Похожие презентации:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық құқықтық мәртебесі
1.
Тақырыбы:Қазақстан Республикасы
Үкіметінің конституциялық
құқықтық мәртебесі
2.
Сұрақтар:Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәртебесi
Республика Үкіметінiң өкiлеттiгiн тоқтату
Республика Үкіметінің құзыреті
Республика Үкіметінің Қызметін
ұйымдастыру
3.
Үкiмет алқалы орган болып табылады,Қазақстан Республикасының атқарушы
билiгiн жүзеге асырады, атқарушы
органдардың жүйесiн басқарады және
олардың қызметiне басшылық жасайды
4.
Үкiметтi Республика Президентi ҚазақстанРеспубликасының Конституцияда көзделген
тәртiппен құрады.
Үкiметтiң құрылымын министрлiктер
құрайды.
Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы
ұсыныстарды Премьер-Министр
тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде
Республика Премьер-Министрi Республика
Президентiне енгiзедi.
5. Үкiметтiң құрамына:
- Республиканың ПремьерМинистрi;- Республиканың ПремьерМинистрi орынбасарлары;
- министрлер;
- өзге де лауазымды адамдары
кiредi.
6.
Үкiмет мүшелерiнiң антынРеспублика Президентi өзi
белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
мүшесi Қазақстан халқына және
Президентiне мынадай мазмұнда
ант бередi:
7.
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентiалдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының
экономикалық және рухани даму iсiне барлық күшжiгерiм мен білімiмдi жұмсауға, мемлекеттiң
Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға,
өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен
әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық
принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал
қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен
дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта
беруге салтанатты түрде ант беремiн".
8.
• Республика Үкiметi ПарламентМәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде
жұмыс істейді және жаңадан сайланған
Республика Парламенті Мәжілісінiң
алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.
• Қазақстан Республикасының Үкіметі өз
құзыретiнiң мәселелерi бойынша
Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi
күшi бар қаулылар шығарады.
9.
• Республиканың Премьер-МинистрiРеспубликаның бүкiл аумағында мiндеттi
күшi бар өкiмдер шығарады.
• Үкiметтiң қаулылары және ПремьерМинистрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң
актілеріне, Республика Президентінің
жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы
келмеуге тиiс.
10.
Республика Үкіметі мүшелерiнiң:- өкiлдi органның депутаттары
болуға;
- ақы төленетiн қызметтер атқаруға;
- кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
- коммерциялық ұйымның басшы
органының құрамына кіруге хақы
жоқ.
11.
Республика Үкіметінiң өкiлеттiгiн тоқтату:Республика Президентi өз бастамасымен
үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм
қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн
қызметiнен босатуға хақылы;
Премьер-Министрдiң қызметiнен
босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi;
Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен
келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған
Үкiмет мүшелерi атқарып келген
қызметiнен босатылуға тиiс;
12.
Парламент Мәжілісі немесе Парламентүкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса,
Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы
Республика Президентiне мәлiмдейдi.
Республика Президентi орнынан түсудi
қабылдау немесе қабылдамау туралы
мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе
оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi.
13.
• Үкiмет өзiнiң қызметiнде Конституциядажәне осы Конституциялық заңда
белгiленген нысандарда Республика
Президентiнiң және Парламенттің
алдында жауапты.
• Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз
бетiнше шешiм қабылдайды, Республика
Премьер-Министрінің алдында өздерiне
бағынысты мемлекеттік органдардың
жұмысы немесе өздерiне тапсырылған
жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi.
14.
Министрлік Республиканың тиісті мемлекеттікбасқару саласына - басшылықты, сондай-ақ
заңнамада көзделген шектерде салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы
органы болып табылады.
Министрлiктi Республика Премьер-Министрінің
ұсынысы бойынша Республика Президентi
құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
15. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы бар:
• Қазақстан Республикасы Премьер-МинистрініңКеңсесі;
• Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт
министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
16.
• Қазақстан Республикасының Инвестицияларжәне даму министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Дін істері және
азаматтық қоғам министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
17.
• Қазақстан Республикасының Энергетикаминистрлігі;
• Қазақстан Республикасының Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі.
• Қазақстан Республикасының Қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
18.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері:- ведомстволар;
- департаменттер;
- басқармалар болып табылады.
Министрлік департаменттері мен
басқармаларының жиынтығы министрлік
аппараты болып табылады.
Республиканың орталық атқарушы
органының комитеті ведомство болып
табылады.
19.
• Министрліктердің аппараттарынРеспублика Президенті Республиканың
Премьер-Министрімен келісу бойынша
қызметке тағайындайтын және қызметтен
босататын жауапты хатшылар
басқарады.
• Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі
жауапты хатшылардың өкілеттігін
тоқтатуға алып келмейді.
20.
• Министрліктердің жауаптыхатшыларының мәртебесі мен
өкілеттігін Республика Президенті
белгілейді.
• Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге
асыру кезінде Республика
Президентіне, Премьер-Министрге
және министрге есеп береді.
21. Республика Үкіметінің құзыреті
Республика Президентiмен қарымқатынасы Республика Үкіметі:1) Президент тапсырмаларының орындалуы
және өз қызметiнiң басқа да бағыттары
туралы Президентке тұрақты түрде ақпарат
беріп отырады;
2) Республика Президентi актiлерiнiң
орындалуын ұйымдастырады және оларды
министрлiктер мен жергiлiктi атқарушы
органдардың орындауын бақылауды жүзеге
асырады.
22.
Республика Парламентiмен қарым-қатынасы:1) Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз
етедi, оларды министрлiктердiң және жергiлiктi
атқарушы органдардың орындауын бақылайды;
2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның
атқарылуы туралы есептi табыс етедi;
3) мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік
шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының
жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;
4) Парламент депутаттарының сұрауларына жауап
бередi.
23.
• Республика Үкіметінiң заң шығарубастамашылығы құқығы болады,
ол тек қана Парламент
Мәжілісiнде жүзеге асырылады.
Заң актiсiнiң жобасын енгізу
туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi
қаулысын шығару жолымен
қабылданады.
24. Министрліктермен қарым-қатынасы Республика Үкiметi:
1) министрліктердің қызметiне басшылықты жүзегеасырады, олардың Республика заңдарын,
Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiн орындауын
қамтамасыз етеді;
2) министрлердiң ұсынуы бойынша министрлiктер
туралы ережелердi, олардың аумақтық
органдарындағы және өздеріне ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын
ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн
бекiтедi;
3) министрліктер актiлерiнiң толық немесе бір бөлiгiнде
күшiн жояды немесе қолданылуын тоқтата тұрады;
25.
4) сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерініңорынбасарларын қоспағанда, министрлердің ұсынуы
бойынша олардың орынбасарларын қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады;
5) өзіне Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң
актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды
орындайды.
26. Республика Премьер-Министрі:
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады жәнеҮкімет мүшелерінің арасында функционалдық
міндеттерді бөледі;
2) Республика Президентімен, Парламентпен,
Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен,
Бас прокуратурамен және басқа да
мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда
Үкімет атынан өкілдік етеді;
3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан
өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік
етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар
мен келісімдерге қол қояды;
27.
4) Республика Президентіне: Үкіметтіңқұрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер,
қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда,
Парламент Мәжілісімен консультациялардан
кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау
үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер,
қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда,
Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің
жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін
немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін
қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді;
28.
5) Республика Президентімен мемлекеттікбюджет есебінен қамтылатын барлық
органдар үшін қаржыландырудың және
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің
бірыңғай жүйесін келіседі;
6) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары
жөнінде және оның аса маңызды барлық
шешімдері жөнінде Президентке және
Парламентке баяндап отырады;
29.
7) Үкімет мүшелерінің және жергіліктіатқарушы органдар басшыларының есептерін
тыңдайды;
8) Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші
органдарды құрады және таратады;
9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған
басшылық жасауға байланысты басқа да
функцияларды орындайды.
• Премьер-Министр болмаған жағдайда оның
мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген
тәртiппен Премьер-Министрдiң
орынбасарларының бiрi атқарады.
30.
Үкіметінің Қызметін ұйымдастыруҮкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет
өткiзiлiп отырады.
Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не
Республика Президентi шақырады.
Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр
төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң
бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн
атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары
төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi
қарағанда оның отырыстарында Республика
Президентi төрағалық етедi.
31.
• Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министртөрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң
бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн
атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары
төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды
мәселелердi қараған кезде қажеттігіне қарай оның
отырыстарында Республика Президентi
төрағалық етедi.
• Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет
отырысына қатысса, отырыс құқылы болып
саналады.
32.
33.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!!!