Похожие презентации:
Өсімтал, өскін, тірі топырақ жамылғысы және орман астарының маңызы
1.
Өсімтал, өскін, тірітопырақ жамылғысы
және орман
астарының маңызы
Орындаған: Узбек Айжан,
Торежан Ержан,
Чукуманов Есхат
Тексерген: Абжанов Т.С.
2. Орманның негізгі компоненттері
3.
Өскін – ағаш өсімдіктерінің орман шымылдығы астында немесе кесілгенормандағы сүрекдіңді құрауға қабілетті жас ұрпағы. Жас ұрпаққа ең
алдымен сүректі өсімдіктердің бір жастағы балғын нмесе санақ жүргізген
жылы пайда болған балғын өсімдіктер жатқызылады. Тірі қалған
жағдайда олар 3-5 жасқа дейінгі, ал солтүстік жағдайында -10 жасқа
дейінгі өздігінен өскен жас ұрпаққа айналады. Барлық өскін сүрекдіңге
айналмайды. Өскіндердің кейбір бөлігі толысу жасына жетпей жойылып
кетеді, кейбір бөлігі ұзақ уақыт әлсіреген жағдайда тіршілік еткенімен
ешқашан жоғары сатыдағы сүрекдіңді ауыстыра алмайды.
4.
Өсімтал – жанына көлеңке түсіре отырып, басты ағаш діңінің өсуінжеделдетуге және пішінінің жақсаруына ықпал ететін сүректі ағаш немесе
бұта түрі. Әдетте өсімтал ретінде, көлеңкеге төзімді ағаш-бұта түрлері
қалыптасады. Өсімталды жас кезінде баяу өсетін түрлер, мысалы емен
тәрізділер қажет етеді. Басты түрін басыңқырамай қапталынан қоршай
отырып, бұтақтардың қаулап өсуіне кедергі келтіріп, діңнің биіктенуіне
ықпал етеді. Мұндай қасиеттер сүректі ағаш түрлерінен – үйеңкіде,
шегіршінде, жөке және т.б., бұталардан – шаттауықта, ұшқатта бар.
5.
Орман астары – орман шымылдығы астында өскен және қазіргі өсіп өніптұрған жағдайында сүрекдіңді құрауға қабілетсіз бұталар, сирегірек сүректі
ағаш түрлері. Орман астары орманның өсуіне, оның су қорғау, қорғаныш және
т.б. пайдалы қызметтеріне әсер ете отырып, орманды құрауға тікелей
қатысады. Біздің ормандарда кезедесетін бұталардан орман астарына
жататындары: арша, шетен, тал, ұшқат, қарақат, сыңғақ итшомырт, шаттауық.
Орман астарының орман өсірушілік маңызы өте зор. Ол топырақ қорғау рөлін
орындайды, яғни орман топырағын шөптесін өсімдіктер басып кетуін
тежейді, көптеген пайдалы құстар мен аңдардың баспанасы болып табылады.
6.
Тірі топырақ жамылғысы – орман шымылдығы астында, кесілген жерлерде жәнетопырақты жауып тұратын мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер мен бұташықтар
жиынтығы. Тірі жамылғы топыраққа және орманның басқа да құрам бөлігіне әсер
етумен қатар, олардың ықпалымен өзі де өзгеріп отырады. Ормандағы тірі топырақ
жамылғысы шалғын, батпақ, дала өсімдіктерінен біраз ерекшеленеді. Мұндай топырақ
жамылғысы дымқыл болуымен саңырауқұлақтардың жақсы өсуіне ықпал етеді. Ал
әртүрлі саңырауқұлақтардың саңырауқұлақ жіпшелері органикалық заттарды құнарлы
топырақ пен минералды тұздарға айналдырады.
7.
Назарларыңызғарахмет!