Похожие презентации:
Жоғарғы және төмеңгі жақтың сынуы
1. Жоғарғы және төмеңгі жақтың сынуы
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
Жоғарғы және төмеңгі жақтың
сынуы
Тексерген: Гүлдана Асановна
Орындаған: Полатова Зарина
Кеңесбек Темірлан
Стом – 005-2
2. Жоспар
I. КіріспеII. Негізгі бөлім
• Жоғарғы жақтың сыну бағыттары
• Жоғарғы жақ сынықтарын диагностикалау
және емдеу
• Жоғарғы жақтың контрфорстары
• Төмеңгі жақ сынықтары
• Төмеңгі жақтың сынықтарын диагностикалау
және емдеу
• Төмеңгі жақ контрфорстары
3.
Жоғарғы жақ бет қаңқасымен мықтыбайланыста. Жоғарғы жақтың әлсіз және
мықты жерлері бар. Әлсіз жерлеріне жақ
денесінен өсінділер тарайтын және жақтың
басқа бет сүйектерімен байланысқан жерлері
жатады. 1901 жылы француз ғалымы Rene Le
Fort жоғарғы жақтың сыну бағыттарының
классификациясын ұсынды. Сол
классификация бойынша жоғарғы жақтың 3
сыну бағытын ажыратады: Ле Фор 1, Ле Фор 2
және Ле Фор 3.
4. Ле Фор 1
Сыну бағыты әр уақытта горизонтальды бағытта,алмұрт тәрізді тесіктің негізінен жақ төмпешігіне
дейін, гаймор қуысы түбінен сәл жоғары жүріп,
жоғарғы жақтың соңғы тісі тұсында аяқталады.
5. Ле Фор 2
Сыну үлгісінің екінші түрінде сыну көлденеңбағытта, мұрын түбінен, көз ұясының ішкі
қабырғасы арқылы көз ұясының төмеңгі қырын
төмен қарай кесіп өтіп, жақ-бет сүйек тігісімен
вертикалды жүріп альвеолярлы өсіндінің
артына, негізгі сүйектің қанат тәрізді өсіндісіне
жетеді.
6. Ле Фор 3
Сыну бағыты мұрын сүйегі мен маңдай сүйегініңарасымен, көз ұясының ішкі қабырғасымен, көз ұя
түбімен, төмеңгі көз жырығының артқы шетіне дейін
жүреді. Әрі қарай сыну бағыты көз ұясының сыртқы
қабырғасымен көз ұясының сыртқы шетіне дейін
созылып, маңдай-бет сүйек тігісі бойымен жүріп жақ
төмпешігі арқылы сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді
өсіндісіне бағытталады. Сынықтың осы түрінде
контізия немесе ми қозғалуы, ми немесе оның
қабықтары қабынуы кездеседі. Көз ұясына қан кетіп,
көз көгереді, мұрын және құлақтан қан ағуы мүмкін.
7.
8.
ДиагностикаЖоғарғы жақтың сынуының негізге белгілері
– тістемнің өзгеруі және сүйек сынықтарының
қозғалғыштығы, ісіну, көгеру. Өте ауыр
жарақат кезінде бет әлпет өзгереді. Бұл
өзгерістер жоғарғы жақтың және оның
айналасындағы жұмсақ тіндердің төмен және
артына ығысуына байланысты. Жоғарғы
жақтың ығысу бағытына шайнау, мимикалық
бұлшық еттер әсер етпейді. Сынған сүйектің
ығысу бағыты мен орны өзгеруі әсер ететін
соққының бағыты мен күшіне байланысты.
9.
ЕмдеуЖоғарғы жақ сынған жағдайда арнайы медициналық
мекемеге жеткенге дейін науқастың маңдайын және
иегін бинтпен орап, фиксациялайды. Емдеуді
хирургиялық жолмен жүргізеді. Сынған сүйектерді
алдымен репозициялайды(сынған сүйек бөліктерін бірбіріне түйістіріп дұрыс қалыпқа келтіру), сосын сау
сүйекке бекітеді. Бекіту үшін сымдарды және титаннан
жасалған минипластиналарды қолданады.
10. Контрфорстар
Контрфорстар деп бассүйектің қалыңдаған,мықты жерлерін айтады. Олар арқылы
шайнау қысымының күші бас күмбезіне
таралады. Жоғарғы жақ контрфорстарына:
1. Маңдай-мұрын контрфорсы;
2. Альвеолярлы-бет сүйек контрфорсы;
3. Қанат тәрізді-таңдай контрфорсы;
4. Таңдай контрфорсы;
11. Маңдай-мұрын контрфорсы
Төменде ит тіс маңындағы альвеолярлықтөмпешікке тіреледі, жоғарыда – жақтың
маңдай өсіндісінің бойымен, маңдай
сүйегінің мұрын бөлігіне жетеді. Оң жақтық
және сол жақтық контрфорстар маңдай
сүйегінің мұрын бөлігінде, қас үстілік
көлденең орналасқан доғалар арқылы
қатаяды. Бұл контрфорс ит тістер арқылы
төменнен жоғарыбағытталған қысым күшін
теңестіріп тұрады.
12.
13. Альвеолярлы-бет сүйегі контрфорсы
1 – 2 азу тістердің төмпешіктерінен басталып,жоғары қарай бет сүйегінің қырына қарай
бағытталады. Бұл жерде соққы күшінің
бағыттары: артқа – самай сүйегінің бет
доғасына қарай, жоғарыға – маңдай
сүйегенің беті. Ішкі жағына қарай – бет сүйек
өсіндісіне бағытталады. Бұл шайнау тістерінің
төменнен жоғарыға қарай, алдынан – артқа
қарай, сыртынан – ішке қарай бағытталған
күштерді теңестіріп тұрады
14. Қанат тәрізді таңдай контрфорсы
Соңғы молярлардың төмпешіктерінен жәнежоғарғы жақ төмпешігінен басталып,
жолында сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді
өсіндісімен және таңдай сүйегінің
перпендикулярлы пластинкасымен күшейеді.
Бұл контрфорс соңғы азу тістердің алдынан
үстіне қарай және артынан алға қарай
бағытталған күштерді теңестіреді.
15. Таңдай контрфорсы
Жоғарғы жақтың таңдайлық өсіндісі, қң жәнесол жақтағы альвеолярлы доғаларды
көлденең қосатын таңдай сүйегінің
горизонтальды пластинкаларынан құрылған.
Бұл контрфорс шайнау кезіндегі күшті
көлденең бағытта теңестіреді.
16.
17. Төмеңгі жақ сынықтары
Төмеңгі жақ сынықтарының орналасуына соққыбағыты, соққы күші және шайнау бұлшық еттерінің
тарту күші әсер етеді. Төмеңгі жақтың сынуы тістемнің
бұзылыстарына, бет әлпеттің өзгеруіне соқтырады.
18.
19.
• Иек немесе жақ сынғанда – жақ екігебөлінеді. Сынықтар вертикальды
орналасады. Ұзын сынық болған жағдайда
төмен қарай тартылады. Төмен қарай
тартатын бұлшық еттер – mm. digastricus,
mylohyoideus, geniohyoideus. Қысқа сынық
кезінде шайнау бұлшық еттердің тартуына
байланысты жоғары және ішке қарай
тартылады.
20.
• Төмеңгі жақтың бұрышы сынғанда,сынықтар орнынан көп жылжымауы
мүмкін. Себебі екі сынық mm. masseter,
pterygoideus medialis арқылы орнында
тұрады. Егер сыну деңгейі, бұлшық ет
бекіген жердің алдында немесе артында
болса, қысқа сынық жоғары қарай, ұзын
сынық төмен қарай ығысады.
21.
• Төмеңгі жақтың біреуінің буындық өсіндісініңмойны сынғанда, сынық m.temporalis-тің
тартуымен жоғары, ал жақ доғасы сынған
жерге қарай ығысады. Кіші сынық латеральды
қанат тәрізді бұлшық еттің тартуымен – алдыға
және ішкері ығысады. Төмеңгі жақ
мойынының екеуі де сынғанда, жақ
доғасының артқы бөлігі буын шұңқырларында
тірегін жоғалтып, mm. temporalis, masseter-дің
екі жақтан тартуына байланысты, жоғары
қарай ығысады. Көмекші бұлшық еттер тобы
(mm. digastricus, mylohyoideus, geniohyoideus)
сынықтың иектік бөлігін төмен қарай тартады.
Мұндай кезде «ашық тістем» дамиды.
22.
• Тәжді өсінді деңгейінде сыну жақ орналасуын бұзақоймайды. Тек сынған тәжді өсінді m. temporalisпен тартылып, жоғары қарай кетеді.
• Екі жақтан сыну кезінде, егер сынық бойы
симметриялы ит тіс және кіші азулар бойымен
жүрсе, орталық сынық төмен және артқа қарай
(көмекші бұлшық еттер тартуымен) тіл асты
сүйектен тіл түбіріне ығысады. Мұндай сынуларда
тіл көмейді бітеп өмірге қауіпті асфиксия тудыруы
мүмкін
• Орталық арқылы (орталық ит тістер арасымен)
сынғанда төмеңгі жақ тең екіге бөлінеді. Сондықтан
сынықтар ығыспай, тек тістер арасында сыну
бағыты бойымен жарық көрінеді
23.
24. Диагностикалау және емдеу
Төмеңгі жақ сынықтары кезінде ісіну, гематомаларбайқалады. Сау аймақтарды пальпациялау барысында
сынған сүйектер жылжып, ауыру сезімін тудырады.
Кейде травма кесірінен төмеңгі альвеолярлы нерв
зақымдалып, төмеңгі жақ жансызданады. Оны
анықтау үшін үшкір ине қолданады.
Емдеу жоғарғы жақтың еміне ұқсас, хирургиялық
жолмен жүреді. Сынған сүйектерді орнына әкеліп,
темір пластинкалармен, сымдармен бекітеді.
Қосымша ауыз сыртылық құрылғылармен бекиді.
25.
26.
27. Төмеңгі жақ контрфорстары
1. Альвеолярлық – жоғары қарайальвеолалардың ұяшықтарына
бағытталған.
2. Өрлеуші – төмеңгі жақтың тармағы
бойымен, оның мойыны және басына
қарай бағытталған. Осы жерден шайнау
қысымының күші самай сүйегінің төмеңгі
жақтық шұңқырына беріледі.
28.
29. Пайдалынған әдебиеттер
• Бас және мойынның клиникалық анатомиясы.Қайназаров А.Қ., Идрисов Ә.А., Алмабаев Ы.А.,
Алмабаева А.Ы. Алматы 2014
• http://hirstom.ru/neognestrelnie-povrezhdeniyachlo/perelomi-verchney-cheliusti
• http://hirstom.ru/neognestrelnie-povrezhdeniyachlo/perelomi-nizhney-cheliusti
• http://medbe.ru/materials/litsevoy-skelet-icherep/kontrforsy-cherepa/