«А» ДӘРУМЕНІ (РЕТИНОЛ)
Маңызы
«А» дәруменінің көздері
«А» дәруменінің көздері
Қызғылт пигмент – каротин
АВИТАМИНОЗ
Гиповитаминоз
Гипервитаминоз
Ақшам соқыр және ксерофтальмия
Белгілері
Конъюктивит
5.02M
Категория: МедицинаМедицина

«А» дәрумені (ретинол)

1. «А» ДӘРУМЕНІ (РЕТИНОЛ)

2.

Дәрумендер

3.

4.

А дәрумені – ретинол
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы
синтезделген. Ретинол циклды бір атомды қанықпаған
спирттерге жатады.
А дәрумені тобына ретинол, ретинил-ацетат, ретиналь,
ретиной қышқылы, т.б қосылыстар жатады. А дәрумені
ретиналь түрінде түрлі-түсті, күндізгі және түңгі көруді
қамтамасыз ететін торлы қабықтың көру пигменттерінің
простетикалық тобы болып табылады. А дәруменінің басқа
түрі – ретинильфосфат жасуша мембраналарының
гликопротеидтерінің түзілуі кезінде қант қалдықтарын
тасымалдаушысының коферменті қызметін атқарады.

5.

6.

А витаминдері сары түсті, 59 – 640 – та балқиды,
оттексіз 1000 - қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам
тотығатын кристалды заттар. Организмде
ферменттердің қатысуымен ретинол тотығып,
витаминдік қасиеті бар ретинолға айналады.
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі
қышқылдармен қосылып, күрделі эфир түрінде
болады.

7. Маңызы

Эпителий ұлпаларының
дамуын,қалыпты өсуін
реттейді;
Ферменттер жұмысын
күшейтеді;
Көру пигменті –
родопсиннің түзілуін
қамтамасыз етеді;

8. «А» дәруменінің көздері

9. «А» дәруменінің көздері

10. Қызғылт пигмент – каротин

КАРОТИНОИДТАР ( лат. carota —сәбіз және грек. eidos —
түр),қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
Табиғатта: Ұсақ ағзалар және барлық өсімдіктерде түзіледі.
Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне
қатысады.Жемістерге, күзгі жапырақ түсіне рең береді.
Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А витамині
түзіледі.

11. АВИТАМИНОЗ

Адамдарда А дәруменінің
жетіспеушілігінен өсудің
тежелуі, арықтау, ағзаның
жалпы жүдеуі, көз бен
кілегейлі қабаттың, терінің
ерекше зақымдалуы
сияқты белгілер
байқалады.

12. Гиповитаминоз

-Тері құрғап жарылады;
-Қасаң қабығы
бұзылады;
-Ақшам соқыр ауруына
шалдығады.
-Баста қайызғақ пайда
болады;
-Тамақтың сілемейлі
қабықшасы жиі-жиі
қабынады;

13. Гипервитаминоз

Сонымен бірге А дәрумені
артық мөлшері бауырда
жинақталады, қажетті
мөлшерден 20-30 есе артық
болса, онда адамды
уландырады. Арктиканың
суық суларын жайлайтын
балықтардың, ақ аюдың
бауырында А дәрумені өте
көп мөлшерде кездеседі. Ақ
аюдың бауырын жеген адам
уланып, өліп кетуі мүмкін.

14. Ақшам соқыр және ксерофтальмия

Бұл көбінесе 1 жастан 5
жасқа дейінгі балаларда
кездесетін көз ауруы. Ол
құрамында А витамині аз
тағамдарды аз
қабылдаудан пайда
болады. Бұл ауруды ерте
анықтап, емдеу сәбиді
зағип болып қалудан
сақтайды.

15. Белгілері

1. Алғашында сәбиде ақшам соқыр пайда болады. Ол басқа адамдар сияқты
қараңғыда жақсы көре алмайды.
2. Сонан соң оның көзі құрғай бастайды (ксерофтальмия). Көзінің ағы
жылтырлығын жоғалтып, кебірсиді.
3. Көздерде ұсақ сұрғылт күлдіреуіктер (Витот таңбасы) пайда бола бастауы
мүмкін.
4. Ауру асқынған сайын мүйізгекті қабық құрғай және қарауыта түседі, онда
ұсақ ұяшықтар пайда болуы мүмкін.
5. Сонан соң мүйізгекті қабық жұмсарады, ісініп көтеріледі, тіпті жарылады
да. Әдетте ол ешқандай ауыртпайды. Инфекцияның түсуінен, жарақаттан
немесе басқа да зақымданудан ғана адам зағип болып қалады.
6. Ксерофтальмия көбінесе, сәби басқа бір аурулармен, мысалы, іш өтумен,
көкжөтелмен, туберкулезбен неме-се қызылшамен ауырған кезде басталады
немесе асқынады. Науқас және салмағы төмен барлық балалардың көзін
тексертіңіздер. Сәбидің көзін ашып, А витаминінің жетіспеу белгілерінің
бар-жоғын тексеріңіз.

16. Конъюктивит

Конъюктивит — (лат. conjunctіvus
– жалғастыратын), көздің дәнекер
қабығының қабынуы – қабақтың
ішкі үстіңгі жағын және көз
қарашығының алдыңғы бөлігін
жауып тұратын шырышты қабықтың
қабынуы. Конъюктивит көз
қарашығының қызаруы, шырышты
немесе шырышты-іріңді заттардың
бөлінуі, жас ағуы, жарықты ұнатпау,
көздің түйіліп ауыруы сияқты
белгілерден білінеді.
Конъюктивиттің асқынған және
созылмалы түрлері бар.

17.

Асқынған конъюктивит, әдетте, ауру тудыратын
микробтардан (кейде дифтерияның немесе соз
ауруының қоздырғыштары арқылы) және
вирустардан пайда болып, тез өршиді, іріңді
заттар бөлінеді, ұйықтағанда кірпікті бір-біріне
жабыстырып тастайды. Шырышты қабыққа
кейде аздаған қан құйылуы мүмкін. Әдетте, екі
көз де зақымданады. Ауру орта есеппен 2 – 4
аптаға созылады.

18.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила