Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Тәлімі егіншіліктегі арамшөптермен күресу
Жоспары
Кіріспе
Тәлімді егіншілік
Арамшөптер
Тәлімді егіншіліктегі арамшөптермен күрес шаралары
Қорытынды
1.98M
Категория: ПромышленностьПромышленность

Тәлімі егіншіліктегі арамшөптермен күресу

1. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Тәлімі егіншіліктегі арамшөптермен күресу

Қабылдаған: Узбеков Б.
Орындаған: Шазатханова Ж.
Тобы: АГ-302

2. Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Тәлімді егіншілік
2.2 Арамшөптер. Тәлімді егіншіліктегі арамшөптермен
күресу
Қорытынды

3. Кіріспе

Егіншілік – біріншіден халыққа тағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат
ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы;
екіншіден, ауыл шаруашылығының өнімдерін өсіру, күту, өнімін арттыру,
жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зеттейтін
ғылым саласы.

4.

Әлемдік стандарттарға сәйкес, Қазақстанда егіншілік жұмыстары ауа
райының ерекше қолайсыз жағдайларында жүргізілуде. Мұнда негізгі
егіншілік аймақтардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм
құрайды. Осыған байланысты, отандық өсімдік шаруашылығының ауа
райы өзгерістеріне бейімделуі үшін әсері мен мүмкіндіктері бойынша
зерттеулерді арттыра түсу қажет. Яғни, селекциялық жұмыстарға деген
көзқарасты өзгертуге тура келеді.

5.

Соңғы жылдары «икемді егіншілік» тұжырымдамасы
танымал бола бастады. Ол қуаңшылық аймақтарда егіншілік
жүйесін одан әрі жетілдіру жолдарының тиімділігін
көрсетеді. Оның негізгі буыны ылғал жинауды күшейту
бойынша іс-шаралар кешені және осы негізде – қалыптасқан
табиғат
жағдайларына
сәйкес
егіс
алқаптарының
құрылымын оңтайландыру мүмкіндігі, сонымен қатар,
топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды пайдалану, өсімдіктерді
қорғау амалдары жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу болмақ.
Қолайсыз егіншілік жағдайларында бұл факторларды ескеру,
ылғалмен қамтамасыз ету деңгейіне икемді әсер етуге,
егістікті пайдаланудың құрылымын шұғыл өзгертуге
мүмкіндік береді.

6.

7. Тәлімді егіншілік

Тәлімдік жер – суармалы егіншілік аудандарындағы егісті
суармай өсіретін жерлер.Таулы аймақтарда тау етегіндегі ауадан
түсетін ылғал мөлшері суарылмайтын егіншілікпен айналысуға
мүмкіншілік береді. Бұл аймақтағы жауынның тағы бір ерекшелігі
– оның басым бөлігінің көктем айларында түсіп, жазға
қарай құрғақшылық болуы. Табиғаттың осы ерекшелігін, көктемгі
жауынды
тиімді
пайдаланып,
жазға
дейін
пісіп
үлгеретін дақылдар егуді тәлімі егіншілік деп атайды.

8.

Тәлімі
жерлерде
құрғақшылыққа
төзімді астық (арпа, бидай, тары), техникалық (күнжіт, мақсары),
мал азықтық (қонақжүгері, т.б.) және бақша дақылдары (қарбыз,
т.б.), т.б. өсіріледі. Өнім алу мөлшері жауын-шашынның түсу
мөлшеріне және уақытына, ауа температурасына, т.б. жағдайларға
байланысты. Мұнда ылғал қорын жинап, сақтау, оны тиімді
пайдалану үшін түрлі агротехникалық шаралар (қар тоқтату
топырақ өңдеудің арнайы әдістерін қолдану, егісті қысқа мерзімде
аяқтау, кең қатарлы егу әдістері, т.б.) қолданылады. Ауыспалы егіс
жүйесінде топырақ құнарын қалпына келтіріп жақсарту үшін мал
азықтық дақыл – жоңышқа, беде егіледі. Тау етегінің біршама
жерлерінде жеміс ағаштары мен жидектер отырғызылады. Тәлімі
жерлер егістіктері экономикалық жағынан тиімді (оны суарудың
қажеті жоқ), тек агротехникалық шаралар қолданылса
жеткілікті. Кавказ маңы, Ауғанстан, Иран, Қытай, Үндістан, т.б.
елдерде
кездеседі.
Қазақстандағы
таулы
жерлерде
орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының
егіншілік жерлерінің 5 – 6 миллион га-ын осы Тәлімі
жерлер құрайды.

9. Арамшөптер

Арамшөптер – егiншiнiң әрқашандағы және қауiптi жауы. Мәдени
дақылдардың арасында өсiп, олар су, қоректiк зат үшiн алғашқылармен
күреске түседi. Осындай қатар өсу өнімнің әр түрлi мөлшерде төмендеуіне
– 10-30%-тен бастап мәдени өсімдіктердің толық өлуiне дейiн, әкеп соғады.

10.

Клингмэн Г. және Элитон Ф. арамшөптер биомассасы қанша өссе,
мәдени өсімдіктер биомассасының сонша төмендейтінін атап
көрсеткен. Олардың мәлiметтерi бойынша, арамшөптерден өнімнің
төмендеуі және олармен күрес, қаржыға шаққанда, арамшөптер,
аурулар мен зиянкестер келтiретiн зиянның 41,6% құрайды.
Осыдан көрiнгендей, арамшөптермен күрес – белгiленген өнімділік
жолындағы жалпы күрестiң негiзгi буындарының бiрi. Сондықтан
академик Б.А.Келлер: «Бiздiң танаптарымызда өнімділіктi тез көте ру
үшiн керектi жағдайлардың алғашқыларының бiрi, оларды
арамшөптерден тазарту» - деп нақты атап көрсетті.

11.

Арамшөптердің тұқым өнімділігі. Арамшөптердің көптеген түрлерi
мәдени өсімдіктерге қарағанда өте жоғары тұқым өнімділігімен
ерекшеленедi. Профессор А.И.Мальцев
арамшөптердің тұқым
өнімділігі туралы төмендегiдей мәлiметтер келтiрдi:
Арамшөптер
Бiр өсімдіктiң беретiн жемiстерi
немесе тұқымдары
Қара бидай арпабасы
1420
Мысыққұйрық итқонақ
5520
Шырмауық таран
11200
Егiстiк қалуен
19000
Қызғылт қалуен
35550
Кәдiмгi жұмыршақ
78000
Ақ алабұта
100000
Ащы жусан
102000
Кәдiмгi гүлтәжi
500000
Ағынды сарыбас қурай
730000
Арамшөптердің тұқым өнімділігі олардың жаппай себiлген, кең
қатарлап себiлген егiстiктерде немесе шүй жерлерде (тұқым себiлмей
қалған) өсулерiне байланысты болады.

12. Тәлімді егіншіліктегі арамшөптермен күрес шаралары

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары
бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның
мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi.
Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:
Ұйымдастыру шаралары
1.Танаптардың ластануын анықтау.
2.Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың
шегiн анықтау.
3.Танаптардың ластануының картасын жасау.
4.Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.

13.

Алдын алу шаралары
1.Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.
2.Жемдi, мекендi, сабанды малға ұнтақталған немесе
буландырылған күйiнде беру.
3.Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың
маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.
4.Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.
5.Көңді
арамшөптердің
тұқымдары
өнгіштігін
жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.

14.

Жою шаралары
I. Агротехникалық шаралар
1.Сүрi танаптарды өңдеу.
2.Күзгi топырақ өңдеу.
3.Топырақты көктемгі өңдеу.
4.Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.
5.Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.
6.Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың
арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
II. Химиялық шаралар
1.Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.
2.Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн
гербицидтердi пайдалану.
3.Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай
немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
4.Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi
пайдалану.

15.

III. Биологиялық шаралар
1.Фитофаг жәндiктердi пайдалану.
2.Арамшөптерге ауру туғызатын
саңырауқұлақтарды пайдалану.
вирустар,
бактериялар
мен
IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану
1.Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк қрiстi пайдалану.
2.Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.
V. Физикалық шаралар
1.Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.
2.Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты
машиналарды қолдану.

16. Қорытынды

Егіншілік – ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол
өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. 20 ғасырдың
басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға
жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның
жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай,
Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің
төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін
шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан
кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары
құрылып,
егістікті
күтіп-баптау
жұмыстарын
барынша
механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым
сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша
Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ
Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде)
125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір
гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір
гектарынан 1515 ц-ден өнім алды.
English     Русский Правила