Бір бөлімді және көп бөлімді қарындардың қимылы.Асқорыту ерекшеліктерінің реттелуі
Қарындағы ас қорыту
Қарынның қимылдары.
Қарын қабырғасының етті қабығының жеке-жеке қабаттарының əрекетіне байланысты қарында бірнеше жиырылу түрлері байқалады.
82-сурет. Қарын қимылдарын тіркеу əдісі
Жылқы қарнындағы ас қорыту
Шошқа қарнындағы ас қорыту
Күйіс малының қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері
636.93K
Категория: МедицинаМедицина

Бір бөлімді және көп бөлімді қарындардың қимылы.Асқорыту ерекшеліктерінің реттелуі

1. Бір бөлімді және көп бөлімді қарындардың қимылы.Асқорыту ерекшеліктерінің реттелуі

2.

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік
заттардың күрделі қосылыстарының денеге жеңіл сіңетін
қарапайым құрамаларына ыдырауын қамтамасыз ететін
процестердің жиынтығын айтады.
Ас қорыту ағзаларының негізгі қызметі - қабылданған азық
құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін
қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларды ішектің
қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы, азық құрамындағы
белоктар - амин қышқылдарына, майлар - глицерин мен май
қышқылдарына, ал көмірсулар – жүзім қанты не басқа
моносахаридтерге айналғанда ғана денеге қан арқылы тарап,
сіңе алады.
Малдың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен
бітеді де, ұзына бойына бірнеше рет кеңейіп–тарылып отырады.

3.

4. Қарындағы ас қорыту

Қарын — ventriculus, s. gaster — азық қорыту түтігінің қапшық тәрізді
кеңейген бөлігі. Ол сөл бөлу, механикалық (азықты қозғау, араластыру,
сығу) және биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен көп бөлімді
қарынның алдыңғы бөлімдерінде) өңдеу, қорыту (сөлқұрамындағы
ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды
қарапайым құрамына ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру,
ыдырау өнімдерін бөлу (экскреция) қызметтерін атқарады.
Мал жұтқан азық жентегі өңеш арқылы қарынға өтеді де, онда жиналып,
механикалық және химиялық өңдеулерге ұшырайды. Қарында болған уақыт
ішінде азық бөрітіп, сұйылып, еріп, сілекей мен қарын сөлінің әсерінен
ыдырай бастайды. Қарында қоректік заттар ыдыраудың тек алғашқы
сатыларынан өтеді. Химиялық процестердің үстіртіндігіне қарамастан
қарындағы өңдеу деңгейінің азықтың дұрыс қорытылып, сіңуі үшін рөлі өте
зор. Мал қарыны жалғыз не көп (екі-төрт) бөліктен тұрады, сондықтан
қарын жалғыз және көп бөлімді болып жіктеледі. Көп бөлімді қарынның тек
бір ғана бөлімінде құрамында ферменттері бар қарын сөлі бөлінеді, оны
нағыз қарын деп атайды.

5.

Қарынның бөлінуі

6. Қарынның қимылдары.

Қарын қабырғасының жынды (қарындағы қойыртпақты) араластыруға, ішекке
қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін әрекеттерінің
жиын-тығын қарын қимылыдеп атайды. Ол қарын қабырғасының
талшықтары үш бағытта орналасқан етті қабығының жиырылуы-мен
байланысты.
Ашқарын жағдайында қарын қабырғасының етті қабаты
ширығу жағдайында болады. Аштық ұзаққа созылған жағдайда
әрбір 60-90 минут сайын 20-40 минут бойына қарын оқтын-оқтын жиырылып
отырады («Аштық әрекет»). Осы жиыры-лулар гуморальдық факторлармен
қабаттасып, аштық түйсігін күшейтеді және азық берілгенге дейін мезгіл-мезгіл
қайталанып отырады. Азықтандыру үстінде және азықтандырғаннан соң
қарын босаңсиды да, 20-40 минуттан кейін (азықтың сипатына
қарай) оның жиырылуы, әсіресе, қарын кіреберісінде (антральдық
бөлікте) күшейеді

7. Қарын қабырғасының етті қабығының жеке-жеке қабаттарының əрекетіне байланысты қарында бірнеше жиырылу түрлері байқалады.

Перистальтикалық жиырылу бір фазалы төменгі амплитудалы, минутына 3-4
рет қайталанатын әрекет. Ол етті қабықтың сақинаша қабатының әрекетінен
туындайды. Əрбір жиырылу толқыны 5-20 секундқа созылады.
Ширықпа жиырылу етті қабықтың бойлама және қиғаш қабаттарының толқын
тәрізді жиырылуларынан туындайды. Ширықпа жиырылу толқындары күштірек,
ұзағырақ, минутына 2-4 рет жиілікпен қайталанады да, әрбір толқын 15-30
секундқа созылады. Аталған жиырылу толқындары қарын қуысындағы
қы сымды жоғарылатып, жынның қарын сөлімен араласуына жағдай туғызады.
Жынның терең орналасқан ортаңғы бөліктері араласпай, тығыз күйінде жатады.
Систолалық жиырылу қарын кіреберісінен басталып, 60 секундқа дейін созылады.
Ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі
бір үлесін ішекке өткізеді.

8.

Қарынның жиырылуы баллонографиялық, рентгенографиялық,
электромиографиялық әдістермен зерттеледі (82-сурет).
Қарын қимылының реттелуі. Қарынның бірыңғай салалы еттерінің қызметі
қабырғалық(интрамуральдық) жәнеқабырғадан тыс (экстамуральдық)
тетіктермен реттеледі. Қабырғалық рет- теу тетігін Ауэрбах (етті қабықта
орналасқан) және Мейснер өрімдері (кілегейлі қабық астында орналасқан)
қамтамасыз етеді. Осы құрылымдар қарын қабырғасы автоматизмінің негізі
болып табылады.
Экстамуральдық реттеу тетігін парасимпатикалық және сим- патикалық
жүйкелер қалыптастырады. Қарын мен ұлтабар ұшы- нан орталыққа
(сопақша және ортаңғы миға) қозу импульстері кезеген жүйке мен құрсақтық
симпатикалық жүйке арқылы бе- ріледі. Қарынға орталықтан қозу толқыны
кезеген жүйке арқылы берілсе, қарын қимылы күшейеді, симпатикалық
жүйке арқылы берілсе, бәсеңдейді.
Қарын қимылы гуморальдық жолмен де реттеледі. Гастрин, гистамин, холин,
ацетилхолин, калий иондары оны күшейтсе, энтерогастрин, адреналин,
норадреналин, кальций иондары әлсіретеді.

9. 82-сурет. Қарын қимылдарын тіркеу əдісі

10. Жылқы қарнындағы ас қорыту

Жылқы қарны бір бөлімнен тұрса да, оның өзіне ғана тән құрылымдық
ерекшеліктері болады, сондықтан қарын қызметінде біршама өзгешеліктер
байқалады. Өңештің қарынмен жалғасқан жерінде безсіз кілегейлі қабықпен
қапталған күмбез тәріздес қа- рын құрышы болады. Ол қарынның безді
фундальдық және пило- рус аймақтарынан жіңішке ғана кардиалық
белдеумен бөлінеді (83-сурет). Қарынның жалпы сыйымдылығы 10-15 л
шамасында.
83-сурет. Жылқы қарнының кілегейлі қабығындағы аймақтар: 1 - өңеш; 2 қарын құрышы; 3 - кардиалық аймақ; 4-қарыны түбі; 5 - пилорус аймағы

11.

12. Шошқа қарнындағы ас қорыту

Шошқа қарыны бір бөлімнен тұрғанымен, құрылысы жағы- нан күрделі.
Оның жалпы сыйымдылығы 6,5-9 л немесе ас қорыту жолының 1/3-не жуық.
Қарынның кілегейлі қабығында бес аймақ болады (87-сурет).
Өңештің көп қабатты жалпақ эпителийі кіші иін бойымен біршама жерге
созылып, безсіз өңештік аймақ түзеді. Үлкен иін бойымен кілегейлі
қабықтың көп аумағын (жартысына жуығын) қамтып кардиалық аймақ
орналасады. Осы кардиалық аймақтың басталған жерінен күмбез тәрізді
қарын қалтарысы (дивертикула) шығып тұрады. Бұл безсіз бөлім қарынның
негізгі қуысынан арнау- лы қатпарлармен бөлектенеді. Кардиалық аймақтың
түтікше бездері негізгі және қосымша торшалардан құралып, сілтілік
реакциялы, құрамында шырыш және аз мөлшерде пепсиноген бар сөл бөледі.
Қарынның кілегейлі қабығының қалған бөлігін түптік және пилорус
аймақтары алып жатады. Бұл аймақтарда бөлінген қа- рын сөлі құрамы мен
қасиеттері жағынан ит қарнының сөліне ұқсас. Қарын түбі бездері сөлінің
тығыздығы 1,007, құрамында 0,31- 0,35 пайыз тұз қышқылы болады.

13.

14.

Шошқа қарнында азық жақсы араласпайды да, жұтылған
ретіне қарай көлденең түрде қабат-қабат болып орналасады
(88-сурет). Сондықтан ол қарын сөлін біртіндеп сіңіреді де,
қарында екі түрлі процесс - көмірсулар мен белоктардың
ыдырауы, қатар жүреді. Көмірсулар қарын қалтарысында,
өңештік аймақта, қышқыл сөл сіңіп үлгермеген жынның
терең қабаттарында сілекей ферменттері мен
микроорганизмдердің әрекетінен ыды- райды. Көмірсулар
ыдырауының нәтижесінде мальтоза, глюкоза және ашу
өнімдері - сүт, сірке қышқылдары, майлы қышқыл, газдар
бөлінеді. Жалпы алғанда, қарында жеңіл қорытылатын
көмірсулардың 20 пайызына жуығы ыдырайды. Жын
қышқыл сөлді сіңіре келе көмірсулардың ыдырауы баяулап,
тоқтайды да, белоктардың ыдырау процесі басталады.

15.

87-сурет. Шошқа қарнының кілегейлі
қабығындағы аймақтар: 1 - өңеш; 2 - безсіз
аймақ; 3 - қалтарыс (дивертикула); 4 - кардиалық
аймақ; 5 - қарын түбі; 6 - пилорус аймағы
88-сурет. Квасницкий полизонды: А поли- зонд, Ə - оның қарындағы бейнесі.
1,2,3,4 - полизонд қабаттары, а - негізгі
түтіктегі тесіктер, б - шығарушы
түтікшелер, в - тығын

16. Күйіс малының қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері

Күйіс малы қарнының құрылысы өте күрделі, ол төрт бөлімнен тұрады. Олар
мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар (90-сурет). Алғашқы үш
бөлімді алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды – нағыз қарын деп атайды.
Түйе қарны үш бөлімнен тұрады, оларда қатпаршақ болмайды. Алдыңғы
қарынның кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителийменқапталады,
онда без болмайды. Қарынның әр бөлігінің өзіне тән ерекшеліктері болады.
90-сурет. Күйіс малының қарыны: 1 - мес
қарын; 2 - өңеш; 3 - өңеш науасы; 4 жұмыршақ; 5 - қатпаршақ; 6 - ұлтабар; а дорсальдық (үстің- гі) қапшық, ә -вентральдық
(астыңғы) қапшық, б - кіреберіс, в - үстіңгі
құрыш, г - астыңғы құрыш
English     Русский Правила