995 Бұйрық
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің
Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары
Балаларды скринингтік қарап тексеру
18 жасқа дейінгі балаларды скринигтік тексеру сатылары
Педиатриялық саты
Денсаулығына байланысты балаларды топтарға бөлу
Ересектерді скринингтік қарап-тексеруді өткізу тәртібі
Глаукома
Жатыр мойыны обыры
Колоректалдық обыры
АҚҚ ауруларының скринингі
Ересектерді скринингтік қарап-тексеруді өткізу кезеңділігі
Ересектердің диспансерлік топтары
Сұрақтар
692.13K
Категория: МедицинаМедицина

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің

1. 995 Бұйрық

ВА Акермен
Кездикбаев Б.А.

2. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің

• 2009 жылғы 10 қарашадағы N 685 Бұйрығы.
• – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 № 995 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары

1
18 жасқа толмаған балалар
2
30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома,
онкологиялық патология бойынша қауіпі бар скринингтен өтетін әйелдер мен ерлер
3
Жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер
4
Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік
есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер
5
Глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер
6
Сүт безі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер
7
Полипоз, жуан ішектің обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен
әйелдер

4. Балаларды скринингтік қарап тексеру

• 18 жасқа дейінгі мектепке және де мектепке дейінгі ұйымдарға
баратын балаларды білім беру мекемесіне барып жүргізіледі.
• 18 жасқа дейінгі мектепке және де мектепке дейінгі ұйымдарға
бармайтын балаларға жергілікті МСАК көрсететін ұйымдарда
жүргізіледі.

5. 18 жасқа дейінгі балаларды скринигтік тексеру сатылары


Дайындық сатысын- МСАК ұйымының орта медициналық қызметкері жүзеге асырады:күнтізбелік
жылдың 15 қарашасына дейін алда тұрған скринингтік қарап-тексеруге жататын нысаналы топтың жыл
сайынғы тізімін құру және ата аналарына скринигтен өту қажеттілігі туралы хабар беру;
Скрининг сатысы- дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған сатыларды қамтиды;
мекеменің орта медицина қызметкері жүргізеді. Дәрігерге дейінгі; орта медициналық қызметкер
1) бойы мен дене салмағын анықтау;
2) ерте шақтағы балалардың (3 жасқа дейінгі) басы және кеудесінің көлемін өлшеу;
3) жеке және психоәлеуметтік дамуды бағалау;
4) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан үлкен жастағы балалардың);
5) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан үлкен жастағы балалардың);
6) көру өткірлігін анықтау;
7) есту жітілігін анықтау. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5
метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек
сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу;
8) тексеріп-қарау деректері бойынша бастапқы медициналық құжатты ресімдеу.

6. Педиатриялық саты


1) тері жабындарын және бастың шашты бөлігін қарап-тексеру;
2) көзге көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап-тексеру:
3) перифериялық бездерін қарап тексеру;
4) жүйелі ағзалардың қызметін зерттеулер арқылы тексеру
5) Үш-төрт ай аралығындағы балаларға сан-жамбас
буындарының дисплазиясын және жамбастың туа болған шығуын
ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық
зерттеу жүргізіледі;

7. Денсаулығына байланысты балаларды топтарға бөлу


1 топ – дені сау балалар;
2 топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және
созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторы бар балалар.
3 топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация
жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
4 топ - организмінің функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация
жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
5 топ - организмінің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген,
декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар
Балаларды скринингтік қарап-тексеру нәтижелері (эпикриз бен қорытындының
көшірмелері) ата-аналарға немесе олардың заңды өкілдеріне хабарланады.

8. Ересектерді скринингтік қарап-тексеруді өткізу тәртібі

• Дайындық сатысын МСАК ұйымының: медициналық пункттің,
фельдшерлік-акушериялық пункттің, дәрігерлік амбулаторияның,
аудандық, қалалық емхананың орта медицина қызметкері жүзеге
асырады және мыналарды қамтиды:
күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алда тұрған скринингтік
қарап-тексеруге жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін, ары
қарай ай сайын түзетумен қалыптастыру және құру;
ересектердің нысаналы топтарын скринингтік қарап-тексеру өтудің
қажеттілігі және шарттары туралы хабардар ету;
халықтың нысаналы топтарын скринингтік қарап-тексеруге шақыру;
халықтың нысаналы топтарының скринингтік қарап-тексеруді
уақтылы өтуін қамтамасыз ету.

9. Глаукома

• Глаукоманы ерте анықтауға скрининг сатысында МСАК
ұйымдарының орта медицина қызметкері немесе МСАК
ұйымдарының жауапты адамы:
• Маклаков бойынша немесе жанаспайтын тонометрді пайдалана
отырып көзішілік қысымды өлшейді.

10. Жатыр мойыны обыры

• Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скринингтік қарап-тексеруді
өту кезінде дайындық сатысында МСАК ұйымдарының орта
медицина қызметкері немесе МСАК ұйымдарының жауапты адамы
скринингтен өтуге қойылатын талаптар туралы пациентті
ақпаратандырады: бір тәулік бұрын жыныстық қатынас, шайыну,
ванна, тампондарды қоса алғанда қынаптық манипуляциялар
жасамау.

11. Колоректалдық обыры

• Колоректалдық обырын ерте анықтауға скринингтік қарап-тексеруді өту кезінде
дайындық сатысында МСАК ұйымдарының орта медицина қызметкері немесе
МСАК ұйымдарының жауапты адамы нысаналы топтың пациенттерін
скринингтен өтуге қойылатын талаптар туралы ақпараттандырады: етеккір
кезеңінде, қанталаған геморройда, несепте немесе дефекация кезіндегі
айтарлықтар күшенуден кейін қан болғанда зерттеулер жүргізілмейді.
1) зерттеуді жүргізу ережелерін түсіндіріп және тестті алғаннан кейін үй
жағдайларында жүргізілетін иммунохимиялық немесе
иммунохроматографиялық әдісіне негізделген гемокульт-тестті жүргізу;
2) оң гемокульт-тесті болған жағдайда ішек сілемейінің патологиялық
учаскелері анықталу жағдайында биопсиямен жаппай колоноскопияны жүргізу.
• Тест нәтижелері пациентке берілген сәттен бастап МСАК ұйымдарының орта
медицина қызметкеріне немесе МСАК ұйымдарының жауапты адамына
оларды алған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жеткізілуі тиіс.

12. АҚҚ ауруларының скринингі


1) бірінші кезеңді МСАК ұйымдарының орта медицина қызметкері немесе МСАК
ұйымдарының жауапты адамы жүргізеді, барлық нысаналы топтар үшін міндетті
болып табылады :
антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белдің көлемі), Кетле
индексін есептеу;
скрининг-тест бойынша сауалнама жүргізу (№ 907 бұйрықпен бекітілген № 02508/е нысанның 11-24,31-33 тармақтар);
орындыққа отырғызып, интервалы 1-2 минутта артериялық қысымды (бұдан әрі –
АҚ) екі еселік өлшеу ЖЖЖ есептеу. АҚ өлшемес бұрын адам 3-5 минут отыра тұруы
керек;
Жалпы холестерин мен қан глюкозасының экспресс-диагностикасын жүргізу
(осындай жабдықтың болмаған кезінде пациенттің биоматериал (қаны) МСАК
ұйымның зертханасына жіберіледі);
2) екінші кезеңде МСАК ұйымдарының дәрігері

13. Ересектерді скринингтік қарап-тексеруді өткізу кезеңділігі


р/н
Кезеңділік
1.
2 жылда 1 рет
Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға профилактикалық медициналық (скринингтік) қараптексеру
2.
4 жылда 1 рет
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қараптексеру
3.
2 жылда 1 рет
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған
профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру
4.
2 жылда 1 рет
Глаукоманы ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру
5.
2 жылда 1 рет
Сүт безінің обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қараптексеру
6.
2 жылда 1 рет
Колоректалдық обырды ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қараптексеру
Профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарау түрі

14. Ересектердің диспансерлік топтары


1) 1А тобы - қауіп факторынсыз дені саулар: қандайда бір шағым
жасамайтын және анамнезінде және тексеру кезінде созылмалы ауруы, қауіп
факторы немесе жекелеген ағзалары мен жүйелерінің бұзылулары
анықталмаған адамдар;
2) 1Б тобы - қауіп факторы бар дені саулар: бақылауды және
профилактикалық араласуды қажет ететін "шекаралық" жағдайындағы, қауіп
факторлары анықталған (ағзаның функциялық қызметіне әсер етпейтін
артериялық қысым өлшемдерінде және басқа да физиологиялық
сипаттамаларында белгіленген норма шегінен аздаған ауытқулары анықталған)
адамдар;
3) 2-топ – іс жүзінде дені саулар: анемнезінде жіті және соңғы 2 жыл бойы
қабынусыз келген созылмалы аурулары бар адамдар;
4) 3-топ - науқастар: динамикалық байқауды, емдеуді және сауықтыруды
қажет ететін адамдар.

15. Сұрақтар


Гемокульт тест дегеніміз не?
Сүт безінің обырын ерте анықтау үшін не істейсіз сатылары қандай?
Маклаков бойынша көз ішілік қысымды қалай өлшейді?
Жатыр мойыны обырының алдын алуға цитологиялық материалды
қандай әдіспен аласыз?
• Артериялық қан қысымын өлшеу техникасы?
English     Русский Правила