Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов
Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов (3 қыркүйек 1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылы) – филология
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысы
Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968),
1951 — 1959 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді. 1963 жылы КОКП
Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығы туралы « Жаңа жолдан» («С новой
Жетістіктері Көркем публицистика үшін Ш.Елеукеновке Қазақстан журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы берілген.
Шығармашылығы 1. Казахский роман и современность. – Алма-Ата: Жазушы, 1968. – 219 с. 2. От фольклора до романа-эпопеи:
Хоббиі – кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - С. Ерубаев. Отбасы: Жұбайы - Жаңыл, марқұм. Қыздары – Гүлнар (1953 жылы туған ),
941.42K
Категория: БиографииБиографии

Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов

1. Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов

2. Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов (3 қыркүйек 1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылы) – филология

ғылымының
докторы (1988), профессор (1990).

3. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысы

«Коммунизм
туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-дың журналистика
факультетінде аға оқытушы (1959–63), Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында
нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім
меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан
Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері
жөніндегі мемлекеттік комитетітінің төрағасы
(1971–86), Әдебиет және өнер институтының
директоры (1986–88), осы институттағы орыс
әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96)
қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған
институтта бас ғылыми қызметкер және ҚазҰУ-дың
журналистика факультеті кітаптану кафедрасында
профессор.

4. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968),

«Замандас парасаты» (1977),
«Фольклордан роман-эпопеяға дейін» (1987), «Мағжан»
(1995, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1998), «Әдебиет
және ұлт тағдыры» (1997), т.б. зерттеу кітаптары жарық
көрген. Елеукенов «Мағжан» монографиясында ұлы
ақынның шығармаларына жан-жақты талдау жасап,
байыпты баға берген. «Қазақ романының идеялықэстетикалық және жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғады. Оның «Кітаптану
негіздері» (1997), өзге авторлармен бірігіп жазған «Газет
жанрлары» (1964), «Қазақ кітабының тарихы» (1999)
кітаптары баспагерлер үшін құнды оқулықтар болып
табылады. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен
және медальдармен марапатталған.[2]
Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультеті орыс журналистика бөлімін үздік дипломмен
бітірген.

5. 1951 — 1959 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді. 1963 жылы КОКП

Орталық Комитеті жанындағы
Қоғамдық ғылымдар академиясы әдебиет теориясы
бөлімінің аспирантурасына түседі.
«Қазақ романы және қазіргі заман» тақырыбына
кандидаттық диссертация қорғайды.
1964 жылы «Газет жанрлары» атты оқу құралы,
1968 жылы «Казахский роман и современность» атты
монографиясы жарық көрді.
1967—1971 жылдары партия қызметіне: ККП ОК-нің
Насихат және үгіт бөлімінің нүсқаушысы, баспасөз,
радио және теледидар секторының меңгерушісі, бөлім
меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
1971 — 1986 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі
жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері
жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды.
1986-1988 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін
атқарды.

6.

7. Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығы туралы « Жаңа жолдан» («С новой

строки») атты кітап жазып жарыққа
шығарды. (1989). 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып істеді. 1989
жылы «Қазақ романының идеялық-көркемдік және жанрлық
ерекшеліктері» деген тақырыпта докторлық диссертация
қорғады. «Казахский роман и совремменность», «Замандас
парасаты», «От фольклора до романа-эпопеи», «Әдебиет және
ұлт тағдыры» (1997), «Сүлулыққа іңкәрлік (1999), «Ғасырмен
сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде»
(2006), «Казахская литература: новое прочтение» (2007),
«Тәуелсіздік биігінен» (2007), «Мағжан. Өмірі мен
шығармагерлігі» (2008) атты кітаптары, «Әттең, дүние»
романы (2002) мен «Мұхаметжан — Мархума» (1998) атты
деректі повесі, «Кітаптану негіздері» (1997), «Қазақ
кітабының тарихы» (Ж.Шалғынбаевамен бірге, 1999)
оқулықтарын, «Маржан Жұмабаев» (1999) кітапшасы және
мектеп оқушыларын арналған «Мағжан Жұмабаев» атты
(1991) оқулықтары жарық көрді. Мағжан» моноғрафиясы үшін
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанды. Қазақ ПЕН-клубының Мағжан Жұмабаев атындағы
халықаралық сыйлығының иегері.

8. Жетістіктері Көркем публицистика үшін Ш.Елеукеновке Қазақстан журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы берілген.

«Емтихан» атты сатиралық комедиясы
Абай атындағы Жамбыл облыстық және Н.Бекежанов
атындағы Қызылорда облыстық драма театрларында
қойылды. Бірқатар пьесаларды қазақ тіліне
тәржімалады.
Екі дүркін Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің құрамына, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қазақстан
Жазушылар одағының хатшысы болды. Қазақстан тарихи
және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық
кеңесінің мүшесі, ГДР-мен достықтың Кеңес қоғамы
қазақ бөлімінің төрағасы, Қазақстан Республикасы
Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет
саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлықтары жөніндегі комиссияның мүшесі секілді
қоғамдық жұмыстарды ұзақ жылдар бойы атқарыл
келеді.

9. Шығармашылығы 1. Казахский роман и современность. – Алма-Ата: Жазушы, 1968. – 219 с. 2. От фольклора до романа-эпопеи:

монография. –
Алма-Ата: Жазушы, 1987. – 349 с.
3. Мағжан: өмірі мен шығармагерлігі. – Алматы: Санат,
1995. – 378 б.
4. Қазақ кітабының тарихы: (Ежелгі дәуірден 1917
жылға дейін).
– Алматы: Санат, 1999. – 186 б. / Ж.Шалғынбаевамен
бірге.
5. Әттең, дүние…: роман, эсселер, әңгімелер. – Астана:
Фолиант, 2002. – 309 б.

10. Хоббиі – кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - С. Ерубаев. Отбасы: Жұбайы - Жаңыл, марқұм. Қыздары – Гүлнар (1953 жылы туған ),

Гүлжауар,
марқұм. Ұлы - Дастан (1957 жылы туған )
English     Русский Правила