Похожие презентации:
Тірі адамда анатомияны оқу тәсілдері
1.
Марат Оспанов атындағы БҚММУ2.
Жоспар:I Анатомияны тірі адамда
зерттеу әдістері
А) Антропометрия
Ә) Рентгенология
Б) Эндоскопия
Г) Компьютерлік томография
II Дене құрылымының типтері
III Сүйектің құрылысына
спорттық факторлардың әсері
IV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Антропометрия—
адамның
дене
мүшелерін өлшеу арқылы
оның дене құрылысына тән
жыныстық, нәсілдік және
жас ерекшеліктеріне жанжақты анықтамалар беретін
антропологиялық
зерттеудің
негізгі
тәсілдерінің
бірі.
Антропометрия
тәсілінің
негізін
алғаш
француз
антропологтары (19 ғ.)
қалаған.
Антропометрия
өлшеу балдық бағалар
арқылы жүргізіледі.
4.
Этникалық антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойыт.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек,
қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары
жүргізіледі. Сөйтіп, Антропометриялық материалдарға жан-жақты
статистикалық сипаттамалар беріледі. Антропометрияның қолдану
салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс
станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп
жасау
кезінде
антропометриялық
деректер
ескеріледі.
Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды
тануда кең пайдаланылады
Кеуде клеткасының
антропометриясы
Бастың
антропометриясы
5.
Рентгенология(В.Рентгеннiң атымен) және грек.
logos – iлiм] – клиникалық
медицинаның рентген сәулесiнiң
көмегiмен органдар мен олардың
жүйелерiнiң
құрамын,
қызметiн
зерттеп,
аурудың
рентгендiк
диагностикасын қоятын саласы.
Рентгенологиялық
зерттеулердiң
барлық әдiстерi денеден өткен
сәуленi ұстайтын рентгендiк таспа
(рентгенографияда);
флюоросценттiк
экран
(рентгеноскопияда);
селендiк
күйтабақ (электррентгенографияда)
немесе кристалдық детекторлар
(компьютерлiк томографияда) –
сәуленiң сапасы мен шоғырланған
рентген сәулесiнiң сандық талдауына
сүйенедi.
6.
Рентгенологияның маңызды теорема бөлiмi болып –рентгендiк скиалогия (рентгендiк көлеңкелi суреттiң пайда
болу заңдылығын зерттейдi) есептеледi. Қазақстанда
Рентгенологияның дамуы 1923 жылдан басталады. Сол жылы
Верный (қазіргі Алматы) қаласында бiрiншi рентген аппараты
қойылды. Екiншiсi 1926 ж. сол кездегi республика астанасы –
Қызылордада орнатылса, 1930 ж. Риддер қаласында рентген
бөлмесi iске қосылды. Қазақстанда Рентгеноогия саласының
дамуына
үлес
қосқан
дәрiгерлер
Е.П.Гермайзе,
П.А.Пшеничный, И.С.Нестеровский, т.б. болды.
7.
Эндоскопия (грек. endon – ішкіжәне skopeo – көремін) – адамның
ішкі органдарын арнайы аспап –
эндоскоп
арқылы
тексеру.
Эндоскоптар – оптикалық және
жарық жүйелерімен жабдықталған,
иілгіш металл немесе пластмасса
түтікшелер.
Эндоскопия
хирургияда,
гастроэнтерологияда,
урологияда,
гинекологияда, пульмонологияда жиі
қолданылады. ХХ ғ-дың 60 – 70жылдарында клиникалық тәжірибеге
оптикалық талшықтардан тұратын
(фибро) құрастырылмалы аспаптар
(фиброскоптар) енгізіле бастады.
8.
Тексерілетін органға байланыстыЭндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады:
фибробронхоскопия
(бронх
Эндоскопиясы)
фиброгастроскопия
(асқазан
Эндоскопиясы)
фиброколоноскопия
(тоқ ішек
Эндоскопиясы)
Сондай-ақ Эндоскопия биопсияда, денеге енген бөгде заттарды
немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді алып
тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде Эндоскопия тек ауруды
тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп.
хирургия) айналып отыр. Эндоскопиялық жолмен жасалатын
операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан
ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың ондай
операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.
9.
Эндоскопиялықзерттеулер мен
манипуляциялардың
келесі түрлері
орындалады:
видеоэзофагогастродуоденоскопия
(ВГДС) - өңештің,
асқазанның және
ұлтабардың шырышты
қабықтарын тексеру;
эндотрахеобронхоскопия –
эндоколоноскопия
– тік ішектің шырышты
бронх тармақтары мен
кеңірдекті тексеру;
қабығының жағдайын
бағалау т.б.
10.
Анықталған дерттің дәлдігін анықтаумақсатында барлық манипуляциялар кезінде
морфологиялық және зертханалық
зерттеулерге материалдар алынады.
11.
Қазіргі таңда эндоскопиялық материалдардың морфологиялыққұрамына үлкен мән беріліп отыр. Осы мақсатта, тексеру
кезіндегі
көрсетілімдерге
сәйкес,
цитологиялық
және
гистологиялық зерттеулер үшін шырышты кабықтың тін
кесінділеріне зерттеулер, сондай-ақ жедел-тесттер жүргізіледі.
Мүшенің шырышты қабығында болатын қатерсіз ісікті (полип)
анықтауға және оны жоюға ерекше мән беріледі.
Эндоскопия арқылы қатерсіз ісікті анықтау және оны жою процесі
12.
Эндоскопиялық емдеудіңмүмкіндіктері:
- созылмалы бронхитті емдеу,
- бөгде заттарды алып тастау,
- асқазан-ішек шырышты қабығында болатын қатерсіз
ісікті және өт өзегіндегі тастарды алу;
- бронх тармақтарына дәрілік заттарды тамызу;
- түймешекті эндоскопиялық тәсілмен алып тастау;
- өт өзегіндегі рентгенэндоскопиялық манипуляциялар;
13.
Компьютерлік томографияКомпьютерлік томографияның көмегімен іс жузіне кез
келген органды тексеруге болады. Көбіне
компьютерлік
томографияны басқа әдістермен табылған патологияларды
анықтау үшін қолданады. Сүйек және ауа құрылымы (өкпе)
жақсы көрінетін әдеттегі рентгенге қарағанда компьютерлік
томография жұмсақ тіндер (ми, бауыр, т.б.) – өте жақсы көрінеді,
бұл ауруға ерте кезеңде диагноз қоюға мумкіндік береді, мысалы,
ісік әлі ұлғайып кетпей тұрғанда әрі хирургиялық жолмен емдеуге
келетін кезінде оны табуға мүмкіндік береді.
14.
Мойын компьютерліктомографиясы ісікті табу
және мойын лимфа түйіндерін
ұлғаюының себептерін зерттеу
үшін қолданылады.
Кеуде клеткасының
компьютерлік
томографиясы әдетте
флюрография немесе
рентгенографиямен табылған
өкпе және көкiрек қуыстарының
өзгерiстерін айқындау үшiн
қолданылады.
15.
Құрсақ қуысы жәнежамбастың компьютерлік
томографиясы құрсақ қуысы
және құрсақ қуысы сыртындағы
органдардың ауруларында қолданады.
Және де іштің травмаларында,
операцияның алдында кудіктенген
патологияның нақты диагностикасы
үшін қолданылады.
Омыртқаның компьютерлік
томографиясы диск жарықтарын,
жұлын каналының тарылуында және
де травмаларда қолданылады.
16.
Компьютерлік томографиянықолдануға болмайтын жағдайлар:
Жүктіліктің бірінші үшайлығында компьютерлік томография аса
қауіпті болып саналады. Жүктілердің диагностикасы үшін
ультрадыбыс және магниті-резонансты томография сынды басқа
әдістер қолданады. Сирек жағдайларда, Компьютерлі
томографиясыз болмайтын жағдайларда, (мысалы, ауыр
травмаларда) мүмкіндігінше жатырды қорғасын экранмен жауып,
тексеріледі. Егер Сіз жүкті болсаңыз міндетті түрде томография
жүргізетін дәрігерге айтыңыз.
компьютерлік
томография
магниттірезонансты
томография
17.
Еліміздегі медициналық және өнеркәсіптік рентген аппаратыншығаратын «Актюбрентген» АҚ алғаш рет американдық
«Дженерал Электрик» компаниясымен бірлесіп, 16 кескінге
арналған компьютерлік томография жасап шығарды. Құны 180
миллион теңге тұратын зауыттың алғашқы өнімі №2 қалалық
емханаға әкелінген болатын. Рентген аппаратының 28 түрін
шығаратын зауыттың жабдықтарын әлемнің 23 елі тұтынады. Оның
ішінде Қытай, Түркия секілді шет мемлекеттер бар.
Ақтөбе облысында бес компьютерлік томография бар. Оның
төртеуі мемлекеттік мекемелерде орналасқан. Алғашқы аппарат
2006 жылы облыстық «Жедел жәрдем» ауруханасына әкелінді. Қазір
ауруханада магниттік резонанстық және бір
компьютерлік
томография жұмыс істеп тұр. Ал құны 125 миллион теңге тұратын
бұндай екі аппараттың бірі жақында М. Оспанов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік медицина орталығына әкелінсе, екіншісі
биыл Әуе қалашығы ауданындағы облыстық кеңес беру және
диагностикалық орталығына берілді. Бесінші аппарат жекеменшік
«Евразия» медициналық мекемесінде орналасқан.
18.
Дене құрылымының 4 типкеажыратылады:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы
ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қолаяқтары жіңішке ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа
немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы
дөңгелек және быртиған саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері
мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері
шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты
форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі
деформациясымен сипатталады
19.
Сүйектердің құрылысына еңбектің,спорттың пайдасы мол
-
-
Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;
шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқа да қауіпті;
Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын
жаттығулар жасаған дұрыс;
Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;
Ауыр заттарды көтеру зиян;
Орындықта дұрыс отыру керек;
Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.
20.
Дене шынықтырумен айналысатындардың қаңқасы оныменшұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір дамыған.Дене
бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға
қарағанда қаңқа жүйесі әлде қайда жақсы жетіледі.Тиімді дене
жаттығулары ,қимылдары арқасында баланың қаңқасы ,кеуде
торына қоса барлық бөлімдері жақсы дамып,мұның өзі
олардың ішіне жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың
дамуына қолайлы әсер етеді.
21.
Қорыта келгенде адам анатомиясы адам организмінің құрылысын,пішінін,оның қызметтерін және оны қоршаған ортаға байланысты
дамуын зерттейтін ғылым.
Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудін түрлі
әдістері бар. Сонымен қатар өлікті де,тірі адамды да зерттеу үшін
қолданылатын әдістер (рентгенография)және эндоскопия (арнаулы
приборлардың, мысалы, гастроскоптың, бронхоскоптың және т.б.
көмегімен ішкі мүшелерді зерттеу).Бул әдістерді диагнозды дәлдеп
нақтылау қажет болғанда ғана қолдануға болады.
Еңбек, спорт, биологиялық факторлар және тұрмыс жағдайларын
әртүрлі есепке ала отырып, сүйектердің қалыпты құрылымын
зерттеудің нормадан тысқары күшті ауырлықтың салдарынан
норманың патологияға ауысуы туралы мәселені шешуде үлкен маңызы
бар. Анатомия ғылымының мұндай бағыты түрлі кәсіп адамдар
анатомиясы деп аталады.
22.
Пайдаланылған әдебиет:1. Қазақша энциклопедия 7 том.
2. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы,
2007.
4. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық
сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
5. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы.
6. http://kk.wikipedia.org/wiki