Похожие презентации:
Дюринг дерматиті
1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра : Дерматовенерология.Тақырыбы : Дюринг дерматиті.
Орындаған : Баяуова Гулзат
Факультет : ВОП
Топ : 728-2
Алматы 2017ж.
2. Жоспар:
1. Дюринг дерматиті2. Гистологиясы
3. Этиологиясы мен патогенезі
4. Диагнозы
5. Емі
6. Қолданылған әдебиеттер
3. Дюринг дерматиті
Дюринг дерматиті — созылмалы, қайталанып тұратынауру, адамның қай жасында болса да басталуы мүмкін,
бірақ көбінесе 20 мен 30 жас аралығында басталады.
Қайталану кезеңінде адам мүлдем жазылып кеткен сияқты
болады, осындай уақыттар бірнеше апта, ай немесе
жылдарға созылуы мүмкін. Клиникасына тән мынандай
белгілер тән болады: бөртепелері көп түрлі, бір мезгілде
эритематоздық дақтар, күлдіреуіктер, түйіншектер, ең
бастысы әр түрі көлемді үлкен көпіршіктер шығады, әр
жерде осы бөртпелердің бәрі шоғырланып тұрады, бірақ
жиі симметриялық орналасуымен сипатталады. Кейде
топталған бөртпелер дөңгелек немесе гүл тізбегі сияқты
болып көрінеді. Қуысты тұнық немесе лай, кейде қан
аралас сұйықтыққа толы көпіршіктер қызыл дақтардың
түсіндей болып келеді, терінің көзге көрінбейтін өзгеріссіз
түсінде шығады.
4.
Олар не жарылып эрозияға айналады не кеуіп, түрлітүсті ( ішіндегі сұйықтыққа байланысты) қабықтар
құрайды, бірте — бірте осы қабықтың астыгда эпидермис
жазыла бастайды да, пигментті дақ қалдырады. Науқасты
өте қатты қышыма қинайды. Бірнеше аптаға не айға
созылған ауруға ауық — ауық жаңадан бөртпелер шығып
тұруы тән. Бірте — бірте зақымданған ошақтары көбейеді.
Локальды түрі өте сирек кездеседі, жиі симметриялы
терінің шектеулі ошағында, көбінесе сирақ пен білекте,
қайталанып тұрады. Үнемі қасудан бұл жердің терісі
қалыңдап, тұрпайланып кетеді де нейродермитті еске
түсіреді, осының тұсында әлсін — әлсін үлкен
көпіршіктер шығуы мүмкін. Ауыздың, жыныс
мүшелерінің т.б.шырышты қабықтарында, әдетте, үлкен
көпіршектер шықпайды. Науқастың халі қанағаттанарлық,
іш құрылысы өзгермейді. Балалар мен жасөспірімдерде,
аурудың бастапқы кезеңінде немесе қайталанғанда дене
қызуы 37,5 — 38 дейін көтерілуі мүмкін (бөртпелер шығар
алдында).
5.
Қан құрамында шамалы лейкоцитоз байқаладыжәне эозинофилдердің саны ажептәуір артады.
(эозинофилия). Көрішіктерден алынған сұйықтықта да
эозинофилдер мен нейтрофилдердің саны көбейеді.
Дюринг дерматитімен ауырған адамдардың калий
иодидін сезіну қабілеті көтеріледі: калий иодид
ерітіндісін ішсе, немсе 50% калий иодидін қосқан
майды жаққан жерде 24 сағат өткен соң эритема,
кейде ірі көпіршіктер бірге түзіледі және аурудың
қайталануы мүмкін. Кейбір адамдарда Дюринг
дерматитінің клиникасында еш күмән келтірмесе де,
бұл сынақ теріс нәтиже беруі мүмкін.
6. Гистологиясы
Гистопотологиялық өзгерістері дерманың емзікшеқабат жанындағы ісікпен, тамырлардың айналасында
лимфоциттерден,гистиоциттерден, бірталай
нейтрофил мен эозинофилдерден тұратын
қабынуинфильтрациясымен сипатталады. Үлкен
көпіршіктердің қуысы эпидермистің астында
(субэпидермалық) орналасады, ол эпидермистің
емізікше қабатының дәнекер тканінен түгелдей
сыдырлып кетуіне байланысты пайда болады. Үлкен
көпіршіктердің қабығын құрайтын эпидермистің
клеткаларды ешқандай өзгеріске ұшырамайды,
акантолиз да болмайды. Көпіршіктердің қуысы
нейтрофилдер мен эозинофилдерге толы. Пемфигуста
кездесетін акатолиздік клеткалар бұл ауруда
байқалмайды.
7. Этиологиясы мен патогенезі
Дюринг дерматитінің даму себептері менпатогенезі белгісіз. Кейбір ғалымдар оны
пемфигустың зарарсыз түрі деп есептейді (А.И.
Картамышев ). бірақ клиникалық және
лабораториялық мәліметтер ол ойға жеткілікті дәлел
бермейді. Калий иодидінде сезінгіштік қабілеті
жоғары екендігін есептей отырып, дерматологтардың
көбісі бұл дерматозды әр түрлі эндогенді
аллергендердің ерекше аллергиялық нәтижесі деп
көрскткді.
8. Диагнозы
Дюринг дерматитін пемфигустан көп жағдайда,әсіресе, үлкен көпіршіктердің еш өзгеріссіз теріге
шыққанында ажырату қиынға соғады. Дегенмен,
Дюринг дерматитінде кездесетін бөртпелердің
полиморфизмі (бірінші дәрежелі бірнеше
бөртпелердің бір мезгілде шығуы) олардың топтасып
орналасуы, қатты қышуы, науқастың жалпы халінің
қанағаттанарлық болуы бірден — бір диагнозды
дәлелдейтін белгілер. Бұған қоса ауыздың шырышты
қабығының өте сирек зақымдануы, Никольский
белгісінің болмауы, су және тұз алмасуыдың
өзгермеуі сияқты белгілері де, пемфигуспен
салыстырғанда Дюринг дерматитіне тән қасиеттер.
9.
Көпіршіктердің ішіндегі сұйықтықтаэозинофильдің көптеп болуы, акантолиздік
клеткаларының болмауы осы аурудың диагнозын
дәлелдейді. КJ — пен қойылған сынаудың да оң
нәтиже көрсетуі — осыған дәлел. Тіпті болмаса
биопсия мен гистопатологиялық зерттеудің
белгілеріне жүгіну керек (Дюринг ауруында
субэпидермалық ірі көпіршік, аконтолизі болмайды).
Дюринг дерматозы мен көптүрлі жалқықты
эритеманы ажырату, керсінше онша қйынға түспейді.
Өйткені, соңғысы өте жедел басталады, бөртпелері
барлық уақытта симметриялы болып орналасады,
көпіршектерден гөрі ерекшелеу дақтар мен
түйіншектер көбірек шығады (ортасы көкшілдеу
немесе ағарған).
10. Емі
Көп жағдайда, әсіресе дене қызуы көтерілсе,сульфаниламидтер жақсы нәтиже береді
(норсульфазол, сульфадемезин, бисептол, гроссептол,
бактрим т.б.тәулігіне 2,0 — 3,0 г -нан ). Венаға
жіберілген кальций хлориды (10% ерітіндісін),
бұлшықетке кальций глюконатын егу немесе өзінен
алынған қанды өзіне қайта егу сияқты емдер пайдалы.
Пемфигусты емдегендей кортикостероидтарды да
қолдануға болады. АКТГ 40 — 60 мг-нан бастап бірте
— бірте мөлшерін төмендете беру керек (жақсы
нәтиже бергеннен кейін ғана төмендетеді).
11.
Диаминодифенил — сульфон (ДДС)препараты жақсы нәтиже береді, бірақ тұрақты
болмайды. Ол дәріні 0,005-тен күніне 2 реттен
6 күн бойы циклмен беру қажет. Осы сияқты 3
— 4 цикл қолданылады. Бірақ қолданылатын
емнің, бәрі уақытша ғана әсер етеді де, ауру
қайталана береді, олар тек процестің күшін
азайтады.
12.
Кейінгі жылдар жаңа препараттардың:диуцифонның, дапсонның, димоцифонның
т.б.нәтижесі жақсы. Асқынудан сақтану үшін
патогенетикалық,симптомптикалық ем
қолданылады (этамид, метилурацил,калий
препараттары, метионин, анаболиктар, фолий
қышқылы, иммунодепрессанттар, гамма —
глобулиндер т.б.).
13.
Көпіршіктерді тесіп, сұйығын ағызыпжіберіп, анилин бояуларын жағады,
дезинфекциялық әсерін тигізетін дәрілерді
көлемді эрозияларда қолданады. Эрозиялар тез
жазылу үшін қызыл май, каротолин, винилин,
дерматол қосқан опалар пайдаланылады,
кортикостероидтар қосқан майлар, кремдер,
аэрозольдар жақсы нәтиже береді.
14.
Herpes gestationis Дюринг дерматитініңөзгеше түрі, екіқабат әйелдер ауырады (4 — 5
ай және кейін), босанған соң жазылады. Жүкті
кезінде қайталанып тұрады. Емдеу түрі жоғары
да айтылғандай. Асқынған, ауыр өтетін
жағдайда баланы алп тастау қажет.
15. Қолданылған әдебиеттер:
1.З.Б. Есенгараева, Н.М. Малдыбаева, З.Б.
Кешилева, А.А. Кубанова «Тері және
венерология аурулары» 1997ж. 174 -176 бет.
2. www.google.kz