СӨЖ Тақырыбы: Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі
Жоспар:
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Этиологиясы
патогенезі
Нәрестелер кездесуі
Зерттеу әдістері
НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ ЖБЖ СЕБЕПТЕРІ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1.00M
Категория: МедицинаМедицина

Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі

1. СӨЖ Тақырыбы: Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
HOCA AHMET YESEVI
ULUSLARARASI
TURK - KAZAK
UNIVERSITESI
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: ЖЕДЕЛ БҮЙРЕК
ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ
ПАТОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
Орындаған: Қалыбекова Л.
Қабылдаған: Тасқынова Г.
Тобы: ЖМ-213

2.

3. Жоспар:

ЖОСПАР:
Кіріспе
a) Жедел бүйрек жеткіліксіздігіне жалпы
түсінік
Негізгі бөлім
a) Жіктелуі
b) Этиологиясы
c) Нәрестелерлегі ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

4. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

ЖЕДЕЛ БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ
эпителий
қабатында некроз дамып,
бүйректе қан- және лимфа
айналымы терең
зақымдалатын синдром.
Бүйрек қызметінің жедел
жеткіліксіздігінің
морфологиялың негізі —
некрозды нефроз
(некронефроз).
Өзекшелердің

5.

6. Этиологиясы

ЭТИОЛОГИЯСЫ
1.
2.
3.
уытты әсерлер (интоксикация)
инфекциялар.
Некрозды нефроз ауыр металдардың
(сынап, қорғасын, висмут, хром, уран)
тұздарымен, ќышқылдармен (күкірт,
хлорлы сутегі, фосфор, қымыздық
қышқылдары), көпатомды спирттермен
(этиленгликоль (антифриз)), наркозда
қолданылатын заттармен (хлороформ,
барбитураттар) немесе
сульфаниламидтермен
(сульфаниламидтік бүйрек) уланғанда
байқалады.

7.

8. патогенезі

ПАТОГЕНЕЗІ
Бүйрек қызметінің жедел
жеткіліксіздігі жарақаттану (қолаяқтың мылжалануы, операциялық
жарақат), улану (токсиндермен),
гемолиз (сәйкессіз қан құйғанда),
бактериялар (сепсиспен асқынған түсік)
сияқты түрлі себептерден дамыған
шоктың механизмдерімен тығыз
байланысты. Қанайналымын күрт
бұзып, гиповолемия дамытатын,
артериялыќ қысымды төмендетіп, шок
өрістете алатын әсердің бәрі бүйрек
қызметінің жедел жеткіліксіздігіне
себеп бола алады.

9.

10.

ЖБЖ
тудыратын
себептер
Нефротикалы
қ
Бүйректің қан
айналымының
бұзылыстары

11.

Кезеңдері
Бастапқы
Олигоануриялық
Қалпына келу

12.

Бүйрек қызметінің жедел
жеткіліксіздігінің бастапқы (шок)кезене
шумақ капиллярлары қабысып,
бүйректің қыртыс қабатында
ишемиялық ошақтар пайда болады,
интермедиалық аймақ пен
пирамидаларға веналық қан іркіледі.
Сусіңділену процесі мен лимфостаз
интерстицийде байқалып,
интермедиалық аймақта айқындау
көрініс береді. Өзекшелердің негізгі
бөлімдеріндегі эпителийді гиалиндітамшылы, вакуольді немесе майлы
дистрофия шарпиды. Өзекшелердің
кеңейген саңылауына цилиндрлер, кейде
миоглобин кристалдары жиналады.

13.

14.

Олигоануриялық
кезеңде өзекшелердің басты бөлімдерін
некроз шарпиды. Некроз ошақты
болғанмен, өзекшелердің соңғы (дистал)
бөлімдерінің базальдық мембранасы да
ыдырайды (тубулорексис). Өзекшелердің
әртүрлі буынының саңылауын
цилиндрлер бітеп, шумақ қабығының
саңылауына шумақта түзілген
ультрасүзінді іркіледі.
Интерстиций де сусіндідене түсіп,
лейкоцит шоғырлары мен қанды ошақтар
пайда болады. Бүйректің вена
тамырларын қан кернеп, саңылауына
көбіне тромбылар түзіледі

15.

16.

Диурез қалпына келетін
кезеңде шумақтардың
біразын қан кернеп,
бүйректің сусіңділенуі
кеміп, клеткалар шоѓыры
едәуір азаяды.

17.

18. Нәрестелер кездесуі

НӘРЕСТЕЛЕР КЕЗДЕСУІ
ЖБЖ нәрестелерде 8–24% жағдайда
кездеседі, ал нәрестелер арасында бұл
сырқаттан өлім-жітім 51–90% құрайды.
Басқа мамандық дәрігерлері секілді
неонатолог дәрігерлері де, өздерінің
науқастарында жедел бүйрек
жеткіліксіздігімен кездесіп тұрады.
Патология науқастың ауыр жағдайымен,
ағзаның бір немесе бірнеше өмірлік маңызы
зор қызметтерінің айрықша шектелуі не
толығымен қызмет атқармауымен
сипатталады. 85% жағдайда ЖБЖ
преренальды себептермен, 12%бүйрек
паренхимасының зақымдалуымен, 3%
хирургиялық патологиямен сипатталады.

19. Зерттеу әдістері

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

20.

21.

22.

23.

Нәрестелердің шамамен 30% алғашқы
зәр шығаруы босану бөлмесінде, 90%
алғашқы 24 сағат және 99% туылғаннан
кейінгі 48 сағат ішінде болады.
Мерзімінен ұзақ немесе зәрдің аз өндірілуі
бүйрек перфузиясының дұрыс болмауы
немесе бүйрек аурулары не урологиялық
ақаулар себебінен болуы
мүмкін. Олигурия нәрестелерде
диурездің 1 мл/кг/сағатына аз болуы, ал
жасы үлкенірек балаларда – 5-10
мл/кг тәулігіне аз болуы.
Бүйрек жеткіліксіздігіне күмәнданған
кезде креатининнің деңгейін анықтау
және шумақтық фильтрацияның
жылдамдығын есептеу қажет.

24.

25.

ЖБЖ дамуының қауіп
факторларын, алмастырушы
бүйректік емнің қажеттілігі мен
өлім-жітімді бағалаудың объективті
әдісі 2007 жылы қабылданған
түрлендірілген балалар шкаласы
RIFLE болып табылады (risk – қауіп,
injury – зақымдалу, failure –
жеткіліксіздік, loss – бүйректің
қызметін жоғалтуы, end stage –
терминальды бүйректік
жеткіліксіздік).

26. НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ ЖБЖ СЕБЕПТЕРІ

1. Преренальды – (85%) бүйрекке қан келуінің
бұзылысы.
2. Аренальды – нәрестелердегі бүйрек
агенезиясы немесе 2 жақты поликистоз.
3. Ренальды (12%) бүйрек
қантамырларының тромбозы,
диссеминирленген тамырішілік синдром,
бүйрекішілік обструкция.
4. Постренальды – (3%) туа біткен ақаулар.
5. Рефлекторлы – әр-түрлі шеткері
қоздырғыштардың әсері нәтижесінде
болады.

27.

28. Қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ
Біз бұл мәліметтерді заманауи ғылымның
соңғы жетістіктері негізінде нәрестелердегі
жедел бүйрек жеткіліксіздігінің себептерін,
патогенезін және клинико-лабораторлық
көрсеткіштерін қарастырдық. ЖБЖ
себептері туралы түсінік кеңейді, аздап
терминология өзгерді, ал патогенезі
жөніндегі білім тереңдеп, кейбір
жағдайларда мүлдем өзгерді.
Неонатологтар, педиатрлар үшін
шумақтық фильтрацияның жылдамдығы
есептеуге және сағаттық диурезді бақылауға
негізделген түрлендірілген RIFLE
критерийлерін күнделікті тәжірибеде
қолданудың маңызы зор.

29. Пайдаланылған әдебиеттер

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1)Қалимұрзина Б.С. Ішкі аурулар:оқулық, I-том Алматы:Асем-систем,-2007.
2)Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы.
Оқу құралы.-Алматы.: “Эффект” баспасы,2010.-568 бет.
3)Багдатьев В.Е., Гологорский В.А., Гельфанд Б.Р.
Респираторный дистресс-синдром// Вест. интенсивной тер. 1996. - №2. - С.15-25
English     Русский Правила