Похожие презентации:
Вегетариандық тамақтану және шикілей жеу
1.
Кафедра: Нутрициология кафедрасы«Вегетариандық тамақтану
және шикілей жеу»
Тақырыбы:
Орындаған: Мақсұт Нұрлы
Тобы: ҚДС 15-001-02
Курс: 3
Тексерген: Бердіғалиев А. Б.
Алматы, 2018 ж
2.
«Дені саудың - жаны сау» (лат.«Mens sana in corpore sano») — латынның
қанатты сөзі. Тұжырымдамасы: өз денесін
саулықта сақтайтын адам өз жанының саулығын
да сақтайды.
3.
Жоспары1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім:
Терминнің шығу тарихы мен вегетарианшылдықты ұстанудың себептері
Вегетариандықтың түрлері
Вегетариандықтың пайдасы мен зияны
3. Қорытынды бөлім
4.
КіріспеВегетарианшылық — қандай
да болсын жануардың етін
тамақтануда тұтынбауды
ұстанатын өмір салты. Ал
вегетарианшылықтың қатал түрі
- веганшылық ұстанушылары
жануар өнімдерін
(сүт, жұмыртқа, жүн, тері т.б.) ас
қабылдауда және тұрмыста
пайдаланудан бас тартады.
5.
Терминнің шығу тегіОксфорд сөздігіне сүйене отырып vegetarian (вегетарианшыл)
термині ағылш. Vegetable өсімдік, көкөніс деген сөздерден шыққанын
көре аламыз. Сөздікте бұл сөз 1847 жылы вегетариандық қоғам
құрылғаннан кейін танымал болып кетті деп белгіленген, алайда бұл
сөздің одан да бұрын пайдаланған кездер де бар екені дәлелденген.
«Вегетарианшыл» термині бізден шықты деген вегетариандық қоғам бұл
сөздің шығу тегі лат. vegetus (тірі, жаңа, сергек) дейді
6.
ТарихыВегетарианшылық буддизм, индуизм мен джайнизм сияқты үнді діндері
дамыған мемлекеттерде мың жылдықтар бойы пайдаланылып келді.
Сонымен қатар әртүрлі пәлсапалық мектептерді жақтаушылар да
вегетарианшыл болды, мысалы пифагореизмшілдер. Кейбір мағлұматтар
бойынша Үндістанда халықтың 20% дан 40% дейін адам
вегетарианшылықты ұстанады. Сол себепті «вегетарианшылық» термині
пайда болғанға дейін бұл емдәм «үнділік» не болмаса
«пифагореизмшілдік» деп аталып келді.
:
Алғашқы вегетариандық қоғам 1847 жылы Англияда пайда болды.
Кейбіреулердің сендірулері бойынша бұл жерде вегетарианшылық
ағылшын отарлаушылары Үндістаннан әкелген буддизм мен индуизмнің
ықпалынан тарады. Қазір Англия Еуропадағы вегетарианшылық емдамды
жақтайтын адамдар саны бойынша бірінші орында тұрған мемлекет. Бұл
елдегі халықтың 6% соғымдық астықты пайдаланбайды.
7.
ТарихыРесейде вегетарианшылық қозғалыс ХIХ ғасырдың соңында басталды. 1901
жылы Санкт-Петербургте бірінші вегетариандық қоғам тіркелді. Көп кешікпей
революцияға дейінгі Ресейдің әртүрлі қалаларында жаңа саяси дәуірдің келісімен
жабылған вегетариандық қоныстар, мектептер, бала бақшалар мен асханалар
пайда болды. Мұндағы белгілі рөлді орыс жазушысы Лев Толстойдың үлкен
ықпалы ойнады. Толстойдың жұмыстарының бірі «Бірінші саты» («Первая
ступень») эссесінің негізгі тақырыбы - Вегетарианшылық болып табылады. 2010
жылы Лев Толстойдың өлімінің 100 жылдығына орай «Неизвестный Толстой.
Первая ступень» кітабы басылып шығарылды. «Неизвестный Толстой. Первая
ступень» кітабы - осы тақырыптағы Толстойдың шығармалары мен хаттарының
жинағы. Лев Толстойдың вегетарианшылыққа қатысты көз қарасын көркемдейтін
аса ерекше пікір:
« Сиырын сені және балаларыңды он жыл бойы тамақтандырды, қойын өзінің
жүнімен сені киіндіріп суықтан сақтады. Осының бәрі үшін оларды қандай
марапат күтуде? Бауыздап жеп қою ма?
8.
Вегетарианшылдық емдәмді ұстана бастаудың себептеріэтикалық (моральді) — жануарларға азап көрсетпеу үшін,
өлтірулер мен қанаудан қашқақтау үшін;
медициналық — вегетарианшылдық емдәм атеросклероз,
қылтамақ, бірнеше жүрек-тамыр аурулары мен асқазан жолының
ауруларының болу қатерінің алдын ала алады;
діни нанымдар (буддизм, индуизм, джайнизм, жетінші күннің
адвентистері, растафарианшылдық);
экономикалық — вегетарианшылдық емдәм ет азықтарын
пайдалануда кететін қаржыны үнемдеуде көмегін тигізеді деген
пікірге сенушілік;
экологиялық— жануарларды асырау экологияға жаман әсерін
тигізеді деген пікірге сенушілік;
басқалар — өсімдік адам ағзасына табиғи болып келеді деген
пікірге сенушілік;
9.
Вегетарианшылықтың түрлеріВегетарианшылықтың әртүрлі салаларында пайдаланатын азықтардың түрлері
Ет (балық пен теңіз
өнімдерін қосқанда)
Жұмыртқа
Сүт
Бал
Лакто-ововегетарианшылық
Жоқ
Иә
Иә
Иә
Лактовегетарианшылық
Жоқ
Жоқ
Иә
Иә
Ововегетарианшылық
Жоқ
Иә
Жоқ
Иә
Веганшылық
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Анда-санда
10.
Жалпы мағлұматтарВегетарианшылдар ет, құс, балық және жануарлық теңіз
өнімдерін азық ретінде пайдаланбайды. Сүт өнімдері мен
жұмыртқаны вегетарианшылдардың бір бөлігі ғана
өздерінің ас мәзіріне қоспайды.
Кейбір вегетарианшылдар белгілі тамақ түрлерімен қоса
басқа да өнімдерді қолданудан бас тартады. Олар:
малдың терісі мен жүнінен жасалған киімдерді және
басқа өнімдер;
құрамына малдың компоненттері кіретін өнім. Мысалы
глицерин мен желатин;
жануармен тестіленген, тексерілген өнім.
11.
Күнделікті ет жеп дағдыланғанкісіге бірден вегетариандық
тамақтануға көшуге
болмайтынын ұмытпаңыздар.
12.
Көбірек су ішемізБұлшық еттің 70 пайызы судан тұрады, сондықтан суды жиі ішу
бұлшық еттеріңіздің көлемі мен күшін көбейтуге көмектеседі.
13.
Вегетариандық түрде тамақтану жүктілік кезінде қауіпті дейді, Осы распа?
Егер вегетариандық диетада болып, еттен ғана бас тартып, ал жұмыртқа, сүт
өнімдері және балық секілді тағамдарды жеп тұрсаңыз, және қосымша
дәрумендер мен минералды заттарды(йод, темір, мырыш, кальций)
қабылдасаңыз, вегетариандық тамақтар балаңызға ешқандай зиянын
тигізбейді.
Вегетариандықтардың арасында тым қаталдары бар . Оларды «вегандар»
деп атайды. Олар жануарлардың ешқандай өнімін пайдаланбайды. Веган
адам олай ету арқылы ағзаға қажетті В12 дәруменінен қағылады. Өйткені ол
дәруменнің барлығына жуығы жануар өнімдерінен келеді. Сондай-ақ Д
дәрумені азайып кетеді. Минералды заттардан темір мен кальцийдің
мөлшері төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда жүкті болу балаңыз үшін өте
қауіпті.
14.
Вегетариандықтарда темір,кальций, цинк секілді
дәрумендер тапшы. Ал, оларды
басқа өсімдіктерден алу мүмкін
емес екен. Сонымен қатар,
рибофлавин жетіспейді.
Рибофлавинді де жемісжидектен кездестіре алмайсыз.
Еттен ғана кездестіреміз деп
айтуға болады.
15.
Вегетариандық пайдалы ма?Кейбір дәрігер мамандар вегетариандықты шипалы
дауа ретінде қабылдамайды. Вегетариандықты қатаң
ұстанушылардың рационы дұрыс емес болады деп
санайды олар. Вегетариандықтар ағзаға өмірлік қажетті
микроэлементтер мен дәрумендерден бас тартады,
ослайша бедеулік, қан аздық, жүйке аурулары, уақыттан
бұрын қартаю, шаш пен тырнақтың әлсізденуінен зардап
шегеді. Етте бар B12 дәрумені, ақуыздар, кальцийды
қажетті мөлшерде қабылдамаған адамдар жүдеу мен
ауру шегінде болады.
16.
Вегетариандық пайдалы ма?Ал басқа дәрігерлер керісінше вегетариандықты
қолдайды. Олардың айтуынша, ет тағамдарынан
шектеліп, сергек, сау өмір сүруге әбден болады.
Вегетариандықтар басқаларға қарағанда жүрек-тамыр
ауруларына, гастрит, астма, тіпті қатерлі ісікке кемірек
шалдығады. Олардың өмір жасы да ұзағырақ екен. Бұның
себебі вегетариандықтар етпен бірге берілетін токсиндері
қабылдамайды. Қазіргі бройлер балапандары мен тез өсу
әдісімен өсірілген мал еті - гормон, антибиотик, химияның
қайнар көзі болғандықтан, вегетариандықтар бұл зиян
заттардан аулақ болады.
17.
Қорытынды бөлімВегетариандықтардың ет жемеуінің бір себебі, олар жануарларды сойып жеу,
оларға көрсетілген зорлық, жәбірлеу, қиянат деп түсінеді екен. Бұл буддизм,
индуизм, жайнизм деген ағымдардың діни түсінігінен шыққан деседі. Алла
Тағала бұл дүние тіршілігіндегі барлық жандыны жаратып, солардың ішіндегі
жеуге рұқсат еткендерін неге жемеске?! Еуропалықтар түрлі себептермен
вегетариандық атанады екен. Мысалға, ет жемейтін адамдарда қатерлі ісік,
атеросклероз, жүрек, асқазан аурулары аз кездеседі. Бірақ бұл аталған аурулар
ет жеудің себебінен деген қате пікір қалыптаспау керек. Бұған нақты дәлел жоқ.
Тағы бір себебі, алдында айтқанымыздай жануарларға жәбір көрсетпеу. Одан
кейін экономикалық жағын ескеріп, ақшаны үнемдеу мақсатымен көп адамдар
вегетариандық атанып жатыр. Америкалық диетология ассоциациясының
мамандары вегетариандық жолмен арықтаудың тиімді екенін алға тартып
отыр.
18.
Қолданылған әдебиеттер тізімі10 құіцк вегетаріан фацтс, парт 1 (ағыл.) . Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 тамыз 2011. Тексерілді, 12
наурыз 2011.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/5456/
http://anamenbala.kz/tag