Похожие презентации:
Қазақстандағы астаналар тарихы (Орынбор, Қызылорда, Алматы)
1.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫТақырыбы:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСТАНАЛАР ТАРИХЫ
(ОРЫНБОР, ҚЫЗЫЛОРДА, АЛМАТЫ)
Орындаған
Ғылыми жетекшісі
т.ғ.к., доцент
Ахметова Ж.М
Қапышев А.Қ
Көкшетау, 2015
2.
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ
1
ОРЫНБОР – ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ АСТАНАСЫ
1.1 Қазақ автономиясының құрылуы және Орынбор
1.2 1920-1925 ж.ж қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және
мәдениеті
2
ҚАЗАҚ АКСР-Ң АСТАНАСЫ – ҚЫЗЫЛОРДА
2.1 1920-1925жж. Қызылорда қаласының тарихынан
2.2 1925-1929 жылдары ҚазАКСР-ң әлеуметтік-экономикалық және мәдени
.
дамуындағы Қызылорда қаласының рөлі
3
1929-1997 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚ КСР-Ң АСТАНАСЫ – АЛМАТЫ
3.1 КСРО кезеңіндегі Алматы қаласының тарихи маңызы
3.2 Алматы қаласының тәуелсіздік алғаннан кейінгі әлеуметтік - экономикалық
саяси дамуы (1991-1997 жж)
3.3 Алматы – Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім және өнер орталығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3. Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы астаналар тарихын,
оқиғалардың мың құбылған заманында қоғам төңірегіне
топтасқан ғылыми-мәдени топтың, қазақ зиялыларының
қызметі мен осы қоғамның тарихына толғамды зерттеу
жүргізіп, оны өркениеттілік негізде бағалау қазіргі кезеңнің
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Бұл мәселені жан – жақты, әрі терең қарастыру еліміздің
мәдениет тарихын зерттеуге қосылған белгілі деңгейдегі
үлес болар еді.
4. Зерттеу жұмысының мақсаты.
Қазақстанныңастаналарына
тоқталу,
астаналардың
әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайларын сипаттау.
Астана мәртебесі кезіндегі тарихи оқиғаларды баяндау.
Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрылуы мен қызметінің
тарихын тың деректік материалдар негізінде жаңа көзқарас
тұрғысынан талдай отырып, оның Кеңестік кезеңдегі
Қазақстандағы ғылыми зерттеулерге бастама болған
маңызын ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты
мақсаты болып табылады.
5. Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Орынбор – қазақ автономиясының тұңғыш астанасыныңтарихына тоқталу;
- Қазақ АКСР-ң астанасы – Қызылорда қаласының мемлекет
тарихындағы рөлі;
- 1929-1997 жылдары Қазақ КСР-ң астанасы – Алматы
болған кезіндегі Қазақстанның даму ерекшеліктері.
6.
7. ОРЫНБОР – ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ АСТАНАСЫ (1920–1925)
8.
Орынбор – Ресей Федерациясындағы қала, облысорталығы. 1735 жылы бекініс қамал ретінде
қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты
қойылған. Орынбор Жайық өзенінің жағалауында
орналасқан Солтүстік батыс бөлігі Жайық
өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.
1735 жылы 15 тамызда И. Кирилов бастаған
экспедиция Жайықтың сол жақ жағалауына құяр
сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады.
«Орынборды» 200 шақырым Жайық ағысымен
төменірек жерден, Қызылту стансиясының іргесі
қаланды.
9. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзенінің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы
салынды. Сауда алаңынын Орынбордаға және қазақ даласынақараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен
арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай
съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920–1925 ж.ж Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
10.
11.
12.
Қазіргі уақыттаОрынбор облысында
120 мыңдай қазақтар
тұрады. Қазақстанның
тәуелсіздік алуымен
байланысты облыс
қазақтары «Достық».
«Үркер», «Қазақ тілі»
және т. б. мәдени
орталықтарға бірігіп,
өздерінің «Айқап»
атты газеттерін
шығарады.
13.
1925 жылғы 15-19 сәуірдереспубликаның жаңа
астанасында Қазақстан
Советтерінің съезі тұңғыш рет
Қазақстанның барлық
аудандары еңбекшілерінің
өкілдері қатысқан жағдайда
өтті. Съезд халықтың шын аты «қазақ» деген атауды қалпына
келтірді және ресми республика
Қазак, АССР-і болып аталатын
болды. Оның астанасы Ақмешіт
қаласы Қызылорда деп
өзгертілді. Оны келесі тарауда
қарастырамыз.
14. ҚАЗАҚ АКСР-Ң АСТАНАСЫ – ҚЫЗЫЛОРДА (1925-1929)
15.
Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылысалынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде
қаланды. 1854 жылдың тамызынан басқыншы, генерал
В.А.Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты аталды.
1857 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд
орталығына айналды. 1901–1906 жылдары Орынбор —
Ташкент темір жолы салынған тұста қала халқы тез
қарқынмен өсті. 1917 жылы 30 қазанда (12қараша) Кеңес
өкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады.
1922 жылы қаланың Ақмешіт аты
қайтарылғанымен 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп
қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-нің астанасының мәртебесі
берілді (1929 жылға дейін).
16. Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мемлекеттік академиялық театры) ашылды.
Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (қазіргі М. Әуезов ат.Қазақтың мемлекеттік академиялық театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру
орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды.
17.
1929 жылы үкімет шешіміменҚазақ АКСР-нің астанасы
Қызылордадан Алматыға
көшірілді. Жалпы алғанда,
Қызылорда қаласының аты
мемлекеттілік түрінің дәстүрлі
мазмұны мен жаңа қоғамның саяси
құндылықтарын бойына сіңірген
тарихи атау болып қалыптасты.
Қызыл империяның бодандығында
болған қазақ мемлекеттілігінің
Қазақ Кеңестік Социалистік
республикасы деген қазіргі
заманғы атауын дәстүрлі ұғымға
көшірсек қазақтың Алтын Ордасы,
Ақ Ордасы, Алаш Ордасының
жалғасы болып шығар еді. Демек,
Қызылорда атауы ел тарихының
тұтас кезеңін айғақтайтын тарихимәдени ескерткіш болып қала
бермек.
18. ҚАЗАҚ КСР-Ң АСТАНАСЫ – АЛМАТЫ (1929-1997)
19. Алматы-Қазақ Советтік Социалистік Республикасының астанасы, Алматы облысының орталығы, республиканың саяси-әкімшілік,
экономикалық және мәдени орталығы.20.
1929 жылы қазақ елінің ордасын Ф.И.Голощекин ҚызылордаданАлматы қаласына көшірді. Өзінің бұл әрекетін ол «Сыр өңірінің
табиғаты қолайсыз» деген сылтаумен ғана түсіндірген. Әуелгіде, 1927
жылы басшылар қазақ астанасын тақырдан тұрғызамыз деп
жоспарлаған болатын. Ол үшін бүгінгі Алматыдан 120 шақырым
қашықтықтан, Іле өзенінің бойынан арнайы жерді де белгілепті.
Белгілеп қана қоймаған, қала құрылысы мұнда басталып та кеткен.
Алайда, инфрақұрылымнан жұрдай айдаладан қала тұрғызу еш
қисынға келмейтінін түсінген. Жалпы, Орталық атқару комитеті 1927
жылдың наурызында елорданы құжат бойынша Алматыға көшіріп
қойған. Дегенмен, жаңа қала салу мәселесі тек арман жүзінде
қалғандықтан, 1929 жылы мемлекет орталығы Алматының өзіне
көшірілді. Ал, көшкеннен кейін атқарылған ең үлкен жұмыс деп
Түркісіб темір жолының салынуын айтуымызға болады.
21.
Алматы қаласы 70 жыл бойыеліміздің астанасы статусында
болды. Н.Назарбаев Алматыға
1979 жылы Қазақстан
Компартиясының Орталық
комитетінің хатшысы болып
Қарағанды облыстық партия
комитетінің екінші хатшысы
қызметінен келді. Осы қызметті
1984 жылға дейін атқарды және
Орталық комитетінің бюро
мүшесі болды.
1984–1991 жылдар арасында
Қазақстан министрлер
Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан
Компартиясының Орталық
комитетінің бірінші хатшысы
болды. 1991 жылдың желтоқсан
айынан бастап Қазақстан
Республикасының тұңғыш
Президенті болып сайланды..
22.
Алматы – республикамыздың іріғылыми, мәдени, білім және
өндіріс орталығы. Басында мәңгі
қар жатқан әсем Алатаудың
баурайына орналасқан Алматы –
дүниежүзіндегі көрікті
қалалардың бірі. 1998 жылы
Қазақстанның астанасы қазіргі
Астана қаласына көшірілді.
Осыған орай «Алматы қаласының
ерекше мәртебесі туралы» Заң
қабылданған болатын. Ол заң
бойынша Алматы бұрынғысынша
еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи
қаржы және өндіріс орталығы
болып қала бермек. Бұл – қала
дамуының кепілі.
Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу
қаласы Алматы 1991 жылдың 16желтоқсанынан 1997 жылдың
10 желтоқсанына дейін егеменді
Қазақстан Республикасының
бірінші астанасы болды.
23. Алматы Қазақстан халқының сүйікті мекені, мақтанышы, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының астанасы. Аталы сөзбен айтсақ,
қазақтыңжаңа жарқын тарихының ту орнаған жері, басты ордасы.