Похожие презентации:
Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
1. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау.
2.
Жоспар :а) Әлемдік мұхит
ә) Теңіздер мен мұхиттардың ластануы
3. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
4.Халықаралық құқық .
3.
Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгібөлігі.Дүниежүзілік мұхит Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар
планетасы сияқта болып көрінеді- оның бетінің 70% астамын су
басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол
Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір
жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. Мұхит құрлықтар
мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы
361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 м мұхит, Жерді қоршап
жатыр.
4.
Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілікетеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі
тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға
(активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар,
олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі
қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150
мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і
мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге
және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит
құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің
(балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар,
т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.
Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен
бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық
режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің
ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су
алмасуын баяулатады.
5.
Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардыңәрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің
бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан
жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі –
онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс
көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым
көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің
түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда.
Қазіргі кездегі ең үлкен проблема -мұхиттың мұнаймен және мұнай
өнімдерімен ластануы. Мұхиттың мұнаймен ластануының басым бөлігі
теңіз транспортының және қала аумақтарынан шайып әкелетін мұнайдың
үлесіне тиеді. Мұхитты мекендеушілер үшін, әсіресе, организмнің ішіне
еніп кеткен жағдайда токсикалық әсер ететін, мұнайдың ерігіш
компоненттері қауіпті. Мұнайдың төгілуінің ең бір ауыр зардабы -су
бетінде жұқа мұнай қабатының пайда болуы. Онда газ алмасу бұзылады,
жарықтың суға өтуі
нашарлайды, фотосинтез жүрмегендіктен фитопланктон қырылады.
Мұнайдың ауыр компоненттері (мазут) су табанына шөгеді,
бұл бентостың өлуіне әкеліп соғады
6.
Мұхиттар мен теңіздерді қорғауМұхитты зерттеу жəне оны қорғау - адам баласының маңызды
міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы
зор. Олар ғылыми-зерттеу лабораторияларымен жабдықталған
(мысалы, француздық Жак Ив Кусто "Калипсо" кемесі). Арнаулы
аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерге зерттеу жұмысын
жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит жерттеушілерінің қарамағында
тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлік жəне басқа
да күрделі құралдар бар (мəселен, "Алвин" сүңгуір кемесі
ғалымдарды 4500м тереңдікке дейін апарады.
7.
Теңіз кеңістігін және Дүниежүзілік Мұхитты пайдалану құқығынреттеу, оның байлықтарын
пайдалану халықаралық құқық нормасының күрделі жүйесімен
және жеке мемлекеттердің заңдарымен анықталады. Оны реттеу
үшін 1958 жылы
халықаралық теңіздік құқық кодификациясы өткізіліп, Женева ко
нвенциясы қабылданды. Ол бойынша ашық теңіз суы
барлық мемлекеттерге ортақ және ешбір
мемлекет Мұхит бөліктерін өз биліктеріне бағындыруға құқығы
жоқ; ашық теңізде әрбір мемлекеттің кеме
қатынасына, балық аулауға еркі бар. Ядролық қару-жарақты сынау,
Дүниежүзілік Мұхиттың ластануын болдырмау туралы, аумақтық
теңізге және континенттік қайраңға шек қою, т.б. мәселелерге
тыйым салатын көптеген халықаралық келісімдер бар.
8.
Теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған “Теңіздер хартиясы”аталатын БҰҰ Конвенциясы жағалаудан бастап, 200 теңіз милін
құрайтын экономикалық аймақты белгіледі, жағалаулық мемлекеттер
де соның шегінде биологиялық және минералдық шикізат қорларын
пайдалануға құқылы. Аумақтық теңіз жағалауындағы мемлекеттер
ғылыми зерттеу мәселелерін өз қалаулары бойынша шешеді.
Шетелдік кемелер континенттік қайраңда және түбінде зерттеу
жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы
керек. Дүниежүзілік Мұхит байлықтарын игеру маңызды ғаламдық
мәселенің бірі саналады. Бұл
оның планетадағы температураны реттейтін, оттекті бөліп шығаратын
қасиетіне байланысты. Мұхитты игеру минералдық,
биологиялық, энергетикалық, көліктік, рекреакциялық, экологиялық, ғ
ылыми-танымдық бағыттарда жүзеге асырылады. ҰТР-ның табыстары
Мұхиттағы мұнаймен газды, темір-марганец конкрецияларын өндіруді
одан әрі арттыру, теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару,
теңіз сулары энергиясын электр энергиясынаайналдыратын алып
электр ст-ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді
желілер төсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Көптеген елдерде
(Франция, Норвегия, Ресей) Мұхит суының тасқынын пайдаланатын
электр станциялары жұмыс істейді. Мұхит жолдарына бүкіл дүние
жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 80%-ы келеді.
9.
Дереккөздер :Сұрақ және Жауап энциклопедия
Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
М.Ш.Алипов.Экология және тұрақты даму. Алматы
2012 ISBN 978-601-7275-58-7
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор
Ә.Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы”
Бас редакциясы.