1.28M
Категория: МедицинаМедицина

Алопеция

1.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
АЛОПЕЦИЯ
Орындаған: Жексенбай М
Факультет: ЖТД
Топ: 11-28-2
Қабылдаған: Исламов Е.Н
Алматы – 2017ж.

2.

Алопеция - шаштың ошақтанып түсуімен көрініс
беретін патологиялық ауру.
Шаш фолликулдарына әр түрлі эндогенді, экзогенді
факторлардың әсерінен баста, қаста, кірпікте, сақалда,
және денеде шаштың ошақтанып болмауымен
көрінеді. Әрі қарай да шаш толығымен түсуі мүмкін.

3.

Алопецияның жіктелуі
Тип бойынша:
Қалыпты
Прегипертензионды
Атопиялық
Аутоиммунды
Аралас
Формасы бойынша:
Ошақты
Андрогенді
Ұяшықты
Травматикалық
Тыртықты
Тотальды
Симптоматикалық

4.

ЭТИОЛОГИЯСЫ:
Толығымен дені сау адамның шашы түсе бастау себебін
негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады: эндогенді
және экзогенді факорлар.
Эндогенді себептерге:
гормондардың өзгеруі мен зат алмасудың бұзылуын,
аутоиммундық процестерді, генетикалық икемділікті
жатқызамыз.
Экзогенді себептерге: психологиялық жағдайды
(стресс), инфекцияны, босанғаннан кейінгі кезеңді;
дәрілік заттар(гормональды препараттар, ретиноиды,
бета-адреноблокаторлар, ісікке қарсы препараттар,
интерферон); эндокринді бұзылыстар(гипо-не
гипертиреоз ) жатқызамыз.
Тағамдық факторлар(тамақтану бұзылысы, темір
жеткіліксіздігі).

5.

Шеттері
анық алопеция ошақтарының
болуы.
Ошақтың ішінде немесе жанында сынған
шаштардың болуы;
Өсіп келе жатқан жерде ашық түсті
үлпілдек шаштардың болуы.

6.

Алопецияға тән симптомдар:
Басты клиникалық көріністері шаштың түсіп қалуы.
Патологиялық процесс көріністері шаштың кішкене және
түгелімен жоқ болу ошақтарымен көрінеді. Алопеция симптомы
аурудың түріне байланысты.
Ошақтық алопеция ошақтық шаштың түсуімен көрінеді, бұған
қоса шаштың түсуі дөңгелек не сопақша формалы болып келеді.
Бұл патология түріне уақыт өте келе зақымданған аймақ
көлемінің үлкеюі тән. Ошақ жанында орналасқан шаштар
жіңішке және дистрфиялы болып келеді. Алопеция жиі витилиго
және ониходистрофиямен бірге жүреді.

7.

Андрогенді алопеция – бұл ер адамдарда және
әйелдерде жыныс гормондарының әсерінен шаштың түсуі.
Себептері:
Бүйрек үсті безінің қыртысының қалыңдауы;
Аналық безінің поликистозы;
Аналық безінің гиперплазиясы;
Карциноид;
Гипофиз гиперплазиясы;
Дәрілік заттар(тестостерон, даназол,
адренокортикотропты гормон, анаболикалық стероидтар,
прогестерон).

8.

Ұяшықты алопеция — бұл алопецияның түрі
аутоиммунды ауру болып табылады. Бұл кезде
лимфоциттер ағзаның сау клеткаларын зақымдайды —
шаштың фолликулдарының өсу қабілетін төмендетеді
немесе мүлдем тоқтатады. Ұяшықты алопеция баста
дөңгелек формалы жалаңаш аймақтардың болуымен
көрініс береді. Шаштың түсуін емдеу үшін көбінесе
кортикостероитар және арнайы косметикалық заттар,
қосымша ем ретінде қолданылады.

9.

Травматикалық алопеция — шаштың химиялық немесе
физикалық зақымдануы. Көбінесе шаштың акссесуарларын,
косметикалық заттарды дұрыс емес қолдануынан болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда шатың өсуін жақсартатын
стимуляторлар және басқа да косметикалық заттарды
қолдануға болады.

10.

Тыртықты алопеция- бұл шаш түсуінің ең сирек
кездесетін түрі. Жиі инфекциядан кейін, травма
немесе басқа да негативті әсерлерден шаш
фоликулдары өледі және тыртықты тінмен жабылады.
Кей жағдайда шаштың түсуі қышу, күйдіру және ауру
сезімімен, ал кей жағдайда біртекті және басқа
симптомсыз өтеді. Ауру шаштың тұрақты түсуімен
жүретіндіктен тез арада ем бастау қажет..

11.

Тотальды алопеция-3 ай
ішінде баста және бетте
барлық шаштың түсіп қалуы.
Егер, шаш қалпына келседе,
бұл процесс бірнеше жылға
созылуы мүмкін. Және
процесс кері жүреді: алдымен
кірпіктері, қасы, бетте,ал
бастағы шаштар соңғы
кезекте өсіп шығады.
Универсальді түрінде тек бет
және баста ғана емес, барлық
денесінде және аяқ-қолда
шаштар түсіп қалады.

12.

Симптоматикалық алопеция – ауыр, жедел
жұқпалы аурулардың нәтижесінде дамиды
(қызылша, безгек, тұмаудың ауыр түрі, тілме).
Шаштың түсуі жедел басталады, тәуір бола
бастағанда мүлдем сиреп қалуы мүмкін.
Жазылған соң шаш қайта шығады.
Емі: А, В витаминдер, калорияға бай тамақ
тағайындалады.

13.

Алопеция диагностикасы:
Қалқанша без функциясын зерттеу..
Қанның толық анализдері.
Қанның сарысуында еркек жыныс бездерін анықтау.
Қан сарысуында ферретин концентрациясы.
Вассермана реакциясы, сифилисты жоққа шығару
үшін.
Т- және В-лимфоциттер саны (кей кезде ұяшықты
алопециямен сырқаттанған науқастарда төмендеуі
мүмкін).
Шаш желісін микроскопиялық зерттеу.
Гидроксида калий арқылы ошақтардың
қабыршақтанған аймағын зерттеу; бастың шашты
бөлігінің дерматомикозы кезінде оң болады.
Қабыршақтанған аймақты саңырауқұлақтарға
зерттеу.
English     Русский Правила