Похожие презентации:
Саркома. Ісік торшасының қасиеттері
1. Саркома
Орындаған :Тексерген :
2. Ісік
(латын. tumor), бластома (грек.blastoma - өскін) гендік аппараты өзгеріп,
өсіп жетілуге деген қабілеті бұзылған
торшалардың тоқтаусыз, шексіз көбеюімен
сипатталатын сырқаттық процесс. Ол
адамда, жануарларда, тіпті өсімдіктерде
де кездеседі, мүшелердің табиғи
құрылымын және қызметін бұзып
организмге зарар тигізеді. Тауықта, итте,
ірі қара малда, жылқыда ісіктер
жануарлардың басқа түрлеріне қарағанда,
жиірек кездеседі.
3. Ісік торшасының қасиеттері.
Жаратылысы әлі толық ашыла қоймаған факторлардыңәсерінен кәдімгі торша ісік торшасына айналады.
Торшалардың ісікке тән қасиеттерге ие болуын анаплазия
(грек. ana - кері, plasis - құрамын) немесе катаплазия (грек.
kata - төмен, plasis-құрамын) деп атайды. ″Анаплазия″ термині торшалардың өсіп-жетілу, мамандану қасиетінен
айрылып, эмбрион торшаларынан ұқсайды деген, ал
″катаплазия″ - ісік торшалары ерекше қасиеттерге ие болады
деген мағынада қолданыдлады.
Ісік торшаларының
құрылымы да, зат алмасуы да, функциясы да, антигендік
құрылымы да, көбеюі де, мамандануы да әдеттегі
торшалардан басқаша. Бұл ерекшеліктерді ісік атипизімі
дейді.
4.
• Өрмелікқ атипизм сипаты: өсіп-жетілуі біршама жоғары деңгейге көтерілетінторшалар көбейіп топтасуы нәтижесінде белгілі бір мүшеге (өрмеге) тән емес
құрылымдардың пайда болуы.
• Торшалық атипизм кемелденбеген қатерлі ісіктерге (карциномаға, саркомаға)
тән. Торшалардың өсіп – жетілуінде, құрылымында, көбеюінде,
ультрақұрылымында ақау - кемістіктер болады. Ісік торшалары қалыпты
Морфологиялық торшалардан өзінің полиморфтығымен (көп кескінділігімен) ерекшеленеді.
Оларда ядро мен ядрошық көлемі мен пішіні жағынан әрқилы, хроматин шамадан
атипизм
тыс көп болады, ядро мен цитоплазманың ара қатысында ядроның үлесі басым,
митоз көп. Кейде торшалар морфологиясының өзгергендігі соншалық тіпті
ісіктің қандай мүшеден (өрмеден) пайда болғанын анықтау қиынға түседі.
биохимиялық
атипизімі:
антигендік
атипизімі
• өрмеде холестерин, гликоген және нуклеин қышқылдары мол,
көмірсу сүт қышқылына дейін оттегінің қатынасынсыз
ыдырайды. Анаэробтық гликолизге байланысты зат алмасу
барысында өрмеде аяғына дейін ыдырап бітпеген заттар
жиналып, қанға енеді.
• ісік торшаларында әдетте организмде кездеспейтін антигендер
болады. Антиген түрлері ісіктің пайда болу себептеріне
(вирустар, канцерогендер), өсіп-жетілу деңгейіне, т.б.
байланысты. Ісік антигендерін анықтау үшін иммундық
гистохимиялық тәсілдер пайдаланылады.
5. Ісіктер
ҚатерліҚатерсіз
ісіктер
ісіктер
Торшалықм не
өрмелік
атипизм
Экспансивті
жолмен баяу
өседі
Торшалардың
арасын
бойлай өседі
Өрмелік
атипизм тән
Тез өседі
Торшаларды
ығыстыра
өседі
Метастаз
береді
Метастаз
бермейді
6. Мезензхималық қатерлі ісіктер.
Мезенхималық қатерлі ісіктер "саркома" деп аталады (грек. sarcos-ет).Бұл атау ісіктің тілік беті балық етіне ұқсауына байланысты пайда болған.
Саркома өте тез, инфильтративті жолмен өсетін ісік. Әдетте оның
метастаздары торшалардың қанмен таралуы арқылы пайда болады.
Саркомаға торшалық атипизм тән. Ісік торшаларының өсіп-жетілуі өте
төмен сатыда тоқтауы мүмкін. Мұндайда гистологиялық жолмен ісіктің
тегін анықтау оңайға түспейді.
Бұл мақсатта гистохимиялық,
иммунологиялық, электрондық микроскоптық зерттеулер жүргізіледі,
өрмені өсіру тәсілі қолданады.
Саркома паренхимасын құрайтын
торшалар морфологиясы жағынан санқилы: олар домалақ, ұршық тәрізді,
полиморфты, ұсақ және ірі болуы мүмкін. Көп ядролы алып торшалар да
кездеседі.
Ядролары әдетте ірі, хроматинге бай.
Митоздар жиі
кездеседі. Дәнекер өрмелі стромада орналасқан қан тамырлары нәзік
қабырғалы, кең қуысты болып келеді.
Саркома мезенхима тектес өрмелердің бәрінен де пайда болады. Олар
көбінесе теріде, тері шелінде, сүйек қабығында, бұлшық етте, бауырда,
өкпеде, лимфалық түйіндерде, т.б. жерлерде орналасады. Саркома
түйін, бұдыр-түйін тәрізденіп немесе жайылмалы инфильтрат ретінде
өседі, тілік беті ақшыл, тегіс, онда өліге ұшыраған, қанталаған жерлер
көрінеді, салмағы бірнеше граммнан бірнеше килограмға дейін .
Микроскоптық құрылымы жағынан саркоманың бірнеше түрі бар.
7.
8. Домалақторшалы саркома
– ұсақ немесе ірі, домалақ пішінді,цитоплазмасы аз, ядросы хроматинге бай
торшалардан тұрады. Ісікте строма жоқтың
қасы. Борпылдақ дәнекер өрме тек қан
тамырларының айналасында ғана болады.
Саркоманың бұл түрі – қауіпті, айналасындағы
өрмені бүлдіріп, ерте метастаздар береді.
9. Ұршықторшалы саркома
–ұршық тәріздес, ұсақ не ірі, фибробласт
типтес толшалардың өзара шырмалған
будаларынан
тұрады.
Торша
ядросы
хроматинге бай, домалақ немесе сопақша
келген. Ісік стромасы да, тамырлары да,
жөнді дамымаған.
Жылқы мен итте
кездеседі.
10. Полиморфты–торшалы саркома
– көлемі мен пішініәрқилы
торшалардан
тұрады.
Микроскоп
арқылы қарағанда ұсақ,
домалақ торшалар, ірі
эпителиодты торшалар,
көп
ядролы
алып
торшалар
көрінеді.
Ісікте строма мен қан
тамырлары аз. Иттің,
ірі
қара
малдың,
жылқының
аналық
безін,
енін,
паренхималық
мүшелерін зақымдайды.
11. Фибросаркома
– талшықты дәнекер өрмеден туындайтын,шала
жетілген
фибробластарға
ұқсас
торшалар мен коллаген талшықтарынан
тұратын қатерлі ісік.
Кейбір жерде ісік
құрылымы жұмсақ фибромаға ұқсайды. Одан
айырмашылығы – фибросаркомада митоз көп,
айналасын кеулеп өседі.
Әдетте баяу
дамиды.
Ісіктің көлемі әрқилы, пішіні
түйінді, шекарасы айқын емес.
12. Липосаркома (липобласталық липома) –
май өрмесінің қатерлі ісігі. Кәрі итте, жылқыда, қойда,мысықта, ірі қара малда жиірек кездеседі. Баяу өтетін,
метастаздарды кеш беретін ісік. Тері астында, ішектің
ылғалды қабығында, т.б. жерлерде орналасады.
Сарғыш немесе қоңыр түсті, саны бірен-саран, кейде
көп түйін түрінде пайда болады. Микроскоппен
зерттегенде көптеген дөңгелек пішінді, цитоплазмасы
ацидофильді боялған, ядросы дөңгелек не сопақша
пішінді торшалар көрінеді.
13. Хондросаркома
– құрылымы гиалиншеміршегіне ұқсас
қатерлі
ісік.
Хондромадан
айырмашылығы
–
хондробластар көп,
олар
полиморфты
келеді,
ядрода
хроматин көп. Баяу
дамиды,
кілегейленуі,
сүйектенуі мүмкін,
әсіресе өкпеге тән,
т.б.
мүшелерге
метастаздар береді.
14. Остеосаркома
– сүйек өрмесінің қатерлі ісігі. Негізінен итте, сирегірек іріқара малда кездеседі. Жамбас сүйектерін, қабыртқаларды,
омыртқаларды, аяқ сүйектерін зақымдайды. Сүйекпен тығыз
байланысқан, дөңгелек немесе сопақша келген, ақ-сары,
сарғыш түсті. Тілік беті кеуекті болады. Микроскоп арқылы
қарағанда остеоид немесе әктелген өрменің бөліктері,
беларалар, оларды қоршаған остеобластар көрінеді. Бұл
торшалар көп бұрышты немесе ұршық тәрізді, хроматинге
бай, цитоплазмасы ацидофильді немесе базофильді
боялады. Олардың арасында митозбен бөлінетіндер көп
кездеседі.
Шашыраңқы орналасқан көп ядролы алып
торшаларды көруге болады. Ісік метастаздары көп және қан
арқылы өкпеге беріледі.
15. Гемангиосаркома (ангиосаркома)
– қан тамырларынан туындайтын, негізіненэндотелиоциттерден не перициттерден тұратын
қатерлі ісік (қатерлі гемангиоэндотелиома, қатерлі
гемангиоперицитома). Итте, басқа жануарлардың
сақайған шағында кездеседі, тері мен талақта
пайда болып, ерте метастаздар береді.
Иттің талағында ісік өте көлемді, резеңке сияқты
нығыз болады. Оның сұрғылт-қызыл түсті тілік
бетінде үлкен-үлкен қанталаулар көрінеді. Ісік
өсіп-жетілмеген, кей жерлерде кішкене тамыр
қуыстарын қүрайтын эндотелиоциттерден тұрады.
Бұл тамырлар қабырғаларының жыртылуына
байланысты қанталаулар және өліге ұшыраған
жерлер туындайды. Ісік торшаларының ядросы
домалақ немесе сопақша пішінді, хроматинге бай,
митозға бейім келеді. Дәнекер өрмеденн тұратын
ісік стромасы жөнді көрінбейді.