Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы: Неміс философиясы
XVIII – ғасыр аяғымен XIX – ғасыр басында неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры.
ХІХ ғ. Неміс философиясы өкілдері
Людвик Фейербах (1804 – 1872ж).
Қорытынды
144.96K
Категория: ФилософияФилософия

Неміс философиясы

1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы: Неміс философиясы

Орындаған: Шайжан А.
Әмірғалиев Н.
2-003 топ
Қабылдаған: Алуа Турсыновна
Қарағанды 2017

2. XVIII – ғасыр аяғымен XIX – ғасыр басында неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.

Энгельс класcикалық неміс
философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға қарағанда мешеу ел
болды. Осындай жағдайдағы Германияға француз буржуазиялық революциясы
найзағайдың жалтындай әсер етті. Бірақ немістер Европаның басқа
халықтарының іс – жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой жүзінде ғана іске
асыруды армандады .

3.

Бұл дәуірдегі неміс философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының
ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген
неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген іс философиялық төңкерәс
жасау еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген атқа ие болғанды

4. Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры.

Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі. Неміс
философиясы дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани
өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік – неміс
ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.
Германиядағы философияның алғашқы түрі ортағасырлық схоластика болды
(Х.Мавр, Н.Немецкий, Г.Сен-Викторский). Соңғы схоластиканың көрнекті өкілі
алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Дәстүрлі Неміс
философиясы мистикамен тығыз байланыста дамыды. Оның алғашқы өкілдері
монах әйелдер – Хильдегарда Бингенская (12 ғ.) мен Мехтильда Магдебургская
(13 ғ.). И.Экхарт бұл ілімді одан ары дамыта түсті.

5. ХІХ ғ. Неміс философиясы өкілдері

19-ғасырдағы Неміс философиясы. Фридрих Ницше19 ғасырдың 30-жылдары неміс
идеализмінің рационалистік философиясына, әсіресе Гегельдің панлогизміне екі түрлі бағыт:
иррационалистік (Шеллинг және А.Шопенгауэр) және материалистік (Л.Фейербах) бағыттар
қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі иррационалды санасыз ерік деп
танылды. Бұл ілім кейіннен Ф.Ницшеге және Г.Э. Гартманға зор әсерін тигізді. Л.Фейербах
неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм
тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19
ғасырдың 40-жылдарында Германияда марксизм пайда болды. Оның негізгі идеялық
тұжырымдамасы В.Либкнехт, А.Бебель, Ф.Меринг, тағы басқа еңбектерінде негізделді.
Марксизм ілімі философияны сын тұрғысынан қайта қарап, оның дүниені түсіндіруші ғана
емес, өзгертуші күш екендігін көрсетуге тырысты. Оның негізін салушылар: К.Маркс пен
Ф.Энгельс өз еңбектерінде дүниеге көзқарастың негізгі принциптерін тұжырымдап, марксизм
теориясының негізі қаланды. 19 ғасырында шенінде Неміс философиясында
жаратылыстанудың өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастады. Түрлі ғылым
салалары – физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар пайда болды. 80
– 90 жылдарда жаңа кантшылдықтың марбург және баден мектептері қалыптасты.

6. Людвик Фейербах (1804 – 1872ж).

7.

Людвиг Фейербах – класcикалық неміс философиясының соңғы өкілі.
Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін
батыл сыпырып тастап, өзінін ашықтан – ашық материалистпін деп
жариялады. Оның басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ
философиясының негізгі қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан
тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін
дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах
болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп қарады.

8.

Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды
Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана – срның тек көшірмесі, ал
психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, - деп
түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық
материализмдіқуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы
материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды.
“Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек
антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық
материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін
байқамады.

9.

Таным сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі –
оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған
кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып,
оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах
христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді.
“Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейербах
қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен
әцелдер махабатты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады.

10.

Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің
идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол
әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады

11. Қорытынды

Қайсыбір философияны,яғни қай елдің философиясын алсақта,барлығы
дүниеге деген көзқарасты саралаған,адам өмірін,дүниетанымды көптеп
зерттеген.
English     Русский Правила