
микробтарға қарсы дәрілерді , кортикостероидты
жақпаларды қолданып , эрозия ошақтарының
екіншілік инфекциямен асқынбауын , тезірек
жазылуын қамтамасыз ететін емдеу шараларын
жүргізеді . Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілерді
қолдануды да ұмытпау қажет .

31. Қолданылған әдебиеттер:

www.google.ru
www.stomport.ru
Терапевтическая стоматология - Боровский Е.В.
Болезни слизистой оболочки полости рта
Л.Я. Зазулевская .Алматы . 2010 жыл
Заболевания слизистой оболочки полости и губ
Боровский Е.В. , Машкиллейсон А.Л. Москва –
1984 год
English     Русский Правила