Банктiк қызмет көрсету шарты
 Банктегі ақшаға билік етуді шектеу
      Мүлікке билік етуге уақытша шектеу мыналарға:
Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою
Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою
Клиенттiң ақшасын алу кезектiлiгi
75.29K
Категория: ФинансыФинансы

Банктiк қызмет көрсету шарты

1. Банктiк қызмет көрсету шарты

БАНКТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ
• 1. Банктiк қызмет көрсету шарты бойынша бiр тарап (банк)
екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша банктiк
қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе,
осы көрсетiлген қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Банктiк қызмет көрсету шарты:
1) банктiк шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3) банк салымы шарты;
4) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген
өзге де шарт түрлері болып бөлінеді.
2-1. Банкпен банк шоты шартын және (немесе) банк
салымы шартын жасасқан кезде банк шоттары ашылады.
3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз билік ету құқығына
кепiлдiк бере отырып, банк шотындағы ақшаны пайдалана
алады.

2.  Банктегі ақшаға билік етуді шектеу

БАНКТЕГІ АҚШАҒА БИЛІК ЕТУДІ
ШЕКТЕУ
• Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы
ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот
орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде
сот орындаушылары Қазақстан Республикасының
қылмыстық-процестік және азаматтық процестік
заңнамасында және Қазақстан Республикасының
атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының
мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.
Клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына сотқа дейінгі
тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам Қазақстан
Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында
көзделген негіздер бойынша және тәртіппен мүлікке билік
етуге уақытша шектеу не мүлікпен мәмілелер және өзге де
операциялар жасауға шектеу белгілеуі мүмкін.

3.       Мүлікке билік етуге уақытша шектеу мыналарға:

МҮЛІККЕ БИЛІК ЕТУГЕ УАҚЫТША
ШЕКТЕУ МЫНАЛАРҒА:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан
төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік
төлемдерді есепке жатқызуға арналған
банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында
енгізілген ақшаға;
5) банктік шоттардағы әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорының
активтеріне;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға
арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2-1) тұрғын үй төлемдерін
пайдалану есебінен жинақталған
тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы
түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ
банктеріндегі банктік шоттардағы
ақшаға;
4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау
жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес
жасалған білім беру жинақтау салымы
туралы шарт бойынша банктік
шоттардағы ақшаға;
6) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және
(немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.

4. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

КЛИЕНТТІҢ КЕЛІСІМІНСІЗ АҚШАНЫ
АЛЫП ҚОЮ
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың
келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде
ғана, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық
одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасында, "Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері
туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру
туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

5. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

КЛИЕНТТІҢ КЕЛІСІМІНСІЗ АҚШАНЫ
АЛЫП ҚОЮ
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік
төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік
шоттардағы ақшаға;
2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын
үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ
банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау
салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік
шоттардағы активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

6. Клиенттiң ақшасын алу кезектiлiгi

КЛИЕНТТIҢ АҚШАСЫН АЛУ
КЕЗЕКТIЛIГI
• 1. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған
барлық талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болған
жағдайда, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
ақшаны алу клиенттiң немесе өзге тұлғалардың
өкiмдерi түсу ретiне қарай (күнтiзбелiк кезектiлiк)
жүзеге асырылады.
2. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған
кезектi талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған
жағдайда банк сомасы аталған талапты
қанағаттандыруға жеткiлiктi, клиенттің пайдасына
түсетiн ақшаны жинақтайды. Клиентке бiрнеше талап
қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банк
клиенттiң ақшасын мынадай кезектiлiк бойынша
алуды жүргiзедi:

7.

Банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың банктiк қызмет көрсетуi
Банктiк қызмет
көрсетудiң жекелеген
түрлерiн банктiк
қызметтiң жекелеген
түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдар
көрсетуге құқылы.
Мұндай ұйымдардың
банктік қызметтің
жекелеген түрлерін
көрсетуi осы Кодекспен
және Қазақстан
Республикасының
заңнамалық актілерiмен
белгіленген тәртiп
бойынша жүзеге
асырылады.
Банктiк қызмет көрсетуге ақы
төлеу
• Клиент банктiк қызмет
көрсету шарты бойынша
өзiне банк көрсеткен
қызметтерге шартта
көзделген ережелер мен
тәртiп бойынша ақы
төлейдi.
Банк құпиясы
Банк құпиясын жария етпеуге
банк кепiлдiк бередi.
Банк құпиясын құрайтын
мәлiметтер тiзбесi және оны беру
негiздерi банк қызметiн реттейтiн
заң актiлерiмен белгiленедi.
English     Русский Правила