“Колледж даналык
Жоспар.
Қанның көздері
Құйылған қанның әсер ету механизмі.
Қанның бөлшектерін құю.
Қанды құю әдістері.
Қан құюдың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.
Қан құю кезінде кездесетін реакциялар мен асқынулар.
Плазма алмастырушы заттардың жіктелуі.
12.29M
Категория: МедицинаМедицина

Қан құю көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, түрлері, әдістері, асқынулары

1. “Колледж даналык

Тақырыбы: Қан құю көрсеткіштері және
қарсы көрсеткіштері, түрлері, әдістері,
асқынулары. Қан бөлшектерін құю. Қан
алмастырғыштар, жіктелуі, кемшіліктері.

2. Жоспар.

Қан көздері
Құйылған қанның әсер ету механизмі.
Қан бөлшектерін құю.
Қан құю әдістері.
Қан құюдың негізгі тәсілдері.
Қан құюдың көрсеткіштері мен қарсы
көрсеткіштері.
Қан құю кезінде кездесетін реакциялар мен
асқынулар.
Қан алмастырушы заттар.
Қан алмастырушы заттардың жіктелуі.

3. Қанның көздері

Қан мен оның құрамы
клиникалық тәжірибеде
кеңінен қолданылады. Қанды
дайындау оларды консервілеу,
бөлшектерге бөлу және
препараттарды жасаумен қан
құю станциялары немесе
ауруханалардағы арнайы
бөлімдер айналысады. Қан
өнімдерін алу үшін арнайы
сүгілік, мұздатқыш,
лифолиздеуші аспаптарды
пайдаланады.

4.

Қанның негізгі көзі – донорлар
болып табылады. Кез келген дені сау
адам донор бола алады. Донор
денсаулығының деңгейін дәрігерлік
байқау кезінде анықтайды. Міндетті
түрде мерез, гепатит пен ЖИТС
вирустарына анализ алады. Қанның
маңызды көзіне операцияға дейін
қаны алынған науқастың өз қанын
операция кезінде өзіне құю
жатады (аутогемотрансфузия).
Сонымен қатар, серозды
қуыстарға ауру немесе
жарақаттың себептерінен төгілген
қанды қолдануға болады. Бұл
қанға сәйкестілік сынама
жасау қажет емес, құю кезінде
реациялар аз болады.

5. Құйылған қанның әсер ету механизмі.

Қан құю дегеніміз жанжақты әсер ететін құйылған
қанның әсер ету механизмі.
Орнын толтыру әсері.
- айналымдағы қанның
көлемін ұлғайтады.
- зат алмасу процесі
жоғарылайды.
- сіңірілген сұйықтықтың
бәрін өзіне жинайды.
- қан қысымы
жоғарылайды.
- жүрек жұмысы жақсарады.
- қан тамырларының тонусын
жақсартады.

6.

Гемостатикалық әсері яғни тоқтатушы – бұл қанның ұю
жүйесінде ауытқулар болған кезде, мысалы, гемофилия,
холемия, геморагиялық диатез, қансырау кезінде өте маңызды.
Дезинтоксикациялық әері: құйылан қан реципиент қанында
жүрген токсиндерді абсорбция жасайды.
Иммунокоррекциялық әсері денеге фагоцитозды іске
асыртын нейтрофилдардың, жасушалық иммунитетке жауап
беретін лимфоциттердің енгізілуімен түсіндіріледі.

7. Қанның бөлшектерін құю.

Эритроцитті масса –
консервіленген қанның негізгі
бөлшегі. Ол эритроциттен (7080%), плазмадан (20-30%) және
тромбоцитпен лейкоцит
қоспаларынан тұрады. Қазіргі
уақытта емдік тәжірибеде
эритроцитті массаның мынадай
түрлері дайындалуы мүмкін:
Эритроцитті масса
(гемотокрит 0,65-0,80).
Эритроцитті тұнба –қайсыбір
ерітіндіде ресуспенделген
эритроцитті масса.
Эритроконцентрат – плазма
мен лейкотромбоцитті қабаты
толығымен алынған эритроцитті
масса (гемотокрит 0,90-0,95).

8.

Лейкоциттер және
тромбоциттермен біріктірілген
эритроцитті масса.
Ерітілген және жуылған
эритроцитті масса.
Эритроцитті массаны 2
полимер контейнерді қолдану
арқылы дайындайды.
Эритроцитті масса қалыпты
қан секілді 21 күн аралығында,
трансфузияға жарамды болып,
4-6 градус мұздатқышта
сақталады.
Тромбоцитті масса – бір
тәулік бойына сақталған, жеңіл
айналдыру жолымен
консервіленген, донордан қан
плазмасынан алады.Жаңа
дайындалған массаны
мақсатына сай қолданады.
Құйылған тромбоциттің өмір
сүру уақыты 7-9 күн.

9.

Лейкоцитті масса – онда
лейкоциттердің мөлшерінің көп
болуымен, ал эритроциттер,
тромбоциттер мен плазманың
мөлшерінің аздығымен
ерекшеленетін орта болып
табылады. Ол 24 сағатқа дейін 4-6
градуста флаконда сақталады.
Қан құю барысында донор мен
реципиенттің тобы мен резусфакторын, ал қажет болғанда
HLA антиген сәйкестігін де
анықтайды. Лейкоцитті массаны
құю лейкопенияда, ,
агранулоцитозда, қанның түзілуі
төмендегенде, химиотерапиядан
кейін сепсисте ұсынылады.
Реакция мен асқынулар демікпе
тітіркену, тахикардия ретінде
көрінеді.

10. Қанды құю әдістері.

Қазіргі уақытта қан
құюдың мынадай
әдістері қолданылады:
Стандартты трансфузия
– консервіленген қанды
немесе оның бөлшектерін
контейнер немесе
флаконнан құю. Енгізу
әдісіне байланысты –
тамырлық, артериялық,
аорталық, сүйектік деп
бөледі.

11.

Қанды тікелей құю – донордан рецепиентке тікелей
құю. Қанды тікелей құюдың көрсетуіштері:
1. гемофилиямен ауыратын науқастарда ұзақ
уақыт қанының ағуы кезінде гемостатикалық емнің
қонбауы;
2. массивті гемотрансфузиядан кейін және қан
ауруларында қанның ұю жүйесінің бұзылуы.
3. ОҚК 25-50% қаны жоғалған 3-ші дәрежелі
жарақаттық шок және консервіленген қанды
құюдан әсері болмаса.
Қанды алмастырып құю – рецепиенттің қанын
эксфузия жасап, консервіленген донор қанын қатар
құю. Жаңа туған нәрестелердегі гемолитикалық
ауру, гемотрансфузиялық шок, бүйректің жедел
жетіспеушілігі.

12.

Аутогемотрансфузия – науқастың өз
қанынан алдын-ала дайындап
консервіленген аутоқанды немесе
аутоқан бөлшектерін құю.
Көрсеткіштері: науқаста сирек
кездесетін қан тобының болуы,
донорды табу қиындықтары,
пострансфузиялық асқынулардың даму
қаупі, көп мөлшерде қан жоғалтатын
операциялар.

13.

Реинфузия – серозды қуыстарға
(кеуде, құрсақ) аққан қанды операця
кезінде өзіне қайтадан құю. Құрсақ
қуысына төгілген қанның
реинфузиясының көрсеткіштері:
жатырдан тыс жүктілік бұзылған
кезде, көк бауыр, бауыр, шажырқай
тамырлары жыртылғанда.
Реинфузияға қарсы көрсеткіштер:
кеуде және құрсақ қуысының
қуысты ағзаларының зақымдалуыірі бронхтар, асқазан ішек, өт қабы,
қуық және қатерлі ісіктер.

14.

Қанды венаға құю – ол үшін шынтақ венасының
пукциясын қолданады. Шынтақ венасына пункция
жасау үшін иығының төменгі үштен біріне бұрау
салады. Бұрумен тек қана көк тамырларды қысады,
жұдырықты жұмған кезде бұлшық еттер жиырылып,
веналар жақсы көріне бастайды. Қан тобын анықтау
үшін венадан 3-5 мл қан алады. Содан соң бұрауды
шешеді де инеге жүйені жалғайды.
Қанды артерияға құю – көрсеткіштері: көп мөлшерде
қан жоғалтудың салдарынан болған клиникалық өлім
жағдайы, артериялық қысымның төмендеуінен
сипатталатын ауыр жарақаттық шок, венаға құйылған
қанның нәтиже бермеуі. Әсер ету үшін қанды 200
мм.сын.бағ. қысыммен 1,5-2 минутта 200-250 мл
жылдамдықпен енгізеді.

15.

Қанды қолқаның ішіне құю. Оны торакальді операция жасау
барысында массивті қан жоғалтудан дамыған клиникалық өлім
жағдайында жасайды. Қанды құю шеткі артериялар арқылы
қолқаға өткізілгенкатетердің көмегімен іске асыруға да болады.
Қан құю қысыммен артерияға құйғандай жүйемен орындалады.
Қанды сүйектің ішіне құю. Бұл тәсіл өте сирек, басқа жолмен
енгізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, үлкен
көлемді күйіктерде. Қанды кемікті сүйектерге құяды – төске,
мықын сүйегінің қырына, өкше сүйегіне. Науқасты жатқызып
қойып, төс сүйекке пункция жасайды. Жергілікті
жансызданумен инені төстің тұтқасына немесе денесіне енгізеді.
Операциялық алаңды йодпен өңдейді. Тесікті орта сызықпен
өткізеді, теріні, тері асты шел қабатын, төсті теседі. Төстің
алдыңғы сүйек жарғағы кедергі жасауы мүмкін. Мандренді
алып, ине арқылы сүйек кемігіне 3-5 мл новокаиннің 1-2%
ерітіндісін енгізіп, қан құю жүйесін қосады.

16. Қан құюдың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.

Қан құюдың көрсеткіштерін анықтау қатал негізделген
болуы тиіс. Қан құюдың абсолютті көрсеткіштері: жедел
қан жоғалту, шок, анемия, ауыр жарақаттық операциялар
және жасанды қан айналымын талап ететін операциялар.
Сонымен қатар, қан мен оның бөліктерін құюдың
көрсеткіштеріне әртүрлі себептерден пайда болған
анемиялр, қан аурулары, іріңді-қабыну аурулары, ауыр
интокцикациялар жатады.
Қан құюдың қарсы көрсеткіштерін анықтау. Оларға
мыналар жатады:
жүрек қызметінің декомпенсациясы;
мидың қан айналымының бұзылуы;
тыныс жетіспеушілігі;
тромбоэмболиялық ауру;
жедел бүйрек жетіспеушілігі;
Ауыр бауыр жетіспеушілігі;

17.

Рецепиенттің және
донордың қан тобын
анықтау үшін енгізу
алдында науқастың және
донордың қан тобын
анықтайды. Анықтау әдісін
қан құятын дәрігер жүргізу
тиіс. Шұғыл қан құюды
талап ететін жағдайларда,
АВО жүйесімен қан тобын
анықтап қана қоймай, резус
–факторды экспресс әдіспен
де анықтау қажет.

18. Қан құю кезінде кездесетін реакциялар мен асқынулар.

Гемотрансфузиялық реакциялар. Оларға пирогенді
және аллергиялық реакциялар жатады. Пирогенді
реакцияның даму себебі, консервіленген қанмен бірге
науқастың қан айналымына пирогенді заттар түседі.
Бұл жағдайда науқасты жылыту керек, үстіне көрпе
жауып, аяғына жылытқыш басып, ыстық шай беру
керек.
Трансфузия кезінде, 3% жағдайда аллергиялық
реакциялар кездеседі. Олар плазманың белоктарына,
иммуноглобулиндерге, лейкоциттер мен
тромбоциттердің антигендеріне сенсибилизацияның
нәтижесі болып табылады. Аллергиялық реакциялар,
әсіресе екінші рет трансфузия жүргізгенде, құрғақ
және нативті плазманы құйғанд жиі кездеседі.
Клиникалық көрінісі, бұл – дене қызуы, қалтырау,
жалпы әлсіздік, қышыма, ентігу, құсу, лоқсу.

19.

Гемотрансфузиялық асқынулар. АВО
жүйесімен резус-фактор антигендері бойынша
сәйкес емес қанды құйғанда,
гемотрансфузиялық шок дамиды. Ол сәйкес
емес қанды құйғанда немесе алғашқы минуттар
мен сағаттарда дамуы мүмкін.
Қан құйғандағы асқынулар:
Сәйкес қанды құйғанда болатын асқынулар;
сәйкес емес қанды құйғанда болатын
асқынулар;
Дұрыс зерттелмеген қанды құйғанда болатын
асқыну.
Техникалық байланыста болатын асқынулар.

20.

Бұл қанның жоғалған немесе қызметі бұзылған
қанның құрамдас бөлігін ауыстыратын
трансфузионды орта. Оларды плазма алмастырушы
заттар деп атайды.
Плазма алмастырушы сұйықтықтар былай
бөлінеді:
коллойдты ерітінділер- декстрандар(полиглюкин,
реоглюман), желатин заттары (желатиноль)
поливинилпирролидон ерітінділері (гемодез,
полидез);
тұзды ерітінділер – натрий хлоридінің изотониялық
ерітіндісі, Рингер-Локк ерітіндісі, лактосол;
буферлі ерітінділер – натрий гидрокарбонатының
ерітіндісі, трисамин ерітіндісі;
көп атомды спирттермен қант ерітінділері –
глюкоза, фруктоза, сорбитол;

21.

белокты заттар – белок гидролизаттары, амин
қышқылдарының ерітінділері;
майлы заттар – майлы эмульсиялар,
перфторкөмірсулардың эмульсиялары.
Плазма алмастырушы сұйықтықтар мына
талаптарға сай болу керек:
1. физико-химиялық қасиеті бойынша, қан плазмасына
ұқсас болу керек;
2. науқас денесінен толық шығуы немесе ферменттік
жүйесімен метоболизмге ұшырауы керек;
3. қайта енгізгенде, дененің сенсибилизациясын
шақырмауы керек ;
4. ағзалар мен тіндерге улы әсер көрсетпеуі керек;
5. залалсыздандыруға шыдамды және ұзақ уақытқа
дейін өзінің физико-химиялық, биологиялық
қасиеттерін сақтауы керек;

22. Плазма алмастырушы заттардың жіктелуі.

Әсер ету бағытына қарай, плазма алмастырушы
сұйықтықтар былай жіктеледі:
1. Гемодинамикалық (шокқа қарсы):
төмен молекулярлы декстрандар – реополиглюкин;
орта молекулярлы декстрандар – полиглюкин
желатин заттары – желатиноль.
2. Дезинтоксикалық:
төмен молекулярлы поливинилпирролидон –
гемодез;
төмен молекулярлы поливинилды спирт – полидез;
3. Парентеральді қоректенуге арналған заттар:
белок гидролизаттары – казеин гидролизаты,
аминопептид, аминокровин, аминазол, гидролизин;

23.

амин қышқылдарының ерітінділері – полиамин,
мариамин, фриамин, левамин, вамин, аминофузин;
майлы эмульсиялар – интралипид, липофундин,
липомайз, липовеноз, липифизиан, липозин;
көп атомды спирттермен қант ерітінділері –
глюкоза, фруктоза, сорбитол;
4. Су-тұзды және қышқыл- сілтілік тепе-теңдікті
реттейтін заттар:
тұзды ерітінділер – натрий хлоридінің изотонялық
ерітіндісі, Рингер-Локк ерітіндісі, лактосол:
буферлі ерітінділер – натрий гидрокарбонатының
ерітіндісі , трисман ерітіндісі.
5. Оттегіні тасымалдаушылар – перфторан,
перфукал реамберин.
6. Кешенді әсер ететін ерітінділер – рефторан,
рефортан плюс, стабизол, плазмостерил,
плазмотонин.
English     Русский Правила