Похожие презентации:
Инфекциялық процестің сипаттамасы. Бактериялардың патогендігі және токсигендігі. Вирустардың жұққыштығы
1.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІМИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Инфекциялық процестің сипаттамасы.
Бактериялардың патогендігі және
токсигендігі. Вирустардың жұққыштығы.
Патогендік және токсигендік
факторларының генетикалық бақылауы.
Орындаған:Абдиназарова С.А
Тексерген: Бегадилова Т.С
Факультете:ЖМ
Топ:12-021-01
2.
Инфекциялық сөзі лат. «infectio» -жұғу, жұқтырудеген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде адам
организмдерімен потагенді микробтар арасындағы
қарым-қатынасты түрлі терминдермен
қарастырады:инфекция, инфекциялық процесс,
инфекциялық ауру.
Инфекция термині эволюциялық процесс
кезінде адам ағзасы-микроорганизм және қоздырушы
микроорганизм арасындағы биологиялық қарымқатынасты атайды.
Инфекциялық процесс термині
микроорганизмдегі потагенді микробтарға
қойылатын қарсы әрекетін білдіреді.
Инфекциялық ауру-инфекциялық процестің
клиникалық өзгешелігі, әр түрлі симптомдар және
признактармен көрінеді.
3. Жоспар:
І. КіріспеИнфекция
ІІ. Негізгі бөлім а. Инфекциялық процестің сипаттамасы
b.Бактериялардың патогендігі және токсигендігі
c.Вирустардың жұққыштығы
d. Патогендік және токсигендік факторларының
генетикалық бақылауы.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
4. Инфекциялық процестің сипаттамасы
Макроорганизмдегі микробтардың әсерінен дамитын алғашқыекі биологиялық фактор – инфекциялық процеске тікелей
қатысатындар. Бұл кезде инфекциялық процестің
спецификалығын микроб анықтайды, ал инфекциялық процестің
байқалу және үдеуі барысындағы ауырлығына, ұзақтығына және
індет аяқталуына макроорганизм интегралды шешуі үлес қосады,
ол ең алдымен бейспецификалық резиденттілікпен және оған
көмекші жүре пайда болатын спецификалық иммунитет
факторларымен байланысты.
Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы
аурулар қоздырғыштар деп атайды. Инфекциялық жағдайдағы
адамдардың немесе жануарлардың организмін – инфицирленген, ал
қоздырғыштар түскен сыртқы орта заттарын ластанған деп
атайды.
Инфекциялық процесс – эолюция процесі барысында
қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара
әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Процесс өзара қатынастың
себеп – салдарының тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді.
Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады.
5. Инфекциялық процестің сатылары
Инфекциялықпроцестің
аяқталуы
Макроорганизмнің қорғаныс
факторларын жұмылдыру
Диссеминациялану
Колонизациялау
Микробтардың микроорганизмге
енуі
6. Инфекциялық процес
I сатысы:Микробтардың микроорганизмге енуі. Микроб
енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында
адаптациялануы (лат. Adaptatio - бейімделу)
яғни инфецирленуі және де микробтардың
макроорганизмнің жасушасына адгезиялануы
инфекциялық процестің басталу сәті болып
табылады.
II сатысы:
Колонизациялау(лат.kolonia – қоныстану) – кіру
есігі аумағындағы тері жабындылары мен
шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта
микробтардың жайылып қоныстануы..
Микробтардың макроорганизм жасушасының
ішіне енуі қабілеттілігі – пенентрация. Бұл кезде
микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа
буындары пайда болады.
7. ІІІ сатысы
ІV сатысыДиссеминациялану (лат. Disseminaze –
шашылу, таралу) микробтардың бірінші
енген жерінен айналасына таралуы
және лимфо-гематогенді, бранхогенді,
периневралды (жүйке бағаналары
бойымен) жолмен жаңа жерге
қоныстану.
Макроорганизмнің қорғаныс факторларын
жұмылдыру. Микробтардың енгеніне және
олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы
жауап ретінде микроорганизм алғашқыда өзінің
бейспецификалық, кейіннен спецификалық
қорғаныс факторларының барлығын
жұмылдырады. Бұл факторлардың әсері
микробтардың өзімен қатар олардың
токсиндерін бейтараптауға және
микроорганизмнің бұзылған гомеостазын
қалпына келтіруге бағытталған.
8. Инфекциялық процестің V сатысы
Инфекциялық процестің аяқталуы жәнеақыры. Көбінесе макроорганизмнің
санациялануы (sanative-емдік,
сауықтырушы) яғни организм
микробтардан толық босанады және жаңа
сапаға ие болып, иммунитет қалыптасады.
Кей жағдайларда инфекциялық процесс
өліммен аяқталады. Микроб пен
макроорганизм арасында тепе-теңдік
жағдай орнықса, микроб
тасымалдаушылық қалыптасады.
9. Инфекциялық процестің нәтижесі
Микробтың макрооорганизммен өзара әсерініңнәтижесінде бірінші кезекте жасуша
зардаптанады6 сол жерде микроб тесік тауып, ол
кейіннен микроорганизмге енеді. Өзара әсерлесу
процесі микробтың микромолекулаларының
комплементарлық құрылымы мен макроорганизмнің
эукариоттық жасушасының деңгейінде жүреді.
Молекулалық және жасушалық деңгейлерде жүретін
процестер, дәлірек айтқанда микробтардың
патогенділік факторлары мен макроорганизмнің
жасушалық және гуморальдық қорғаныс факторлары
өзара әсерлесуі тіндік-ағзалық деңгейде білінеді.
Сонымен, инфекциялық процесс әрбір жүйе
деңгейінің және де осы деңгейлердің өзара әсерінің көп
жақтылығымен жәні күрделілігімен сипатталады.
10. Патогенді микробтар
Патогенді микробтар – ұзақ мерзімді қаталэволюциялық даму барысында сапрофиттерден
пайда болған паразиттер.
Патогенділік – (син.: ауру туғызушылық)-ол
микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы
потенциялдық қабілеттілігі, яғни осы микроб үшін
табиғи жұғу жағдайында тиісті ие организміне ену,
онда өсіп-өніп көбею, гомеостаздың әртүрлі
бұзылыстарын туғызу және макроорганизм жағынан
жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру
қабілеттілігі.
11. Бактериялардың патогендігі
Адам жануар және өсімдіктердіңмакроорганизміүшін патогенділік
дәрежесіне қарай
Сапрофиттер - өсімдіктердің және жануарлардың
өлі тіндерімен қоректенетін микробтар.
Патогенділер – адамдардың, жануарлар мен ө
сімдіктердің жұқпалы ауруларының
қоздырғыштары
Шартты-патогенділер-макроорганизмге тиісті
жағдайда көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі
Ортасына түскенде олар патогенді әсер ететін
Микробтар.
12.
Патогендімикробтар
Облигатты жасушаішілік
паразиттер
Облигатты жасушадан
тыс паразиттер
Факультативті жасушаішілік
паразиттер
13. Облигатты жасушаішілік паразиттер
Облигатты жасушаішілік паразиттер - өзініңқоректік қажеттілігін тек қана жасушаішілік
тіршілік ету жағдайында қанағаттандырады.
Жасушаішілік тіршілік ортасы жасушадан тыс
ортада мүлдем болмайтын органикалық заттарға,
АТФ-қа бай.
Жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде
сақталуға және өсіп-өнуге жақсы бейімделген.
Жасушаішілік инфекция дамуында нысана-жасуша
макрофагтар болып табылады. Облигатты
жасушаішілік паразиттерге вирустар,
хламидиялар, риккетсиялар алапес, безгек
токсаплазмоз қоздырғыштары жатады. Жасанды
қоректік орталарда олар өсіп-өнбейді.
14. Факультативті жасушаішілік паразиттер
Факультативті жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде жәнежасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады. Ие ішінде
олардың өсіп-өнуі басымырақ болады, әйтсе де жасуша ішінде де
өсіп-өне алады. Өйткені организм жағдайындағы жасушаішілік
орта инфекциялық процесс дамуында негізгі орын болып
табылады. Жасушаішілік паразиттердің осындай
қабілеттілігінің инфекциялық процестің созылмалы түрге
айналуында маңызы зор. Мұндай микробтар жасанды қоректік
ортада да өсіп-өне алады. Оларға туберкулез, туляремия, соз,
менингококты инфекция қоздырғыштары, салмонеллалар,
шигеллалар жатады.
Облигатты жасушадан тыс
паразиттер
Облигатты жасушадан тыс паразиттер жасуша ішіне кірмейтін, бірақ
жасушалар бетіне жабысып, жасушааралық қуыстармен таралатын
микробтар. Мысалы: тырысқақ қоздырғышы, лептоспиралар,
микоплазмалар жатады.
15. Патогенді бактериялардың дозасы
Патогенді бактериялар макроорганизмгеинфицирлеуші дозада енуі керек. Микробтар
макроорганизмге инфецирлеуші дозадан аз мөлшерде
түссе инфекциялық процесс дамымайды. Нымен қатар
Инфицирленген доза көрініс беру үшін макроорганизмге
түскен микробтар сонымен қатар олардың жасуша
қабығының бетіндегі тығыздығы және эукариот
жасушалардағы тиісті рецепторлпр болуының маңызы
күшті. Бірқатар жұқпалы аурулар пайда болуы үшін
жұқпалы дозаның аз болатыны осымен түсіндіріледі.
Инфекциялық процестің дамуы мен байқалуында
инфицирленуші дозадан басқа микробтардың
репродукциялану жылдамдығы да маңызды рөл
атқарады, ол макроорганизмге түскен микроб
популяциясының көбею мүмкіндігін анықтайды.
Мысалы, барлық бактериялар арасында ең патогенді
деп есептелетін оба қоздырғышының өсу және көбею
жылдамдығы өте жоғары.
16. Патогендік факторлар
Адгезиялық жәнеколонизациялануды
қамтамасыз ететін
пат. факторлар
Патогендік
факторлар
Антифагоцитарлық
белсенділігі бар
пат. факторлар
Инвазивтілікті және
агрессивтілікті
қамтамасыз ететін
пат. факторлар
17. Бактериялардың токсиндері
Бактериялардыңтоксиндері
Белокты
токсиндер
Эндотоксиндер
18. Белокты токсиндер
Токсиндердің бұл тобына грам-оң да және грам-теріс теаэробты және анаэробты бактериялар түзетін термолябильді және
термостабильді белоктар жатады. Әдетте мұндай ферменттер
макроорганизм жасушасына мүлдем аз концентрацияда да
бүлдіруші әсер етеді.
Белокты токсиндер
А сынып сыртқы
ортаға бөлініп
шығатындар
В сынып микроб
организмімен
шамалы байланысқан
С тобы микроб
жасушасымен
толық байланысқан
19. Белокты токсиндер
Белок синтезінтежейтін
Жасушалық
мембрананы
зақымдайтын
Суперантигендер
Белокты токсиндер
(әсер ету механизмі б/ша)
Метаболизм
жолдарын
белсендіретін
Протеазалар
20. Белокты токсиндердің микробиологиядағы маңызы
Белокты токсиндер көпшілігі асқорытуферменттерінің әсерінен бұзылады, сол себепті олар
парентеральді жолмен енгенде ғана әсер ете алады.
Микроорганизмдердің белокты токсиндер бөлу
микробиологиялық диагноз қою кезінде де ескеру керек.
Микробтың бір түрінің барлық патогенді штамдары
антигендік құрылымы және әсер ету механизмі бойынша
бірдей және де антигендік құрылымы бойынша бөлек, бірақ
әсер ету механизмі бойынша бірдей токсиннің бір ғана
типін өндіре алатынын есте сақтау керек. Екінші
жағынан, микробтың бір түрінің өзі белокты токсиннің әр
түрлі типтері және де эндотоксиндер өндіре алады.
Эндотоксиндер
Бактериялардың интоксикациялық симптомдарын
қоздыратын улы заттар түзу, соның ішінде олар
бұзылған кезде қоршаған ортасына эндотоксиндер
шығару қасиеті улылық деп аталады. Эндотоксиндер
цитокиндердің және басқа медиаторлардың
синтезделуін индуцирлейтін , биологиялық
белсенділігінің ауқымды спектрі бар бактериялық
21. Вирустардың жұққыштығы
Әдетте экологиялық факторларадамдардың табиғи резервуармен немесе
инфекция иесімен жанасуды күшейтеді. Соның
нәтижесінде вирустар жұққыштығы
жоғарылайды.
Әрбір патогенді вирус тек қана өзіне тән
жұқпалы ауруды қоздырады және белгілі ағзалар
мен тіндерде шоғырланады. Бұл нозологиялық –
спецификалы0 шартты-патогенді
микробтарда болмайды.
Вирус қоздырғыштары fesh&fy адамнан
ауырмағандарға жеңіл берілуін, тізбекші немесе
веер тәріздес реакциялар көмегімен
қабылдаушы популяция арасында
микробтардың жылдам тарлуын контогиоздық
(лат. Contaggiosis-жұққыш)деп түсіну керек.
Реинфекция-алғашқы қоздырғышты қайта
жұқтыру. Ауру сауыққанға дейін қайталанса
суперинфекция деп аталады.
22.
Микроорганизмге микробтардың жұққан сәтіненбастап, алғашқа ауырсыну белгілері пайда болғанға
дейінгі уақыт аралығын инкубациялық. Яғни жасырын
кезең дейді.
Инкубациялық кезеңнің соңында сыртұы ортаға
микроб шығара алатындыұтан макроорганизм
эпидемиологиялыұ ұауіп төндіре алады. Инкубациялық
кезең ұзақтығы кей жұқпалы ауруларда бірнеше
сағатқа, ал басқаларында бірнеше аптаға немесе
айларға созылады. Мазасыздану кезең ауру қозу
кезеңімен ауысады. Бұл кезең жалпы спецификалыұ емес
симптомдардың максималды айқындалуымен және дәл
клиникалық диагноз қоюға мүмкіндік беретін, тек қана
осы инфекцияға тән, спецификалық немесе абсолюттік
симптомдардың көрінуімен сипатталады. Дәл осы
кезеңде микробтардың спецификалық патогенділік
әсері айқындалады. Бұзылған функцияларының барлығы
қалпына келгенде толық жазылып кету болады, ал
толық жазылмау – патологиялық процесс дамыған
жердегі тіндер мен ағзаларда пайда болатын қалдық
өзгерістер сақталғанда болуы мүмкін.
23. 3-типтегі секреция жүйесі
Өзінің потенциялды нысанасына жетуалдындапатогендік факторлар негізгі екі
тосқауылдан өтеді:
1. Цитоплазмалық мембранадан
2 Өндіруші микробтардың жасушалық
қабырғасынан
Бұл кезде секрецияланғаннан кейін олардың
көпшілік бөлігі функционалдық белсенділікке ие
болады.Сондықтан 3-типтегі секреция жүйесіне
үлкен көңіл бөлінеді.
3-типтегі секреция жүйесі бактериялар
цитоплазмасынан макроорганизмнің
эукариоттық жасушаларының цитозоліне
патогенділік эфекторлы молекулаларын бір
этапты тачымалдауға жауапты.
24. Кворум сенсинг
Инфекциялық процесс барысындапатогендік факторларды кодтайтын
гендердің қайта құрылуы молекулалық
деңгейде жүреді, бірақ популяциялық
деңгейде эпидемиялық немесе резервациялық
штамдардың табиғи іріктелуіне жағдай
жасалады. Кворумды тану принципінің
арқасында бактериялар “сөйлесу”
қабілеттілігіне ие болады. Кворум сенсинг –
бактериялардың химиялық сигналдық
механизмі, соның арқасында жаңа тіршілік
ортасына түскеннен кейін олар өзіне
тәріздестерді есептейді.
25. Қорытынды
Инфекция деп эволюциялық процесскезінде адам ағзасы-микроорганизм және
қоздырушы микроорганизм арасындағы
биологиялық қарым-қатынасты атайды.
Инфекциялық ауру-инфекциялық
процестің клиникалық өзгешелігі әр
түрлі симптомдар және признактармен
көрінеді.
Инфекциялық процесс кезінде
бактериялар токсигендігі, патогендігі,
вирустардың жұққыштығы маңызды
орынға ие.
Бұл факторлар генетикалық
факторламен реттелініп отырады.
26. Пайдаланылған әдебиеттер
1.2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
“Жалпы микробиология» 2008ж Алматы
Емельяненко П.А. с соавт. - Ветеринарная микробиология. М., "Колос", 1982,304с.
Сюрин В.Н. - Ветеринарная вирусология. М.,"Колос", 1984.
Конопаткин А.А. - Эпизоотология и инфекционные болезни сельско хозяйственных
животных. М."Колос", 1984.
Бакулов И.А. - Руководство по общей эпизоотологии. М., "Колос", 1979.
Земсков М.В., Соколов Н.И., - Основы общей микробиологии, вирусологии и
иммунологии, М., "Колос", 1972.
Коляков Я.Е. - Ветеринарная иммунология. М., "Агропромиздат", 1986.
Борисович Ю.Ф., Кириллов Л.В. (под ред. Д.Ф.Осидзе) Инфекционные болезни
животных \ Справочник. М., Агропромиздат, 1987,288с.
Петров Р.В. - Иммунология. М.,"Медицина", 1987.
Радчук Н.А. с соавт. Ветеринарная микробиология и иммунология. М., ВО.,
Агропромиздат, 1991, 382 с.
Толысбаев Б., Шок,анов Н., Булашев А., Бияшев К. Малдарігерлік микробиология.
Алматы, 1999, 368 б.
Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану (1-кітап) Алматы, 1999,
280 б.
Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану (2-кітап) Алдматы, 1999, 292 б.