Похожие презентации:
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи мұражайлар
1. Презентация
ПРЕЗЕНТАЦИЯОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ МҰРАЖАЙЛАР
2.
• Тарихи мұражайларға саяхат жасаудың негізгі мақсаты ғылыми, білімберу, танымдық, мәдени-ағарту, демалу болып табылады. Экскурсия
оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық
және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне
оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні,
адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты
спектлерді қарастырады
3.
• Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:• 1. Алдан-ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді
зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;
• 2. Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты құру, нақты
мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі
бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін жасау, экскурсия методикасын
жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау;
• 3. Қорытынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен
жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ
экскурсияны қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге
болады. Олардың өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік
бойынша қарастырамыз.
4. Қожа Ахимет Ясауи кесенесі
ҚОЖА АХИМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ5.
Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбірдеректерде 1103, 1041, Сайрам(Исфиджаб) —
1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының,
соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің
тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы —
«Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл
шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып
шығады..«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның
ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне,
тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты
бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында
жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып,
басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана
орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен
маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама”
сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық
ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін
моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп
жіктеуге болады.
6.
• Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкенпорталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м,
ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор
порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық
аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше
күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне
түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме
салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы
себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар
басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі —
37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы —
1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы
— 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке
бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл
зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан
тұрады.
7.
8.
• Қабірхана – Қожа АхметЯссауидің қабірі. Оның есігі
нақышты өрнекпен
көмкеріліп, ағаштардың
құнды түрімен бедерленген.
Бұл шаршы бөлменің тура
ортасында ақшыл жасыл
оюмен қапталған құлпытас
орналасқан.