Похожие презентации:
Дәрігердің көмекшісімен бірге төрт қолдап жұмыс істеуі
1. Тақырыбы:Дәрігердің көмекшісімен бірге төрт қолдап жұмыс істеуі
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрікуниверситеті
Тақырыбы:Дәрігердің көмекшісімен
бірге төрт қолдап жұмыс істеуі
ҚАБЫЛДАҒАН: РАХМАТУЛЛАЕВ Х
ОРЫНДАҒАН: МЕКЕНБАЕВ Д
ТОБЫ: СТК-434
2. Жоспар
КіріспеНегізгі бөлім
-
Дәрігер көмекшісінің функциялары
-
4 қолмен жұмыс істеу принциптері
-
Емдеу және емдеуден кейінгі ассистенттің ісәрекеттері
Қорытынды
4 қолмен жұмыс істеудің артықшылықтары
Пайдаланылған әдебиеттер
3. Кіріспе
Соңғы жылдарда дәрігер-стоматологтардыңтәжірибесіне белсенді түрде *төрт қолдап*
жұмыс істеу жүйесі ене бастады. Яғни бұл жүйе
бойынша науқас креслосы жанында дәрігер
және оның мейірбикесі болады. Дәрігердің
көмекшісімен бірге жұмыс істеуі бұл жағдайда
дәрігер еңбегінің өнімділігін арттырып қана
қоймай, сонымен қатар жүргізіліп жатқан емнің
сапасын айтарлықтай жоғарылатады.
4. ДӘРІГЕР-СТОМАТОЛОГ КӨМЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Дәрігер көмекшісінің міндеттерін дәрігер белгілейді. Қазіргітаңда ассистенттердің қызметінің 2 түрі бар:
Бірінші түрінде дәрігер жанында жасалатын жұмыстарды
қамтиды, яғни бұл кезде көмекші стоматологиялық құрылғы
мен приборларды дайындайды. Кабинеттің дайындығына,
материалдар мен инструменттердің стерильдігіне жауап
береді. Сонымен қатар инструменттер мен
материалдардың қолданылу аясын жақсы біліп, оларды тез
әрі дұрыс дәрігерге әпере білу керек.
Екінші түрінде дәрігердің ассистненті дәрігер жұмысын
жартылай атқарады.
Біріншілік қарау кезінде ассистент дәрігерге
диагностикалық, профилактикалық және емдік
процедураларды орындауға көмек береді.
5. Төрт қолдап жұмыс істеудің принциптері
Дәрігер-стоматологтың көмекшісі бұл - ортамедициналық білімі бар және де ауыз қуысында
жасалатын кейбір процедураларды орындауға арнайы
дайындығы бар маман болып табылады.
*Төрт қолдап жұмыс істеудің негізгі міндеттері:
Еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс сапасын төмендетпеу;
Дәрігер-стоматологтың күні бойы алған стресс
салдарынан шаршауын төмендету.
6. Жұмыс орнын дайындау
Науқасты кабинетке шақырмас бұрын, қабылдауғамұқият дайындалу қажет. Кабинетте мінсіз тазалық
және құрылғылар ұқыпты қойылуы керек. Артық заттар,
әсіресе жеке қолданыс заттар болмауы керек.
1. Өзіңіздің орындығыңыздың биіктігін дұрыстап
алыңыз.
2. Сіз немесе дәрігер жанаастын беткейлерді бір рет
қолданатын төсеніштермен оқшаулаңыз.
3. Құрал-саймандарды алдын-ала дайындаңыз: қарап
тексеруге арналған құралдарды жұмыс үстеліне қойып
тұру керек, ал емдеуге қажет құралдарды алдағы
жасалатын манипуляция белгілі болғанда ғана қойыңыз.
7. Науқаспен сәлемдесу
1. Сыртқы келбетіңіздің ұқыптылығына көз жеткізіп,науқасты шақырыңыз.
2. Қабылдау бөліміне бетпердесіз және қолғапсыз
кіріңіз.
3. Науқасты тек аты мен әкесінің атын айтып
шақырыңыз.
4. Науқасқа өзіңіөзді таныстырыңыз.
5. Науқасты дәрігер кабинетіне шығарып салыңыз.
8. Науқастың орналасуы
1. Науқастың стоматологиялық креслоға отыруынсұраңыз.
2. Креслоның басын және биіктігін дұрыстаңыз.
3. Науқастың жағдайын сұраңыз.Қажет болған жағдайда
оның артериялық қысымын, пульсін, дене
температурасын өлшеңіз.
4. Науқастың рентген суретін немесе басқа да қосымша
зерттеу әдістерінің нәтижелерін дайындаңыз.
9. Науқасты емдеуге дайындау
1. Науқасқа көзді қорғайтын көзілдірікті беріңіз.2. Науқастың мойнына салфетканы қадаңыз.
3. Егер науқаста алынбалы протездер болса, оны таза
кюветаға, стакан немесе салфеткаға шешіп қлюын
сұраңыз.
4. Ауызды шаюға арналған ерітіндіні таза стакан құйып
қойыңыз. Науқасқа ауыз қуысын 25 секундтан 2 рет
шаюын сұраңыз.
5. Аузын сүртуге салфетка беріңіз.
10. Дәрігер келгеннен кейінгі іс-әрекет
1. науқасты горизонтальды қалыпқа жатқызыңыз:Егер процедура жоғарғы жақта жасалатын болса, науқастың яқтары
мен басы еден бетіне параллель орналасу керек;
Ал төменгі жақ доғасына ем жасағанда креслоның арқасын еденге
қатысты 25° бұрыш жасай отырып бүгіңіз. Науқастың аяқтары еденге
параллель болатындай орналастырыңыз.
2. Стоматологиялық шамды алдымен науқастын ішіне бағыттаңыз,
қосқаннан кейін жарықты науқас бетінің төменгі үштен бір бөлігіне
ауыстырыңыз.
3. Емдеуге дайындалаыңыз: қолыңызды өңдеңіз, көзілдірік киіңіз.
Бетперде мен қолғапты науқстың көзінше киіңіз.
11. Дәрігер мен ассистенттің орналасуы
12.
Дәрігер:*9 сағатта жоғарғы жақ емделеді.
*10 сағатта төменгі жақ сол
бөліктегі тістер емделеді.
*11 сағатта төменгі жақ оң бөліктегі
тістер емделеді.
*12 сағатта төменгі де жоғарғы да
тістер емделеді. Дәрігер мен
науқас басының арақашықтығы 4050 см болуы керек.
Ассистент емдеу кезінде 2-5 сағат
аралығында болуы керек. Оның
креслосы 10-15 см-ге биік болуы
керек. Инструменттер 5-8 сағат
аумағында берілуі керек.
13. Құрал-саймандарды әперудің ережелері:
Ешқашанда құрал-сайманды науқастың бетінің немесе
бсының төбесінен өткізіп беруге болмайды.
Әрқашанда құрал-сайманды жұмыс бөлігі жағынан
әперу керек;
Көмекшінің қолы мен дәрігердің қолының тиіп кетуін
болдырмау (көп жағдайда дәрігердің беріліп жатқан
инструментке қарамайтынын естен шығармаңыз).
Инструментті бергенде және алғанда дәрігердің қолы
неғұрлым аз қимыл жасауына жағдай жасау;
Өткір құрал-саймандарды әпергенде абай болу.
Инструментті жерге түсіріп алсаңыз, оны қолданбаңыз,
жерден науқас қабылдауынан кейін алыңыз.
14. Емдеу процедуралары кезіндегі іс-әрекеттер:
1. Дәрігерге ауыз қуысының еш кедергісіз қол жеткізуінежәне жақсы көрінісін қамтамасыз етіңіз. Ол үшін:
Айна немесе эвакуатор ұштығының көмегімен ауыз
қуысының жұмсақ тіндерінің ретракциясын жасаңыз;
Ауызкеңейткіштерді қолданыңыз;
• Шамның жарығын бағытын дұрыс реттеп тұрыңыз;
• Сілекейсорғыштың көмегімен сілекейді және басқа да
қалдықтарды эвакуациялап тұрыңыз.
• Шприцтің көмегімен ауыз қуысына ерітінді жіберіп, шайып
отырыңыз;
• Ауыз қуысын құрғатып тұрыңыз;
• Дәрігерге құралдарды, дәрілік заттарды, пломбалық
материалдарды әперіп тұрыңыз.
15. Емдеу аяқталғаннан кейінгі іс-әрекеттер
1. жарықты өшіріп, шамды ары жылжытыңыз.2. креслоны қайтадан вертикальды қалыпқа қойыңыз.
3. науқастан көзілдірігін және алжапқышын шешіңіз.
4. өзіңіздің бетпердеңізді шешіңіз.
5. науқасқа кеңестер айтып, қажет болса ауыз қуысының
гигиенасы жайлы кеңестер айтуға болады.
6. креслоның иекқойғышын көтеріп, науқасты түсіріңіз.
7. науқасты қабылдау бөліміне шығарып салып,
қоштасасыз.
8. кабинетке оралып, ауру тарихына науқастың рентген
суреті мен басқа да зерттеу нәтижелерін жазып
қойыңыз..
9. инструменттерді өңдеп, жаңа науқастың қабылдауына
дайындалыңыз.
16. ҚОРЫТЫНДЫ
*Төрт қолдап* жұмыс істеу технологиясының артықшылықтары:
Дәрігер мен ассистент жұмысы максимальді дәрежеде қолайлы;
Дәрігер мен көмекші жұмыстарын бөліп алғандықтан еңбек
өнімділігі артады және ем жасау уақыты қысқарады;
тәжірибелі дәрігер білімі мен дағдыларын жоғары дәрежеде қолдана
алады;
Сапалы медициналық технологияларды қолдану мүмкіндігі;
Науқастың горизонтальды қалыпта жақсы бейімделуі;
Ассистент көмегінің арқасында дәрігерге жүк аз түседі, бұл дәрігердің
денсаулығының сақталуы мен белсенді тәжірибесінің ұзаруына
септігін тигізеді.
17. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Интернет желісі. Сілтемелер:http://e-dobavka.narod.ru/assistent.html
http://dentaltechnic.info/index.php/obshievoprosy/volframbyukingstomatologicheskayasokr
ovishnica/1584rabochee_polozhenie_stomatologa_i_assistenta
Стоматология "в 4 руки". Садовский В.В. Книга по
стоматологии.