Дәрілерді тиімді белгілеу жүйесі туралы түсінік. Науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігінің жалпы
Жоспар
86.85K
Категория: МедицинаМедицина

Дәрілерді белгілеу жүйесі туралы түсінік. Науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігінің жалпы принцптері

1. Дәрілерді тиімді белгілеу жүйесі туралы түсінік. Науқастарда дәрілерді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігінің жалпы

принцптері. Науқастарды зерттеудің
әдістері мен принцптері
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : У Т Е П О ВА Қ
Т О П : ФА 1 2 0 0 3 - 2

2. Жоспар

Кіріспе
Дәрілерді тиімді белгілеу
Дәрілердің қауіпсіздік принцптері
Науқастарды зерттеу әдістері
Қорытынды

3.

Дәрілердің таңдауына бірқатар субъективті
факторлар әсер етеді:
дәрігердің тәжірибесімен дағдылары,
дәл ақпараттың бар немесе жоқ болуы,
фармацевтикалық компаниялардың
жарнамалары,
үлкен адамдардың ойлары,
дәрілердің бағасымен қолжетерлігі, сонымен
бірге пациенттің емге деген ынтасы .

4.

Дәрілерді таңдауды жеңілдетуге формулярлы жүйк
көмек береді. Оның негізінде авторитетті кәсіби
қоғамдар немесе мемлекеттің қолдауымен
қолданатын қолжетерлік уақытысымен шығатын
баспалар жатыр.
Формулярлы жүйе – бар ресустарды оптимальды
қолдану және медициналық көмекпен максимальды
жоғары сапада қамтамасыз ету мақсатында дәрілерді
қолданумен қамту үнемді әдістерін қолдануды
қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудағы басқару
әдістемелерінің кешені.

5.

Формулярлы жүйені қолданудың тиімділігі:
қауіпсіз және әсері жоқ дәрілерді алып тастау
болып табылады.

6.

Дәрілердің қауіпсіздігі пациент қауіпсіздігі
құрамдас бөліктерінің бірі болып
табылады. Дәрілердің жаһандық қауіпсіздігі
дәрілерді әзірлеуді және сапасын бақылайтын,
қауіпті салдарлары туралы хабарлайтын және
оларды қауіпсіз пайдалану үшін дәл ақпарат
ұсынатын тиімді ұлттық жүйелерге байланысты
болады.

7.

Емдеу үшін пайдаланылатын мөлшерлердегі
дәрілерге қарсы болып өтетін қауіпті,
болжамдалмайтын реакциялар дәрілерге
қолайсыз реакциялар (ДҚР) деп аталады

8.

Ең аз дегенде ДҚР-дың 60%-ын болғызбауға
болады, олардың себептері мыналар болуы
мүмкін:
пациенттің жай-күйіне қате диагноз қою;
дәріні тиісінше тағайындамау немесе тиісті дәрінің қажетті
мөлшерін тағайындамау;
пациентті реакцияға ұрындыратын, айқындалмаған
медициналық, генетикалық немесе аллергиялық жай-күй;
рецептер бойынша босатылатын дәрілермен өздігінен емделу;
дәрілер қабылдауға қатысты нұсқауларды орындамау; басқа
дәрілермен (халықтық медицина заттарын қосқанда) және
кейбір азық-түлік өнімдерімен өзара әрекеттестік;
стандарттарға сәйкес келмейтін, құрамы мен ингредиенттері
тиісті ғылыми талаптарға жауап бермейтін дәрілерді
пайдалану, бұл осы дәрілерді тиімсіз, көбінде қауіпті де ете
алады;
белсенді ингредиенттерсіз немесе қажетсіз ингредиенттері бар
жалған дәрілерді пайдалану, бұл қауіпті немесе өлімге әкелуі
мүмкін.

9.

Науқасты тексеру әдістері — белгілі бір
ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі
белгілерін анықтау үшін және ағзадағы
өзгерістерін анықттау үшін қолданылатын
клиникалық зерттеу әдістері.

10.

Аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін
клиникалық зерттеу әдістері қолданылады. Олар
науқасты сұрастырудан басталып, дене
температурасын өлшеп және одан да күрделі
зерттеулер, яғни микроскоппен қанның
формалық элементтерін анықтап, ағзаның
сұйықтықтарын химиялық зерттеулер, рентген
сәулелерімен сәулелендіру және т. б.. жүргізіледі

11.

Науқасты зерттеу барысында табылатын
симптомдарды объективті симптомдар деп
айтады. Сондықтан науқасты клиникалық
тексеру әдістері
субъективті,
объективті,
зертханалық,
аспаптық болып бөлінеді.

12.

Қосымша (зертханалы – аспапты) тексерулерді
арнайы дайындалған мамандар жүргізеді.
Қосымша әдістер (биопсия, эндоскопия, рентген,
цитодиагностика және т. б.) негізгі тексеру
әдістері сияқты маңыздылығы зор, кейде
диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді атқарады.
Науқасты сұрастыру және объективті тексеру
күнделікке жазылып отырады және
тағайыдалған ем ауру тарихына енгізіледі

13.

Эндоскопиялық зерттеу әдістері
Эндоскопиялық зерттеу тәсілдері - ерекше
оптико-механикалық құралдардың арқасында
көз бен қуыс мүшелерінің шырышты қабатын
тексеру тәсілдеріне негізделген. Тексеру кезінде
биопсия (тексерілетін ағзадан кішкене бір
бөлімшесі) алуға болады.

14.

Жиі қолданылатын эндоскопиялық зерттеу тәсілдері:
1. ФГДС (фиброгастродуоденоскопия) – фиброгастроскоп
арқылы өңеш,
асқазан,12 елі ішектің шырышты қабаттары зерттелінеді.
2. Колоноскопия –колоноскоп арқылы жуан ішек
зерттелінеді.
3. Ректроманоскопия – ректоскоп арқылы сигма тәрізді
және тік ішек
зерттелінеді.
4. Цистоскопия – цистоскоп арқылы қуық зерттелінеді.
5. Бронхоскопия- бронхоскоп арқылы бронх ағашы
зерттелінеді.

15.

Рентгенологиялық зерттеу әдістері
Рентгенодиагностика деп ағзаны рентген
сәулесімен зерттеуді айтамыз. Оның негізгі
тәсілдері – рентгеноскопия, рентгенография
және рентгенофлюорография.
Рентгеноскопия - ішкі ағзаны рентгенмен көру
және оның анатомдық –физиологиялық
ерекшелігі мен қызметін зерттеу.

16.

Аспаптық және радиоизотопты зерттеу УДЗ
Ультрадыбыс - жүрек қан-тамыр жүйесінің
диагностикасында (жүрек), ас қорыту жүйесі
(бауыр, өт қабы, көк бауыр), зәр шығару жүйесі
(бүйрек, қуық, жыныс ағзалары (жатыр, аналық
без, қуық асты безі), эндокрин жүйесінен
(қалқанша без, ұйқы безі) жиілігі жоғары
толқынды дыбыс арқылы тексеру тәсілдері.

17.

Жүрек –тамыр жүйесін тексерудің
инструментальды тәсілдері.
Электрокардиография - жүрекке пайда болатын
электр тогын (биотокты) жазу тәсілі. Электр
тогының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу
қасиетіне байланысты.
English     Русский Правила