Диалектика мәселелері.
Диалетиканың негізгі заңдары
724.00K
Категория: ФилософияФилософия

Диалектика мәселелері

1. Диалектика мәселелері.

Жоспар:
1. Диалектика, оның тарихи түрлері.
2. Диалектика заңдары.
3. Диалектика категориялары.

2.

Диалектика - грек. диалектикэ –
сұхбаттасу өнері, талас және диалог,
диалегомай – сұхбаттасып тұрмын,
ойлап тұрмын деген сөздерін білдіреді.
Диалектика - аргументация өнері,
логика ғылымы.
Объективтік және субъективтік
диалектика түрлері ажыратылады.

3.

Философияның бір бөлігі болып
табылатын диалектика - әлемнің
дамуының
теориялық
негіздерін
анықтайды. Диалектика дегеніміз –
болмыс пен бүкіл әлем дамуының
жалпы байланыстары туралы ілім. Онда
даму процесі зерттеледі. Диалектика –
дамудың философиялық теориясы.
Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас
және
қарқынды
бүтіндік
деп
қабылдайтын
ойлау
тәсілі.

4.

Қарапайым
диалектика
антикалық
философияда қалыптасты. Ол көне гректердің
табиғатты қарапайым пайымдауынан туындайды.
Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі
Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты
бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит
«от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы
ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді
түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе
өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ.
Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан
тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама
– қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының
қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.

5.

Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың
шығармашылығында
диалектикалық
ізденістер орын алған.
Мысалы,
П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер
сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп
қарастырған А.Августин жалпы тарихтың
дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық,
бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу
кезеңдері атап көрсетілген.
Қайта
өркендеу
мен
жаңа
Дәуір
философиясында диалектика Д.Бруно,
Н.Коперник,
Р.Декарт,
Б.Спиноза,
Н.Кузанский шығармашылығында дамыған.

6.

Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес
қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл
табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс
түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда,
өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп
таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі
байланысын
ашуға
тырысты.
Гегель қайшылықты – дамудың негізгі
қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше
бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты.
Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен
категорияларын анықтап, олардың тиянақты
жүйесін
жасады.

7.

К.Маркс
пен
Ф.Энгельс
материалистік
диалектиканы дамытты, даму идеясын тарихи
құбылыстарды зерттеуде, яғни әлеуметтік таптық
қатынастардың, жеке меншіктің, мемлекеттің,
қоғамның басқа да маңызды институттарының
қалыптасуының
заңдылықтарын
түсіндіруде
кеңінен
қолданды.

8.

Салыстыру
параметрле рі
Диалектика
Формальді
логика
(метафизика)
Энгельс ХІХғ.
Синернетика
ХХғ. 70 ж.
Әмбебапты
логика
(қисындылық)
Дамудың
қайнар
көздері
Даму неге
жүреді?
Ішкі қарамақайшылықтар
Сыртқы қарама
– қайшылықтар,
сыртқы түрткі
(Құдай)
Теңсіздіктердің
бір түрден
екіншісіне аусуы
Қарама –
қайшылықтардың бірлігі
Даму
механизмі
Даму қайтіп
жүреді?
Сандық
сапалық
өзгерістердің
ара қатынасы
Немесе сандық,
немесе сапалық
өзгерістер (бір
жақты даму)
Флуктуация,
бифуркация,
веер
мүмкіншіліктері
Тұтастық пен
бөлшектің ара
байланысы
Дамудың
тенденциясы
Даму қайда
барады?
Дамудың
циклдық
сипаты
Даму шеңбер
ретінде (жаңа
пайда
болмайды)
Жаңа теңсіздік,
қайтымсыздық,
күрделену
Ескі бірліктен
жаңа бірлікке
өту

9.

Диалектиканың тарихи түрлері
Гегель
диалектикасы
Кузанскийдің шектілік пен шексіздіктің
үйлесімділік диалектикасы
Ежелгі грек Гераклит, Платон мен
Аристотельдің диалектикасы
Маркс
диалектикасы
ХХ-ХХІ ғасыр диалектикасы
Жаңа гегельдік
Жаңа маркстік
трагедиялық
негативті
когерентті

10. Диалетиканың негізгі заңдары

Даму
Дамудың қайнар
көзі
Дамудың
“механизмі”
Дамудың барысы
Қарамақарсылықтардың
бірлігі мен күрес
заңы
Сандық және
сапалық
өзгерістердің өзара
даму заңы
Терістеуді терістеу
заңы

11.

Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі
немесе қайшылық диалетикасы - дамуға
іштей күш беретін, белгілі бір кезеңде ескінің
жойылуы және жаңаның тууы арқылы шешілетін
процесті бейнелейді.
Қарама-қарсылық деп – құбылыстардағы,
нәрселердегі сәйкессіздіктің шегіне жеткен формасын
бейнелейтін ұғым.
Қайшылық – қарама-қарсылықтардың диалетикалық
қатынасын, олардың өзара әрекеттесуінің бірлігі мен
күресін бейнелейтін ұғым. Түрлері: объективтік және
субъективтік.

12.

Сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысу
заңы – даму процесінің ішкі механизмін, тетігін,
оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның
пайда болу логикасын ашып көрсетеді.
Заңның категориялары – сан, сапа. өлшем, секіріс.
Сапа - нәрсенің бірлігін, біртұтастығын,
қайталанбайтындығын, оның салыстырмалы
тұрақтылығын көрсетеді.
Сан – заттардың біркелкілігін, бірдейлігі, ұқсастығын
білдіреді, сондықтан олармен көбейту және азайту,
бөлу мен қосу және тб. операциялар жасалады.

13.

Өлшем – сан мен сапаның диалетикалық бірлігі,
қайшылығы өзара тәуелділігі, яғни сапа жағынан
анықталған сан, немесе сан жағынан анықталған
сапаны көрсететін ұғым.
Секіріс – берілген сапаның түбірлі өзгеру
апроцесі, ескі сападан жаңа сапаға өтудің, бір
өлшемнен екінші өлшемге өтудің формасы, дамудағы
шешуші түйін. Секіріс –заттың барлық үш деңгейін
де- оның сапалық, сандық және өлшемдік
анықтылығын қамтиды. Жаңа затта оның сапасы да,
саны да, өлшемі де жаңа болады.
Секіріс формалары – жылдам, шұғыл; баяу,
созылмалы, эволюция, - біртіндеп өзгеру, революция
– қоғамдағы секіріс түрінде болатын даму формасы.

14.

Терістеуді терістеу заңы - даму процесінің
бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның
пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің
қайталануының салыстырмалылығын,
қозғалыстың, дамудың бірлігін сипаттайды.
Заңның категориялары:
Терістеу – шығармашылық, жасампаздық терістеу,
ол дамудың негізі. Қандай да болмасын жаңа,
неғұрлым жоғары жетілген формалардың пайда
болуының алғы шарты болып табылаиын терістеу.
Терістеуді терістеу – қос терістеу, екі есе терістеу.
Алдыңғы терістеу әрі терістеледі және әрі сақталады,
бұрыңғы даму сатысынан чсақталғанның барлығы
келесі сатьыға едәуір өзгертілген түрде өтеді.

15.

Диалектика категориялары дегеніміззерттеудің
жеке
принциптерін
бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір зат пен
құбылыстың қайшылықтарын ашу және оны
шешу-диалектикалық
зерттеу
болып
табылады.
Диалектиканың
екі
жұп категориялары бар, олар: ұқсастық пен
өзгеріс, сан мен сапа, шексіздік пен шекті,
түр және мазмұн, мән және құбылыс,
мүмкіндік және шындық, қажеттілік және
кездейсоқтық, себеп және салдар, т.б.

16.

Диалектика категориялары
Мән мен
құбылыс
Жалпы мен
жеке
Мазмұн мен
форма
Себеп пен
салдар
Қажеттілік пен
кездейсоқтық
Мүмкіндік пен
шындық

17.

Жүйе – тәртіпке келген өзара
байланыстағы элементтер жиынтығы.
Элемент - әрі қарабөлінбейтін
жүйенің негізінде жатқан оның
бөліктері.әрбір элемент бедгілі бір
жүйенің қалыптасуына қатысады.
Бүтін - өзінің іштей байланысты
құрамдас бөліктерін бірлікке әкеліп,
оны анықтайды.

18.

Бөлшек – бүтіннің құрамына кіріп,
оның сапалық қасиеттерін өз бойына
қабылдау.
Мазмұн – заттың немесе
құбылыстың барлық құрамдас
бөліктерінің жиынтығы, олардың
қасиеттері мен байланыстары,
қайшылықтары жатады.
Форма – мазмұнның өмір сүру
тәсілі, оның ішкі ұйымдасу тәртібі.

19.

Себеп,
салдарлық
байланыстар
детерменизм
(лат.
анықтау) –
дүниедегі заттар мен
құбылыстардың
белгілі
бір
заңдылықтардың
негізіндегі
байланыстары мен өзара тигізетін
ықпалдарының арқасында өзгеріске
түсуін
зерттейтін
ілім.
Оған
қарсы
индетерминизм
(лат
анықталмайды)
болмыстың
себептілінгін мойындамайтын ілім.

20.

Себеп – зат немесе құбыфлыстың
белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет
негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я
болмаса екінші зат, құбылысты
тудыруын айтамыз.
Салдар – белгілі бір себептердің
негізде пайда болған зат, құбылыс.

21.

Мүмкіндік – заттың болашағы, өзеру мен
дамуының көрініс табатын кейбір нышандар,
алғышарттар. Филос. ендірген
Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік,
энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция
– мүмкіндік). Аристотель бойынша материя –
таза мүмкіндік, оны шындыққа
айналдыратын – эйдос, форма.
Шындық – заттың актуальды
болмысы, мүмкіндік – ішкі қайшылықтардан
шығатын заттың дамуының бағыттары,
алғышарты.

22.

Мүмкіндіктің шындыққа айналуы
қажетілік пен кездейсоқтықтың өзара
диалектикалық байланысының
нәтижесінде іске асады.
Қажеттлік – зат не қозғалыстың
дамуындағы болмай қалмайтын,
әрдайым іске асатын жақтары.
Кездейсоқтық – болуы я болмауы
мүмкін жақтар.

23.

Жоғарыда
біз
атап
өткен
диалектиканың
негізгі
принциптері мен заңдары оның
негізгі
идеяларын
қорытындылауға
мүмкіндік
береді.

24.

• Біріншіден, құбылыстардың бір –
бірімен тығыз байланыстығы
идеясын әлем мен жаратылыстану
тарихы толық дәлелдейді.
• Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен
дамуының негізгі шарты – оның ішкі
қайшылықтары идеясы.
• Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың
ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы
идея.

25.

Диалектика байланыстар мен даму
туралы білім жүйесі бола отырып,
бірнеше функцияны орындайды. Ең
алдымен,
әрине,
диалектика
дүниетанымдық
функцияны
орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар
мен құбылыстардың бір – бірімен
байланыса отырып, ұдайы өзгерісте,
дамуда
болатындығын
теориялық
түрде
дәлелдейді.

26.

Сонымен
қатар,
диалектика
методологиялық
функцияны
орындайды. Ол дүниені танудың,
игерудің
негізгі
құралы
болып
табылады. Оның негізгі ұғымдары,
идеяларын, заңдарын дұрыс меңгерген
адам өз іс - әрекетінде тез табысқа
жететіні сөзсіз.

27.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила